Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 21:59, реферат
Наймандар тайпасының тегі туралы мәселе ертеден-ақ тарихшылардың пікірталасын тудырып келді. Бірқатар зерттеушілер (И.Я. Шмидт, А.М. Позднева, Д.Оссон, В.В. Бартольд, В.П. Васильев, т.б.) Наймандардарды моңғол, басқалары (Рашид әд-Дин, Х.Ховарс, П.Поуха, А.Бобривников, Г.Е. Грумм-Гржимайло, Н.А. Аристов, С.Аманжолов,Ә.Марғұлан) түркі тегіне жатқызды. Қазіргі уақытта олардың түркі тектес екендігі толық дәлелденген. Көптеген зерттеушілердің пікірінше “найман” атауы моңғолша “сегіз” деген сөзді білдіреді. “Оғыз тайпасынан шыққан наймандар түркі тілдес халық болды.
Атамекенінен көтере қуып жіберген
найман ханы Күшліктің байтақ Түркістан
аймағында бұлайша дәуірлеп отырғанынан
Шыңғыс хан сірә хабарсыз емес-тін.
Тек ол бұл кезеңде Қытайды
жаулап алу жорықтарының басы-қасында
жүрді. Сол жорықтан қайтысымен, Шыңғыс
хан 1218 жылы Күшлікке қарсы әйгілі қолбасшысы
Жебе ноян басқарған күшті әскерін
жіберді. Жебе ноян Қарақытай еліне
жетісімен, баршаға дін, сенім бостандығын
жариялады. Бұған дейін де өзіне
мұсылмандарды қарсы қойып
Бұл өңірде қоныстанған наймандар ХV ғасырдың соңында Мұхаммед Шайбани ханның ықпалында болды. 16 ғасырда Марыға найманнан шыққан Қобыз би, Жолым билер әмір жүргізді. Найман Назар би Балхты биледі. Нұраталық көшпелілерді найман Ахметәлі басқарды. Шайбан тұқымы Бабаханның бір әскербасысы найман Жанмұхаммед би болды. Шежіреші Әбілғазы найман Сопырмырзаның 1604 жылы оның әкесі Араб Мұхаммед ханды өлтіру үшін қастандықұйымдастырушылардың бірі болғанын тілге тиек етеді. Осы мысалдардан-ақ наймандардың Орта Азия аймағында қабырғалы күштердің бірі ретінде әрекет еткенін байқау қиын емес. Бұл наймандар біртін-біртін жергілікті халыққа сіңісіп, өзбек, қарақалпақ қауымдастығының бір тармағы болып кетті. Өзбектерде қазақ-найман, қарақалпақта бағаналы, терістаңбалы, қырғызда бүйе найман, күн найман, мырза найман, жуанбұт найман руларының кездесуі сол араласудың бір нышаны.
Қазақ наймандары 1720 жылдардағы Жоңғар
шапқыншылығынан кейін Орталық
Қазақстандағы Тоқырауын
Тарихи деректерге сүйенсек, «Найман»
- қазақ шежірелерінде
Қария сөздер бойынша Найманның кешігіп көрген Тоқпан деген ұлы ер жеткен кезде Ұлы жүз Дулат бидің қызы Ақсұлуға үйленген екен дейді. Содан аз уақыт өтер-өтпесте Найманның кемпірі мен ұлы Тоқпан қатар қайтыс болады. Ақсұлу өзі түскен шаңырақтың болашағын ойлап, еліне барып, жақын сіңлілерінің бірі Әлпешті сұрап әкеліп, атасына қосады. Найман Қызейнемен алты айдай ғұмыр кешіп көз жұмады. Екіқабат қалған Әлпеш күн жетіп босанады. Баланың атын Найманнан қалған белгі ғой деп Белгібай қояды. Оның екінші аты - Өкіреш. Найманның әулие келіні Ақсұлу атасының жылын бергеннен кейін Қызынейді Найманның ұлы атасы делінетін Сарманаймен бір туысқан Шумақ дегеннің немересі Елтайға қосады. Оған атамның орнына атам болды деп Ел ата деген ат қояды. Қызыней одан Серкібай деген ұл табады. Ақсұлу Белгібайды тәрбиелеп өсіріп, он бес жасқа толғанда қайным деп оған өзі тиеді. Одан Сүйінше, Сүгірше деген екі ұл табады. Немере сіңлісі Тоқсұлуды кейіннен әпкеме қолқанат болсын деп бір сіңлісі Қаракөзді Белгібайға қосады. Қаракөзден Өтеген туады. Қазақ шежіресінде бар Найман осы төртеуінен тарайды да, тоғыз таңбалы найман аталады.
Наймандар, Керейттер және Жалайырлар
Наймандардың, керейіттердің, ж
Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың
орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен
Орхон аралығында сегіз-оғыз (яғни «сегіз
тайпаның одағы») деген атаумен пайда
болган. Сегіз-оғыздар Хангайдың
батысынан Тарбағатайға дейінгі жерді, яғни өзіміз кейіннен
наймандар деп атайтын жерді алып жатты.
X ғасырда Орталық Азия даласын, «Ляо-шиге» қарағанда,
жауынгер көшпелі тайпалар мекендеген,
бұл деректемеде олар цзу-бу деген ортақ
атаумен аталады. Олар (цзу-бу) тура Тарбағатайға
дейінгіОрталық Азияаумағына қоныстанған. Қида
X—XII ғасырдың басында наймандар
Ляо империясына вассалдық
Керейіттер туралы алғашқы мәліметтер
XI ғасырдың соңғы ширегіне жатады, олардың
христиан дінін қабылдауына байланысты
айтылады. Олар Тола өзенінің аңғарын,
Орхон өзенінің орта ағысы ауданын
және Онғын өзенінің аңғарын алып
жатқан. Шыңғысхан шапқыншылығы қарсаңында керейіттер бүкіл
қазіргі Монголия мен Алтайаума
Шаруашылық-экономикалық құрылысы
Наймандар, керейіттер, жалайыр
Мемлекеттің құрылуы
Орталық Азияның көшпелі
тайпаларының XII ғасыр бойында күш-қуатының
артуы олардың ең ірілерінде — наймандарда,
керейіттерде, жалайырларда — алдыңғы
феодалдық мемлекеттік құрылымдар — ұлыстардың
пайда болуына жеткізді. Б. Я. Владимирцовтың көрсеткенінд
Көрші халықтармен езара қатынастары
Деректемелер наймандар мен
керейіттердің көрші
Найман хандығы
8-Маусым, 2011 | 884 рет оқылған
Тарихқа Найман хандығы
деген атпен Х ғасырда мәлім
болған мемлекеттік бірлестік –
бабаларымыздың дербес ел болу жолындағы
жанқиярлық күрестерінің елеулі белестерінің
бірі. Бұл хандық құрылардан бұрын
оны құрушы ру-тайпалар әртүрлі кезеңдерден
өтті. Наймандардың арғы бабалары ІV-V ғасырларда
байырғы хұндардың ұрпақтары
болып табылатын Теле тайпалық одақтары
құрамында көшіп-қонып жүрді. Ал
VІІ ғасырда олар Қыпшақтардың байырғы
бабалары үстемдік жасаған Сір-Енда
(Сеянто) хандығына бағынды. Бұл хандық
күйреген соң VІІІ ғасыр басында
17 тайпаны біріктірген Байырқу
конфедерациясына кіріп, осында Сегіз
оғыздар бірлестігін түзеді. Байырқу
конфедерациясы – тарихымызда айтылмай
келе жатқан маңызды мәселенің бірі.
Х ғасырдан бастап Қидандарға бағынған
наймандардың мемлекеттік бірлестігі
екі үлкен тайпалар бірлестігінен құралды.
Найман хандығын белгілі бір рудың өкілі
болып табылатын хан басқарды. Әрбір тайпаны
біріктірген ұлыстық бірлестіктер ондық
негізде әскери жүйемен сарбаздар жасағын
жасақтады. Мемлекеттегі іс Ұйғыр жазуымен
жүргізілді. Тарихи деректер олардың VІІІ-ІХ
ғасырларда-ақ айтарлықтай сауатты болғандарынан
хабардар етеді. Олар алғаш барлық түркітілдестер
тәрізді Орхон жазуын пайдаланса, ал кейіннен
Оғыз бірлестіктеріне Ұйғырлар үстемдігі
орнаған тұста көне Ұйғыр жазуын қолданатын
болды. Осы жазу мәселесіне байланысты
моңғолдардың әйгілі дерегі «Алтан-тобчида»
және көне қытай дерегі «Юан-шиде» мынадай
әңгіме айтылады: «Шыңғысхан Наймандарды
талқандаған тұста олардың ханы Таянның
бас уәзірі, қазынашысы және хатшысы Тататоңға
амалсыздан моңғолдар қолына тұтқынға
түсіп қалады. Шыңғысханның төңірегі одан
екі маңызды нәрсені үйренеді. Олар –
мемлекеттік маңызды құжаттарды мөрмен
бекітіп отыру және Ұйғыр жазуын оқып-білу».
1125 жылы Қидандар мемлекетін Чжурчжендердің
(Шүршіттердің бабаларының) талқандауы
Наймандардың тәуелсіздік алуларына жол
ашты.
Зерттеушілер тәуелсіз Найман мемлекетінің
құрылуын 1143 жылдан, яғни Инанш Білге ханның
билік жасаған жылдарынан бастайды. Әсіресе,
күшті Қидан мемлекетін құрған тарихи
тұлға Елюй Дашидің өлімі Наймандардың
тәуелсіз хандық құруларына жол ашты.
Басқа да бұрын Цзубу тайпалық одағында
болған Меркіт, Онқұт тайпалары тәрізді
Қидан империясының қиранды орнында жаңа
хандықтар, солардың қатарында Найман
және Керейт хандықтары еңсе көтерді.
Бұл екі туыстас хандықтарды географиялық
бекет Ханғай (Өтікен) таулары бөліп жатты.
Жаңа қалыптаса бастаған Найман хандығының
шығыстағы көршілері Керейттер болса,
ал оңтүстік-батыста олар Қарақытайлармен
шектесті. Солтүстіктегі Найман мемлекетінің
шекарасы Балқаш көліне дейін созылып,
Шу өзенін бойлай жалғасты.
Наймандар Инанш-Білге ханның тұсында
едәуір күшейді. Одан бұрын Наймандарды
кім билегені тарихқа белгісіз. Әбілғазы
осыған байланысты мынадай дерек береді:
«Найман тайпасы. Бұл көне тайпа; малшылық
бұларда кең ауқымды. Олардың бұрынғы
өткенін біз білмейміз, тек естігеніміз,
олардың Қар-Қыш деген патшасы болған.
Ол өлген соң інісі Инат (Инаншты айтып
отыр –Т.О.) биледі. Шыңғыс кезінде олардың
патшасы Таяң хан (кейбір деректерде –
Даян хан – Т.О.) еді; оның баласы – Күшлік.
Олардың тұрағы Моңғолияның Қарақорым
деп аталатын бөлігінде». Бізге белгілісі,
Х ғ. аяғында және ХІІІ ғ. басында Найман
хандығы екі бөлікке бөлініп, оларды Инанш
ханның екі ұлы Даян хан мен Бұйрық хан
басқарды.
Моңғолдарға бағынған Наймандардың бұдан
кейінгі тағдыры Шағатай ұлысымен байланысты
болды. 1223 жылдың басында Шыңғыс хан төрт
ұлына енші бөлгенде әлі де айтарлықтай
қуатты Найман тайпалық бірлігі Шағатайға
берілген аймақта қалып қойды. Алайда
Жошының ұлы Батудың батысқа бағытталған
жорығына қатысуға мәжбүр болған олар
біртіндеп Жошы ұлысының шығысын біріктіретін,
Жошының үлкен ұлы Ежен негіздеген Ақ
Орда аймағына ойысты. Осында Наймандар
болашақ Алты Алаш (Жалайыр, Алшын, Қоңырат,
Қаракесек (Арғын), Найман, Қыпшақ) қауымдастығын
ұйыстырушы белді тайпалардың біріне
айналды. Яғни тарихи деректерді баяндағанда
бұрынғы Наймандар мен кейінгі Алаш қауымдастығына
қосылған Найман рулары арасындағы тарихи
этникалық сабақтастықты теріске шығару
негізсіз. Кейінгі Наймандар – алғашқы
Наймандардың тікелей жалғасы.