Көшпелі қоғамда мемлекеттіліктің пайда болуы және оның ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 10:16, доклад

Описание работы

бМемлекет элементтері ежелгі және орта ғасырларда пайда болды. Монғолдардың тұсындағы мемлекеттік құрылымға дербес ұлыстық жүйе енгізілді. Мысалы, зерттеуші Г.Федоров-Давыдов Шыңғыс хан империясының әскери қуатын жабайы көшпелілерден тұрғандығынан емес, ұйымдаскан мемлекеттің болғандығымен түсіндіреді. Қазақ мемлекеттілігінің пайда болу тарихын оқып-үйренгенде, көшпелілер өркениеті қағидалары тұрғысынан қарастырылад

Работа содержит 1 файл

koshpeli orkenyet.docx

— 496.17 Кб (Скачать)

Көшпелілік басталған  б.з.д. 1-мыңжылдықтан б.з. 1-мыңжылдығының ортасына дейінгі аралықта малшы тайпалар алдымен шөл далалардағы сусыз аймақтарды қыстық жайылым ретінде игерді. Содан соң көшудің меридиандық, жоғары-төмен, шеңберлік, ендік түрлерін игерді. Шеңберлік немесе айналмалы көшпелілік дегеніміз — белгілі бір шеңбермен, ортадағы су көзінен алыстамай, айнала көшіп-қонып отыру. Әдетте, бұл көшпелілік малды құдықтан немесе көлден суаратын малшы тайпалар тәжірибесінде болған. Ендік көшпелілік — батыстан шығысқа, одан соң шығыстан батысқа көшіп-жылжып отыратын көшпеліліктің түрі.

Б.з.д. 1-мыңжылдықтың ортасына қарай көшпелі шаруашылық иен тұрмыстың жаңа жетістіктері пайда болды. Олар — темір үзеңгінің шығуы, ағаш ердің таралуы (бұрын тоқым сияқты жұмсақ ер болған), кереге, уық, шаңырағы бар киіз үйдің шығуы, т.б. Осы кезде, мөлшермен V—VI ғасырларда, көшпелі мал шаруашылығы өзінің дамуының ең жоғары деңгейіне көтерілді. Зерттеулерге карағанда, осыдан кейін де 1000 жылға таяу уақыт көшпелілер саяси билікте басымдығын көрсетті. Олар бүкіл Азия, Еуропаның жартысында, Солтүстік Африкада өзінің билігін жүргізді. Олар Еуразия континентіндегі бүкіл саяси жағдайды уысында ұстады, сауданы, керуен жолдарын бақылап отырды. Мүның бәрі олардың әскери күшінің мықтылығына байланысты болды.

V—VI ғасырларда басталған  көшпеліліктің "алтын заманы" XV—XVI ғасырларда қайта құлдырай бастады. Мылтықтың шығуы көшпелілердің соғыстағы басымдылығын әлсіретті. Ендігі жерде көшпелілер шөлді далалы аймақтарда өзімен-өзі оқшауланып, отырықшы елдерге әсері әлсіреді


Информация о работе Көшпелі қоғамда мемлекеттіліктің пайда болуы және оның ерекшеліктері