Мұңайтпасұлы, Қажымұқан

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2012 в 20:08, реферат

Описание работы

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.

Работа содержит 1 файл

Кажымукан Мунайтпасулы.doc

— 143.00 Кб (Скачать)

Қорған толы жұрт сілтідей тынды. Мың сан көз алып айдаһардың арбауына түскендей қыбырсыз қадалған. Осының бәрі ондаған секундқа ғана созылып еді.

Қажымұқан гармоншы жігітке  қарады да, үнсіз тоқтатты. Жұрт ішегін тартып, тына қап, қайта соққан борандай гуілдесті. Қажымұқан айқай-шуға қарап тұрмады. Мақтау мен мадаққа мәз болатын сонау бір шақтар бұлдыр сағым арасында, біржола естен шыққан еді. Оны бұл ел қайдан білсін… Дидары шымырлады. Содан, жүзі күреңіткен бойы үйіліп жатқан білеу-білеу темірлердің біреуін алып, оны сол қолымен шынтақ тұсынан ұстап тұрды да, оң қолымен қоспаға дейін орап-орап, артынша орауын жазып, лақтырып тастады. Жұрт тағы да дабырласты.

Қажымұқан жас баланың  білегіндей әлгі темірлердің және біреуін  алып, мойынға салып иіп тұрып, алқымға таяу түймеліктің тұсынан галстукша байлап, қайта ағытып, оны да тастады.

Сөйтіп, арада жарты  сағат өтпей-ақ, солқылдаған көк  темірдің талайы қамырша иленіп, бұрауша  майысып жатты. Біреу жағасын  ұстады. Біреу таңдайын қақты. Енді біреулер жанында тұрғанның кім екенімен де ісі болмай, қолдарын жұлқыласып, арқасын ұрғылай берісті. Қалай дегенмен де темірмен алысқан жансебіл адамды Созақ елінің тұңғыш көрулері еді.

Қажымұқан енді бір кезек  қалыңдығы бір елі, жалпақтығы алақандай  ұзын темірді жауырынына көлденең соза ұстады да, жиырма жігітті ортаға шақырды. Бағанағы Есіркеп бастаған топ он-оннан бөлініп, оның қос қапталына кеп тұра-тұра қалысты.

– Екі жақтан мені алға қарай итеріңдер, – деді Қажымұқан.

Топ адам жабыла итергенде, ол әуелде жарты қадам, жо-жоқ бір қадамдай еріксіз ілгері басқан. Сосын, қас-қағым сәт “әп!” деп шіреніп тұра қалды. Ешкім ештеңе ұғып үлгірмеді. Соқталдай-соқталдай жігіттер артқа қарай ұшып кетті. Серпіліп кетсе де жақсы еді, өйткен жоқ. Шынымен-ақ ұшып-ұшып түсті. Жұрт қыран-топан болды. Жігіттердің ең осалы ортан жілікті опыратындай еді. Енді шарасыздықтан бір-біріне қарап ыржия берген.

Қажымұқан жалпақ темірдің де талайын бүктеп-бүктеп тастады. Тек  сол темірдің және біреуін төбесіне қойып, жиырма адамға екі жағынан  төмен қарай бастырғанда ғана шамалы тәлтірек қаққандай болды. Бірақ, илікпеді. Артынша төбесін алақанымен сипап, сәл еңкейе беріп:

– Қартайғанымыз ғой  енді, - дегенде ғана жұрт Қажымұқанның жалтыр төбесі қанталай қызарып қалғанын көріп, “Аһ!” ұрғандай болды. Бірақ, балуан тоқтамады. Үстіне тақтай төсеп, жиырма-отыз адамға кеудесін тепкілетті, басқа да сондай күш пен әдістің, әсіресе, қазаққа тосын цирктік тәсілдердің талайын көрсетіп, бір жарым сағат бойы толассыз қимылдап, дамыл таппады. Бір кезде Қажымұқан ортада жатқан су диірменнің тасына қарап, жанындағыларға әлдене деді. Сөйтті де, өзі шалқасынан жатты. Топырлап жүрген жігіттер жабыла көтеріп диірмен тасты оның ішіне қойған. Қажымұқан екі шынтағын жерге тіреп, тасты демеп жатқандай көрінді. Сол мезет ортаға денесі шарқы ғана, дембелше жігіт шықты да, бір пұттық сом балғаны қолына алды. Созақ жұрты Қажымұқанды балғамен соғу үшін атақты ұста – Смағұлдың Таутайын шақырған.

– Дәлдеп ұрғайсың, балам, - деді Қажымұқан.

Таутай сом балғаны  басынан асыра айналдыра көтеріп, дем алмастан соққылады. Қанша ұрғанын көрушілердің өздері де анық аңғармай қалып еді. Өйткені, әр ұрған сайын жұрт толқын соққан қайықтай теңселеді. Қоғаша жапырылды. “Ойпырмай!” дегендер де болды. “Ой тобалап”, “Аллалап!” айқай салғандар да болды. “Қойыңдар!”, “Жетті ғой!” дегендер де болды. Кейуана кісілер көзіне жас алды. Шалдар шыдамай, орындарынан тұрып кетті. Балалар жым болды. Басшы атаулының түсі оңып, бір-біріне қарап асып-састы. Біреулер он рет ұрды, енді біреулер жиырма рет ұрды десті. Не керек, көзімен көргендердің өзі күні бүгінге дейін таласумен келеді. Көз алдарында болған оқиғаны түрліше айтқан қандай қызық. Бәрібір, анық санын ажыратып айтар кісі әлі жоқ. Өйткені, анық санын айтам деушіге одан да анығырақ білем деушілер табыла кетер еді. Қалай дегенде де сол күні, сол бір сәтте он да, жиырма да емес, дәл он бес мәрте балға соғылғаны ақиқат еді. Одан енді екі-үш санды не алып таста, не сол цифрға тағы екі-үш цифр қос – одан Қажымұқанның күші көбеймейді де, азаймайды да. Енді ондай алып туар, тумас, бірақ та, Созақтың жұрт үшін сол сәттегідей, сұмдық тасты қақ бөлгізген сәттегідей әсер енді қайтып бәрібір болмайды. Өйткені, Қажымұқан олар үшін де, тіпті өзге, былайғы ел-жұрт үшін де тіріліп қайта келмейді. Тірлікте қалары басқа. Ол – жеті жастағы бала мен жетпіс жастағы шалдың әлгіндей сұрапыл күш иесін көргенде, бір мінезден табылғаны. Немесе баланың шал, шалдың бала болғаны. Былайша айтқанда, шалдың бала болып елпілдеп, баланың көпті көрген қарияша іштен тынып, түнере қалғаны. Әрі-беріден соң сол күнгі оқиғаның көз жұмғанша есте қалғаны ғана. Өлмейтін нәрсе – сол бір естелік еді.

 

 СОЗАҚ ӨҢІРІНДЕ

 

Файзолла ҮРМІЗҰЛЫ.

 

 …“Көке, мына құлағыңыздың  быж-тыж болуы қандай соққыдан, әлде кездейсоқ жа­зымнан болды  ма?” – деп сұрады Әлібай.

Шырақтарым, ұзақ сөзге жүрдек емеспін, дегенмен, сұрағыңыз жауапсыз қалмасын. Құлақты өлімге беріп, жанымның тірі қалған жайы бар. Ол кезде күрестің әдіс-тәсіліне машықтанып, аренаға шығып, циркте ойнап жүрген кезіміз. Бірде бізді тосыннан Ташкентке әкелді. Неге келгенімізді кейін білдік. Өлім күресіне келіппіз. Өлім сайысы жаппай емес, бір-бірге екен. Бір апта бойы хабарланып, билет сатылып жатты. Өлім сайысына түсер алдында сол күш-қуат, дене қимылын халыққа көрсету белгіленіпті. Алдын ала оған қайсымыз шығатынымызды келіспек болдық. Балуандар ішінде күші басым Поддубный екеуміз. Біріміздің шығуымыз парыз сияқты. Күресте күшім тең болғанмен, Поддубный алғашқы күрес әдіс-тәсілін үйреткен ұстазым еді. Өз еркіммен “мен шығайын” дедім. Жолдастарым қолымды алып, сәттілік тіледі. Өлім сайысына шығатын балуанды әлі көргеніміз жоқ. Бұрын-соңды өтпеген өлім сайысын патшаның өзі ұсыныпты. Халыққа дене қимылын көрсету арқылы күшін байқату кезегі қарсыласыма тиді. Ортаға шыға келгенде, сарапшы: “Горк” — деп аты-жөнін хабарлады. Шіркіннің денесі бұж-бұж, бура сан, бегемот секілді май бөксе екен. Күш-қуаты болғанмен, ысылып жаттығу көрмеген дене екені көрініп тұр. Кеуде, емшек тұстарынан кеседей көк еттері ойнап шыға-шыға келеді. Тізе, қарларының еттері жұдырықтай болып бұлт-бұлт етеді. Қалың жұрт шуылдап, қол соғып, қошеметтеп жатыр. Мен де кезегімде шығып, дене қимылы арқылы күш, ет мүскілдерімді көрсеттім. Келесі күні бесінде цирк ойындары көрсетілді. Соңынан адам шошырлық өлім сайысының кезегі басталды. Әлгі Горк екеуімізге жеребе тас­талды. Ұйғарым соныкі болып, ортаға жайылған кілем үстінде отырдым. Малдасты құрып, қол мен екі тіземді сығымдай ұстап, өмір мен өлімнің таласына мойынұсынып, Аллаға іштей сыйынып, ауыр жағдайға басты тігіп, қарсы алдым. Бұл өлім сайысының тәртібі – кім кезек алса да, қарсыласының басынан қалаған жерін таңдап бір-ақ ұру. Өлсе – құн жоқ. Тірі қалса – жаны олжа. Кезек алған Горк ойқастай келіп, жұдырығын түйген күйі жемтігін жейтін құзғындай төніп, бетіме, біресе шекеме, біресе желкеме жұдырығын тигізіп, намысыма тиейін деді ме, тайраң-тайраң етіп, үш айналды. Ыза-ашудан жарыла жаздадым. Амал қанша, келісім солай. Бір кезде артыма шығып еді, құлақшекемнен гүрс еткізіп қойып жібергенін білдім. Көзімнен от шашырап, жарық дүние көшті де кетті. Не болға­нымды білмеймін. Есімді жинап, өзімді байқасам, басым салбырап, құлағымнан аққан қан қой бауыздағандай сытырлап ағып тұр екен. Қолымды тіреп, күшке салып, басымды көтерейін десем, қозғалмайды. Қазандай қара тас секілді. Сынау тәртібі бітті ме, мені қаңбақтай көтеріп әкеткенін білдім. Қанша уақыт жатқанымды білмеймін. Есімді жисам, басым ораулы, бір құшақ дәкемен орап тастапты. Басыма төніп отырған Поддубныйды таныдым. Ұрғаннан кейінгі жайды білгім келді. Поддубныйдың айтуынша, құлақшекемнен ұрғанда, екі-үш рет домалап, жер тіреп тұрып қалыппын. Теңселіп тұрыппын, құламаппын. Мен домалап, жан далбасалап жатқанда, ол шыдай алмай тұра ұмтылыпты. Алайда, сарапшылар жібермепті. Сынау аяқталғаннан кейін, мені құшақтай ала жөнеліпті. “Жаның қалды. Қарымы қайтар. Енді сенің кезегің”, деді. Көңіл қуанышы көзінің күлімсірегенінен білінді. Арманым – тірі қалу, қол жұмсау еді. Мақсатыма жеткеніме мен де қуандым. Асыққаным сонша, үш күн үш айдай болды. Қалай ұру жөнінде Поддубный екеуміз біраз кеңестік. Қолымның қырымен тал ағашты ұрғанымда, бір елідей кіріп кетуші еді. “Осыны қолдансам қалай болады”, дегенімде Поддубный: “Бастың қарақұс, қуыс жігі болады. Шүйдесінен жұдырық күшіңді салып ұрсаң — өкін­бессің”, деді. Осы тұжырымға келістім. Үш күн бітіп, кезегіме шықтым. Басымда молдалардың сәлдесіндей дәке. Әлгі Горк кілем үстінде қаннен-қаперсіз отырды. Ұрғанда майып болам-ау деген қаупі жоқ. Оның ойы “менің жұдырығымнан өлмегенде, оның жұдырығы не қылар” дегендей. Айналып қыр көрсетпей-ақ, ке­лісім бойынша барған бетте қарақұстан сүзе ұрдым. Жұдырығым сүйегіне пышыр етіп кіргендей болды. Әлгі батыр етпетінен сарт етіп түсті де, екі аяғы аударылып, шалқасынан сұлап түсті. Сарапшылар санап жатқанда, денесі жансыз еді. “Бастан құлақ – садаға”, деген. Құлақ хикаясы осылай аяқталды, – деп аяқтады сонда әңгімесін балуан.

ша, құлақшекемнен ұрғанда, екі-үш рет домалап, жер тіреп  тұрып қалыппын. Теңселіп тұрыппын, құламаппын. Мен домалап, жан далбасалап жатқанда, ол шыдай алмай тұра ұмтылыпты. Алайда, сарапшылар жібермепті. Сынау аяқ­талғаннан кейін, мені құшақтай ала жөнеліпті. “Жаның қалды. Қарымы қайтар. Енді сенің кезегің”, деді. Көңіл қуанышы көзінің күлімсірегенінен білінді. Арманым – тірі қалу, қол жұмсау еді. Мақсатыма жеткеніме мен де қуандым. Асыққаным сонша, үш күн үш айдай болды. Қалай ұру жөнінде Поддубный екеуміз біраз кеңестік. Қолымның қырымен тал ағашты ұрғанымда, бір елідей кіріп кетуші еді. “Осыны қолдансам қалай болады”, дегенімде Поддубный: “Бастың қарақұс, қуыс жігі болады. Шүйдесінен жұдырық күшіңді салып ұрсаң — өкінбессің”, деді. Осы тұжы­рымға келістім. Үш күн бітіп, кезегіме шықтым. Басымда молдалардың сәлдесін­дей дәке. Әлгі Горк кілем үстінде қаннен-қаперсіз отырды. Ұрғанда майып болам-ау деген қаупі жоқ. Оның ойы “менің жұдырығымнан өлмегенде, оның жұдырығы не қылар” дегендей. Айналып қыр көрсетпей-ақ, келісім бойынша барған бетте қарақұстан сүзе ұрдым. Жұдырығым сүйегіне пышыр етіп кіргендей болды. Әлгі батыр етпетінен сарт етіп түсті де, екі аяғы аударылып, шалқасынан сұлап түсті. Сарапшылар санап жатқанда, денесі жансыз еді. “Бастан құлақ – садаға”, деген. Құлақ хикаясы осылай аяқталды, – деп аяқтады сонда әңгімесін балуан.

 

ӘОЖ 796.034.2(574).

 

ҚАЖЫМҰҚАН  МҰҢАЙТПАСҰЛЫНЫҢ   АТА-ТЕГІ  МЕН  ҮРІМ  БҰТАҒЫ

 

Қажымұқан  Мұңайтпасұлының    есімі  қазаққа  бірден - бір  таныс  есім.  Х1Х ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың    бірінші  жартысында   өмір  сүрген     спортшылардың    ең  атақтыларының  бірі, күрес   өнерінің    түрлі  саласы   бойынша   алдына  жан  салмаған,     жеке-дара   озып    шыққан   палуан.

Жалпы  Қажымұқан  туралы көп    авторлар   әдеби,   көркем,  тарихи    зерттеулер    арнады.    Атақты    палуанның  өмірі    туралы   Қалмақан   Әбдіқадыров   “Қажымұқан”   повесін     ертеректе    жазса,   «Өнегелі  өмір», циклі   бойынша, Ә.Бүркітбаевтың, “Қажымұқан”    документальды   повесі,  “Күш  атасы”   естеліктер   жинағы Ғ. Тәшімбаевтың   құрастырылуымен    жарық көрсе,  Әлімқұл Бүркітбаевтың,  орыс  тілінде   “Хаджи - Мукан”    атты  документтальды  повесі  жарық көрді.  Марат Керейбайдың   “Бала  Мұқан, Палуан Мұқан, Қажы Мұқан”  атты   туындысы 2004   жылы   оқырман қолына  тиді.  Келтірілген   фактылердің   ақиқаты    кейде күмән да  тудыратын   жағдайлар    кездеседі. Сондай  жағдайлардың   бірі  - батырдың    туған    жері   немесе  “кіндік қаны  қай  жерде  тамды? ” - деген   сұрақ  төңірегінде.  Осы  мәселеде   палуан  оңтүстікте  туып,  Арқа  жерінде   өскен    деген   пікірді   ұстандық.  Арқада  кіндік  қаны    тамды  дейтіндердің    өзі  дәл,  нақты   дәлел  келтіре   алмайды.  Қажымұқанның  туған   жері  Отырар  жері  деген   пікірді  жақтай   отырып ,  азды- көпті  дәлел  мен  дәйегімізді  келтірдік.

Сондай-ақ,  пікірлердің  алшақтығы  жайлы  да  көп  мысал  батырдың  өміріне   қатысты  детальдарда   кездеседі. Көз   көргендері  мен  таныс  замандастарының   өзі бір факты жөнінде қос пікір білдіретін  жәйіттерде бар.

Қолда бар  материалдарды  негіздей  отырып, біз  қазақ  батырының  кіндік  қаны  Оңтүстік  өңіріне  тамған   деген  тоқтамға  келіп  отырмыз.  Қыпшақ  тайпасының   ішіндегі  алтыбас  қыпшақтар  осы  Оңтүстік  аймақта   тұрады.   Бір  туған    туыстары   қандастары   көп   жылдардан    бері   ежелгі Отырар  жеріндегі   көне  Ақтөбені  мекендейді.    Ағайын  іші   араздығымен   әкесі Мұңайтпас  Арқаға  ауған деген пікірлерге  негіз бар. 

 Екіншіден,   қыпшақ  тайпасының    алтыбас атасы осы Оңтүстік    өңірінде   есте    жоқ көне    дәуірлерден тұрады.  Бар қазаққа белгілі   “Қобыланды  батыр”  жырында Тоқсандағы  Тоқтарбай мен алпыстағы Аналық,  Баба  Түкті шашты  Әзиз  әулиенің  басына  барып  үй (сағана)  тұрғыза  береді.  Баба  Түкті  шашты  Әзиз  әулие  кесенесі     қазыргі  Оңтүстік Қазақстан облысы,   Созақ  ауданы, Қызылкөл  ауылы  маңында.    Егер   алтыбас  қыпшақтардың         ата  қонысы    Арқа  жері болса, Қобыланды батырдың    атасы мен    анасы Баба  Түкті шашты Әзиз  әулие басына  келмеуі де  мүмкін  еді. Арқада  қайдан жүр Баба  Түкті шашаты  Әзиз  туралы аңыз?

Үшіншіден,  Қобыланды батыр мен   Қажымұқан батырдың   арасы 12-16  атадай  болуы  мүмкін.  Шежіреде  12  ата.  Қобыланды  батыр  мен   Қажымұқанның  дүниеге   келуінде  ұқсастық  бар.  Мұңайтпастың  шешесі    әулие  жайларды  аралап, Баба  Түкті  шашты  Әзиз  әулиеге   мінәжат  етіп,    немересін   әулиелерден    сұрап  алған   дейді   көне  естеліктерде.   Осындай  әңгіме  арқауы  Қобыланды  батырдың    дүниеге  келуі  мен  Қажымұқан  батырдың   дүниеге  келуінде   сабақтастық  жатыр.

Төртіншіден,  Арқа  жерінде, Мұңайтпас қыпшақ   тұрған  елді  мекеннен   батырдың  туыс - тумалары  едік    деген  кісілер  көрінбейді.  Демек,  батыр  Қажекең  Оңтүстікте  туылған. Кітап  беттерінде  ешқандай  автор  Қажымұқан  мынадай  елді  мекенде  туылған ,  оны  растайтын    мынадай  құжат  бар деп,  айта  алмайды.  Сәбит  Мұқановтың  естелігінде   1871 -жылы  Ақмоладағы  Қараөткел  ауданына   қарасты , Қоспа  деген  жерде  дүниеге   келген - дейді.  Дегенмен,  ешқандай  дәлелсіз  айтылады, және де  Сәбит  Мұқанов:      “Өзінің  балалық  шағы,  есінде  қалмапты”   деп  жазады.  Ол  жайында  естігендерін  ғана  айтып берген.  Қысқасы  Сәбит  Мұқановпен  жол  сапарда  серік  болған.  Қажымұқан  туған  жері  туралы  ешнәрсе  айтпаған.  Сондықтанда  жазушы  Сәбит Мұқанов    “балалық  шағы”    есінде  қалмапты  дейді.  әкесі  Мұңайтпас  әжесі  Айсара  бала  Мұқанға ертеден-ақ   туған жері   туралы   және одан  не  себепті   кеткенін  айтқан   болуы керек.  Сол себебін айтпай  жасырып,   жазушыға  отбасы   құпиясын   ашпаған    сияқты   деп ойлаймыз.  

Сонымен,    Қажымұқан  Мұңайтпасұлы  1871  жылы  7 сәуірде Оңтүстік   Қазақстан  облысының   Отырар   ауданындағы   Шілік  аумақтық  әкімшілігіне   қарасты   Ақтөбе  ауылында   дүниеге  келген.   Азан  шақырып  қойған  аты Мұқан.  “Түріктің  жауырыны  жерге  тимеген   аты  шулы    палуандарын    жыққаннан  кейін  “Қажы”  атағы   беріліп,  Қажымұқан  атанады”. [7. 64 -65]   “Жеті  атасын  білмеген   жетесіз”, - деген  ұғым   барлық  адамның  жадында  шығар.  Ең  алдымен  Қажымұқанның  шыққан  тегіне,  түп  тұқиянына  тоқталайық.  Арғы  атасы  Тоқтарбай,  одан  Қобыланды тараған. Қобыландыдан  Терлікбай.  Терлікбайдан  Ойбас.  Ойбастан    Ұзын.  Ұзыннан Алтыбас.  Алтыбастан  Қарыс.  Қарыстан  Жоламан. Жоламаннан  Сонай.  Сонайдан  Шәді.  Шәдіден Ернақы.  Ернақыдан Мұңайтпас. Мұңайтпастан  Қажымұқан тарайды.  Мұңайтпастың  інісі   Тәшімнен  Ескермес  атты  ұл  туған.  Ал, Ескерместің  жұбайы Мінәйімнен  Есбол  және  Есалы атты  екі  ұл  көреді.   Есболдан  (жұбайы  Науат)  Түймехан,  Әсілхан,  Мұратхан, Уәлихан,  Қуанышбек  тарайды.

 Ал,  Есалы  жұбайы  Ханшайымнан   тоғыз  ұл  көреді.  Бесеуі  ұл  болса,   төртеуі  қыз.  Рысхан,  Қыздархан,  Тәжіхан,  Дүйсенкүл, Әділхан,  Тәжікүл,  Жұмахан,  Өмірхан,  Темірхан. 

Ескермес  қайтыс  болғанан  кейін,   Мінәйімға Қажымұқан  әмеңгерлік  жолмен   1938  жылы  қосылады.

Қазақ  алыбының  түп  ата  тегінен   бүгінгі   ұрпағына    шейін   мәуелі  ағаш    сияқты.  Ұрпақтары  өсіп - өнген,  әлемнің  түпкір - түпкіріне   тараған.  Негізінен  Қажымұқан   Мұңайтпасұлы  біздің  білуімізше   бес  рет  үйленген.

Қажымұқанның   алғашқы  жұбайының   есімі  Бәтима  (Надежда Николаевна  Чепковская). Өз  белінен  тараған    алғашқы   ұрпағы -  Халиолла.  «Халиолла   Мұқанұлы  Ұлы  Отан  Соғыстың     алдындағы  жылдарды  Шәпен  деген    қызға  үйленді». [5.7-8] Халиолладан  бес  бала  тарайды.  Оның  үшеуі ұл,  екеуі  қыз.  Бірінші  ұлы  Шабдардан  сегіз  бала  тарайды.  Екінші  баласы  Жанайдардан  он  бала  өрбіген.  Үшінші  ұлы - Әлке.  Екі  қызы -  Фариза,  Роза. 

Бәтимадан  соң  Қажекең  екінші  рет  Омбы  жерінде  Ырысты  атты   әйелге  үйленді.  Бұл  әйелінен   үш  ұл, үш  қыз  көреді.  Қыздарының   аты - София,  Рәшида  Әзия.  Бұл  үшеуі  Омбыда  Халилолланың    қолында  тұрған.  Ал  ұлдары - Тұрлыбек, Бақтыбек, Құлымбет.  Кенже  ұлы Құлымбетте   солардың    қолында  тұрған.  Оның  алдындағы екі ұлы   дүниеден ерте  қайтқан көрінеді.   “София  1924 жылы,  Әзия  1930 жылы,  Рашида  1933 жылы,  ал  Құлымбет 1938  жылы   туылған.  Ортаншы қызы   Әзиядан Қажекең өмірінің  соңына  дейін хат-хабар алып  тұрған” [19. 27-32].  Батырдың   жоғарыдағы   екі әйелінен    тараған    ұрпақтарының    өсіп отырғаны  белгілі.  Біздің   қолымызда басқа деректері жоқ.

Информация о работе Мұңайтпасұлы, Қажымұқан