Орхон-Енисей ескерткіші

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 13:52, реферат

Описание работы

Орхон-Енисей жазбалары -көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавия халықтарыныңтілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым В.Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы
2.Орхон жазулары және оның құрылуы мен шығуы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Орхон-Енисей ескерткіші.docx

— 34.61 Кб (Скачать)

    Көшпенділер өз тарихың VI ғасыр да Орхон-Енисей бойындағы қабырға жаңа, ескі түркі  әріптерімен ойып жазғанда орыс халқы  әлі тарих сахнасында жоқ еді. Орыс жерінде кириллицаның келіп  тууына әлі 300 жылдай уақыт бар еді. Осыларды А. Хмелев мырза білсе «көшпенді  халықта әріп деген қайдан болсам»  деп ауа жойылмас еді.

    1889 жылы орыс зерттеушісі Н.М.  Ядринцев Орхон өзенінің бойынан,  Енисей өзені сағасынан табылған  ескерткіштерден әлдеқайда үлкен  белгісіз таңбамен жазылған зәулім, қолдан қашалған төрт қабырғалы  биік тасты көреді.

    Н. Ядринцев тасқа мынадай сипаттама  береді: биіктігі - 3,5 метр, төменгі ені - 1,32 метр, жоғарғы жағының ені – 1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың төрт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы да, қалған қабырғасы бірдей руналық жазумен толған.

    Н. Ядринцевтің айтуына қарағанда, ескерткіштен  25 метрге дейін созылған аласа дөңес жатыр. (кейінгі зерттеудің нәтижесінде бұл қытай кірпішінен жасалған қабырға екендігі анықталды).  Осы қабырғаның жанынан басы жоқ, мрамордан жасалған 7 түркі статуясы табылған. Ескерткіштің батыс жақ бетінде басы бір-біріне қараған, қираған екі хайуанның мүсіні бар (ғалымдар мұны мазарға кіретін есіктің белгісі болу керек деген болжам айтады).  Ал осы кіре берістен әрқайсысының арасы 10-12 метрден, беттері шығысқа қарағанадам мүсіндес сын тастар ұзындығы 4,5 шақырымға дейін созылып жатыр екен. Мұқият зерттеудің нәтижесінде әлгі мүсіндердің осында жерленген кісінің тіршілігінде өлтірген дұшпандарының келбеті екені және айқындалып отыр.

    Көп кешікпей Н. Ядринцев Россия археологтарының VІІІ конгресінде ғалымдардың  назарын сло Орхон бойындағы  көне мұраларға аударады. Осыдан бастап бұрын тек Енисей ескерткіштері  деп қана аталып келген жазбалар енді Орхон, яки Орхон-Енисей жазулары деген  атқа ие болады.  

    Шамамен VІ ғасырдың орта кезінде Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен  түрлі ру-тайпалар бірігіп, Түрік  қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны  тарихтан жақсы мәлім. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды 

Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен  Түрік қағанаты, оны билеген қағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары  өткен дәуірден нақты мәлімет  беруге арналған тарихи деректер. «Күлтегін» жырының басты идеясы – Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті  тұлғасы етіп көрсету. «Күлтегін» жырының  авторы – Йоллығтегін Түрік қағанатының  күш қуаты артты, жері барынша  кеңіді, ел тұрмысы түзелді. Түрік  қағанаты тарихында Тоныкөк тұлғасы  ерекше орын алады. Ол Елтеріс қаған, Бөгі қаған және Білге қағандарға кеңесші болған. Тоныкөк ел қамын  ойлаған ақылгөй, дана қарт. Түрік  қағанатына төрт жағынан жау қаптағанда, Тоныкөк ақыл кеңесімен де, тапқыр сөзімен де, батырлық істерімен де қағандарға көмектесіп отырады. Орхон  жазба жәдігерліктері ішінде «Тоныкөк»  жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі  жазған деген болжам бар. Екіншісі –  руна жазуындағы бұл жәдігерліктерді  поэзиялық туындыға тән барлық белгілері  бар, ежелгі түркілердің өзіндік  әдеби дәстүріне негізделген  көркем туынды деп таныды.

Орхон жәдігерліктерінің ерекшеліктері  туралы соңғы кезге дейін өзара  қарама қайшы екі түрлі көзқарас орын ала келді. Бірі – Күлтегін және Тоныкөк жәдігерліктері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір  қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме  дәл жазылған тарихы деп қарады.

Орхон жазба жәдігерліктерінің ішінде «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары  өзінің идеялық мазмұны, композициялық  құрылысы, көркемдік бейнелеуі жағынан  қазақтың ерлік пен елдікті жырлаған қаһармандық жырларының алғашқы  үлгілері болып табылады. 
 
 
 

Информация о работе Орхон-Енисей ескерткіші