Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 20:29, доклад
Кеңестік ғылымда Қазан төңкерісі Қос Өкіметті жойып, орнына пролетариат диктатурасын орнатты. Осы кезеңде Кеңес Өкіметінің орнауы обьективті құбылыс деп баға берген бұл дәуірдің зерттеушілеріне қазақ қоғамының шынайы өмірі, олардың зомбылық көруі және сонымен қатар Кеңес өкіметінің саясатына қарсы шыққан қазақ ұлт зиялылары үлкен соққы берді.
« Екіншісінің (Қазан көтерілісі) түсініксіз болуын оп – оңай ұғындыруға
болады : қазақтарда капитализм де, таптық жіктелуге де жоқ: тіпті жеке
меншіктің өзін басқа халықтардағыдай айдар тағып ажырату қиын ; көптеген пайдалану бұйымдары оларда қауымдық дәулет болып саналады ... Қазақтардың күн көріс жағдайына, таптық жіктелудің жоқтығына және жеке
меншіктік заттарда белгілі меже болмауына байланысты қазақтар арасында олардың өзіне тән социализм мен коммунизмнің орын алуы қазақ халқына
әзірше социалистік қоғамға деген мұқтаждықты қажет еттірмей отыр»[7]. Енді А. Байтұрсыновтың Орынбор комитетіне жолдаған арызына келер болсақ: Төменде біз Қырғыз өлкелік Ревкомының және Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың Ресей Коммунистік Партиясы мүшелігіне өту туралы арызын айтып отырмыз.
«Совет өкіметі қырғыздар арасына күшпен таңылуда, мұнда коммунизм мен социализм үшін мүлде орын жоқ дейтін адамдар болған және болып отыр,- деп жазады.» Осы мәселеге қатысты Кеңес Нұрпейісов «Алаш һәм Алашорда» еңбегінде талдау көрсетеді:
Енді А. Байтұрсыновтың пікірін Кеңес Нұрпейісов белгілі тарихшы- ғалым былайша талдаған: Ресейдің орталық аудандарында большевиктік қозғалыстың қалай өткендігі қазақтарға белгісіз, шет аймақтарда ол барлық жерде зорлау, қиянат жасау және ерекше диктаторлық өкімет билігімен жүргізіледі. Тоқ етерін айтқанда, ол қозғалыс шет аймақтарда көтеріліс емес, барып тұрған анархия болды... Егер бұрын патша чиновниктері аталған адамдар тобы қазақтарды ешбір шектеусіз езіп – жаншыған болса, енді мұндай әрекеттерді большевиктер – коммунистердің атын жамылған адамдар тобы жүргізіліп отыр » дейді [8].
Кеңес Өкіметіне қызмет еткен Тұрар Рысқұловтың пікірі де жоғары да айтылған зиялылар тұжырымдарымен үндес Т.Рысқұлов 1984 жылы Таңдамалы шығармаларында бастапқыда былай деген: «Егер Түркістан пролетариат құрылысында Кеңес өкіметінен өзгесі келсе, оны толық күйреу күтіп тұр. Біз езіп жаншылған Шығыстың еңбекші халқы өзіміздің қолымыздан Кеңес Өкіметін жібермеуіміз керек. Біз Кеңес Өкіметі билігі идеясын Хиуа мен Бұхара жұмысшыларының арасында таратуға тырысуымыз керек» деп, сонымен қатар «Шығыстағы Қызыл әскер» атты мақаласында «Своеобрана была история борьбы Красной Армии в Туркестане и во всей Средней Азии. Советская власть в Туркестане существует беспрерывно с самого начала Октябрьской революции. Русский пролетариат Туркестана и туземная беднота создали из своих недр сперва Красную гвардию, потом – Красную Армию, которая выдержала небывалую борьбу на всех фронтах Советского Туркестана, когда последный был оторван от Центральной России и предоставлен самому себе.
Основная заслуга
трудящихся Туркестана и
Байтұрсынов өз еңбектерінде Кеңес өкіметінің қазақ халқы арасында күшпен таңылып, басқару диктаторлық жүйемен жүргізілуде деп толықтай ашып жазса, ал Тұрар Рысқұлов алғашында Кеңес өкіметін қазақ даласында орнауын позитивті деп бағалау себебі оның ойынша Кеңес өкіметі орнағанда бейбіт өмір сүріп, капитализм шырмауынан шығамыз және пролетариат диктатурасын орнатамыз деп мәлімдеген. Бірақ оның көзқарасының күрт өзгеруіне өзінің қызметі барысында өз көзімен көрген ащы шындықты көргеннен кейін ол мәлімдемелеріде өзінің қате пікірде болып, Кеңес өкіметінің саясатын қолдамайтынын көрсеткен.
Қорытындылай келе, Кеңес өкіметі орнау тұсында қазақ арасынан шыққан жарық ұлы тұлғалар өздерінің еңбектерінде қазақ даласында Кеңес өкіметін орнауы бейбіт түрде емес, керісінше күшпен орнағандығын мәлімдеген.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Информация о работе Ұлт зиялылары Қазақстанда кеңес өкіметі орнауы туралы