Найман
Наймандар [1]–
қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының
бірі.
Наймандардың пайда болу тарихы
Наймандар тайпасының тегі туралы мәселе
ертеден-ақ тарихшылардың пікірталасын
тудырып келді. Бірқатар зерттеушілер
(И.Я. Шмидт, А.М. Позднева, Д.Оссон,
В.В. Бартольд, В.П. Васильев, т.б.) Наймандардарды моңғол, басқалары (Рашид әд-Дин, Х.Ховарс, П.Поуха, А.Бобривников, Г.Е. Грумм-Гржимайло, Н.А. Аристов, С.Аманжолов,Ә.Марғұлан) түркі тегіне жатқызды. Қазіргі уақытта
олардың түркі тектес екендігі толық дәлелденген.
Көптеген зерттеушілердің пікірінше “найман”
атауы моңғолша “сегіз” деген сөзді білдіреді.
“Оғыз тайпасынан шыққан наймандар түркі
тілдес халық болды. Олар 8 ғ-дан бастап
“сегіз оғыздар”, кейінірек “цзбу-бу” одағын құрап келді. “Найман”
сөзі оларға көрші халықтардың берген
атауы” деп жазды Л.Л. Викторова. Әбілғазының пікірінше: “наймандар – көне
жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен
халық”. “Селенга тас жазуы” деп аталатын
750 ж. тұрғызылған ұйғыр ескерткішінде,
“Ляо ши” жазбаларында (8 ғ.) сегіз-оғыздар туралы мәліметтер кездеседі.
Сегіз оғыз жұртын әуелі “найман аймақ”
(“сегіз тайпа”) деп 10 ғ-да қидандар атай
бастаған деген топшылау бар. Кейіннен
моңғол империясының дәуірлеуі бұл сөздің
негізгі атау орнына қолданыла бастауына
одан әрі жағдай жасаған. Зерттеушілер
бұл тайпа 10 ғ-дан “найман” деп атала
бастаса да, 13 ғ-ға дейін бұрынғы “сегіз”
аты қосарлана айтылып келгенін алға тартады.
Наймандар өзге мемлекетер құрамында
Сегіз оғыздар Түрік қағандығының шығыс
бөлігінде орналасты. Шығыс Түрік қағандығыыдырағаннан
кейін олар біраз уақыт Ұйғыр қағандығының,
кейіннен Солтүстік Қытайданауып келген қидандардың (Ляо әулеті) қол астына қарады. Осы
кезде сегіз оғыз атауының орнына наймандар
сөзі орнықты. 12 ғ-дың бас кезінде қидандар Цзиньәулетінен (шүршіттер) жеңіліп,
Жетісуға ауған кезде наймандар жеке ұлыс
болып қалыптасуға мүмкіндік алды. 12 ғ-дың
2-жартысында олар Орт. Азиядағы ең күшті,
жетекші мемл. бірлестіктердің біріне
айналып, алыс-жақын елдермен дипломат.
қарым-қатынас орнатты (қ Найман мемлекеті).
Осы кезеңдегі жазба деректерінде наймандар
батысында қаңлы, қыпшақ, шығысында керей,
меркіт, теріскейінде қырғыз, оңт-нде ұйғыр,
таңғұттармен шекаралас, қоңсылас болғаны
айтылады. Найман мемлекеті құлап, халқы Шыңғыс хан[2] империясына
бағынған соң, олардың біраз бөлігі байырғы
қоныстарына жақын Ертіс, Алтай алқабында
орнығып, Үгедей ханның
ұлысына қарады. Шапқыншылықтан ығысқандары
Балқаш төңірегіне, Алакөл маңына, Сыр,
Ырғыз алқабына дейін орналасты. 15 ғ-да
едәуір бөлігі Әбілхайыр ханның, кейіннен Мұхаммед Шайбани ханның ықпалында болды. Қалған
бөлігі Қазақ хандығын құраған негізгі
тайпалармен бірге Моғолстан жеріне ауды. 16 – 17 ғ-ларда кейбір
найман руларыАтбасар, Ырғыз аймақтарында
өмір сүрген. М.Шайбанимен[3] бірге Мауераннахрға ауған наймандар
Сырдарияның төм. ағысындағы Балық пен Мерв аралығы
өңірлерінің саяси-әлеум. өмірінде жүзден
аса жыл маңызды рөл атқарды. 1620 – 25 ж.
Хорезмдегі билік үшін болған тартыстан
кейін наймандар бас сауғалап бір тобы
қырғыздарға, бір бөлігі Еділ, Жайықтағы Ноғай ордасына, енді бірі Бұхар хандығына бағынды. М.Тынышбаевтың[4] айтуынша, 1680 ж. наймандардың
бір тобы Әулиеатадан Ташкентке дейін, Арыс пен Сырдария өңірін, Қаратау сілемдерін
қоныстана бастаған. “Ақтабан шұбырынды,
Алқакөл сұлама”[5] жылдарында
наймандардың көпшілігі қырылып, қалғаны Самарқанд, Бұхар өңірлеріне ығысады.
1726 ж. наймандар Ресей шекарасына жақын келіп, Сәмеке
ханның қол астына өткен. Ол қайтыс болғаннан
кейін Абылайбилігіне
қарай бет бұрып, Алакөл, Зайсан,
Алтайға дейінгі алқапқа орын тебеді.
Олар қазақ халқының жоңғарларға қарсы
ұлт-азаттық күресіне белсене қатысты.
Қазақ қолы 1750 – 60 ж. Жетісу мен Алтайды
жоңғарлардан азат еткенде наймандар
Қара Ертіс, Бұқтырмаға дейінгі бұрынғы
ата мекенінің бір шетіне ие болып, сонда
түбегейлі орнығып қалды. Бұл қоныстану
1810 жылға дейін жалғасты. 1917 ж. Ресей үкіметі
жүргізген санақ бойынша Ресей және Қытай
империяларының құрамында 830 мыңдай наймандар
өмір сүрген.Наймандар Орт. Азияның өзбек,
қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, т.б. халықтарының
құрамына енген.
Қазақ халқы құрамындағы наймандар
Қазақ халқының шежіре деректері бойынша
наймандар Орта
жүзге кіреді.Қазақ халқының құрамындағы
наймандардан: терістаңбалы (кейде елата), сарыжомарт (ергенекті найман), төлегетай
деген рулар бірлестіктері тарайды. Терістаңбалыдан: мәмбет, рысқұл; cарыжомарттан: балталы, бағаналы, көкжарлы, бура (Найман), қаратай; төлегетайдан: қаракерей, мұрын, төртуыл, матай, аталық (кейбір деректерде кенже), садыр. Келесі бір шежіре нұсқасында
наймандардан тоқпан, елата, өкіреш таратылады.
Елатадан: келбұға мен кетбұға; өкірештен: төлегетай және сүгіріш; төлегетайдан:
қаракерей, төртуыл, садыр, матай тарайды.
Сүгіріштен: ертекті, бағаналы, балталы;
ертектіден: көкжарлы, сарыжомарт, бура
рулары тарайды. Әр рудың өз рулық таңбасы
мен ұраны бар. наймандардың ортақ таңбасы
– Y (бақан), ұраны –Қаптағай[6].
Найман
Найман деген сөз туралы да әр
түрлі сөз бар. Профессор Березин
«найман деген сөз - мағол тілінше
сегіз деген сөз, сегіз ру ел болғандықтан
айтылған» дейді. Аристов «найман
деген Катуни өзенінің бір айрығы
еді, сол өзен атыменен қойылған»
дейді. Ескі заманда найман көп ел
болған, Шыңғыс хан тұсында Таң, Бұйрық
деген ағайынды екі хан билеп,
екі бөлініп тұрды. Шыңғыс екі
ханды да өлтіріп, елін шапқанда, найманның
бір бөлегі күнбатысқа қашып барып,
осы күнгі мағол ішінде мағол
болып қалған наймандар - соның нәсілі.
Бұл найманның да көбі жер жүзіндегі
түрік нәсілдерінде бар. Орта жүздегі найман, біздің қазақтың ескі
сөзінше, Софы мырза дегеннің нәсілі. Оны
Баба мырза деген інісі өлтіргенде, Софы
мырзаның тоқалының жалғыз баласы Өкіреш
қазақ ішіне көшіпті. Осы сөз Әбілғазы
ханның сөзіне тура келеді. Себебі Әбілғазының
әкесі араб Мұхамедханды өлтіріп, «орнына
хан қоямын» деп Софы мырза Самарқандтан
Хысырау деген хан нәсілді біреуді алып
келгенде, араб Махмұд біліп Хысырауды
өлтіріп, Софы мырзаны өзіне нөкер болып тұрған Софының інісі
Баба мырзаға бергенде, «мен ханға дұшпан
кісіні аға қылмаймын» деп өз ағасын өзі
өлтірді деп жазады. Орта жүздегі найманның бергі аталары туралы
жазылған Спасский, Аристов, Маевский
деген орыс жазушыларының сөзінде шатақ
қаталары көрінді. Біздің білуімізше,
орта жүздегі найман атасы - Софы мырза, оның баласы - Өкреш, оның үш баласы - Домбауыл, Сүгірше, Саржомарт. Домбауыл тұқымы жылқысына теріс жағынан
таңба басып терістаңбалы атанды. Сүгіршенің
баласы - Қытай,
оның баласы - Төлегетай, оның төрт баласы - Қаракерей, Матай, Садыр, Тортуыл. Қаракерейдің екі баласы - Байторы, Ерторы. Байторының баласы - Байыс жәке асырап алған Ақнайман. Ерторының баласы - Байсиық және асырап алған Қарамолда, Байыстың бәйбішеден төрт баласы
- Мәмбетқұл, Сыбанқұл, Ахмедқұл, Сары.
Мәмбетқұл жас күнінде өкпешіл болып,
қыржиып отыра бергеннен Қыржи атанды. Сыбанқұл Сыбанатанып, Ахмедқұл Ақымбет атанды. Байыстың тоқалынан
екі баласы - Тума, Тоқбақ және тоқал асырап екі бала - Бошатчы, Байғана. Және Байыстың Мақта апай деген
бір қызы Тоқтар деген сартқа тиіп, Ержігіт,
Байжігіт деген екі бала тауып, Ержігіт
сартпен еріп Түркістанға кетіп, Байжігіт
мұнда қалған. Жоғарыдағы Сарының қатынының
атыМұрын екен,
Сарының нәсілі сол шешелерінің атымен Мұрын атанды; жоғарғы Байсиықтың
төрт баласы - Жанғұлы, Меңлібай, Төбет, Ақбелбеу. Бұл төртеуіменен асыранды Қарамолда ыәсілі Семіз найман атанды. Жоғырғы Матайдың үш
баласы - Аталық, Кенже, Қаптағай - Аталықтың қатыны Қызай дегеннің атымен тұқымы Қызайатанды. Жоғарғы Сарыжомарттың
бәйбішеден - Қаратай және тоқалдың төрт баласы - Бұйдалы, Жансары, Баржақсы, Шайгөз. Бұл төртеуі нағашысы Уақ ішіне кетіп, күні бүгін ергенекті уақ атанып кетті. Оның себебі, Саржомарттың
нәсілі Ергенек таңба салып, ергенекті найман атанып еді. Сол себептен бұлар Ергенекті атанды. Бірақ халықтың көбі оларды уақ деп кетті. Саржомарттың және
асыранды баласы - Бура және шешесіне еріп келген күңінен
туған - Балталы, Бағаналы және бір құлы -Көкжарлы.[7].
Тарихы
Найман туралы деректер оны әуелде
Хинганнан Қарпатқа дейін созылып
жатқан Ұлы Даланың Ертіс пен
Орхон өзендері аралығында ежелден
көшіп жүрген тайпалар қатарында
таниды. Ол – сонау жыл санауымызға
дейінгі екінші ғасырлардан бастап
дәуірлеп, Орта Азиядан Сары өзенге
дейінгі байтақ аймақты жайлаған
Хунну (ғұн) ұлысының, біздің жыл санауымыздың
бастапқы ғасырларында қытай жазбаларында
«теле» деген атпен әйгеленген байырғы
киіз туырлықты қандас тайпалар қауымдастығының
кесек бір сынығы. Әбілғазы жазуынша:
«Наймандар – көне жұрттардың бірі,
малы мен басы көп өскен халық».
Бұл ел VI-VII ғасырлардағы айбынды
Түрік қағанаты заманында дүниеге
келген ата жазуымызда Моңғолиядағы
қазақ ғалымы әрі қайраткері Қ.Сартқожаұлының
дәлелдеуінше, «Байырқу», «сегіз оғұз»
тайпасы түрінде көрініс береді.
Бірсыпыра ғалымдардың дәлелдеуінше,
«оғұз» сөзінің көне Түрк тіліндегі
бір мағынасы тайпа дегенге келеді.
( «оқ» - тайпа, «з» - жиынтық сан есім).
Ал «найман» моңғолша сегіз деген
сөз. Сегіз оғұз жұртын әуелі «найман
аймақ» ( «сегіз тайпа») деп Х ғасырда
моңғол тілдес қидандар атай бастаған
екен. Кейіннен моңғол империясының дүниеге
келіп дәуірлеуі, бұл сөздің негізгі
атау орнында қолданыла бастауына
одан әрі жағдай жасаған еді. Зерттеушілер
бұл тайпа Х ғасырдан «найман»
деп атала бастаса да, ХІІІ ғасырға
дейінгі бұрынғы «сегіз» аты
да қосарлана байқалып келгенін де
ортаға тартады. Кезінде Жапон теңізінен
Шығыс Түркістанға дейінгі байтақ
өңірді қоластына бағындырып, наймандарға
да біраз уақыт билік жүргізген
Лияу әулетінің (Ұлы Қидан мемлекеті
тарихы туралы жазылған жылнамаларда
(Х ғасыр) наймандар батысында (Ертістен
ары) қанлы, қыпшақ, шығысында (Орхон, Тола
және Оңғын өзенлерінің алқабы) керей,
меркіт, теріскейінде (Селеңгеннің
салалары) қырғыз, оңтүстігінде ұйғыр,
таңғұттармен шекаралас, қоңсылас болғаны
айтылады.
Рәшид-ә-диннің «Жылнамалар жинағы»
мен «Моңғолдың құпия шежіресінің»
көрсетуінше, Арғұн өзенінің Хайлар
деп аталатын саласы мен Халқын гол
өзені алқабында қоңыраттар мекендеді.
Екінші мыңжылдықтың бас кезінде
осы қоңыраттардан батысқа қарай Керей, Меркіт жеріне дейінгі аралықта
(Онон, Керуленөзендерінің алқабы) хунну,
дунхулардың бір сынығы болып табылатын
түрк-моңғол жұрттары да қанатын жайып
өсіп жатты. Ол тайпаларға өздерімен іргелес,
кейіннен моңғол тілі деп ен тағылған
тілде сөйлейтін Қидан (осы сөзден «қытай»
атауы шыққан) мемлекетінің үстемдігі
мен ықпал-әсері тым етене байқалатын.
Түрк тайпаларының қақ ортасында жатқан
осы жұрттардың соңыра моңғол тілді атанып
кетуінің де бір себебі – түп-тегі Ішкі
Моңғолиядан шыққан сол қидандардың жегі
құрттай дендеп кеткен жойқын ассимиляйиясына
тығыз қатысы бар болуы да ғажап емес.
(Мұндай мысалды алыстан іздеудің қажеті
де жоқ. Орыс тілі шыңдап ене бастаған
жарты ғасыр ішінде, қазақтың жартысына
жуығының орыс тілді болып шыға келгені
көз алдымызда ғой). ХІІ ғасырдың басында
Ұлы Қидан (Лияу( мемлекеті ыдырап, қидандардың
біраз бөлігі Жетісу мен Орта Азияға өтіп,
Қарақытай мемлекетін құрғаны белгілі
(1140-1213). Олар кейінірек жергілікті халықтарға
сіңісіп кетті. Ал сол ғасырдың соңына
таман Онон, Керулен алқабын жайлаған
тайпалардың арасынан Темүжин сынды жас
көсем бастаған қият тайпасы лау етіп
көтнріліп, «тарыдай шашыраған моңғолдың
басын қосып», аз уақытта-ақ маңындағы
елді ұйыстыра алған моңғол мемлекетіне
айналды. Моңғолиялық қазақ ғалымы И.Қабышұлы
Темүжинге Шыңғыс (Жеңіс, Жеңгіз) деген
есімді еншілеген сол кездегі керейлердің
ханы Торы (Торғыл( екенін айтады. (Торыны
оған қытайлар берген «Уаң» яки, бір елдің
әміршісі лауазымы бойынша Уаң хан деп
те атайды. Өзі үлкен бір елдің билеушісі,
әрі әкесі Есукейдің андасы болғаннан
кейін Торы бұл есімді «жақсы тілек», жарым
ырыс» қылып айтса айтқан шығар. Алайда
Шыңғыс хан шапқан сайын төске өрлеп, маңайындағы
Татар (тата, тетан) мен Қоңыратты қоластына
бағындырып алғаннан кейін, Керей елінің
өзіне ауыз салды. Әкесіндей болған Торыны
(Уаң ханды) туған жерінен безіндіріп,
ақыры ол найман қарауылдарының қолынан
кездейсоқ қаза тапты. Ал ауқатты Найман
мемлекетінің Шыңғыс ханмен шайқастары
тарихи жылнамаларда жан-жақты жазылып
қалған бір хикая.
Темүжиннің әкесі Есүкей батырдың
тұсында Найманелін Инанығ Білгі
қаған билеген еді. «Инанығ» - сенімді,
«білгі» - білгір, кемеңгер деген сөз.
Сол Инанығ білгінің заманында наймандар
Қидан мемлекетінің (қарақытайлардың)
қармағынан құтылып, бостандығын алады.
Ол өлгеннен кейін Найман ұлысы екі
баласы байбұқа (қосалқы аты –
Тай, Таян. Қидандар оған Дауаң) «үлкен
әмірші» (деген атақ берген, сол сөз
келе-келе Таянға айналған) мен бүйректің
таласына түседі. Ақыры ағайынды екеу
арасындағы араздық ұлысты екіге
бөліп тынады. Тай хан үлкені болғандықтан,
әкесінің орнында жазық аймақты,
Бүйрек таулы өңірді мекендейді. Наймандар
мен шыңғыс хан әскерінің алғашқы
шайқасы 1199 жылы Алтай өңіріндегі Үліңгір
көлінің маңында өткен еді. Онда
Шыңғыс керей ханы Торының шақыруымен
одақтас ретінде көмекке келген.
Сол жолы Бүйрек хан ойсырай жеңіліп,
өзі Енесай қырғыздарына қашып құтылады.
Арада үш жыл өтпей жатып, олар
тағы да шайқас даласында бас қосқан.
Бірақ бұл жолы да Шыңғыс хан мен
Уаң ханның тізе қоса қимылдауы Бүйрек
ханның ойсырай жеңілуіне мәжбүр
етті. Ол басын әзер сауғалап, тағы да
қашып құтылды. Бұдан кейін Шыңғыс
ханның керейлермен жауласып, Торы
ханның (Уаң ханның) түбіне жеткенін
жаңа айттық. Оны өлтірген Бүйрік ханның
ағасы Тай ханның жасауылдары
болатын. Сол хабарға көзі анық жеткен
Тай бойын ашу-ыза кернеп: «Күншығыстағы
аз моңғол қыр көрсететінді шығарды.
Атасынан асыл жаралған Уаң ханды
алуан түрлі қырмен қорқытып, безендіріп,
өлімге душар етті. Сөйтіп олар бәрін
иеленіп, қаған болмақшы ғой, тегі? Күн
мен ай аспанды үнемі жарық
етіп тұру үшінжаратылған болар. Ал жерде
екі қаған бола алмайды. Ендншн сол
аз моңғолды байлап әкелейік», - дейді.
(«Моңғолдың құпия шежіресі»). Сонда
Тай ханның кіші шешесі Кербез: «Қайтпексің,
ол моңғолдар қоңырсыған иісті, қомыт-қомыт
киімді емес пе? Әкеліп қайтесің. Аулап
жүргенің жөн ғой. Тек өңі түзу
қыз-қатындарын әкеліп, қол-аяғыңды
жуындарап, мал сауғызса жетпей ме?» - дейді.
Тай хан маңайындағы әлі де моңғолдарға
бағына қоймаған меркіт, қатаған, дүрбет
тайпалары және бұрын талқандалғанкеррейлер
мен татарлардың біраз блігімен одақ құрып,
Шыңғыс ханға қарсы жорыққа қамданады.
Алайда бұл хабарды алысымен, Шыңғыс ертерек
қимылдап, одақтастар әскеріне тұтқиылдан
шабуыл жасап, оларды тас-талқан етеді.
Тай хан соғыста қаза тауып, оның ұлы Күшлік
аман қалған жұртын бастап, бұл кезде Алтайдың
түстігінде жүргенағасы Бүйрек ханға
келіп паналайды. Осыдан кейін бүкіл найман
елінің қонысы моңғолдың қоластына қараған.
«Құпия шежіреде» Тай ханның кіші шешесі
Кербез (Күрбесу) ханымды Шыңғыс хан алдына
әкелдіріп: «Сен моңғолды сасық депсің
ғой. Қандай екен», - деп өзіне тоқал етіп
алғандығы жазылады.
Қанаттас отырған ірі көршілері
наймандар мен керейіттерді осылайша
жеңгеннен кейін бұл өңірде енді
Шыңғыс ханды тоқтата алатын күш
те қалмаған еді. Аз уақытта ол қазіргі
моңғол жеріне сәйкес келетін аймақты
түгел бағындырып алды., 1206 жылы киіз
туырлықты көшпелілер Онон жағасына
құрылтайға жиналып, «тоғыз сирақты
ақ ту көтеріп», Шыңғысты Моңғол империясының
ұлы ханы етіп көтерді. (Тарихшы И.Қабышұлы
сол империя құрылар қарсаңында
моңғолдар 200 мың, керейлер 600 мың, наймандар
800 мың болған екен деген дәйек
айтады). Осы құрылтайдан кейін
Шыңғыс хан Алтайдың күнгейінде әлі
де найманның атамекенін қайтарып алуды
ойлап жүрген Бүйрек ханға жорыққа
аттанады. Ол бұл кезде ештеңеден
хабарсыз Ұлық тау қойнауындағы Сақсу
өзенің бойында аз адаммен аң аулап,
сейіл құрып жүрген еді. Қас қылғандай
нөпір әскер дәл оның үстінен
түседі де, тұтқынға алынып, ата жауы
сол жерде оның басын қағады. Оған
паналап жүрген Күшлік аман қалған
елді ертіп Ертіске қарай қашады.
Алайда Шыңғыс хан наймандарға бұл
жерде де тыныштық бермейді. 1208 жылы
Ертіс жағасында наймандар мен
меркіттердің бірлескен күшін тас-талқан
қылады. Одан кейін бұл тайпалар
Жетісуға қарай босады.
Күшлік хан Бесбалық, Тұрфай аймағы
арқылы айналып, бір кезде наймандарды
да билеген Қидан мемлекетінің Орта
Азияға келіп жаңғырған түрі Қарақытай
империясының астанасы Баласағұнға
жетеді. Бұл дәуірде Жоңғар тауынан
Иранға дейінгі аймақ осы Қарақытай
Гөрханына (ұлы ханына) қарайтын. Наймандардың
Таян сынды ханының баласы Күшлікті
Гөрхан сарайында ілтипатпен қарсы
алады. Жилугу Гөрхан оған қызын беріп,
жақын адамдарының бірі етеді. Бұл
шамада Қарақытай мемлекетінің әлсіреп,
бұған дейін оған бағынышты боп
келген Хорезм елінің елінің дәуірлей
бастаған да кезі еді. Шамасы Гөрхан Күшлік
төңірегіне жиналуға тиіс наймандарды
өз мүддесіне пайдалануды көздеген
де болуы керек. Әрі Күшліктің
де оған осы тектес уәде бергенін біз
Рәшид-әд-диннің «Жылнамалар жинағынан»,
Қытайдың «Жол қатынас тарихының
материалдары» атты еңбегінен ұшырастырамыз.
Күшлік хан Жилугуге: «Менің тайпам
көп, олар қазір Еміл, Қойлық, Бесбалық
жерлеріне келіп қоныстанып отыр.
Маған рұқсат берсеңіз, оларды жинап,
олардың күшін мен сіздерге көмек
беремін», - дейді. Гөрхан мұны мақұл
көріп, оған қару-жарақ, қаражат береді.
Әрине Таян ханның ұлы Күшлік хан
Түркістан аймағына келіпті деген
хабар осы маңға Шыңғыс ханның
қаһарынан ығысып келген наймандарға
қатты әсер етті. Олар тез арада
Күшлік ханның қоластына жиналып, жойқын
күшке айналды. Бұл жағдай енді Күшлікті
Гөрхан билігін тартып алу ниетіне
итермеледі. Және сол кезде талайдан
андысулы Мұхаммед Хорезмнің Гөрханға
қарсы шыққанын естуі мұң екен,
Күшлік те ойын жүзеге асырмақ боп
Қарақытай әміршісіне қарсы қымилды
бастап жіберді. Жасанған әскер қойсың
ба, Күшлік көп ұзамай-ақ өз қайын
атасының тағына отырды. Осылайша Шыңғыс
хан әскерінен күйреген (1204 жыл) Найман
мемлекетінің соңғы ханы арада сегіз жыл
өтпей жатып, Қарақытай империясының билігін
өз қолына алған. Тарихи деректерде наймандар
мен керейлердің несториан дінін (христиан
дініндегі бір ағым) ұстанғаны айтылады.
Күшлік хан Жилугудің қызы Күнкеге үйленгенннен
кейін несториан дінінен шығып, будда
дініне (пұтқа табынушылық) кіреді. Ол
кезде Қарақытай мемлекетіндегі жұрттың
дені мұсылман дінін ұстанатын болғандықтан,
Күшлік хан тарапынан олар «не несториан,
не будда дініне кірсін» деген зомбылық
талаптар да қойылып тұрған көрінеді.