Әмір ТемірТемір бін-Тарағай Барлас

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 19:13, реферат

Описание работы

Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша: تیمور لنگ‎ — Тимур-е Ләнг, Ақсақ Темір, Темірлаң) (1336—1405 жж.) — Орталық Азия жаһангері. Әмір Темір – түрік-Ислам әлемінің ұлы қолбасшысы, мемлекет қайраткері. 1336 ж. Кеш (Шахрисабз) қаласында туып, 1405 жылы Самарқан қаласында жерленген. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Ғалымдарды және Аллаһ жолындағы адамдарды жақсы көрген әкесі Тарағай Бек оны ұстаздарға беріп жаратылыстану, дін ілімдерін және әскери ілімдерін меңгертті. 1361 жылдан Қашқария уилаятының билеушісі болды.

Работа содержит 1 файл

Әмір Темір.docx

— 83.21 Кб (Скачать)

                                             Әмір ТемірТемір бін-Тарағай Барлас

                                             

                                                                                                           Дүниеге келгені:  1336 сәуірдің 9

                                                                                                                                           Кеш (Шахрисабыз)

                                                                                                             Қайтыс болғаны: 1405 ақпанның 15

                                                                                                                                                 Отырар

                                                                                                              Мансабы: Әмір 

 

                                           Әмір Темір мемлекеті 

   Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша: تیمور لنگ‎ — Тимур-е Ләнг, Ақсақ Темір, Темірлаң) (1336—1405 жж.) — Орталық Азия жаһангері. Әмір Темір – түрік-Ислам әлемінің ұлы қолбасшысы, мемлекет қайраткері. 1336 ж. Кеш (Шахрисабз) қаласында туып, 1405 жылы Самарқан қаласында жерленген. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Ғалымдарды және Аллаһ жолындағы адамдарды жақсы көрген әкесі Тарағай Бек оны ұстаздарға беріп жаратылыстану, дін ілімдерін және әскери ілімдерін меңгертті. 1361 жылдан Қашқария уилаятының билеушісі болды. 1370 жылы Самарқандта таққа отырып Мауераннахрдың билігін қолына алды. Әмір Темірдің 35 жылдық билігінде үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя – Темір мемлекеті құрылды. Қытаймен Делиге дейінгі бүкіл Азияны, Ирак, Сирия және Измирге дейінгі Анадолыны басып алды. Оның жерінің жалпы аумағы 14 млн км2-ге жетті.

   Әмір Темір өте діндар, білімді, білікті қолбасшы, тегеурінді саясаткер болған. Орталық азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың пайда болуы, қалалардың өркендеуі, шөл даладағы жер суландыру құрылыстарының салынуы, қолөнермен сауданың дамуы Әмір Темірдің есімімен тығыз байланысты. Ол ғылымға және ғалымдарға лайықты құрмет көрсеткен. Тарихи деректер оның қол астындағы аймақтардағы түркі, парсы, арап мәдениетімен өнерінің өкілдері, ғалым ойшылдары Әмір Темір тарапынан үлкен қолдау тапқандығын растайды. Өте көп медреселермен кітапханалар аштырды. Әмір Темір қазақ жеріне мәңгілік өшпес ескерткіш – қасиетті Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салып қалдырды.

   Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шаққанда жолда Отырарда қайтыс болды. Сүйегі Самарқандағы Гөр Әмір кесенесіне жерленді. Әмір Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек (1394-1449), Үндістан Бабур империясын құрушы Бабыр (1483-1530) сынды атақты адамдар шықты. Әмір Темір өлгеннен кейін мирасқорларының билікке таласуынан Темір империясы ыдырап кетті.  Әмір Темірдің (Темуридтер) империясының негізін қалаған. Барлас руынан шыққан, Кеште туған. Қазір бұл ӨзбекстанныңҚащқадәрия облысының Шахрисабыз қаласы. Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазір ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді. Барластар Шыңғысханның жаулануы кезінде, қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға көшкен. Әмір Темірдің арғы атасы Қаражер бек еді, оның баласы Ижил бек еді, оның баласы Әйлеңгір бек еді, оның баласы Беркел бек еді, оның баласы Мұхаммед Тарағай еді, оның баласы Әмір Темір. Темір барластарның бір бөлігінің бекі, жетекшісі еді. Кейін өзіне басқа бектерін қаратты, Шағатай ұлысының хандары - Моғолстанның билеушілеріне қарсы көтеріліс бастаған. Темір басқарған жігіттері керуендеріне шабуыл жасаған, соңдықтан оны жасында баспашы болды дейді. Бектердің бекі болып, Шағатай ұрпақтарынан тәуелсіз мемлекет құрған. Бірақ Шыңғысханның тікелей ұрпағы болмағандықтан, өзінің лауазымы "хан" емес, "әмір" еді.Әмір Темір Тоқтамыс ханмен көп жылдар бойы соғыс жүргізеді.

   Әмір Темір, Құтбуддин Темір Гүркап, Саїиб Қыран Ағзам Жанат Макан (9. 4. 1336, Қожа-Илгар Кеш, Түркістанда өмірге келген — 18. 2. 1405, Самарқан қаласында дүние салды) — қолбасшы, мемлекет қайраткері. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Әмір Темір алғашында Қашқадария уәлаятының билеушісі болды (1361). Осы кезден бастап ол Моғолстан ханы Тоғлұқ-Темірмен, оның ұлы Қлияс Қожа және Балх пен Самарқан әмірі Хұсейнмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 жылы Мауераннахрды өзінің қолына алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. 14 ғасырдың 70-жылдары оның қолбасшылық дарыны толық ашылып, атақ-даңқы жер жүзіне тарады. Осман империясы мен Орталық Азия аймағында ол “Aksak Tіmur” (Ақсақ Темір), ирандықтарға Тимурленг, еуропалықтарға Тамерлан есімімен белгілі болды.Әмір Темірдің әскерлерінің тегеурінді шабуылдары арқасында Хорезм мемлекеті (1372 — 88), Шығыс Түркістан (1376), Герат (1381), Хорасан (1381), Қандағар (1383), Сұлтания (Оңтүстік Әзербайжан, 1384), Тебриз (1384), Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң Алтын Орданы күйретті. Әмір Темір 1370 — 90 жылдары Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға 10-нан астам жойқын соғыс жорығын жасады. Әмір Темірдің Алтын Орданы талқандауы Ресейдің тәуелсіздік алуына оң жағдай жасады. 90-жылдары Әзербайжан, Дағыстан, Гүржістан (Грузия), Ирак Әмір Темір мемлекетінінің құрамына енді. 1398 жылы Үндістан басып алынды. Сирия мен Лубнан (Палестина) мәмлүктері бағындырылды. Алдыңғы Азияның басқа мемлекеттері де Әмір Темірдің билігін мойындады. 1402 жылы жазда Әмір Темір Анкара шайқасында Осман империясының негізгі әскери күшін талқандап, түрік сұлтаны Илдырым Баязидті (Баязид) тұтқындады. Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя — Темір мемлекеті құрылды. Оның жалпы аумағы 14 млн км2-ге жетті. Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шыққанда жолай Отырарда қайтыс болды. Ол 68 жас, 10 ай, 9 күн өмір сүрді. Сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне жерленді. Әмір Темірдің 4 ұлы болды: Жиїангер (1356 — 1376), Әмір Шейї (1356 — 1394), Мираншах (1366 — 1408), Шаїрух (1377 — 1447). Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек (1394 — 1449), Моғол империясын құрушы Бабыр (1483 — 1530) сынды атақты адамдар шықты. Әмір Темір өлгеннен кейін мирасқорларының билікке таласуынан Темір мемлекеті ыдырап кетті. Ол әлемдік тарихта талантты қолбасшы, тегеурінді саясаткер ретінде қалған. Орталық Азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың пайда болуы, қалалардың өркендеуі, шөл даладағы жер суландыру құрылыстарының салынуы, қолөнер мен сауданың дамуы Әмір Темір есімімен тығыз байланысты. Тарихи деректер оның қол астындағы аймақтардағы түркі, парсы, араб мәдениеті мен өнерінің өкілдері, ғалым-ойшылдары Әмір Темірдің тарапынан үлкен қолдау тапқандығын растайды. Әмір Темір қазақ жерінде мәңгілік өшпес ескерткіш — қасиетті Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салып қалдырды. Сонымен қатар жаулап алынған елдердегі Әмір Темірдің шектен тыс қатыгездігі оны күрделі тарихи тұлға ретінде танытады.

   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Әлемді мойындатқан даңқты қолбасшылардың бірі - Ақсақ Темір. Атақпен бірге аңыз бен аярлық ілесіп жүретінін ескерсек Темір туралы түрлі мысалдар жетерлік. Біреулер оның ақсақтығын іштен біте туған кемістікпен байланыстырса, екіншілер кезінде қарақшылар басшысы болған жігіттің аяғана барымта кезінде жебе қадалған дейді. Ал, тарихқа сүйенсек Ақсақ Темір 1336 жылы Бұхар хандығының құрамындағы Кеш шаһары маңында дүниеге келген. Түбі монғол-түрік тайпасы атанған Барлас руынан. Оның әкесі Тарағай осы тайпаның көсемі болыпты.

   Темірдің кезеңі  сан қилы оқиғаларға  толы. Шағатай мемлекетінің  құлауы, Мәуренахрды  түрік әмірлерінің  тулақтай етіп  тартысқа салуы,  моңғолдардың тұтас  Шығыс Түркістан  мен Құлжа аумағын,  Жетісуды қарамаққа  алып Тұқылық Темірді  таққа отырғызатын  осы тұс. Қарақшыларымен  келіп Кеш шәрінің  билеушісі Қажыға  қызмет ете бастаған  Ақсақ Темірдің  билікке қол жеткізуіне  Тұқылық Темірдің  Мауренахрға жорық  жасауы ықпал еткен.  Кеш билеушісі  қашқан соң Ақсақ  темір Тұқылықпен  келісімге келіп,  кенттің билеушісі  атанады. Ал, 1361 жылы  ол тек шаһар  әмірі емес, Тұқылықтың  Мәуренахрды билеген  ұлы Ілияс қожаның  сенімді серіктерінің  біріне айналады. Уақыт өте келе  Әмір Темір көреген  сұңғылалық танытады  да моңғолдармен  атқұйрығын кесісіп,  түрік әмірі Қазағанның  немересі Құсайынмен  бірігу арқылы  бұрынғы достарына  соққы бере бастайды. Осының арқасында  1364 жылы Мәуренахр  түбі түрік Құсайын  ханның қолына  өтеді. Бірақ, анасынан  қан уыстап туған  Темір өзіне бұрынғы  Кеш шаһарының  қайтарылғанын ғана  канағат тұтпай, Құсайынға  қарсы екі мәрте  соғыс ашады. Ақырында 1370 жылы 34 жасында Құсайынды  өлтіріп, бар тізгінді  қолына алады.  Бірақ, ол хан  деген атақтан  қашқақтап, Ұлы  Әмір-дегенді қалайды.

   Ақсақ Темір билікті  алысымен әуелі  өз тәртібін қабылдамаған  көрші билеушілерді  мойынұсындыра бастады.  Жетісу мен Шығыс  Түркістанға жорық  жасады. 1379 жылы Хорезмді  талқандады. Ал, келер  жылы Парсыларға  жорыққа шықты.  Темірдің ұстанғаны  "Бір жаһанда  екі билеуші болуы  мүмкін емес",- деген ұран еді. 2 жыл ішінде Герат,  Хорасан, Сейстан  алынды. Жалпы, Ақсақ  Темір Парсы еліне  үш мәрте жорық  жасаған. Айналдырған  4-5 жыл ішінде Ақсақ  Темір моңғол иелігіндегі  Қара Ертіске дейінгі,  алтынордалықтар  ат суарып жүрген  Еділге дейінгі  аралықты түгел  иемденді. Парсының  батыс бөліг імен  Бағдатты уысында  ұстаған Жалайырлар  бұл кезде жергілікті  соғыстардан ығыр  болған еді. Осының  салдарынан күллі  өңір Темірдің  ұлы Омар шейхтің  қол астына кірді.  Ал, Каспий жағалауы, Әзербайжан мен  Қап тауының бір  бөлігі Әмірдің  екінші ұлы- Миран  шахты мойындады.

   Темірді көп мазалаған  өз көмегімен Мамайды  жеңіп, Алтынорда  тағына отырған  Тоқтамыс хан болды.  Мәуренахрға тұмсық  сұғып бір жеңілген  Тоқтамыс, Қап тауында  да қиғалақ салды.  Ұлы Миран шахқа  көмек беруге аттанған  Әмір Темір 1395 жылы орыс елінің  оңтүстігін басып  алды да, Тоқтамыспен  Терек өзені бойында  қылыш жүздестірді.  Қаһарға төтеп  бере алмай қашқан  жауын өкшелеген  билеуші жолындағы  Астрахан Сарай,  Азов, Кафу сынды  шаһарларды тас-талқан  еткен. 1398 жылы Әмір  Темір Үндістанды  жаулауға аттанған.

   Темірдің 1401 жылы  Бағдаттағы билікті  нығайтуы асқан  қатыгездікпен жүзеге  асты. Осы шайқаста 90 мың адам жан  тапсырыпты. Жалпы,  ХY ғасыр Ақсақ  Темірдің Осман  империясының сұлтаны  Баязитпен қырқысуынан  басталады. Бұған  түріктердің Темірдің  сенімді адамы  билеп отырған  Арзинджан шаһарын  басып алуы түрткі  болған. Бас аяғы  екі-ақ жылдың  ішінде Темір Баязиттің  талқанын шығарып,  өзін тұтқынға  алды. Ангордағы атақты  шайқастың бұлай  тамамдалуы тек  османдықтардың ғана  емес, кіші Азия  билеушілерінің барлығының  басына күн тудырды.  Көрегеннің жасағы  барлық қалаларды  жайпап өтті.

   Кіші Азияға сапарын  аяқтап, Самарқанға  оралған Ақсақ  темірдің көкейін  тескен Қытай еді.

   Билікке ұмтылу  жолында бар амалды  қолданып, 1370 жылы 34 жасында таққа  отырған Әмір Темір  Парсыны, Қап тауы  мен Еділ бойын  басып алып, түрік  сұлтаны Баязитті  талқандағаннан кейінгі  арманы Қытай төрінде  ат ойнату еді.  Бұл елді жаулауды  ол 1398 жылдан бастап  көксеген. Осы мақсатына  жету үшін шегараға  жақын маңнан екі  бекініс те салдырыпты. Жаулап алған жерлеріндегі  хан сұлтандарды  тыныштандырамын  деп жүріп, тек  1405 жылы аждаһа  таңбалы елге жорыққа  шығады. Алайда, 70-ті  алқымдаған Әмір  Отырар қаласына  жеткенде сырқаттанып  көз жұмады да, мақсаты орындалмай  қалады.

   Ақсақ Темір туралы  тек билікке ұмтылушы  деген көзқарас  қалыптастыру жөн  болмас. Оның өзі  билеген елдердің  барлығынан шебер  алдырып Самарқанды  көркейткені, Қожа  Ахмет Иассауйға  кесене салдырып, Түркістан қаласын  түрлендіргені көпке  мәлім.

   Ақсақ Темір әлемді  тітіркенткен ұлы  қолбасшы Шыңғысхан  өмірден озғанына  бір ғасыр өтер-өтпестен  дүниеге келген  тұлға. Қазірде  осы екеудің арасынан  ұқсастық іздеушілер  бар. Деректердің  көбі Әмір Темір  Шыңғысханды ұстаз  тұтқан-ау деген  болжамға итермелейтіні  де рас. Әскерді  тәртіпте ұстау,  жаулап алған жерлерінде  мәдениетке, білімге  кеңістік беру, төңірегіне  ғалымдарды топтастыру  сынды ұқсастықтар  баршылық.

   Қазір де даңқты  қолбасшыларды меншіктеу  жүріп жатыр. Осыдан  біраз бұрын қазақ  зиялылары "Шыңғысхан  қазақ па, қазақ  емес пе?",- деген  мәселеге бас қатырып  еді. Енді осы  індет өзбек ағайындарға  жұққан сынды.  Өз жеріне жуып  кеткеннің барлығын  бауырана бүріп  ала қоятын көршілеріміз  біздің жерімізде  тұрып, қаламызды  көркейткен Әмір  Темір өзбек екеніне  шүбә жоқ- деп  емініп отыр.

   Ескендір Зұлқарнайын,  Еділ батыр, Шыңғысхан  сынды дара қолбасшылар  шоғырының соңын  Ақсақ Темір түйіндеп  тұр. Өзгелері  сияқты оның тұлғасы  да әлі сан пікірдің  ұшығына ілігер, зерттелер.

   Әмір Темірдің  тарихы өзінің  көзі тірісінде-ақ  қағазға түскен. Ол  туралы әли-бен  Джемал-ал-Ислам,  Низам-ад-дин Шами, Шереф ад-дин Иезди,  Хафизи Әбру сынды  ғалымдар қалам тартқан. Ол еңбектердің біразы бізге тозған қолжазба күйінде жетті. Ал, толық сақталғандары Британия сынды елдердің мұражайында. 
 

                       Әмір Темір Мемлекеті  

   Самарқанд - көне тарихи қала.

   Біздің дәуірімізге дейін ол Мараканда деген атпен белгілі еді. Орта Азияны соғдылар билеген тұста да ол астана қызметін атқарды. 329 жылы мұнда Александр Македонский ат басын бұрды. ҮІІІ ғасырда Самарқанд жеріне арабтар аяқ басты. Содан ІХ-Х ғасырларда ол Исмаил Самани, ХІ ғасырда Қарахан әулетінің, содан соң түрік селжұқтарының иелігінде болды. ХІІІ ғасырда Самарқандқа Хорезм шаһтары билік етті. ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында қазақ жеріндегі шаһарларды жермен-жексен еткен монғолдар бұл қаланы да аяған жоқ. ХІҮ-ХҮ ғасырларда ол Әмір Темірдің астанасына айналды. Бұл қала оның шөбересі атақты Мұхаммед Заһир ад-Дин Бабырдың да орталық шаһары болды.

   Самарқандтың атағы шығып, бағы жануы - бұл өңірге ислам діні мен өркениетінің келуімен тікелей байланысты.Арабтар Әмудария мен Сырдария өлкесін Мауараннаһр деп атады. Бұл жердегі шаһарлар мен кенттердегі үлкенді-кішілі қалалар ілім, білім ошағына айналды. Самарқанд халқы санының бірте-бірте өсуіне байланысты шаһар да үлкейе түсті. Қаланы кесіп каналдар өтетін. Оның алаңдары, құстар сайраған әдемі бақтары, күмбезді мешіттері мен медреселері, кітапханалары, базарлары, керуен сарайлары, әдемі хауыздары кімді болса да қызықтырмай қоймайтын. Қаланы жау ала алмас үшін қамал тұрғызылды. Оның Наубахар, Бұхара атты және т.б. қақпалары болды. Мұнда атақты ақындардан Әбу Абдолла Рудаки, Дакики, Омар Хаям, Низами Арузи, Заһири Самарқанди, Әлішер Науаи, Абд ар-Рахман Жами, Мұхаммед Заһир ад-Дин Бабыр тұрып, қызмет етті. Әйтсе де Самарқандтың аты атақты хадисші Әбу Абдалла ибн Исмаил әл-Бұхаримен ерекше жарқырап көрінді.

Информация о работе Әмір ТемірТемір бін-Тарағай Барлас