Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 22:11, реферат

Описание работы

I.Көтерілістің шығу себептері
1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. 1756 жылы Патшайым Елизаветта Жайық жағасына қазақтардың мал жаюына тыйым салды.Атақонысына жібермеуі және 1757 жылы Нарын құмының ішкі жағына өзен арқылы қазақтардың өтуге болмайтындығы туралы үкім шығарған болатын. Бұл қазақтардың мүдделеріне қайшы келетін1

Содержание

I.Көтерілістің шығу себептері…………………………………………………3
II.Көтерілістің барысы
1. Көтерілістің басталуы………………………………………………….……4-6
2. Көтерілісшілердің Хан ордасын қамауға алуы………………………….…6-7
3. Тастөбе түбіндегі шайқас……………………………………………………..7
4. Көтерілісшілердің күшін біріктіру әрекеті……………………………..….. 8
5. Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдары………….…8-9
III.Көтерілістің тарихи маңызы…………………………………………..… 10
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………...... 11
Сілтемелер………………………………………………………………………12

Работа содержит 1 файл

Жоспар.docx

— 57.48 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі»

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Қаирбекова Перизат

                                                            Тексерген: Ақпанбет Н.Н.

 

 

 

Астана-2013ж.

Жоспар

 

I.Көтерілістің шығу себептері…………………………………………………3

II.Көтерілістің барысы 
1. Көтерілістің басталуы………………………………………………….……4-6 
2. Көтерілісшілердің Хан ордасын қамауға алуы………………………….…6-7 
3. Тастөбе түбіндегі шайқас……………………………………………………..7 
4. Көтерілісшілердің күшін біріктіру әрекеті……………………………..….. 8 
5. Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдары………….…8-9 

III.Көтерілістің тарихи маңызы…………………………………………..… 10

Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………...... 11

Сілтемелер………………………………………………………………………12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі

I.Көтерілістің шығу себептері 
1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. 1756 жылы Патшайым Елизаветта Жайық жағасына қазақтардың мал жаюына тыйым салды.Атақонысына жібермеуі және 1757 жылы Нарын құмының ішкі жағына өзен арқылы қазақтардың өтуге болмайтындығы туралы үкім шығарған болатын. Бұл қазақтардың мүдделеріне қайшы келетін1.Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды.

Ресей помещиктері Юсупов пен Безбородконың  Каспий теңізі жағасында көлемі орасан зор жер телімдері болды. Жайық  әскери кеңесі Үлкен және Кіші Өзен бойындағы және Қамыс-Самара көлдерінің төңірегіндегі жерлерді өз пайдасына  басып алды. Жайық бойындағы жерлерді Жайық казақ әскерлері иемденді. Қазақтардың кесіп өтіп, жағалаудағы  жайылымдарды пайдалануына қатаң тыйым  салынды. Далалық қазақтар ішкі жақ  бетке, ішкі жақ қазақтары далалық  сыртқы жақ бетке өте алмады. Жердің жеткіліксіздігі салдарынан қазақтар жерді Астрахан губерниясының шаруаларынан, Жайық казақтарынан, жер иеленуші ірі помещиктер мен қазақ байларынан қымбат бағамен жалға алып пайдалануға  мәжбүр болды. Жәңгір хан тарапынан  салынатын алым-салық түрлері  де еңсені езіп жіберді. Ол өз жеке басының  пайдасына жинап алынатын бірыңғай салық түрін енгізді. Патша үкіметі  ханның өзі жасап алған фискальдық қаржы жүйесіне араласпады.

 

 

 

 

 

 

 

 

II.Көтерілістің барысы

1.Көтерілістің басталуы

Ішкі Ордадағы қимылдардың алғашқы  толқыны 1827-1829 жж. өтті. Қазақ ауылдары  Жайықтың сыртына орала бастады. Старшина Серкеш Жақсыбаев Орал әскерлерінің атаманы Бородинге мұны былайша түсіндірді: «Жайық сыртына өтудің себебі төзгісіз шығындар мен ханның тарапынан жасалған қысымдар болды; халықтан ауыр салықтар жылына бірнеше рет ешбір әділеттікпен және салық төлеушілердің жағдайымен шамаласпайтын мөлшерде жиналды»2
1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды. Сұлтандар мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты.

Халық көтерілісін елге белгілі  беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын.

1836 жылғы ақпанда көтерілісшілер  Жәңгір ханға қарсы ашық- таншық  шабуылға шықты. Мұның басты  себебі Исатай Тайманұлының Хан  ордасына қыр көрсетуі болды.  Ол ханның шақыруына барудан  үзілді-кесілді бас тартты. Оның  үстіне, өзіне қарасты ауылдарды  қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің  үлкен жасағын топтастырды.

1836 жылғы көктемде көтерілісшілер  қосынына Қарауылқожа Бабажанұлы  бастаған қарулы хан жасағы  жақын келді. Оған қарсы Исатай  Тайманұлы жақсы қаруланған 200 жігітті  өзі бастап шықты. Ол қолына  ту ұстап шығып еді. Қарсыласын  жекпе-жек шайқасқа шақырды. Бірақ  Қарауылқожа Бабажанұлы да, оның  төңірегіндегілер де жекпе-жек  шайқастан бас тартты, батырдың  ұсынысын қабыл алмады. Хан жасағы  үлкен шайқасқа шығуға бата  алмай шегініп кетті. Көтерілісшілер  өздерінің қосынына қайтып оралды. Исатай Таймановтың көтерілістің  басшысы ретіндегі атағы бүкіл  Кіші жүзге мәлім болды.

Жәңгір хан мен оның төңірегіндегілер Исатайға жала жабуға көшті. Бір барымта  кезінде сойылға жығылып қаза тапқан бір жылқышы қарттың өліміне  Исатайдың және оның адамдарының  қатысы бар дегенді дәлелдеуге тырысты. Исатай Тайманұлы бұл жаланы Жәңгір ханның келісімімен Қарауылқожаның ұйымдастырғанын жақсы түсінді. Қарауылқожаның үстінен Жәңгір ханға  шағым түсіру ұйғарылды.

1836 және 1837 жылдары шағым мен  петиция беру арқылы Исатай  Тайманұлы Жәңгір хан және  оның төңірегіндегі жандайшаптарды  қалың көпшіліктін көз алдында  әшкерелемек болды. Шағым-петиция  жолдау жаппай наразылық шеруіне  ұласты. Мұндай алғашқы шеруге 1836 жылы өте көп адам қатысты, Жәңгір хан халықтың қаһарынан шошып кетті. Исатай батыр халық қалың жиналған Толыбай шатқалында өз өтінішін табыс етті. Жәңгір хан оның айтқан талаптарын түгел тындап шығып, қордаланып қалған проблемаларды 12 күннің ішінде шешуге уәде берді. Бірақ ол уәдесінде тұрмады. Сөйтіп Жәңгір хан халық алдындағы беделінен айырыла бастады. Шекаралық комиссия бұл туралы былай деп жеткізеді: «Бұл тобыр жолда келе жатқан кезде және ол жөнінде хан біле салысымен сол заматта әмір беріп, бастықтарын мазаламай, өзінің дарынсыздық әдістерімен әлгіні жойып жіберді. Хан бұл жолы Таймановтың әрекеті тоқтады деп ойлағанмен, ол өзінің сыбайласы Махамбет Өтемісов екеуі бір рет қарулы жиын ұйымдастырудың соншалықты әдепсіздік үлгісін көрсетіп, халық арасында мүмкін бұдан да гөрі тынышсыздық тудыратын және болашақ уақытта ниеті жаман ой-пікірлерін таратуларын қоймайдыдеп есептейді»3.

1836 жылдың күзінде Исатай Тайманұлы  әр түрлі рулардың ауылдарын  аралап жүріп, Жайық қазақ әскерлерінің  иемденіп отырған жерлерін өз  беттерінше тартып алуға шақырды.  Көтеріліс көсемінің халық арасындағы  беделі мен абыройы күн санап  арта берді. Көтерілісшілер хан  жасағына есеңгірете тойтарыс  берді. Ханның төңіресіндегі жандайшаптардың  бірі би Б. Құдайбергенұлы серкеш  руының қазақтарына шабуыл жасады. Серкештер көтерілісшілердің жағында  еді. Исатай серкештерге шабуыл  жасағандарды жазалау үшін құрамында  270 сарбазы бар қарулы жасақты  жұмсады. Олар әлгі бидің ауылын  шауып, толық күйзелтіп кетті. Дәл осы кезеңде Шөкин сұлтан көтерілісшілердің ауданын республика деп атады4.

1837 жылдың бас кезінде көтерілісшілерге  байбақты руының бе- делді старшыны  Жүніс Жантеліүлының қолы келіп  қосылды. Енді көтеріліс аумағының  шекарасы кеңейе түсті. Көтерілісшілердің  қатары да ұдайы арта берді.  Көтеріліс ауқымынан қауіптенген  Орынбор шекара комиссиясы Исатай  Таймановты ұстап алып, ісін сотта  карауға тапсырма береді. Бұған  қарсы көтерілісшілердің басшысы  генерал-губернатор В.А. Перовскийге  шағым жасады. Өлке басшысының  қазақтарға деген көзқарасы жаман  емес еді. Бірде үйлену тойын  өткізіп жатқан қазақтарға шабуыл  жасап, тонап кеткені үшін Перовскийдің  жүзбасы Бухматов пен бір топ  қазақты мың адамдық саптың  ортасынан өткізе дүре соққызып, оларды әскери қызметтен біржола  қуып жібергені белгілі болатын.  Бірақ ол өлке билеушісі ретінде  патша үкіметінің отаршылдық  саясатын жүргізді.

Исатай батыр оған жолданған  өтініш-шағымында былай деп жазды: «Біздің өтініштеріміз бен шағымдарымызга ешкім де құлақ аспайды. Біздің мал-мүлкімізді талан-таражға салып, тонап кетеді. Сөйтіп біз император тақсырдың  қол астына адал ниетпен берілгендігіміз  жөнінде ант қабылдаған бола тұрсақ та, күн сайын қорқынышты үрей кешеміз. Бірақ мәртебелі Сіз осындағы негізгі бастық болғандықтан да мен Сіздің құзырыңызға осы жәйттерді жеткізіп, сізден біздің қайыршылықты жағдайымыздың байыбына барып, шағымдарымыз бойынша бүкілхалықтық зерттеу жүргізетін шыншыл шегеуніктеріңізді бізге командировкаға жіберсеңіз деп сұрауды жөн көрдім. Біз, әсіресе біздің шағымдарымызды подполковник Даль мырза зерттеп тексергенін ұалар едік»5.

1837 жылдың жазы мен күзінде  көтерілісшілер ірі байлардың  ауылдарына шабуылды күшейтті.16 қыркүйекте көтерілісшілердің 200-ге жуық адамнан құралған жасаға Қарауылқожа Бабажановтың ауылдарын тас-талқан етті.Бабажановтың хабарлағанындай «барлық жерде жекелеп мылтықпен атты, найзамен түйреді және қылыштарымен шапты»6. 50 адам, соның ішінде 2 сұлтан тұтқынға алынды. Көтерілісшілердің елеулі күші бірте-бірте Хан ордасына жақындап келе жатты. Көтерілісшілер Жәңгір ханды жақтаушылардың мал-мүлкі мен шұрайлы жайылымдарын басып алумен болды.

Көтерілісшілер Астрахан губерниясы Чернояр уезінің аумағын да басып  өтті. Онда қалмақтар мен қарақалпақтардың және татарлардың ауылдарына шабуыл жасап, талқандап кетті.7-қазанда Исатай Таймановтың басшылыңымен көтерілісшілер жасағы ханның жоғары мәртебелі адамы Шәкі Нұралихановтың ауылына шабуыл жасауға ниеттенді. Жәңгір ханның атына жолдаған ұжымдық рапортында Шәкі Нұралиханов сұлтан, Жәнібек Бекшалиев және басқалар сол күні: «Исатай Тайманов енді өзінің қуаттылығымен бұрынғысынан бетер мақтанды, сондықтан малды айдап әкетуі енді бұрынғыдан да жиірек болып жүр және ол, Тайманов Глиняный форпосында қоныс тепкен біздің ауылдарымызға шабуыл жасамақниетте, сол себепті біз қазір тиісті шаралар алдық» – деп жазады7.

Көтерілісшілердің келесі бір шағын  жасағы Балшықты қамалы маңында сұлтан Медетқали Шоқаұлының ауылын шауып  кетті. Сұлтанның дүние-мүлкі мен  малын олжалады.

 
2.Көтерілісшілердің Хан ордасын қамауға алуы

 
Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісшілер 1837 жылғы қазанның аяқ кезінде  Хан ордасына он шақырымдай жақын  келді. Жәңгір хан да, оның төңірегіндегілер де қоршауда қалды. Көтерілісшілердің  жалпы саны екі мың адамнан  асатын еді. Алайда Исатайдың Хан  ордасын күшпен басып алғысы келмеді. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан Балқы  және Қарауылқожа билерді өз төңірегінен  қуып жіберуді, билікті ру старшындарының қолына беруді талап етті.

Жәңгір ханда үрей қалмады. Ол көтерілісшілермен  келіссөз жүргізуге көшті. Ханның қолына жаңа талап-петиция табыс етілді. Онда, егер ханға қойылып отырған  талаптар орындалмайтын болса, көтерілісшілердің  бүкіл ауыл-аймағымен Ішкі Орданы тастап, көтеріле көшіп кететіні ескертілді. Оған халық арасында ықпалды 300 рубасы мен старшын және батырлар қол қойды. Бұл жағдай Жәңгір ханның жағдайын күрт нашарлатып жіберді.

Патша үкіметінің әкімшілігі де қатты  алаңдады. Көтерілісшілер Жайықтан бұзып-жарып  сыртқы бетке көшетіндей күн туа  қалса, оған қарсы алдын ала шұғыл  шаралар қабылдауға кірісті. Шекара бекінісі күшейтіле бастады.

Исатай Тайманұлы ханмен екі  арадағы шиеленісті жағдайды бейбіт келіссөздер арқылы шешуге болатынына патша әкімшілігін сендіруге  тырысты. Батыр уақыттан ұтуды ойластырды. Қыс түсіп Жайықтың мұзы қатқан бойда  оның сол жақ бетіне көшіп кетпек болды. Ал бұл екі арада Орынбор  әкімшілігі мен Жәңгір хан қазақтардың  әскери күштерін шұғыл түрде топтастырып  үлгерді. Жазалау шараларын жүзеге асыратын Жәңгір хан жасақтары да әзір болды. Сөйтіп қысқа мерзімнің  ішінде көтерілісшілерге қарсы 1000-нан  астам адам шоғырландырылды.

 
3.Тастөбе түбіндегі шайқас

Шиеленістің қан майданда шешілетін  уақыты таяп келді. 1837 жылғы 15 қарашада Тастөбедеген жерде көтерілісшілер мен жазалаушы отрядтар арасында кескілескен қанды шайқас болып  өтті. Көк сүңгіні шебер пайдалана  білудің, жарамды жақсы аттарды  тандап мінудің, шайқас өткен жер  жағдайымен бес саусақтай жақсы  таныс болуының нәтижесінде көтерілісшілер ұрыстың алғашқы жартысында басымдық танытып, едәуір жеңіске жетті. Алайда көтерілісшілерді жазалаушылар зеңбірекпен  толассыз атқылай бастады. Көтерілісшілер бұған шыдай алмай, кейін шегінуге мәжбүр болды. Олардың соңынан бірнеше  шақырымға дейін қуғын жасалды. Ондаған адам қаза тапты. Қуғын кезінде  көтерілісшілердің біраз малы жау  қолында қалды.

Тастөбе түбіндегі жеңілістен кейін  көтерілісшілер шағын топтарға бөлініп, Ішкі Орда аумағына тарап кетті. Көтерілісшілердің  күші олсіреп, моральдық рухы да төмен  түсті. Жазалаушы әскер барлық күшті  көтерілістің басшысын қолға түсіруге жұмсап бақты. Исатайдың басына 500 сом  күміс ақша тігілді.

1837 жылғы 13 желтоқсанға қараған  түні көтерілісшілер Жайық өзенін  кесіп өтті. Сарайшық бекінісінен  сұлтан Баймағамбет Айшуақұлы  80 қазақ және өзінің адамдарымен  көтерілісшілердің соңына түсті.  Қуғын кезінде бірнеше көтерілісші  тұтқынға алынды. Сұлтан Айшуақұлы  қанша әрекет жасаса да көтеріліс  басшысын қолына түсіре алмады. 1838 жылдың бас кезінде Исатай  Тайманұлы өзінің қасына ерген  жасағымен бірге Үлкен Борсықты  құмындағы Шекті руының шетіне  ілікті. Бұл жерде оған басқа  да қазақтар топ-тобымен келіп  қосылды.

4.Көтерілісшілердің күшін біріктіру әрекеті

 
Көктем шығысымен казақтардың  қозғалысы жер-жерде қайтадан күшейе түсті. Мәселен, Елек өзенінің бойында  Жоламан Тіленішұлының жасағы іс-қимыл  жасады. Арал-Каспий аралығында Жүсіп  батырдың жасақтары пайда болды. Ал Орталық Қазақстан далаларында  «бүлікшіл сұлтан» аганған Кенесары Қасымұлы бастаған аса қуатты көтеріліс  кеңінен құлаш жайды.

Міне, мұндай жағдайда Исатай Тайманұлы  Хиуа хандығынан бөлініп шыққан сұлтан Қайыпқали Есімұлымен күш біріктіруге  шешім кабылдады. Сұлтан өзін хан  деп жариялады. Оның жасағында 3000- га жуық сарбаз бар еді. Бұл екі жасақ  бір-бірімен Ойыл өзенінің сағасындағы  шекті руының ауылдарында қосылды.

Патша үкіметі үшін өте күрделі  қауіпті жағдай қалыптасты. Оның үстіне бүкіл Кіші жүздің көтеріліске шыққан күштерін біріктіру ниеті де байқалды. Орынбор өлкесәәнің генерал-губернаторы В.А. Перовский Петербургтағы соғыс министіріне көтерілісшілердің қозғалысы «бірте-бірте ұлғайып, бекініс жерлеріне айтарлықтай жақындай бастады және ақырында соңғы мәліметтер бойынша екі коналкадан аспайтын жерге де келіп қалған. Адам саны екі мыңнан үш мыңға дейін жететін олар кенеттен шабуыл жасаған жағдайда бекініс желісінің кез келген жерінен жарып өтіп, үлкен тәртіпсіздік тудыруы мүмкін» – деп жазады8. Сондықтан Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы қазақтардың қозғалысын басып-жаншу үшін ірі әскер құрамын аттандырды. Тау бекінісі жағынан бұған қосымша сұлтан Б. Айшуақұлының қосыны шықты. Оның құрамында Жайық полкінің 100 қазағы бар еді. Орынбордан шыққан подполковник Геке бастаған отрядта Орынбор қазақ полкінің екі жүз, Жайық қазақ полкінің жүз елу, шекара шебіндегі бекіністердің елу солдаты мен екі зеңбірегі болатын.

 
5.Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдары

Информация о работе Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі