Көшпелі қоғамда мемлекеттіліктің пайда болуы және оның ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 10:16, доклад

Описание работы

бМемлекет элементтері ежелгі және орта ғасырларда пайда болды. Монғолдардың тұсындағы мемлекеттік құрылымға дербес ұлыстық жүйе енгізілді. Мысалы, зерттеуші Г.Федоров-Давыдов Шыңғыс хан империясының әскери қуатын жабайы көшпелілерден тұрғандығынан емес, ұйымдаскан мемлекеттің болғандығымен түсіндіреді. Қазақ мемлекеттілігінің пайда болу тарихын оқып-үйренгенде, көшпелілер өркениеті қағидалары тұрғысынан қарастырылад

Работа содержит 1 файл

koshpeli orkenyet.docx

— 496.17 Кб (Скачать)

Көшпелі қоғамда мемлекеттіліктің пайда болуы және оның ерекшеліктері


 

Мемлекет элементтері ежелгі және орта ғасырларда пайда болды. Монғолдардың тұсындағы мемлекеттік құрылымға дербес ұлыстық жүйе енгізілді. Мысалы, зерттеуші Г.Федоров-Давыдов Шыңғыс хан империясының әскери қуатын жабайы көшпелілерден тұрғандығынан емес, ұйымдаскан мемлекеттің болғандығымен түсіндіреді. Қазақ мемлекеттілігінің пайда болу тарихын оқып-үйренгенде, көшпелілер өркениеті қағидалары тұрғысынан қарастырылады. Себебі Ұлы далада көшпелі өндіріс тәсілі үстем болды. Соңғы жылдардағы ғалымдардың зерттеулерінде қазақ халқының мемлекеттігі болғандығы толығымен мақұлданды. Мәселен, тарихшы ғалым М.Қозыбаев мемлекеттілік болу үшін кандай белгі-нышандар керек екендігін айта келіп: "Ұлы далада мемлекеттік құрылымдар, тайпа одақтары мен қағанаттар Еуропадан ерте пайда болды, — деп атап көрсетті. — Қазақ хандығында мемлекетке тән негізгі белгілер болған", — деп тұжырымдады. XX ғасырдың 30—50-жылдарында көшпелілердің феодалдық мемлекеті туралы пікір орнықты. Бұл көзқарас бойынша, "көшпелілер адамзат дамуының жалпы арнасында жүре отырып, таптық қатынастарға жетті" деген тұжырым жасалды. Кезінде ағылшын экономисі А. Смит мал көшпелілерде ертеден жеке меншікке айналғандықтан, оларда мүліктік және әлеуметтік жіктелу де, қоғамдық саяси институттардың кұрылуы да тез жүретіндігін атап көрсеткен болатын. Шынында, алғашқы еңбек бөлінісі бақташы тайпалардың бөлініп шығуынан бастау алып, маманданған көшпелі мал өсіруге ауысқан кезден-ақ (б.з.д. 2-мыңжылдықтың соңы — 1-мыңжылдықтың басы) малға жеке меншік, мүлік теңсіздігі өмірге келді. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанаумағындағы сақ, үйсін, ғұн, қаңлыларда біздің заманымыздың шегінде мемлекеттік белгілер пайда болды. Дегенмен Батыс Еуропаелдеріндегі мемлекеттің қалыптасуы және дамуымен салыстырғанда өзгешеліктер болды. Оған шаруашылықтың даму ерекшелігі тікелей әсер етті. Шығыс елдеріндегі көшпелі коғамда ру-тайпа байланыстарының берік болғандығы белгілі. Көшпелі өркениет кезінде басқару рулық-тайпалық негізде жүрді. Ал көшпелілердің мемлекеттік құрылымына тән ерекшеліктердің көпшілігі бұл мемлекет құрамындағы халықтардың көшпелі өмір-тұрмысына байланысты. Атап айтар болсақ, көшпелі мемлекеттерде ешқашан жоғарыдан шексіз билік орнату мүмкін емес еді. Себебі орталықтан қысымшылық күшейген жағдайда халықтың басқа тайпа немесе мемлекеттік бірлестіктің қол астына, қамқорлығына көшіп кетуі әбден мүмкін болды. Сондай-ақ басқа тайпа бірлестігінің билікті басып алу мүмкіндігі үнемі төніп тұрды. Келесі бір ерекшелігі — көшпелі мемлекетте жоғары саяси билікті жүзеге асыруда әулеттік үстемдік орын алғанымен, бұл үстемдік ру-тайпа өкілдерінің билеушіні сайлап қою мүмкіндігімен шектеліп отырды. Бұл да дала демократиясының бір көрінісі еді. Сонымен бірге бұл мемлекетте тұрақты әскер болған емес. Қажет болғанда кез келген көшпелі әскер қатарына қосылатын. Бүгінгі таңда тарихи үдерістерге бұрынғы коғамдық-экономикалық формация өлшемімен қарау жөне өркениеттік тұрғыдан бағалау қалыптасып келеді. Өркениетке тән белгілердің бірі — мемлекеттің болуы. Демек, басқару ұйымының болуы өркениеттің ішкі кұрылымының бір бөлігі ғана. Егер көшпелілер өркениеті бар болса, оларда мемлекеттің болуы да заңды құбылыс екендігі мақұлданды. Мемлекет — өте күрделі құбылыс, біртұтас табиғи этномәдени және әлеуметтік организм. Демек, оны бір-бірімен байланысты экономикалық, әлеуметтік, саяси, этностық, мәдени үдерістердің жиынтығы (кешені) ретінде кең көлемде түсіну қажет. Ең бастысы — қоғамдағы этностық сана-сезімнің нығаюы ғана оның мемлекет шыңына бірігуіне алғышарт бола алады.Көшпелілер де отырықшы халықтармен салыстырғанда өзіне тән ерекшелігі бар мемлекеттік формаларды өмірге әкелді. Олар көшпеліліктен туындайтын рулық (патриархалдық) тәртіптерді дамыта отырып, мемлекеттік дәрежесіне жеткізді. Қазақ хандығы көшпелі мемлекет болды. Отырықшылық оның мемлекеттік құрылымының бір ғана элементі еді. Сол сияқты Қазақ хандығы қазақ жерінде бұрыннан өмір сүрген этносаяси бірлестіктердің заңды жалғасы болып табылады

 

 

 

 

 

Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері


Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродоткөшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың төл баласы сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық-сұмдықтан, отырықшы-қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып көрінді.

Сонымен қатар көшпелілер туралы нашар түсініктер сол ерте заманда-ақ қалыптасты. Көне Қытайда "көшпелілер жабайы, мәдениеттің қас жауы" деген түсінік қалыптасты. Еуропада да көшпелі ғұндарды "тағы-жабайылардың тұқымы, өркениеттің жауы" деп есептеді.

XVIII—XIX ғасырлардағы Еуропа ғалымдары да көшпелілер туралы өз көзқарастарын білдіріп отырды. Мысалы, Монтескъе көшпелілер қоғамын "әділетті, теңдікті қоғам" десе, Фергюсон, Адам Смит: "Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда болды", — деген. Ал философ Кант: "Мемлекеттің өзі көшпелілер мен отырықшы-егіншілердің өзара қақтығысынан, қорғанысмақсатында пайда болды" деген тұжырым жасайды. Атақты философ Ф. Гегель: "Көшпелілерде әлеуметтік қарама-қайшылықболғанымен, мемлекет болған жоқ", — деп есептеген.

XX ғасырдағы Еуропа ғалымдарының көшпелілікке көзқарасы әр түрлі болғанымен, бұл қоғамның жағымсыз жақтарына ғана назар аудару басым болды. Мысалы, Рацель, Гумплювич, Торнвальд, Тойнби деген ғалымдар: "Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті, басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді" деген тұжырымдар айтты. Олардың және бұл ғалымдардың жолын қуушы қазіргі заманғы зерттеушілердің пікірінше: "Көшпелі қоғам — бұл бір орнында тоқырап, өз бетінше дами алмайтын қоғам, отырықшы мәдениеттің әсерінсіз өркениет жасай алмайтын қоғам, болашағы жоқ қоғам".

Көшпелілік кеңес ғылымында XX ғасырдың 20—40-жылдарынан бастап зерттеліп келеді. Бұл саладағы кеңес тарихшыларыныңеңбектерінде де маркстік-лениндік көзқарас басым болды, зерттеушілер, негізінен алғанда, көшпелілердің қоғамдық құрылысына ғана мән берді. Мысалы, А. П. Чулюіиников деген зерттеуші: "Көшпелілерде таптық қоғам болған жоқ, тек рулық қауым болды", — десе, П. Кушнер: "Көшпелілерде "рулық мемлекет", феодализмнің бастапқы нышандары ғана пайда болды", — дейді.

XX ғасырдың 30-жылдары С.П.Толстов пен Б.Я.Владимирцевтің көшпелі қоғам туралы пікірлері 60-жылдардың соңына дейін әр түрлінұсқада қайталанып, дамытылып келді. С. П. Толстовтың пікірі бойынша: "Көшпелілер отырықшы халықтар сияқты алдымен құлиеленушілік, содан соң феодалдық қоғамды басынан өткізді. Бірақ көшпелілердің құлиеленушілік қоғамы әскери құлиеленушілікдемократия немесе патриархаттық монархия түрінде құрылды". "Көшпелілердегі меншіктің негізі жер ме, мал ма?" деген мәселенің төңірегінде пікірталас жүрді. Бір топ ғалымдар: "Көшпелілерде рулық қоғам қалдықтарымен араласқан феодалдық қоғам болды және феодалдық меншіктің жерге қатысты негізін жерге жеке меншік құрады", — дегенді айтты. Екінші бір топ зерттеушілер: "Еуразиякөшпелілері патриархалдық-феодалдық қоғамда өмір сүрді, осы таптық қоғамдағы меншіктің негізгі түрі малға қатысты жеке меншік болды, ал жер рулық қауымның ортақ иелігінде болды", —деген пікірді ұстанды.

Көшпелі қоғамды зерттеуде қоршаған орта (табиғат) және адамның белсенді іс-әрекет мәселесі жиі қозғалып отырды. Олардың пікірі бойынша, далалы, шөлейтті, шөлді, таулы аймақтарды жайлаған халықтарда табиғат жағдайына қарай мал шаруашылығы, көшпелілік қалыптасқан. Осындай халықтардың бірі — қазақ халқы далалы, шөлейтті аймақты игерудің бірден-бір жолы мал шаруашылығы деп білген және осындай табиғи жағдайға икемделе өмір сүрудің тамаша үлгісін көрсеткен.

XX ғасырдың 30-жылдарынан  бастап тоталитарлық жүйе идеологтары көшпелілікке қарсы шыға бастады. "Адам табиғатты өзгертуші құдіретті күш" деген қағиданы басшылыққа алған коммунистік идеологияның өкілдері көшпелі мал шаруашылығымен айналысып келген халықтарды жаппай отырықшылыққа айналдыру қажеттігін дәлелдеп бақты. Ал осы қате көзқарастан қазақ халқы 30-жылдары қатты күйзеліске ұшырап, жаппай қырылып, көпшілігі елден ауып кетуге мәжбүр болғандығы белгілі.

XX ғасырдың 60—70-жылдарынан  бастап жекелеген ғалымдар көшпеліліктің географиялық-экологиялық себептерін қайта мойындай бастады. Осы ғалымдардың пікірінше, көшпелілік дегеніміз, кейбіреулер айтқандай, "адамзаттық өркениеттің сара жолынан адасу" емес, керісінше, шаруашылықтың, мәдениеттің ерекше даму түрі. Олардың пікірі бойынша: "Көшпелілер далалы, шөлді, шөлейтті табиғатта өз шаруашылығын қалыптастырған, олардың негізгі күнкөріс көзі мал болған, мал басы өскен сайын жайылым айырбастау қажеттілігі туған, сөйтіп жылжымалы өмір салты қалыптаскан".

Көшпелі халықтар, оның ішінде ғұндар мен түркілердің тарихына ерекше мән берген тарихшы Л.Н.Гумилев болды. Ол Еуразия көшпелілерінің бұл құрлықтың тарихында алатын орнын өте жоғары бағалады. Дегенмен Л.Н.Гумилев: "Халықтар дамуында, олардың қалыптасуында, шаруашылық-мәдени ерекшеліктерінің пайда болуында географиялық, экологиялық фактор үлкен рөл атқарады" деп санады. Оның ойынша, "бүкіл тарихи үдеріс географиялық, биосфералық өзгеріске тікелей және толығымен тәуелді". Л.Н. Гумилевтің осындай көзқарастары кезінде сыналған да еді.

Археолог К.Ақышевтың  пікірі бойынша, Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса бастауы қола дәуірінің соңы, темір дәуірінің басына, яғни б.з.д. IX—VII ғасырларға жатады. Осы кезден бастап, Орталық, Батыс Қазақстан жерінде меридиан бойымен көшу, ал Шығыс Қазақстан мен Жетісуда қыста жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауын қыстап, жазда биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан. Оңтүстік Қазақстан аймағында ерте заманнан-ақ көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы шаруашылық пен тұрмыс орын алған.

Өткен ғасырдың 60—70-жылдарынан бастап қазақ көшпелі қоғамы жөнінде қазақстандық ғалымдардың еңбектері шыға бастады. Бұл ретте С.Зимаиовтың "Қазақтардың XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қоғамдық құрылысы", В.Ф. Шахматовтың "Қазақтың жайылымдық көшпелі қоғамы", С. Толыбековтің "XVII—XX ғасырдың басындағы қазақтардың көшпелі қоғамы", Д.Кішібековтің "Көшпелі қоғам: шығуы, дамуы, құлдырауы", Н. Масановтың "Қазақтардың көшпелі өркениеті", т.б. еңбектері жарық көрді.

Осы ғалымдардың пікірінше, көшпелі жұрттар өз бетімен таптық қоғамның ең алғашқы сатысына жетеді, ал олардың өрі қарай дамуы отырықшы халықтардың ықпалымен ғана іске асады. Көшпелі қоғам — бұл даму болашағы шектеулі қоғам.

Кейінгі кезде көшпелі қоғамның ежелгі замандағы, орта ғасырлардағы мәдени, әлеуметтік-саяси оңды жақтары, артықшылықтары мойындалып келеді. Көшпелі өркениеттің адамзат тарихындағы заңды құбылыс, шаруашылықтың, мәдениеттің, өмір тұрмысының ерекше бір түрі екендігін көпшілік ғалымдар мойындай бастады.

[өңдеу]Көшпеліліктің шығу тегі


Соғыс және аңшылық арбалары бейнеленген жартастағы суреттер (б.з.д. II—I ғғ.); 
1, 5, 6 — Арпаөзен, 
2, 3, 4, 7 — Қойбағар

Көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсеріменбайланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның (ниша) шектеулі мүмкіндіктері, табиғи ресурстардың сол өлкеде өмір сүруші этностың алдына қоятын табиғи талаптарына байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау аймақтары. Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдық ылғалдың мөлшері 200—400 мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға: Қазақстан, Монғолия, Жоңғария, Араб түбегі, Оңтүстік-батыс, Оңтүстік Азиядағы шөлдер мен шөлейтті аймақтар, Африка континенті жатады.

Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпакдала, Балқаш маңы далалары, Сарыарқа, Мұғалжар,Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауларының тау беткейлері және таулы өлкелері жатады. Бұл аймақтардағы өзен-сулардың маңайында, әсіресе осы аймақтар мен отырықшы-егінші мәдениеттер шекараларында маргиналдық аймақтарқалыптасты. Оларға тән шаруашылық-мәдени тұрпат — жартылай көшпелі шаруашылықпен мәдениет. Мұндай аймақтарға Сырдың бойы, жартылай Ертістің, Тобылдың, Есілдің,Жайықтың бойлары, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы және тау бөктерінің кейбір алқаптары, Аралдың маңайы жатады. Жоңғар, Іле, Қырғыз Алатауындағы тау бөктерлерінде жылына 500 миллиметрден астам ылғал түседі. Бұл өңірлерде, әсіресе өзен-көлі сулары маңайында, ежелден егіншілік пайда болып, отырықшы мәдениет қалыптасқан. Құнарлы топырақты, жұмсақ климатты Сыр бойы, Шу, Талас аймақтарында қола дәуірінен бастап-ақ егіншілік дамып, орта ғасырларда біршама дамыған қала мәдениеті қалыптасқан. Дегенмен де осы егіншілік, отырықшы мәдениет қалыптасқан аймақтардың өз ішінде де мал шаруашылығы егіншілікпен қатар дамып, жалпы алғанда, бұл өңірлердің де шаруашылық-мәдени тұрпаты жартылай отырықшы, жартылай көшпелі болған. Әр заманда климаттық ауытқуларға, тарихи-саяси, этномәдени ахуалдарға байланысты бұл өңірлерде бірде отырықшы, жартылай отырықшы егіншілік шаруашылық пен тұрмыс қалыптасса, (мөлшермен VI—XIII ғғ. аралығы), ал енді бір замандарда (қола, ерте темір дәуірі, соңғы орта ғасырлардан XX ғ. басына дейін) жартылай көшпелі, кей аудандарында тіпті көшпелі шаруашылық мәдени тұрпаты қалыптасты.

Палеоклиматология ғылымында әрбір континенттің өз ішінде ұзақ мерзімдік климаттық ауытқулармен қатар 100—200 жылдар бойы ауысып келіп отыратын климаттық-табиғи жағдайлар жиі кездеседі. Осындай табиғи-климаттық өзгерістер ұлан-байтақ жерімізді ежелден мекендеген халықтың (ал біз солардың тегін, мәдениетін жалғастырушы екенімізде шүбә болмауы керек) шаруашылық мәдени кескінінің, түрлерінің әр замандарда белгілі бір өзгерістерге ұшырап отыруына міндетті түрде әсер еткен.

[өңдеу]Көшпеліліктің эволюциясы


Көшпелілік бірден пайда болмаған. Оның пайда болуының, дамуының өзіндік заңдылықтары, себептері бар. Малшылықтың алғашқы түрі — үй маңында мал өсіру болды. Ал "Көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?" деген мәселеде әр түрлі пікір бар. Кейбірғалымдар: "Отырықшы малшылық біртіндеп дамып, мал басы өседі. Мал басы өскен сайын жайылымды кеңіту, жайылым ауыстырып отыру қажеттілігі туады. Бұрынғы отырықшы малшылар біртіндеп жайылым ауыстырып, жылжып көшуге мәжбүр болады. Сөйтіп, көшпелілік қалыптасты", — дейді. Ал енді бір зерттеушілер бұл жағдайды қола дәуірінің соңындағы климат жағдайының өзгеруімен —Еуразия даласындағы қатты құрғақшылықтың басталуымен түсіндіреді. Көшпелі қоғам тарихын зерттеуші ғалымдар басқа да көптеген себептер бар дейді. Олар: мал басының өсуі, ерте темір дәуірінің басында бақташының атқа мінуі, біртіндеп жылқыны мініске үйретіп, алдымен, сүйек ауыздықты, содан соң қола, кейініректе темір ауыздықты, одан үзеңгіні, ертоқымды пайдалануы көшпелі мал шаруашылығының дамуына, ғасырлар бойғы мал бағудың тәжірибесінің қалыптасуына негіз болды. Көшпелілік тек шаруашылықты жүргізудің түрі ғана емес, бұл тұрмыс-тіршіліктің де түрі.

Тіршіліктің көзі мал болған халық оның өнімдерін пайдалануды да үйренеді. Етін, сүтін тамаққа, терісін, жүнін киімге, үй тұрмысына, тіпті сүйегі мен мүйізін де қажетіне жаратты. Көшпелі тұрмыс қалыптасуы барысында, алдымен, сүйретпелердің, одан соң арбаның шығуының да маңызы зор. Көшпелілер баспанасының алғашқы түрі арба үстіне орнатылған басқалқа, қос, күрке. Бара-бара көшпелілер көшіқонға ыңғайлы кереге, уық, шаңырақты киіз үйді ойлап тапты. Көшпелілердің ыдысы да көшуге ыңғайлы, сынбайтын, икемді материалдан — ағаш, теріден жасалды.

Көшпелілікке өтуден бұрын  мал шаруашылығы бірнеше өтпелі түрді: үй маңындағымалшылық, алысқа ұзамайтын бақташылық,жайлау бақташылығын басынан кешірді.

Құдықтың шығуы да сол 2-мыңжылдықтың соңы, 1-мыңжылдықтың бас кезі.

Көші-қон үшін дөңгелекті көліктің шығуының мөні зор. Дөңгелекті көлік суреттері қола дәуірінің тасқа салынған сурет-таңбаларында кездеседі. Алтайда зерттелген Бесінші Пазырық корғанынан күймелі арба және жүктаситын үлкен арба табылған. Бұл — сақ дәуірінің көлігі. Сақ дәуіріндегі алғашқы арбалар бір дәртелі болған, кейінірек екі дәртелі арба пайда болады.

Информация о работе Көшпелі қоғамда мемлекеттіліктің пайда болуы және оның ерекшеліктері