Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 22:11, реферат

Описание работы

I.Көтерілістің шығу себептері
1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. 1756 жылы Патшайым Елизаветта Жайық жағасына қазақтардың мал жаюына тыйым салды.Атақонысына жібермеуі және 1757 жылы Нарын құмының ішкі жағына өзен арқылы қазақтардың өтуге болмайтындығы туралы үкім шығарған болатын. Бұл қазақтардың мүдделеріне қайшы келетін1

Содержание

I.Көтерілістің шығу себептері…………………………………………………3
II.Көтерілістің барысы
1. Көтерілістің басталуы………………………………………………….……4-6
2. Көтерілісшілердің Хан ордасын қамауға алуы………………………….…6-7
3. Тастөбе түбіндегі шайқас……………………………………………………..7
4. Көтерілісшілердің күшін біріктіру әрекеті……………………………..….. 8
5. Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдары………….…8-9
III.Көтерілістің тарихи маңызы…………………………………………..… 10
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………...... 11
Сілтемелер………………………………………………………………………12

Работа содержит 1 файл

Жоспар.docx

— 57.48 Кб (Скачать)

Жазалаушы отрядтың әскери-техникалық тұрғыдан басымдығы бірден байқалды. 1838 жылғы 2 шілде күні Қиыл және Ақбұлақ  өзендерінің бойында көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында шешуші шайқас өтті. Оның барысында көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлы қаза тапты. Көтерілісшілердің қалған тобы кейін  шегініп, дала қойнауына сіңіп кетті. Жазалаушы әскер олардың соңынан  қуғын ұйымдастырды. Шайқаста көтерілісшілерден 80-ге жуық адам қаза тапты.

Исатай Тайманұлының қазасынан  кейін көтеріліс бәсең тарта  бастады. Жекелеген жасақтар Төменгі  Жайық шекара шебіне таяу жерлерде, Ойыл өзенінің бойында ғана іс-қимыл  көрсетіп жүрді.

Махамбет Өтемісұлы біраз уақыт  бой тасалап, жасырынып жүруге мәжбүр болды. Кейінірек қазақтарды Жәңгір ханға және патша үкіметіне қарсы  көтерілуге үгіттеді. 1845 жылы билеуші-сүлтан Баймағамбет Айшуақұлының адамдарымен  қақтығыс кезінде қапылыста қазаға ұшырады. Көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін оған қатысқандарды қуғындау басталды. Көптеген адамдарға өлімші етіп дүре соғылды. Көтерілісшілердің  бірқатары каторгаға айдалды, мал-мүлкі  тәркіленді. Көтеріліске неғұрлым белсене  қатысқандар Шығыс Сібірге біржолата  жер аударылды.

Көтерілістің жеңіліске ұшырауының негізгі себептері мынада еді: ең алдымен, қозғалыс алдын ала мұқият ұйымдастырылмады, оның айқын бағдарламасы болмады, көтеріліс жергілікті шашыраңқы  сипат алды. Көтерілістің басшылары  Кенесары Қасымұлы мен Жоламан Тіленшіұлы бастаған жасақтарымен байланыс жасай  алмады. Патша үкіметінің әскерлері  мылтық, зеңбіректермен жарақтандырылған еді. Кейде зеңбіректен үсті-үстіне бірнеше оқ атудың өзі көтерілісшілерді кейін шегінуге мәжбүр етті. Қазақтардың  қолында ондай қару болған жоқ. Көтерілістің жеңіліп қалуының басты себептерінің бірі бұл жолы да, Сырым Датұлының  жасақтары сияқты, екі бағытта  — әрі патша үкіметіне, әрі  хан билігіне қарсы күрес жүргізілді. Мұның өзі көтеріліске қатысушылардың жағдайын әлде- қайда қиындата түсті. Оның үстіне, көтерілісшілерді казак  жасақта- ры мен түрақты орыс армиясы  бөлімшелері жан-жағынан түгелдей дерлік қоршауда үстады. Кіші жүздің далалық  бөлігіндегі қазақтардан көмек  күту де мүмкін болмады. Өйткені Жайықтың сырт жағындағы қандастармен байланыс жасауға шекара шебіндегі орыс әскерлері  жол берген жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. Көтерілістің тарихи маңызы

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды.

Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті.

Жәңгір хан көтерілісшілердің  кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын  алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне наразылық білдірген  старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Материалы по истории казахской ССР. М-Л., 1940;

    Бекмаханова Н.Е. Легенда  о Неведимке. Участие казахов  в 

    крестянской войне под  руководством Пугачева 1775-1778 гг.

    Алматы, 1968

  1. Казахско-русские отношения в ХVІІІ-ХІХ вв. (1771-1867 гг.): Сб. Документов и материалов. Алматы, 1964
  2. Вяткин М.П. Батыр Сырым. М-Л., 1947
  3. Вяткин М.П. Казахско-русские отношения в ХVІІІ-ХІХ вв.
  4. Шахматов В.Ф. Внутренняя Орда и восстание Исатая Тайманова. Аламаты, 1946
  5. Народно-освободительное движение казахов в 1836-1838 гг.: Документы, материалы, статьи. Алматы, 1992
  6. ҚР ОМА, 4-ф, 1-оп 1974
  7. рязанов А.Ф. Восстание Исатая Тайманова
  8. Красовский М. Область сибирских киргизов //Материалы для географии и статистики России. Ч.1
  9. Потто В. О степных походах //Военный сбрник. 1873
  10. Потто В. О степных походах //Военный сбрник. 1876

12.Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009

 

 

 

 

 

 

 

Сілтемелер

 

    1. Казахско-русские отношения в XVI- XVIII вв. /сборник документов и материалов/. Алма-Ата, 1961, 262 бет
    2. Шахматов В. Ф. Внутренняя Орда и восстание Исатая Тайманова. Алматы, 1946, 117 бет
    3. Народно-освободительные движение казахов в 1836-1838 гг.: Документы, материалы, статьи. Алматы, 1992, 73 бет
    4. ҚР ОМА, 4-ф, I-оп, 1974-құжат, 481-жал.
    5. Рязанов А. Ф. Восстание Исатая Тайманова, 50- бет
    6. ҚР ОМА, 4-ф, I-оп, 1974-құжат, 481-жал.
    7. ҚР ОМА, 4-ф, I-оп, 1974-құжат, 523-жал. 524-пар.
    8. ҚР ОМА, 4-ф, I-оп, 1966-құжат, 150-пар.

 


Информация о работе Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі