Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 21:14, реферат
Орхон – Енисей ескерткіштерінің зертелу тарихы ХVII ғасырдың екінші жартысынан басталады. Ең алғаш рет (1662ж.) Орхон – Енисей жазуы жөнінде хабар берген адам – Амстердам қаласының бургомистрі Н.Витзен.
1697 жылы Тобыл қаласының бояры С.Ремезовтың «Сібір қалаларының шөл далалары мен таулы жерлерінің чертежі» атты еңбегі жарық көрді. Сол еңбекте талас бойындағы «Орхон тасы» жер атап көрсетілді. Көне түркі жазба нұсқауларын зертеуші ғалымдардың пікірі бойынша, осы жер 1896-1898 жылдардағы талас ескерткіштері табылған тұсқа сай келеді.
1889
жылы орыс зерттеушісі Н.М.
Ядринцев Орхон өзенінің
Н. Ядринцев тасқа мынадай сыпаттама береді: биіктігі - 3,5 метр, төменгі ені - 1,32 метр, жоғарғы жағының ені – 1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың төрт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы да, қалған қабырғасы бірдей руналық жазумен толған.
Н. Ядринцевтің айтуына қарағанда, ескерткіштен 25 метрге дейін созылған аласа дөңес жатыр. (кейінгі зерттеудің нәтижесінде бұл қытай кірпішінен жасалған қабырға екендігі анықталды). Осы қабырғаның жанынан басы жоқ, мрамордан жасалған 7 түркі статуясы табылған. Ескерткіштің батыс жақ бетінде басы бір-біріне қараған, қираған екі хайуанның мүсіні бар (ғалымдар мұны мазарға кіретін есіктің белгісі болу керек деген болжам айтады). Ал осы кіре берістен әрқайсысының арасы 10-12 метрден, беттері шығысқа қарағанадам мүсіндес сын тастар ұзындығы 4,5 шақырымға дейін созылып жатыр екен. Мұқият зерттеудің нәтижесінде әлгі мүсіндердің осында жерленген кісінің тіршілігінде өлтірген дұшпандарының келбеті екені және айқындалып отыр.
Көп кешікпей Н. Ядринцев Россия археологтарының VІІІ конгресінде ғалымдардың назарын сло Орхон бойындағы көне мұраларға аударады. Осыдан бастап бұрын тек Енисей ескерткіштері деп қана аталып келген жазбалар енді Орхон, яки Орхон-Енисей жазулары деген атқа ие болады.
Шамамен VІ ғасырдың орта кезінде Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан жақсы мәлім.
Міне,
сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық,
әдеби мәдени өмірін жыр еткен
ғажайып дастандар бар. Бұлар
– «Күлтегін», «Білге қаған», және «Тоныкөк»
жырлары деп аталады. Бұдан 1250 жыл
бұрын үлкен құлпытастарға
Руна жазуындағы жәдігерліктер жанры туралы соңғы кезге дейін әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Бұларды біресе прозалық шығарма десе, екінші жолы поэзиялық туынды деп
келеді. Ал кейінгі кезде, әсірее, көрнекті совет ғалымы И. В. Стеблеваның «VІ – VІІІ ғасырлардағы түркі поэзиясы» деген еңбегі басылып шыққаннан кейін руна жазуындағы әдеби мұралар поэзиялық туынды деп танылады.
«Сонымен
қатар дәл Стеблеваның
«Күлтегін»
жырындағы мынадай өлең жолдарына
назар аударайықшы:
Қаның судай ақты,
Сүйегің тау боп жатты..
Бек ұлдарың құл болды..
Пәк қыздарың күң болды...
Тізеліні бүктірдік,
Бастыны еңкейттік...
Еліміз қайта ел болды,
Халқымыз қайта халық болды.
Міне, осы ерлік пен ездік, соғыс пен бейбітшілік, құлдық пен тәуелсіздік жайында тебірене толғайтын ғажайып жыр жолдарын ақын бұдан бір мың екі жүз елу жылдай бұрын жазыпты. Демек, әрбір шумағы әсем айшық-өрнектерге, сезім толғаныстарына, жанды бейнелерге толы бүгінгі өресі биік поэзияның қайнар-бастауы, түп тамыры көне тарихтың тұңғиық тереңінде жатқаны ғой.
Көне түрік қағанаты дәуірінде, дәлірек айтсақ VІІІ – ғасырда әрбір әрпі құлпытасқа қашап жазылған, әрбір сөзі адамның жан жүйесін еріксіз тебірентетін, әрбір шумағы астарлап айтылған ой-толғаныстарына толы, қадым замандардан сақталып, бізге жеткен сөз патшасы бүгінгі оқырманына да әмірін жүргізеді – оған эстетикалық ләззат беріп, ой мен сезім әлеміне жетелейді. Қиыннан қиыстырып, айтар сөзін айшықтап, ажарлап, сан түрлі бояумен құбылтып жеткізген ежелгі заман ақынының шеберлігіне таңырқап, талантына тәнті боласыз.
Адамзаттың
көркемдік талғамы ерте замандардан
бастап дамығанын дәлелдейтін ғажайып
көркем сөз ескерткіштері тек
көне түркілерде ғана емес, өзге халықтарда
да жиі ұшырайды. Мәселен, ежелгі вавилон
елінің «Көрмегені жоқ кісі» деп
аталатын батырлық поэмасы біздің заманымыздан
бұрынғы екі мыңыншы жылдар шамасында
жазылыпты. Бұл адамның сұлулығы
мен ұлылығы, батырлығы мен асылдығы
жайындағы гимн деуге болады. Ал,
енді үнді жұртының бұдан да ертерек
жазылған «Махабхарата» деген көркем
туындысы адам бойындағы асыл қасиеттерді
жырлауға арналған. Бұл дастан он тоғыз
кітаптан тұрады, жалпы көлемі екі
жүз он төрт мың жол өлең болып
келеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер.
1. Бартольд В.В. Соч.,5.-М.,1968.-С.45
2. Бейсенбайұлы Ж. Бітігтастағы Білге танушы «Егемен Қазақстан» 2002, 28 сәуір.
3. Ертедегі қазақ әдебиеті, Хрестоматия, Күлтегін. (кіші жазу) Алматы, 1967, 29 б.
4. Есенқұлов
Е. Көне түркі жазба
5. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, Ана тілі 1991.
6. Жолдасбеков
М. Асыл арналар. Алматы, Жазушы
1990.
Информация о работе Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі