Орхон-Енисей ескерткіші

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 13:52, реферат

Описание работы

Орхон-Енисей жазбалары -көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавия халықтарыныңтілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым В.Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы
2.Орхон жазулары және оның құрылуы мен шығуы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Орхон-Енисей ескерткіші.docx

— 34.61 Кб (Скачать)

           

              ЖОСПАР 
 

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1.Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы

2.Орхон  жазулары және  оның құрылуы мен  шығуы

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 

                                 Кіріспе 

      Орхон-Енисей жазбалары -көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавия халықтарыныңтілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым В.Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.

      Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған.

  • Біріншісінде, қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі,
  • Екіншісінде Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді,
  • Үшіншісінде түркілердің әскери жорықтары,
  • Төртіншісінде көршілес табғаштардың қастандық әрекеттері туралы әңгіме,
  • Бесіншісінде табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде,
  • Алтыншысы түркі халқының болашақты болжай алмауына өкіну,
  • Жетіншісі түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде,
  • Сегізіншісінде осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға тоқталады.
 

Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмид, т.б. бергенін ХVIIIғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер  
 
 
 

1. Бартольд В.В. Соч.,5.-М.,1968.-С.45

2. Бейсенбайұлы Ж. Бітігтастағы  Білге танушы «Егемен Қазақстан» 2002, 28 сәуір.

3. Ертедегі қазақ әдебиеті, Хрестоматия,  Күлтегін. (кіші жазу) Алматы, 1967, 29 б.

4. Есенқұлов Е. Көне түркі жазба  ескерткіштеріндегі  қосымшалар. Алматы, 1976. 10б.

5. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір  әдебиеті. Алматы, Ана тілі 1991.

6. Жолдасбеков М. Асыл арналар.  Алматы, Жазушы 1990. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелуі   

Енисей өзені  аңғарынан құпия жазуы бар  құлпытастар (ескерткіштер) табылғаны  туралы алғашқы хабарды Н. К.Видзен, С. У. Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда  жүрген швед офицері И. Т. Страленберг  пен немістің белгілі ғалымы Ц. Г. Мессершмидт, т. б. бергенін XVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен  хаттарынан білеміз. 
Скандинавия халықтарының тілінде «рунь», яғни «руна» деген сөз казақша аударғанда «сыры ашылмаған», «құпия» деген мағына береді. И. Т. Страленберг өзі тапқан құлпытастардағы бұрын-сонды тарихта белгісіз болып келген, ешкім түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде руна жазуы деп атаған еді. Бұл тіл білімінің термині ретінде бертін келе кеңінен тарап кетті. 
Орыс География қоғамының Шығыс Сібір бөлімі 1889 жылы Монголия арнайы экспедиция ұйымдастырды.  
Құлпытастардағы белгісіз жазулардың сырын ашу үшін В. В. Радлов 1891 жылы сонда барып, бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. 
Бұл кезде Финляндия археологиялық қоғамыда Енисей өзені бойына, Минусинск қаласына екі мәрте ғылыми экспедиция жасап қайтқан еді. 
Сөйтіп, 1892 жылы Петербург пен Гельсингфорста орыс және фин ғалымдары жасаған экспедицияларының жұмыс қорытындысы туралы есептері баспасөз де жарияланады. Ғалымдар ескерткіштегі жазуларды суретке түсіріп, атлас жасаған еді. 
Алайда бұл руна жазуының құпиясы кепке дейін ашылмай-ақ қойды. Ескерткіштердегі жазуды ешкім оқи алмады. Ол туралы әр түрлі болжам айтыла бастады. Бұл жазудың түп тамыры ежелгі грек мәдениетіне қатысты деушілерде, оны ежелгі монғол жазуы, фин жазуы, скиф-славян жазуы деп жорамалдаушылар да жазудың сырын ғылыми негізде ашып бере алмады. 
Ақыры 1893 жылғы қарашаның 25-і күні Дания корольдік Ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Сондай-ақ ол бұл ескерткіштер түркі халықтарының тілінде жазылғанын мәлімдеді. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен. 
Дәл осы кезде академик В. В. Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей-ақ, В. В. Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, сонан соң оны аударып шықты. 
Солтүстік Монғолиядағы Орхон өзені бойынан Н. М. Ядринцев тапқан ескерткіштер Шығыс Түрік қағанатының он жетінші қағаны Білге қаған (алғашқы аты Могилянь) мен қағанның інісі, даңқты әскери қолбасшы Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан құлпытастарға қашап жазылған ұзақ жыр жолдары еді. 
Сөйтіп, руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылды. Осыған орай руна жазуының өзін бертін келе «Орхон -Енисей» жазуы деп атап кетті. Бұл жазуды тілі мен сипатына қарай бағалап, оны көне түркі жазуы деп те атай береді. 
Белгілі орыс саяхатшысы әрі ғалымы Н. М. Ядринцев көне түркі ескерткіштерін іздестіруді осымен шектеп қойған жоқ. Тағы да іздене түсті. Ақыры 1891 жылы Монғолияның Онгин деген өзен алқабынан тағы бір құлпытасқа бедерлеп жазылған ескерткіш тапты. Бұл кейінірек ғылымда «Онгин ескерткіші» деп аталып кетті. Көп ұзамай-ақ түрколог ғалымдар Онгин жәдігерлігін де оқып шықты. Сөйтсе, әлгі тастағы жазу түрік елінің атақты қағаны Білге қаған мен оның інісі Күлтегіннің әкесі мен шешесіне, яғни Елтеріс қаған мен Елбілге қатынннғна қойылған ескерткіштер екен. 
Кейінірек сол маңайдағы Селенга өзеңі аңғарынан түрік елін билеген бірнеше қағанның кеңесшісі болған, данышпан қарт Тоныкөк құрметіне қойылған ескерткіш табылды. Оны тапқан ағалы-інілі Клеменцтер еді. Іле-шала түркологтар Тоныкөк ескерткішін жан-жакты зерттей бастады.

    Орхон-Енисей жазбалары – Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдениетімен тарихы тұрғысынан баға жетпес құнды дүние. VII-VIII ғасырларда жазылған, Орхон және Енисей өзен бойларында табылған.

Енисей  жазбаларының жалпы саны - 85 шамалы. Олардың ішінде кіші-гірім жазбалармен қатар ірі тестер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкен 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады.

    Түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы  – Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған 3 тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі - 732 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер.

    Орхон жазбаларында Түрік қағанаты дәуіріндегі  елдің білім, дүние танымы, түркі  халықтарының тарихы мен тағдыры, қарым-қатынастары, жеңістері мен өкініштері, отаншылдық, ерлік, бірлік, намыс туралы түсінігі, наным-сенімі тәуелсіздік аңсары, осы  жолдағы атқарған қызметтері жазылған. Жырларының негізіне түрік руларын біріктіру, нығайту, сыртқы жаулардан қорғау идеясы алынған.

    Орхон жазуының мәдени мұраларының бірі –  Күлтегін ескерткіші. Биіктігі - 3,5 метр, төменгі ені - 1,32 метр, жоғарғы жағының ені – 1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың төрт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы, қалған қабырғасы бірдей көне түркі жазумен толған.

    Жырлары түркі ұлтының тарихымен Күлтегіннің батырлығын бейнелейді. Күлтегін ескерткіші Түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы. Ескерткіштің 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнiн бас ғимаратына орналастыруы Қазақ халқының арғы аталары Көне Түріктердің төл жазбаларының қаншалықты құнды мұра екендігін дәлелдей түседі.            Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы «Көне түрік» дәуірінде сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон – Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері – Орхон, Енисей, Селенгі және Талас бойы.

    Орхон-Енисей жазуы өзінің жазу ерекшеліктері  мен қолдану өрісіне сай Орхон-Енисей және Талас жазуы делініп екі  топқа бөлінеді.

    Енисей  жазба мұралары. Олардың бұлайша  аталуы тас бетіндегі сына жазуларының  Енисей бойынан табылумен байланысты. Бұған қосымша кейіннен Тува мен  Хакасия Краснояр өлкелерінен де осындай жазбалар табылған. Енисей жазбаларының жалпы саны  - 85 шамалы. Олардың ішінде кіші – гірім жазбалармен қатар ірі тестер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкен 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады. Қолданылуы жағынан Енисей ескерткіштері – ескі түрік жазуының алғашқы шығып қалыптасқан, тараған нұсқасы. Бұл  жазу біртіндеп Орхон өзені, одан Талас өзені өңіріне тарады. Бұл тұжырымның шындыққа жанасымдылығы жеке таңбалардың жазылу тәсілі мен жетілдірілуінен де байқалады. Енисей жазба ескерткіштерінің ең көне түрлері Минусинск ойпатынан табылған. Бұл жазбалар түркі халқы белгілі мөлшерде отырықшы болып, металл өңдеушімен айналысқанын, мәдениетті ел болғанын көрсетеді.

    Орхон жазуы көне  түркі мұраларының ішінде қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау Cібірден бастап Орта Азия мен Қазақстан аймағы тұтастай Түркі қағандығының қол  астына қараған болатын. VI ғасырдың ортасында қазіргі Солтүстік Монғолия жерінде бас құраған түркі қағандығы сол ғасырдың аяқ шенінде батысы Каспий теңізіне, шығысы Корей бұғазына дейінгі аралықты аралық алып жатқан ұлы империяға айналды. Кейін келе Батыс Түркі және Шығыс Түркі қағандығы деп аталатын екі үлкен қағандыққа бөлініп кеткені белгілі. Солай бола тұра, V-VIII ғасырларда жартастардың беттері мен тас мүсіндерге сондай-ақ кейбір  ыдыстардың желгі, түбі және қабырғаларына ойылып жазылған көне түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған  3 тарихи  мұра ерекше аталады. Оның біріншісі -  731 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген  Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер. Тоныкөк туралы Копенгагиндік профессор В. Томсен мен Клеменц ханымның еңбектерінен мынадай мағлұмат ала аламыз: Орхон жазбаларында көрсетілгеніндей, Тоныкөк деп табылған ескерткіште ол – үш ханның  ақылшысы және Білге қағанның құдасы болған адам. Қытай жазбаларында Тоныкөк   жайлы  716 жылы айтылған. Елтерістің   патшалық құруында оның қосқан үдесі туралы Қытай және Тоныкөк жазбаларында  толық көрсетілген. Көне түркі жазбаларын кейде «руна» жазулары деп атайды. Оның себебі:  Сібірде айдауда жүрген швед офицері Страленберг пен неміс ғалымы Д.Г. Мессершмидт кездестірген құлпытастардағы  өзі түсінбейтін жат жазуды өз  елінің тілінде «руна» жазуы деп атаған еді. Бұл сөз термин ретінде бертін келе кеңінен таралып кетті.

    Орхон ескерткіштері оқиғалар мерзімі, жазу стилі жағынан ескі түркі жазуының соңғы – жаңа дәуірін танытады. Оның бер жағында Орхон жазуы, сірә, халық арасына кеңінен тараған  болу керек. Күлтегін ескtрткіштерінде мынадай сөйлемдер кездеседі: «Түркі салқын тиып, ел еткендеріңді де мұнда  бастым, жаңылып кеткендеріңді де мұнда бастым. Барлық сөзімді айтар  мәңгілік тасқа бастым, бұдан қарап  біліңдері түркінің қазіргі халқының бектері» - дейді.

    Орхон жазбалары осы жағдайлардың тамаша көрінісін берген. Бұл жерде бұрын  өз мемлекеті болған түркілердің  қытайлардан жеңіліп, шамамен 50 жыл  бойы қытай билігінде  болып, кейбір княздар қытай титулдарын қабылдап, түркі бектері болудан қалғандығын айтады. Сонда жай халық: «Менің өзімнің ханым бар, мемлекетім бар халық едім, енді менің мемлекетім қайда, халқым қайда?» - дей ойсырып, қытайларға шығады. Бұдан біз  арасындағы күресті, ханның халық өкілі ретінде күрес жүргізгендігін көреміз.

    Орхон жазбаларында әскери күш және әскери рух қаншалықты дәріптеліп  отырғанына қарамастан одан адамшылққа жат пиғыл кездеспейді, мәдениетті деген халықтардан  шыққан басқыншылардан кездесетін қатыгездік және қатыгездіктен ләззат алу элементтері мұнда атымен жоқ. Жазба ескерткіште империяның құралуы – халыққа көрсеткен қызметін, келтірген пайдам деп түсіндерді.

    Ал  әскери  тұрмысқа  келетін болсақ, әрбір, жауынгер соғыста ғана емес, күнделікті өмірде де ержүрек әрі ақылды болуы керек екенін ескертіп отырады.

    Жазба ескерткіштегі Білге қаған –үлкен ел басқарушы, Күлтегін - өз заманының  даңқты батыры, Тоныкөк - әрі батыр, әрі шешен, жырау, әрі кемеңгер ақыл иесі. Тастағы жазбада Тоныкөк  мемлекет қамын ойлайтын басшы  түрінде суреттелсе, Күлтегін өз ағасы Білге қаған кезінде  әскер басы болған, оның батырлығы сол кездегі ерліктің дара үлгісі ретінде беріледі. Сол жазбалардың ішінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған шешендік сөз үлгілері мен өлең ұйқастары, мақал-мәтелдер, арнаулар мен жоқтаулар молынан кездеседі. Мысалы: «Көрур көзум көрмес тег бопты, білер білігім білмес тег бопты, «Түн қатып» деген  сияқты қолданыстар аздаған  дыбыстық ерекшеліктері болмаса, күні бүгінге дейін тілімізде сол күйінде қолданылып келеді.

    Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тонына, Білге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жыраулардың  кейіпкерлеріне,  сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагой білімдарияры өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді.

    Орталық Азия мен Қазақстан жерлерінен табылып  жатқан руникалық түркі жазбалары  Орхон таңбаларынан өзіндік ерекшелігімен  дараланады. Мұнда Орхон немесе Енисей өзендері аңғарларынан табылған, жазулардағы  барлық таңбалардан бөлек өзгеше жазылған көне әріптер кездеседі. Мұның  өзі түркі жазуы жүйесінің  ертеден қалыптасқан, жүйелі әліппе, жазу мәдениетіміздің тереңде екенін аңғартады.

    Ежелгі  түркі туралы Орхон материалдарынан  басқа да табылған археологиялық  материалдар баршылық. Бұл материалдарды  оқып білу  әлі күнге дейін кешуілдеп, нақты тарихи деректерді көрсететін мәліметтердің көбінен әлі басы ашылмай келеді. Оған мына жағдай да себеп болды. Х ғасырда исламды уағыздаушылар (арабтар мен түркілердің  өздері) өздерінің исламға дейінгі жазбаларына қарсы шығып, бұрын жасалған түркі мәдениетін ислам дініне құран етті-құбыжыққа айналдырды, ақыры ұмыт болды. Бұл саясат кеңес үкіметі, кезінде де  толастамады. «Пантюризим» деген желеумен Түркі мәдениеті қуғындалды. Ол саясат тіпті қазір де ұшырасады. Мысалы, Мәскеуден шығатын «Молодая гвардия» журналыныі (1990-№12№-256 бетінде)  жамбылдық А. Хмелов  Қазақстандағы тіл саясаты туралы сыңаржақ пікір айтты: «Мектеп, техникум, жоғары оқу орындарында бұл тілді (қазақ тілін) қалаңыз, қаламаңыз зорлап оқытады» деп жазды.  «Өзімнің сұлу орыс тілім тұрғанда, қазақ тілінің не керегі бар?» деп қана қоймай, жалған айтып, «қазақ, қырғыз тәрізді көшпелі халықта жазу,сызу атымен болмаған» - деп бұл халықтарды кемсітеді. «Қарап отырсам, өзбек, қырғыз, қазақтардың әрпінің бәрі орыстардан алынған. Ендеше ондай тілді үйретудің не мәнісі бар, - деп қорытады.

Информация о работе Орхон-Енисей ескерткіші