Ұлт зиялылары Қазақстанда кеңес өкіметі орнауы туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 20:29, доклад

Описание работы

Кеңестік ғылымда Қазан төңкерісі Қос Өкіметті жойып, орнына пролетариат диктатурасын орнатты. Осы кезеңде Кеңес Өкіметінің орнауы обьективті құбылыс деп баға берген бұл дәуірдің зерттеушілеріне қазақ қоғамының шынайы өмірі, олардың зомбылық көруі және сонымен қатар Кеңес өкіметінің саясатына қарсы шыққан қазақ ұлт зиялылары үлкен соққы берді.

Работа содержит 1 файл

Статья Улт.doc

— 73.00 Кб (Скачать)

әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

тарих факультетінің 1-курс магистранты

Кукетова Айгерим  Алпысбаевна 

 

Ұлт зиялылары  Қазақстанда кеңес өкіметі орнауы туралы

 

Кеңестік ғылымда Қазан  төңкерісі Қос Өкіметті жойып, орнына пролетариат диктатурасын орнатты. Осы кезеңде Кеңес Өкіметінің орнауы обьективті құбылыс деп баға берген бұл дәуірдің зерттеушілеріне қазақ қоғамының шынайы өмірі, олардың зомбылық көруі және сонымен қатар Кеңес өкіметінің саясатына қарсы шыққан қазақ ұлт зиялылары үлкен соққы берді. Олар өз еңбектерінде Кеңес өкіметі қазақ жеріне қарулы күреспен орнатылып, оның қазақ еліне қажетсіз екендігін дәлелдеген. Ұлт зиялыларының наразылық көрсетуінің бірден бір себебі Кеңес өкіметінің сырттан таңылғандығы, қазақ елі оған дайын еместігі әрі ешбір пайдасыздығын айта отырып, бұл большеуіктерінің саясатына қарсы шығып, қазақ елінің атынан ұлт зиялыларының Кеңес өкіметі саясатына наразы болды. Зиялылардың сол кезеңдегі көзқарастары мен пікірінің шынайылығына тәуелсіздік жылдары көз жеткізілді. Осы орайда олардың рухани мұрасын зерттеудің маңызы арта түседі.

Зиялылардың Қазан төңкерісі  мен Кеңес өкіметінің орнауына байланысты еңбектері отандық тарих ғылымында  арнайы зерттеу нысанына айнала қоймады. Сондықтан да зерттеу жұмысының  мақсаты – ұлт зиялыларының Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауы туралы пікірлерін талдау.

Ұлт зиялыларының аталмыш  мәселеге қатысты еңбектеріне кешенді  тарихнамалық талдау жасалғанымен жекелеген  еңбектерде шолулар берілді. Алайда олар мәселенің зерттелу деңгейін айқындауда жеткіліксіз. Сондықтан да ұлт зиялыларының Қазан төңкерісі мен Кеңес өкіметінің орнауы туралы пайымдауларын талдауға көшейік.

Алғаш рет кеңес өкіметінің қазақ халқының ещбір пайдасыздығы, оның сырттан таңылғандығы және үлкен  қасірет әкелгені туралы пікір айтқан мұсылман фракциясының көрнекті өкілі, Алаш партиясының зиялы қауымы, Кеңес Өкіметі дәуірінде Ұлттық Автономия идеясын ұстанып,оның жолында сырт елде жүрсе де күресуін тоқтатпаған жарық тұлға- бұл Мұстафа Шоқай.

1928 жылы Парижде «  Орта Азияда, Кеңестерде » деген атпен француз тілінде жарияланған кітап Шоқайдың Түркістанда кеңестік биліктің антидемократиялық сипатта екенін және халықтың еркіне сай әрекет етпегенін әшкерелеген ең әсерлі еңбегі болып табылады.65 беттік щағын көлеміне қарамастан, еңбек жарыққа шығысымен Кеңестер Одағының өзінде және шетелдерде үлкен дүмпу туғызды.

Шоқайдың бұл шығарманы  жазуына Қазан төңкерісіне он жыл толуына байланысты КСРО-ға барған француз делегациясының Түркістанға  байланысты айтқан пікірлері себеп  болды. Француз жұмысшы өкілдерінен құралған делегация Мәскеудегі салтанатты жиындардан кейін кеңестік Түркістанға сапар шекті. Делегация осы саяхаттан оралғаннан кейін Мәскеудегі, Түркістандағы кеңестік биліктің озық жетістіктерге қол жеткізгендігін атап өтті. Алайда, Шоқай осы француз делегациясы іспетті кеңестердің қонағы ретінде Түркістанға барып қайтқан шетелдіктердің айтқандарына әрдайым күдікпен қарау керектігін атап көрсетеді. Өйткені олар Түркістан халқының өмір сүріп жатқан шынайы ортасын көру мүмкіншілігінен ада еді. Шоқайдың пікірінше, Кеңес өкіметі қонақтарының елден жақсы әсерлермен аттанып кетулері үшін барлық жағдай жасайды.Осы себептен шетелдіктердің Түркістанның анық жағдайына қанық болулары мүмкін емес еді. Өйткені олар  Түркістан халқының өмір сүріп жатқан шынайы ортасын көру мүмкіншілігінен ада еді. Шоқайдың пікірінше, Кеңес өкіметі қонақтарының елден жақсы әсерлермен аттанып кетулері үшін барлық жағдайды жасайды. Осы себептен шетелдіктердің Түркістанның анық жағдайына қанық болулары мүмкін емес еді.  

Зерттеушілер Шоқайдың бұл пікірлерін шебер дәлелден щыққандығын көрсетеді. Ренод Шоқайдың «Орта Азияда кеңестерде» атты кітабында Түркістандағы кеңес билігінің халықтардың бауырластығына сүйенген өзін-

өзі басқару жүйесі еместігін, тіпті, керісінше деспоттық және зорлықшыл билік екендігін шегемен қаққандай дәлелдегенін айтады. Әбу Сақтағанұлы Тәкенов те Шоқайдың кеңестік Түркістандағы импералистік, шовинистік және тоталитарлық сипаттағы пролетариат диктатурасын халықтың мақұлдамағанын нақты және жалынды тілмен жеткізе білгендігін айтады [1].

Бұл еңбекті қысқаша  түйіндесек, Шоқай Кеңес Өкіметіне  қатысты қандай көзқарас айтылмасын ол әрдайым оны антидемократиялық  сипатты болғанын дәлелдеп, керісінше  Кеңес Өкіметінің қазақтарға күшпен таңылғандағын әрқашан ашық түрде жазумен келген.

Келесі « Туркестан под властью советов » атты еңбегі Шоқайдың 1928 жылы француз тілінде жарияланған «Орта Азияда, Кеңестерде» атты еңбегінің кейбір толықтырулармен басылған орысша нұсқасы болып табылады. 1935 жылы Парижде жарық көрген шығармасының алғы сөзінде Кеңес өкіметі тыйым салған кітаптарды таныстырды. Бұл кітаптар арасында Георги Сафаровтың « Отарлық төңкерістің «Түркістандық тәжірибесі», Тұрар Рысқұловтың « Төңкеріс және Түркістандағы жергілікті халық », Брайн мен Шафироның « Кеңестердің Жетісудағы алғашқы қадамдары » мен « Алашорда тарихы туралы очерктер » атты шығармаларын атап өтті. Бұл шығармалардың барлығы кезінде Коммунистік партия басшыларының тексерулерінен өтіп, жарық көрген еді. Соған қарамастан   1935 жылы Кеңес өкіметіне қарсы төңкерісшіл рухта жазылғаны айтылып, тыйым салынды. Бұл жағдай Шоқайдың француз тілінде жариялаған еңбегін орыс тіліне де аударып жариялауына себеп болды.

Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – Шоқайдың орыс тіліндегі басылымы үшін жазған алғы сөзін қоспағанда, француз тіліндегі басылымының толық аудармасы. «Қосымшылар»атты екінші бөлім француз тіліндегі басылымында жоқ.

Онда: «Түркістандағы  кеңестік басқару  жергілікті халықтың толығымен қарсылығы  мен олардың билікке қатысу құқығы шектелуіне алып келді» деп көрсетеді. Бұл еңбекте мұсылмандардың қиын қыстау кезеңдердегі сөздері,

орыстардың жергілікті халықты жаншып қанауы, халықтың мұң  – мұқтажы толық дерлік баяндалады. Осындай арыз – шағымдардың бірінде:

«Біз мұсылман халқы  Николай Кровавыйдың тұсында қалай болсақ, сондай жағдайда әлі өмір сүріп жатырмыз. Билік өкілдері капиталистермен күресудеміз деген халық желкуімен қарапайым халыққа озбырлық көрсетіп, өз қалталарын қалыңдатуға тырысты. Бір кедей жұмысшы халқымен арбаны иеленіп, жүк тасумен айналысты. Осымен өз жанұясын бақты. Қызыл әскер одан келіп жылқысын тартып алды. Содан кедей жанұясымен бірге ашығып қалды. Билік өкілдері өздерінің орыстарды қорғаумен болды. Оларға тамақ берді, мұсылмандарға не берді? Тамақтандырды ма? Жоқ. Киіндірді ме?Жоқ.»[2]. Аталмыш еңбекті қысқаша түйіндесек,  Түркістанда Кеңес өкіметінің  орнауы қарулы күреспен жүргізілуі және қарапайым халықтың үлкен қиянат түрінде орын алуы жағдайын шынайы бейнесін айқындайды, яғни ол Кеңес өкіметі билігін мүлде қолдамайтынын жария етті. 

Ал «1917 жыл туралы естеліктерінде» М.Шоқай  1917  жылғы қос революция тарихына, олардың Қазақстан мен Түркістанға тигізген ықпалы жөнінде салиқалы талдаулар жасаған. Ал   1918 жылы жарық көрген өзінің хатында:

«13-ғинуар күні күндізгі сағат 12-де Хоқанд болшеуіктерінің бізге тапсырған ультиматумын сөз қылып отырғанымызда тасыр-тұсыр атылған мылтықтың даусы шықты. Барсақ мылтық атысып жатыр екен. Болшеуиктердің бұл ісі өздерінің ультиматумына қойған шартнамасына қарсы келді».  Сонымен қатар оның естеліктерінде:

« Ақмешіттен бара жатып Жөлек, Шиелі, Жаңақорған, Түркістан, Арыс және басқа  жерлерде жергілікті халық уәкілдерінің қайсысымен болсын жүздесейін, бәрі Ресей  әскерлері кеңесінің зұлымдығын айтып жатты. Қара киім киген қарулы әскерлер, тілмаштар мен жергілікті ұлттық ұйымның жұмысын тексереді екен. Асылында бұл – мал мен дүниені талан – таражға салудың 1 түрі. Халықты ашықтан ашық тонайтын. »[3].

Оның «Яш Түркістан » атты газеттің 1930 жылғы  №9-10 нөмерлеріндегі Көтерілістен –Ұйымшылдыққа деген мақаласында Кеңес өкіметі турасында:

«.... Кеңес үкіметі тепкісіндегі халықтың арасында толассыз бас көтеріп  келе жатқан бір халық болса, ол –  біздің түркістандықтар екеніне  шүбә болмаса керек. Оған себеп –  Түркістандағы орыс большевиктерінің әдеттен тыс езуі мен қанауы, қатыгездігі болып отыр. Түркістан халқы орыс большевиктерінің жекелеген саясатына ған а күресіп жатқан жоқ, «орыс пролетарлары билігінің » тұтас жүйесіне қарсы күресіп келеді.

Түркістандағы  орыс большевиктері  Түркістан түріктерінің мемлекеттік мекемелерге қатысу істеріне тиым салу сияқты өктемдік, озбырлықпен келді. Орыс большевиктерінің Түркістан халқына көрсеткен осы «ұлттық озбырлығы» күні бүгінге дейін жалғасуда. Олай болса Кеңес үкіметі орнасымен түркістандықтардың оған қарсы бас көтеруі де толас таппай келеді. Әрине қазіргі көтерілістер бұрынғы көтерілістердің қаз – қалпына қайталануы емес. Орыс қызыл армиясы бейбіт жатқан халқымыздың қанын судай ағызып, қырып – жойып, атамекенімізді екінші рет бодандыққа түсірді. Алайда халқымыздың азаткер өршіл рухын біржола жаныштап, түбегейлі орнығып алуына олардың шамасы келген жоқ. Және келмейді де. Көтеріліс бұл жерде кқшпен басылғанымен, тағы бір жерде одан бетер тегеурінді болып қайта шығуда.

Түркістандағы орыс пролетарлары үстемдігіне қарсы күрестердің жалпы халықтық сипат алған кездері болған еді. Өкінішке орай, ол кезде атамекеніміздің жайлаған қара диктатураны, халқымыздың еңсесін езген зіл батпан жүкті лақтырып тастау мүмкін болмай қалды. Оның себептері көп. Ол кезде біздің не әскеріміз, не техникамыз, не бір саяси ұйымыз жоқ еді. Тіпті бізде жөні түзу қару да болған жоқ. Оны қалай пайдалануды да білмейтінбіз. Оның үстіне көп уақыт бойы қарусыз күрестің барлық ауыртпалығын өзіміз жеке көтеруімізге тура келді. Ешқандай көмекші күш болмады. Ал көтерілісшілер арасына келген бірен - саран ақ орыс офицелері өздерінің монархистік жоспарларымен халықты қорқытып – үркітуден басқаға жараған жоқ». – деп мәлімделінеді [4].           

Мұстафа Шоқай өз еңбектерінде және естеліктерінде Кеңес Өкіметі тұсындағы зомбылықты ашық насихаттап, қазақтарға Кеңес Өкіметінің тек зардаптары тигендігін мәлімдейді.

Мұстафа Шоқайдың пікіріне қарсы дәріптеліп жазылған Георги Сафаровтың «Колониальная революция (Опыт Туркестана)» атты еңбегіне келер болса, оның пайымдауынша:

« Қазан төңкерісінің бірінші күнінен  бастап Түркістандағы Кеңес өкіметі  Кеңестік Ресейден оқшау күйіне түсті. Түркістан мен Кеңестңк Ресейдің арасында Дутов кедергісі қалыптасты»  деп көрсетіп, бұл ойын былайша  дәйектейді:

«Контрреволюция прервала связь между Россией и Туркестаном. Тем самым она лишила Туркестан идейной и организиционной поддержки российского пролетариата, изолировала Туркестан от его руководящего влияния. Можно с полным правом сказать что до прорыва Оренбургской пробки осенью 1919 года. Советская власть в Туркестане развивалась самостоятельно, - так, как если бы Туркестан был идеальным «изолированными торговым государством» Иоганна Готлиба Фихте! .......

Положение новой Советской  власти было весьма неустойчивым. Почти единственной опорой являлись ташкентские мастерские. В Коканде у всех на глазах организовалось контр-революция.  » дей келіп, 19-қарашадағы жайтты былайша суреттейді: « «Парламентская» победа была одержана, но в то же время - политически – был закреплен колонизаторский характер новой Советской власти в Туркестане. Вместо того, чтобы завоевывать самим доверие трудящихся масс угенетенных национальностей, новая власть предложила угнетенным национальностям завоевывать ее доверие! Партия большевиков здесь не руководила событиями. Ее не было. Только одиночки-большевики оказались вынесенными на гребень революционоой волны. Партия же стала организовываться лишь после октябрьской революции. Как это ни парадоксально, в Туркестане не пария большевиков создала Советскую власть, а Советская власть, необходимость утверждения власти Советов создала здесь партии большевиков и левых эсеров, с превых же дней, сделались пристанищем значительно количества авантюристов, карьеристов и просто уголовных элементов» [5].

Көріп отырғанымыздай Сафаровтың бұл еңбегі Шоқайдың пікіріне мүлде қарама қарсы, ол Түркістан халқына дәл осы революция қажеттігін, орын алған қарулы көтеріліс болғандығын көрсетпей, керісінше Түркістанның езілген отар еліне оның желі еспей, толық орнамауына кедергілер өріс алғандығын баяндайды. Салыстырмалы түрде көрсетсек Сафаровтың еңбегінің жарық көруінің негізгі мәнісі сонда, ол Кеңес өкіметінің билігін дәріптеп, бұл революцияны ерекше насихаттап көрсетеді. Ал Мұстафа Шоқай болса, Кеңес билігінің қазақ халқына үлкен қасірет әкеліп, барлық тарихи шындықты көсетіп, Кеңес өкіметін барынша әшкерелеп көрсетеді.         

Ал енді М. Шоқайдың көзқарастарына ұқсас пікірді Алаш партиясының жарық жұлдызы, қазақтың тәуелсіздікке ие болу жолында орасан еңбегі сіңген ұлттың зиялы өкілі Әлихан Бөкейханов танытты. 1917 жылы Қазақ газетінде жарық көрген Әлихан Бөкейхановтың «Алаш ұлына» атты мақаласында: «Еркіндіктің таңы атты. Құдайдың көмегімен аңсаған арман орындалды. Кеше ғана біз құл болып келдік, енді біз бәріміз теңбіз. Халықты көп ғасырлық құлдықта ұстаған қайта келмес өкімет құлады» деп мәлімдеді. Әлихан Бөкейханов бұл мақаласында Уақытша үкіметінің орнауын қуанышпен қарсы алғандығын көрсетсе, ал Кеңес өкіметін керісінше қолдамайтыны былайша көрсетеді: «Егер біз қазақ автономиясын құрғымыз келсек, онда біздің алдымызда шешілмейтін қиын мәселе тұр. Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарында көптеген орыс ерлері қазақтармен көрші тұрады. Оның орнына егер біз қазақ ұлты автономиясын құрсақ, онда өз арамызда өмір сүріп отырған орыстарды өзімізбен бірге алып кетеміз деген ойдамын» дейді [6]. Сонымен қатар оның Қазақ газетінде жарық көрген мақалаларында ашық түрде Ленин бастаған большевиктер саясатын қолдамайтынын және  олардың билікті қарулы көтеріліспен басып алғандығын , оның аяғы қанды азамат соғысына ұласқандығын ашына жазып өтеді.  

Бөкейханов бастапқы Ақпан революциясына оң көзқарасын білдіріп баға берсе, одан кейін келген Кеңес Өкіметіне деген наразылығын  білдірген. Оның көзқарасының өзгеруінің басты себебі, Кеңес Өкіметі қазақтарға күшпен таңылғанын және оның бейбіт жолмен емес, керісінше қарулы күреспен орнағандығын өз көзімен көріп, соның куәсі болады.

Ал енді Мұстафа Шоқай  мен Әлихан Бөкейханов еңбектерін салыстырмалы түрде талдасақ, Шоқай Кеңестік толығымен  әшкерелей көрсетіп оның қазақ еліне пайдасыздығын атап өтсе, ал Бөкейханов Кеңес Өкіметіне қарсы шығып, қазақ елін басын біріктіріп, Ресей құрамында автономия құру керектігін айтып өтеді.

Олардың көзқарастарына сәйкес пайымдау Алаш партиясының көрнекті өкілі А.Байтұрсынов еңбегінен орын алған.

1919 жылы тамызда РСФСР  – дың ұлт істері жөніндегі  халық комиссиариаты органында  Ахмет Байтұрсыновтың « Революция  және қазақтар » атты мақаласы жарияланды. Осы шағын көлемді еңбегінде А. Байтұрсынов 1917 жылғы Ақпан және Қазан көтерілістерін қазақ халқының қалай қарсы алғаны туралы өз бағасын беріп, Алаш автономиямын жариялау мен оның үкіметін құрудағы себептерді ашып көрсетіп, Алашорданың Уақытша Сібір үкіметі, Құрылтай билігімен қандай қарым – қатынаста болғандығы туралы өз пайымдауларын баяндайды. « Қазақтарға Ақпан көтерілісі қаншалықты түсінікті болса, - деп жазды А. Байтұрсынов., - Қазан социалистік көтерілісі соншалықты түсініксіз көрінді. Бірінші көтерілісті қандай қуанышпен қарсы алса, екінші көтерілісті соншама үреймен қарсы алуға тура келді ». Мұның себебін А. Байтұрсынов былай негіздеді :

Информация о работе Ұлт зиялылары Қазақстанда кеңес өкіметі орнауы туралы