Моңғол шапқыншылығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 14:31, реферат

Описание работы

Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жауы болған найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастапан әскер жіберді. Жетісуды Шыңғыс хан көп қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан кейін Шыңғыс ханның Мәуереннахрға, сол кезде Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жол ашылды. 150 мың адамдық қол Орта Азияны бағындыруға аттанды. Монғолдар Отырарға таяп келгенде монғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастапан бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастапан басқа тағы бір шоғыры Сыр бойымен төмен бағыттады.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы.
Ұлыстардың құрылуы.
Монғол шапқыншылығы және этностық өзгерістер
XIV—XV ғасырлардағы этностық даму
Моңғолдар жаулап алуының зардаптары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

Моңғол шапқыншылығы.doc

— 232.50 Кб (Скачать)

Тоқырау мен  материалдық жағынан ғана әсерін тигізіп қоймай, Қазақстан жеріндегі  халықтардың қоғамдық жағынан рухани мәдениетінің дамуына үлкен кесел келтірді. Өйткені моңғол қоғамының даму деңгейі Қазақстандағы дамудың деңгейінен әлдеқайда төмен еді. Әскер күшіне сүйенген, жаулаушылыққа сай құрылған көшпелі әскери феодолизмнің шапқыншылығы Қазақстан жеріндегі әлеуметтік – экономикалық формацияның дамуына тәжеу жасады. Әсіресе, жаңадан халық болып қалыптасып келе жатқан халықтың құрамының шырқын бұзып, қазақ мемлекеттігінің пайда болу процесін екі ғасырға кешеуілдетті. Бұл шапқыншылық Қазақстан жеріне алым – салықтың ауыр зардабын, қайғы – қасіреттің, золық – зомбылықтың күшін орнатты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытып айтқанда, Шыңғыс – хан бастаған моңғол басқынщылығы жаулап алынған елдер үшін өзінің кеселді зардабы жағынан ең ауыр апат болды. Ол көптеген халықтардың  экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси, әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты.

XIII ғасырдың  басында татар - монғол тайпаларын  саяси жағынан біріктірген монғол  феодалдық мемлекеті құрылды.  Бұл мемлекеттің негізін Темучин  қалады. Бір деректер бойынша ол 1162 жылы, келесі деректерде 1155 жылы Есугай бахадүр атты бай ноянның отбасында дүниеге келген. Ол қият тайпасының борджигин руынан болды. Оның анасы Оэлун қоңырат тайпасынан еді.

Темучин тайпааралық  күрес жағдайында өз айналасына нөкерлерді жұмылдыра біліп, ер жүрек жауынгер данқын иелену үшін көрші тайпаларға сәтті шабуылдап отырды. Темучин Моңғолияның бүкіл дерлік тайпаларын өз қол астына біріктірді. Ілгеріде Моңғолияны мекен еткен тайпалардың басым көпшілігі татар атымен (ең қуатты тайпа атауы бойынша) белгілі болса, енділікке мемлекеттіліктің нығаюына орай өздерін монғолмыз деп атай бастады. Бүл термин жалпылама этно саяси мәнге ие болды.

1206 жылдың көктемінде  Онон өзені бастауларының бойында  монғол шонжарлары - Темучиннің жақтастарының  құрылтайы болды, бүл жиында ол моңғолдардың әміршісі - Шыңғыс хан деп жарияланды.

Көшпелі шонжарлардың мүдделерін қанағаттандыру үшін Шыңғыс хан жаулап алу жолына түсті, нояндар  табына «ішкі» қырқыстарға қарағанда  әскери олжаны шексіз көп қармау және жаулап алғаннан соң диқаншылықпен айналысатын бай әрі мәдениетті көрші елдерді феодалдық тұрғыдан қанау мүмкіндігін ұсынды. Монғол шонжарлары үшін соғыс Монғол қоғамында әлеуметтік қайшылықтарды әлсірету құралы ретінде де қызмет атқарды.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет.
  2. Қазақстан тарихы. Очерк. 149-174-бб.
  3. Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.
  4. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім
  5. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан, 119-146-беттер.
  6. Абусейтова М.Х. Казахское ханство во второй половине XVI-века. А., 1985.
  7. Левшин А.И. Описание киргиз-казачъих, или киргиз-кайсацких орд и степей. А., 1996.

 


Информация о работе Моңғол шапқыншылығы