Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 14:31, реферат
Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жауы болған найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастапан әскер жіберді. Жетісуды Шыңғыс хан көп қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан кейін Шыңғыс ханның Мәуереннахрға, сол кезде Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жол ашылды. 150 мың адамдық қол Орта Азияны бағындыруға аттанды. Монғолдар Отырарға таяп келгенде монғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастапан бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастапан басқа тағы бір шоғыры Сыр бойымен төмен бағыттады.
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы.
Ұлыстардың құрылуы.
Монғол шапқыншылығы және этностық өзгерістер
XIV—XV ғасырлардағы этностық даму
Моңғолдар жаулап алуының зардаптары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Моңғол қолбасшылары Жебе мен Субедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Иранды басып өтіп, 1220 жылы Кавказға кірді. Олар алаңдарды, половцыларды және Қалқа өзінінде орналасқан орыстарды (1223 жылы) тас-талқан етіп жеңді. Моңғолдар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, қазақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс-ханның Ертістегі ордасына қайта оралды. 1225 жылы Шыңғыс-хан Моңғолияға қайтып келді.
Сонымен, 1219 – 1224 жылдардағы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді. Ұлыстардың құрылуы.
Ұлан – ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға бағынатын болды.
Жошының ордасы Ертіс
алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында
болды. Үгедейдің ордасы қазіргі
Шәуешек қаласының маңында
Сонымен, Қазақстанның барлық жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен ( далалық ) бөлігі – Жошы ұлысының, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысының, Жетісудың Солтүстік Шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.
XIII ғасырда Шыңғыс хан империясының құрылуына байланысты Қазақстандағы этностық жағдай елеулі өзгерістерге ұшырады. Шыңғыс хан жаулап алған кез, әсіресе алғашқы онжылдықтар жерді, елді, қала мәдениетін қатты күйзеліске ұшыратты.
Қазақстан жерін мекендеген түркі тектес тайпалардың біртұтас халық болып бірігуі монғол шапқыншылығына дейін аяқталуға жақын еді. Бұл үдерісті монғол шапқыншылығы бірнеше ғасырға баяулатып, шегеріп тастады.
Сонымен қатар монғол шапқыншылығы Қазақстанның және көрші аймақтардың этностық құрамына едәуір өзгерістер енгізді, этностық шекараларды өзгертті.
Шыңғыс хан жорығына дейінгі кезеңде Қазақстан жеріне найман, керей, меркіт, жалайыр тайпалары шығыстан келіп қоныстанса, монғолдарды жаулап алған кезеңде мұнда маңғыт, қиат, барлас, қоңырат, татар, т.б. тайпалар қоныс аударды.
Қазақстан жеріне басып кірген Шыңғыс хан әскерінің құрамында болған монғолдардың саны туралы нақты мәлімет жоқ. Шыңғыс хан жорығына, оған сол кезде бағынышты болған ұйғырлардың, қарлұқтардың әскерін қосқанда, Орталық Азияға басып кірген әскердің жалпы саны 150 мыңдай адам болған. Жаулап алу барысында бұл әскер монғолдардың өз есебінен және де Оңтүстік Сібірдің, Алтайдың, Батыс Монғолияның түркі тілдес тайпаларының есебінен толығып отырды. Алтай мен Ертіс өңірінен ауған талас, төлеңгіт, барын, т.б. түркі тайпалары Жетісуға қоныстанды. Жаулап алу барысында монғол жауынгерлерінің, монғол әскері құрамындағы түркі тілдес жауынгерлердің бір бөлігі жергілікті жерлерді басқару, күзет қызметі үшін қалдырылып отырды. Бірақ олар жергілікті халықтан қыз алып, бірте-бірте тұрғылықты елмен сіңісіп кетті.
Монғолдардың батысқа қарай жорығы, ең алдымен, Қазақстан жерінен басталды. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы бүкіл әлемде бұдан жақсы жер, бұл ауадан таза ауа, бұл судан тәтті су, бұл көкмайса мен жайылымдардан кең жайылым жоқ деп білді.
1237 жылы Шыңғыс ханның немересі Батый ханның бастауымен Шығыс Еуропаға аттанған монғол әскерінің құрамында көшпелі қыпшақтар мен басқа да түркі тайпаларының өкілдері едәуір көп болды. Осы жорықтың нәтижесінде, 1242 жылы Алтын Орда құрылды. Монғол әскері Жайықтан әрі өткен кезде оның қатарына оңтүстік орыс жерін мекендеген половецтер мен саксиндер де қосылған еді.
Монғол шапқыншылығы әсіресе Жетісудың, Шығыс Қазақстанның этностық құрылымын қатты өзгертті, бұрынғы этностық байланыстарды әлсіретті.
Монғолдардың жаулап алуы кезеңінде Сыр өңіріндегі қала, дала халқының саны күрт азайып кетті. Әсіресе Отырар, Сығанақ және Ашнас калаларының халқы монғолдарға қатты қарсыласқаны үшін аяусыз қырылған.
1245—1247 жылдары Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінен жүріп өткен Плано Карпини былай деп жазады:
"Біз кангиттер (қаңлылар) жеріне кірдік... Осы жерден, сондай-ақ Каманиядан (қыпшақ жері — Ә.Т.) біз өлген адамдардың шашылып жатқан бастары мен сүйектерін көрдік..."
Моңғол шапқыншылығы бұл өңірде бұрын қалыптасып қалған шаруашылық-экономикалық, мәдени-этностық дамуды бұзды. Сонымен қатар монғол шапқыншылығы Қазақстан жерінің этностық құрылымына едәуір өзгеріс әкелген саяси фактор болды. Бір жағынан Қазақстан жеріне сырттан келген монғол, түркі тектес тайпалар қоныстанса, екінші жағынан жергілікті халықтың біраз бөлігі Шыңғыс ұрпақтарының жорықтарына тартылып, елімізден тыс аймақтарға қуды. Соның нәтижесінде, жергілікті түркі тектес рулар, тайпалар бір-бірінен ажырап қалды, бұрыңғы тұтастығынан айырылып, майдаланып кетті. Бұл үлкен ру, тайпалардың халық болып бірігуін қатты тежеді. Монғолдар шапқыншылығынан аяқталуға жақын қалған тайпалардың, тайпалық одақтардың халық болып бірігуі бірнеше ғасырға шегерілді.
Монғолдардың келуімен тайпалардың басқару жүйесінде, шаруашылық қарекетінде, тұрмыс – тіршілігін де, салт-санасында белгілі бір өзгерістер болды. Әсіресе оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлердегі қалыптасып қалған қала мәдениеті, егіншілік қатты күйзеліске ұшырады, кей жерлерде мүлде құрып, қайта бұрынғы қалпына келе алмай қалды. Дегенмен де қалыптасып келе жатқан халықтың мәдениеті мүлде тоқыраған жоқ. Олар түркілердің тілін, әдет-ғұрпын, дінін қабылдады. Бұл жөнінде XIV ғасырда өмір сүрген араб географы әл-Омари өте бейнелі жазған:
"Ертеде бұл мемлекет (Алтын Орда — Ә.Т.) қыпшақтардың елі болған, бірақ өздерін татарлар жаулап алған кезде қыпшақтар солардың бодандарына айналған. Сонан соң бұлар олармен араласып, туыстасып кеткен де, қыпшақтардың табиғи және нәсілдік қасиеттері үстем болып шығып, олардың бәрі нақ қыпшақтар сияқты болып кеткен..." — дейді.
Алтын Орданың шығыс бөлігінің басым көпшілігін қыпшақтар, қаңлылар, керейлер, үйсіндер, кенегестер, арғындар, т.б. тайпалар құрады.
Алтын Орда мемлекетінің аясында түрлі тайпалардан, қалыптасып келе жатқан халықтардан тұратын этностардың арасында өзара шаруашылық, мәдени аралас-құраластық күшейді. Қандас туыстық байланыстардың аумақтық — көрші-туыстық байланыстармен ауыстырылуы қазақтың жеке-жеке тайпаларының халық болып қалыптасуын тездетті. Монғолдардың езгісі, үстемдігі жағдайы түркі тілдес, туыстас тайпалардың жаулаушыларға қарсы ортақ қарсылығын, олардың өз арасындағы ынтымағын күшейтті, ендігі жерде өзара бірігу қажеттігін сезіндірді. Бұл, бір жағынан, жалпы түркілік этностық сезім мен сананың оянуына түрткі болды.
XIV—XV ғасырларда Қазақстан жері мен көршілес аймақтарда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы мемлекеттері өмір сүрді. Аталған мемлекеттердің тұрғындары қазақ, өзбек, моголдар, ноғайлар деп аталған. Бұл атаулардың этностық та, саяси да мәні болды. Әдетте, халықтың атауын этионим десек, ал мемлекеттің атымен аталатын атауды политоним дейміз. Сонымен бұл атаулардың "қазақ", "өзбек" дегендері этноним болса, ал "моғолдар, ноғайлар" деген ұғым "моғол мемлекетінің халқы", "ноғай ордасына қарайтын халық" дегенді білдіреді, яғни этносаяси ұғым. Тарихи-этнологиялық әдебиетте белгілі бір тарихи-этнографиялық аймақта құрылған мемлекет тұрғындарын этносаяси қауымдастық деп атайды.
XIV—XV ғасырларда Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы, Моғолстан сияқты бірнеше мемлекеттердің құрамында болған қазақ тайпаларының халық болып топтасуы баяулап қалды. Бұл, әсіресе Моғолстанда баяу жүрді. Өйткені Моғолстан мемлекетінің этностық құрамы тіптен ала-құла болды. Оған қазақтың үйсін тайпасымен бірге қырғыздар, кейде Шығыс Түркістанның ұйғыр тайпалары да кірді.
Ақ Орда мемлекетінің құрамына Қыпшақ одағындағы өте жақын туыстас тайпалар кірді. Сондықтан да Ақ Орда мемлекетінің аясында этностық, этномәдени, тілдік қатынастары әлдеқайда жылдам дамыды.
Қазақстан жерін ерте дәуірде және орта ғасырларда мекендеген тайпалардың ішіндегі ең тұрақтысы қыпшақтар болды. Олар XI—XIII ғасырларда Қыпшақ мемлекеттік бірлестігін құрды. Алтын Орда мемлекетінің құрамында да қыпшақтар негізгі этностық топ болды. XIV ғасырда Орда Ежен мен Шайбан ұлыстарын біріктірген Ақ Орда мемлекетінің негізгі халқын тағы да қыпшақтар құрады. Көшпелі өзбектер мемлекеті деп аталатын Әбілхайыр хандығы құрамында да қыпшақтар болды. Кейін, қазақ халқы қалыптасып болған кезде де, оның құрамындағы үлкен тайпаны қыпшақтар құрады.
Қыпшақтар қазақ даласында ерте заманда да, орта ғасырларда да үлкен саяси және этностық біріктіруші рөл атқарған тайпа. Сондықтан шығыс авторларының жазбаларында қазақ жері ылғи да Қыпшақ даласы (Дешті Қыпшақ) деп аталады. Батыйдың әскери құрамасына қыпшақтармен қатар арғындар, наймандар, оғыздар, бүрақтар, ойраттар, қарлұқтар, қосшылар, үйсіндер, қоңыраттар, керейлер және барластар кірген. XI ғасырлардан бастап ежелгі қазақ жерінде қыпшақ тайпасы үлкен әскери, саяси ықпалға ие болғанын байқауға болады. Яғни, бұл кезеңде қыпшақтар қазақ тайпаларын этностық жағынан біріктіруші қызмет атқарған.
Қыпшақ этносаяси
XIV ғасырдың 50—60-жылдары Ақ Орданы, яғни Шығыс Дешті Қыпшақты мекендеген тайпаларды қыпшақ деп атамай, көбінесе өзбек деп атайды. XIV—XV ғасырлардағы Шығыс Дешті Қыпшақтың жұртына қатысты "өзбек" атауы елдің аты емес, яғни этнонимде емес, мемлекеттің құрамына енген жергілікті түркі және сіңісіп кеткен монғол тайпаларының ортақ саяси атауы деп түсінген дүрыс. Көшпелі өзбектерге үш үлкен тайпа (халық) кіреді:
Моңғолдар жаулап алуының зардаптары
Шыңғыс-хан әскерлерінің басқыншылығы жаулап алған елдер үшін өзінің зардабы жағынан ең ауыр апат болды, ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты. Орасан зор регионның экономикасы құлдырап кетті.
Моңғолдардың жаулап алуы салдарынан өндіргіш күштер талқандалып, адамдар жаппай қырылды, өркендеп тұрған қалалар жер бетінен ғайып болып, материалдық және мәдени қазыналар жойылып кетті, ондаған мың тамаша шеберлер мен қолөнершілер құлдыққа айналды. Жаулап алған елдерде індеттер таралып, жаппай жоқшылық басталды. Араб тарихшысы Ибн әл – Асыр моңғолдардың жаулап алуы туралы «бұл күн мен түн болып көрмеген, жаратылғанның бәрін жайлаған Орасан кесапат болды… жылнамаларда бұл секілді апаттың болғаны айтылмаған,» – деп жазды.
Қалалардың қирауы. Жергілікті халықтың қарсыласуын басу үшін Шыңғыс – хан жаппай қырып жою және күштеу, тұтас бір қалалардан түк қалдырмау тәсілдерін қолданды. Шыңғыс-ханның Орта Азияға баратын жолында жатқан Оңтүстік Қазақстанның Сырдария бойындағы қалалары мен қоңыстары бұл тәсілдің алғашқы құрбандары болды. Моңғол әскерлері отпен өртеп, қылышпен қырып өзіне жол ашып отырды. Араб және парсы деректемелері түрлі елдердің халқын моңғолдар түгелдей дерлік қырып тастаған 30-ға тарта қалаларының атын келтіреді. Мәселен, моңғолдарға дейінгі уақытта 200-ге тарта елді мекен қалалар болса, XIII-XIV ғғ., 20-ға жуық қана қала қалған. Тіпті жуас қала атанған Баласағұнның өзі түп орнымен жоқ болып кеткен. Оны Мұхаммед хандардың мына сөзінен де көруге болады: «Баласағұнның өзі тұрмақ, оның орны қайда екені белгісіз». Оның ішінде оңтүстік Қазақстаннан Отырар, Сауран, Сығанақ, Жент, Ашнас сияқты ірі қалалар қиратылып құрып кетті.
Жетісуда шаруашылықтың құлдырауы. Моңғол феодалдарының үстемдігі орнағаннан кейін туған ауыр зардаптарының әсері ешбір ұрыссыз – ақ басып алынған Жетісу жерлеріне күшті тиді. Бірақ, жазба деректемелер мен археологиялық мәліметтер Жетісудағы қала мен отырықшы – егіншілік егісінің едәуір бүлінгенін, егістік үшін игерілген жерлердің өлкеде моңғол үстемдігі орнығаннан кейін алғашқы ондаған жылдарда – ақ жайылымға айналдырғанын дәлелдейді.
Француз королі IX Людовиктің моңғол ханы Мөңкеге жіберген елшісі Рубрук моңғол шапқыншылығынан кейін 30 жылдан астам уақыт өткен соң, 1253-1255 жылдары Қазақстан территориясы арқылы өтіп бара жатып, егіншілік егісінің бұзылғандығы туралы, Жетісу қалаларының, оның ішінде Іле аңғарындағы қалалардың ғайып болғандығы туралы алғашқылардың бірі болып дәлелдемелер қалдырып кеткен.
Ұлыстар құрылғаннан кейін Жетісуға моңғол көшпелілердің қалың топтарының келіп қоңыстануы салдарынан егіс танаптары, өңделетін жерлер күрт азайып, экономиканың көшпелі мал шаруашылығы секторы отырықшылық сектор есебінен күшейе түсті.
Елді мекендерді қирату, егістікті малға таптату, бау – бақшаны, ирригациялық жүйелерді жойып жіберу, отырықшы – егіншілікпен шұғылданатын халықтың қырылып, босып кетуі, оның көрші қалалармен және егіншілікпен шұғылданатын өлкелермен, соның ішінде, Оңтүстік Қазақстанмен экономикалық байланысының күрт азаюы – осының барлығы Жетісудағы шаруашылықтың құлдырауына және қалалардың өмір сүруінің экономикалық негізінің әлсеруіне әкеп соқты.