Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 21:14, реферат

Описание работы

Орхон – Енисей ескерткіштерінің зертелу тарихы ХVII ғасырдың екінші жартысынан басталады. Ең алғаш рет (1662ж.) Орхон – Енисей жазуы жөнінде хабар берген адам – Амстердам қаласының бургомистрі Н.Витзен.
1697 жылы Тобыл қаласының бояры С.Ремезовтың «Сібір қалаларының шөл далалары мен таулы жерлерінің чертежі» атты еңбегі жарық көрді. Сол еңбекте талас бойындағы «Орхон тасы» жер атап көрсетілді. Көне түркі жазба нұсқауларын зертеуші ғалымдардың пікірі бойынша, осы жер 1896-1898 жылдардағы талас ескерткіштері табылған тұсқа сай келеді.

Работа содержит 1 файл

алток.docx

— 41.19 Кб (Скачать)

Орхон – Енисей ескерткіштерінің зертелу тарихы ХVII ғасырдың екінші жартысынан басталады. Ең алғаш рет (1662ж.) Орхон – Енисей жазуы жөнінде хабар берген адам – Амстердам қаласының бургомистрі Н.Витзен. 
1697 жылы Тобыл қаласының бояры С.Ремезовтың «Сібір қалаларының шөл далалары мен таулы жерлерінің чертежі» атты еңбегі жарық көрді. Сол еңбекте талас бойындағы «Орхон тасы» жер атап көрсетілді. Көне түркі жазба нұсқауларын зертеуші ғалымдардың пікірі бойынша, осы жер 1896-1898 жылдардағы талас ескерткіштері табылған тұсқа сай келеді. 
Ал Орхон – енисей ескерткіштері үлгілерінің алғаш жарық көруі сібірде 13 жыл айдада болған швед офицері Ф.И. Табберт – Страленбергтің атымен тығыз байланысты. Оның 1730 «Европа мен азияның солтүстік және шығыс бөлімдері» атты еңбегінде көне ескерткіштер туралы көптеген қызғылықты аралаған Д.Е.Мессершмидтің күнделік жазбаларында да көне түркі жазбаларының кейбір үлгілері туралы деректер келтірілген. 
Қазіргі орта Азия, Қазақстан, сібір жерлерін аралаған жиһангер Совет заманында өзгерген өңірдің салтанатты, әсем қалаларын, зәулім заводтарын, алып фабрикаларын қызықтап – тамашалары сөзсіз. Сонымен бірге өлкелереден қол қусырып мүлгіген жансыз, меңіреу балбал тастарға да, опат соғыстардан қирап жер астына түскен ескі қалалардың жал-жал көмескі қорғандарына да, сол бір жойқын бүліншіліктерге төтеп берген сәулет өнерінің не бір ғажап ескерткіштеріне де кз тоқтатып, тарих түбіне ой жіеріп өтері де ақиқат. Бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – орхон ескерткіштері (VIIIғ.) жайында, Білге қағанға, Күлтегінге, тоныкөкке арналған құлпытастағы жазулар жайында. 
Онда VIIIғасырдың іргелі мемелкеті – Түркі қағанатының құрамындағы толып жатқан рулардың өзара есепсіз жауласуы, сабылған жорықтары мен соғыстары суретеледі. Бұл ескерткіштердің басты кейіпкерлері хандар, бектер, болғанмен, біз олардан неше түрлі қанау-тонауды көрген, азап-мехнат шеккен бұқара халықтың аянышты өмірін суретеу талабын да анық көреміз. 
Орхон жазбаларын кейбір зертеушілер тарихи деректер жиынтығына жатқызса, енді біразы оларды тарихи ерлік жыры деп тануда.  
Енисей, Орхон және Талас жазба ескерткіштерінің тілі туралы сөз қоздырудан бұрын, онда қолданылған әліпби жайында айта кеткен орынды. Түркі тілдері тарихындағы ең алғашқы әліпби осы жазулар әліпбиі болып есептеленідеі. Енисей, Орхон және Талас жазуларының тарихи тамыры мен оның таралу жолдары жөнінде күні бүгінгіге дейін бірізділік жоқ. Орхон – Енисей әліпбиінің шығуы, түп – төркіні жөнінде түрколог ғалымдар арасында бірталай талас пікірлер бар. В.Томсон, В.Радлов., С.П.Толстов., П.Мелиоронский, С.Доннер, Е.Блоше Орхон-Енисей жазуының әріптерін арамей жазуынан тараған деп қарайды. Онда ол араб жазуымен негіздес болып шығады. Ғалымдардың айтуынша, арамей әріптері көне еврей, сирия әліпбиімен бірге финикия жазуының негізінде пайда болған. Осыған орай, В.Радлов, С.В.Киселев және И.А.Батманов жазуды шығыстан емес, батыстан келген болуы керек деп топшыласа; тарихшы С.Г.Кляшторный бұл әліпбидің Орта Азияға арамей әліпбиін қолданған иран тілді батыс көршілердің ауысуы ықтималдығын айтады. 
П.М.Мелиорионский енисей және талас жазулары «таңбалар негізінде пайда болды» деген пікірді сынай отырса да, көне түркі таңбалары осы жазу үлгілерінің негізі болуы мүмкіндігін мүлде теріске шығармайды. 
Г.Вамбери Орхон- енисей әліпбиінің ерекшеліктреі жөнінде айта келіп: «Бұл әліпби ықшамды емес, сондықтан VI-VIII ғасырлардағы түркі тайпалары емес», - деп қарады. 
П.Мелиоранский болса, керісінше, енисей, Орхон және талас әліпиін сол кездегі «түркі тайпаларының аталбы мен қажетін өтей білген, түркі тайпалары тілінің дыыстық ерекшеліктерін дәл бере алған» деп бағалады. 
Жоғарыда аталған жазулардың ең ескісі енисей жазба ескерткіштері. В.Радлов, П.М.Мелиоранский, С.Е.Малов сияқты ғалымдар орон жазуымен салыстырғанда енисей жазуы әлдеқайда көне деп есептейді. Бұл жөнінде К.А.Батманов былай деп жазды: «Они имеют лишь стилистические отличия? Свячанные с тем, Что енисейские более позднее? Характеризуеются отработаным их изображение? Эволюционировавшим около двухсот лет», Енисей, Орхон және талас жащуы сонау табғаш іргесінен асталып, орта Азия мен Венгрия жеріне дейін тарап, кең жайылған. Осыған орай, бұл жазулардың арасында жазылу /графикалық/ ерекшеліктері де кездеседі. 
XVIII ғасырдың басы еді. Орыс армиясының қолына түскен тұтқын щвед офицері Филипп Иоганн Страленберг Сібірді түгел аралап, Орхон өзенінің бойын жағалай жоғары өрлеп келе жатты. Ұзақ жүрді, бірақ бұл өңірден пәлендей тіршіліктің белгісін көре алмады. Әбден шаршап-шалдыққан саяхатшы алдағы жолдың қызығынан біржолата күдер үзгендей еді, бір кезде сонау көз ұшынан бұлдырап сағымға малтыққан кереметті көзі шалғандай болды. 
Қызыл көрген бүркіттей шаршағанын ұмытып, Иоганн жүрісті жылдамдата түсті. Жақындаған сайын оны әрі үрей, әрі өзгеше бір жұмбақ сезім билей бастаған тәрізденді. «...Зәулім тастар, белгісіз таңбалар, тас болып қатып қалған адамдар... Әйтеуір ұзына бойы созыл-ған, қол қусырып мөлиген тас мүсіндерде шек жоқ. Бұл не ғажап? Табиғаттың өзі жасаған құдірет пе, жоқ олде адамның сиқырлы қолынан туған керемет пе?!.» 
Ол ұзақ ойланды, ұзақ толғанды; бірақ түпсіз шыңырау, тұңғиық ойдың түбіне жете алған жоқ. 
Содан бері үш жүз дылдай уақыт өтті, бірақ сол меңіреу тастар «Орхон ескерткіштері» аталып дүниежүзі ғалымдарын әлі күнге дейін тамссандырып келеді. Бұл мұралар жайындағы алғашқы мәліметер 18 ғасырдың басында көріне бастайды. 19 ғасырдың алғашқы ширегінде біраз мағлұматтарды өзі шығарып тұрған «Сибирский вестник» журналнда Григорий Спаски жариялайды. Оның мақаласы көп кешікпей латн тіліне аударылады да Орхон ескерткіштері ғалымдарына да белгілі бола бастайды, бұл хабарды естіген археологиялық қоғамы 1875 жылы Минусинскіге екі рет экспедиция жіберіп, 1889 жылы «Енисей жазбалары» деген атпен 32 таблицалы, 8 фотосуретті атлас жариялайды. Ескерте кететін бір жай жазбалардың әліппесі табылған бұл мұраларды фин ғалымдары өз халқының ескерткіші деп танып келген.  
1889 жылы орыс зерттеушісі Н.М.Ядринцев Орхон өзенінің бойына, Енисей өзені сағасынан табылған ескерткіштерден әлдеқайда үлкен белгісіз таңбамен жазылған зәулім қолдан қашалған төрт қабырғалы биік тасты көреді.  
Н.Ядринцев тасқа мынадай сипаттама береді: биіктігі – 3,5 метр, төменгі ені -1,32 метр, жоғарғы жағының ені 1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді. Жоғарғы бөлігі өрнектелген тастың төртжағ бірдей жазылған батысқа қараған бетінде қытай жазуы да қалған қабырғасы бірдей руналық жазумен толған. Көп кешікпей Н.Ядринцев Россия археологтарының 8-ші конгресінде ғалымдардың назарын сол орхон бойындағы көне мұраларға аударады. Осыдан бастап бұрын тек Енисей ескерткіштері депқна аталып келген жазбалар енді. Орхон яки Орхон Енисей жазулары деген атқа ие болды.  
1892 жылы сы екі экспедицияның да қорытындысы жазбалардың суретімен екі үлкен атлас түрінде жарияланып бұл атлас дүниежүзі ғалымдарынң алдына ауыр да жауапты міндет – жазудың сырын оқу міндетін қояды. Міне дәл осындай зерттеуші – дания ғалымы Копенгаген университетінің салыстырмалы тіл білімі кафедрасының профессоры Вильгель Томсен болып шықты.  
1877 жылы бслып шықан ерте русь және скандинавияның өнері өзара қатынастанына арналған тарихи еңбегінен соң Томсен оңтүстік сібірден табылған Орхон енисей ескерткіштерін зертеуге біржолата ден қояды. Ақыры 1893 жылы орхон жазуының «кілтін» табады. 
Біздің ғалымдарымыздың көбісі осылай «кілтін» тапты деп жалпылама бір сөзбен ғана айтып жүр де, ал қалай тапқандығы туралы мәселенің ең қажеті жағы айтылмай келеді.  
Ғалымның назарын енді мына бір таңбаларын (оңнан солға қарай оқимыз). і – р – ң – т, демек тңрі («тәңірі, аспан, көк» құдай мағынасында – М.Ж) деп оқиды. 
Ғалымның назарын енді мына бір таңба тобы аударады. өйткені бұл ескерткіш тастың біреуінде де кездеседі де, екіншісінде кездеспейді. Томсон мынадай шешімге келеді. Бұл таңба осы ескерткіш арналған бетің ия батырдың есімі болуға керек.  
Қытай тексінде оның аты – Кюэ-те-гин. Қытай тілінде сөздің соңғы буында л дыбысының болмайтындығын және басқа тілден ауысқан сөздерді беруде л – дың түсіп қалатындығын ескере отырып зертеуші таңбалар тобын Күлтегін деген сөзбен салыстырады.  
Дәл осы принциппен қарағанда қытай тексіндегі Би-кя ескерткіштің (екінші таста) мынадай таңбалар тобымен сәйкес келеді. Оның мағынасы білге деген сөзді білдіреді. 
Енді Томсен ескерткіштің екеуінде қайталана беретін  
таңбалар тобын тексереді. Бұл сөздің құрамындағы алғашқы үш таңба ғалымға белгілі. Ежелегенде оңнан солға қарай мұның әдепкі үш дыбысы түр болып шығады. Демек бұл түрк деген сөз болу керек.  
Сөйтіп к дыбысының таңбасын табады. Бұл дыбыстың бір таңбасын біз Күлтегін деген сөздің құрамында кездестірген едік.  
Ескертетін бір жай қытай текстерінен аталған ескерткіштің тілі қай халықтікі екендігі турасында мәлімет болатын ол қытайша – ту-кюэ халқы. Демек бұл сол кещде белгілі болған барлық түркі халықтарының тілінен әлдеқайда әрідегі таза түркі диалектісінің тілі. 
Сонымен моңғолия жерінде Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштерді кім жасаған және олар бүгінгі халықтардың қайсысына жақынырақ. Ескеркіштерді жасаушыларда оның бас кейіпкерлері де түркі халқы, түркі жері, оның батырлары. Ал көне түркі дегенді көбіне көне қазақ тайпалары деп ұққан жөн болады.  
 
Орхон ескерткіштерінің аударылуы. 
Орхон ескерткіштерінің бүгінгі таңда орыс тілінде жарияланған аудармасының екі түрлі үлгісін атай аламыз.  
Біріншісі – қарасөз үлгісіндегі мағыналық аударма. Бұған В.В.Радлов., П.М.Мелиоранский, С.Е. Маловтардың аудармасы жатады. 
Екіншісі – И.Стеблеваның өлең аудармасы. 
Біріншіден Малов біздіңше ескерткіштің мазмұнын мағынсын беруді басты мақсат етіп қойған. Сондықтан да ондағы жыр шумақтары бүтіндей ескерілмей қалған.  
Екіншіден кейбір жеке сөздердің баламасын дәл бермеген және түп нұсқадағы кеәбір сөздері түсіп қалған. Мәселен күлтегінге арналған кіші жазудың алғашқы шумағындағы білге сөзі түсіп қалған, оның керісінше күлтегінге арналған жазуда кездеспейтін іті сөзі түсіп қалған.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Әрбір дәуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманының белгілі ақын-жазушылары  дастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге айналдырып, шеберлер сәулет өнерінде бейнелеп қалдырған.

    Тек түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние  жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің  мәні өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен  мақтаныш. 

    Ежелгі  мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VІІІ ғ.).

    V-IX ғасырларда түркілер қоныстанған  Алтай, Сібір, Орта  және  Орталы             қ Азия жерінде жазу, сызу, егін, әдебиет өнері, тарих ғылымдарының, діни сенімдердің, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ.

    Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт  түркі тілдерінің даму тарихындағы  «Көне түрік» дәуірінде сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон – Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері – Орхон, Енисей, Селенгі және Талас бойы.

    Орхон-Енисей жазуы өзінің жазу ерекшеліктері  мен қолдану өрісіне сай Орхон-Енисей және Талас жазуы делініп екі  топқа бөлінеді.

    Енисей  жазба мұралары. Олардың бұлайша  аталуы тас бетіндегі сына жазуларының  Енисей бойынан табылумен байланысты. Бұған қосымша кейіннен Тува мен  Хакасия Краснояр өлкелерінен де осындай жазбалар табылған. Енисей жазбаларының жалпы саны  - 85 шамалы. Олардың ішінде кіші – гірім жазбалармен қатар ірі тестер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкен 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады. Қолданылуы жағынан Енисей ескерткіштері – ескі түрік жазуының алғашқы шығып қалыптасқан, тараған нұсқасы. Бұл  жазу біртіндеп Орхон өзені, одан Талас өзені өңіріне тарады. Бұл тұжырымның шындыққа жанасымдылығы жеке таңбалардың жазылу тәсілі мен жетілдірілуінен де байқалады. Енисей жазба ескерткіштерінің ең көне түрлері Минусинск ойпатынан табылған. Бұл жазбалар түркі халқы белгілі мөлшерде отырықшы болып, металл өңдеушімен айналысқанын, мәдениетті ел болғанын көрсетеді.

    Орхон жазуы көне  түркі мұраларының ішінде қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау Cібірден бастап Орта Азия мен Қазақстан аймағы тұтастай Түркі қағандығының қол  астына қараған болатын. VI ғасырдың ортасында қазіргі Солтүстік Монғолия жерінде бас құраған түркі қағандығы сол ғасырдың аяқ шенінде батысы Каспий теңізіне, шығысы Корей бұғазына дейінгі аралықты аралық алып жатқан ұлы империяға айналды. Кейін келе Батыс Түркі және Шығыс Түркі қағандығы деп аталатын екі үлкен қағандыққа бөлініп кеткені белгілі. Солай бола тұра, V-VIII ғасырларда жартастардың беттері мен тас мүсіндерге сондай-ақ кейбір  ыдыстардың желгі, түбі және қабырғаларына ойылып жазылған көне түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған  3 тарихи  мұра ерекше аталады. Оның біріншісі -  731 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген  Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер. Тоныкөк туралы Копенгагиндік профессор В. Томсен мен Клеменц ханымның еңбектерінен мынадай мағлұмат ала аламыз: Орхон жазбаларында көрсетілгеніндей, Тоныкөк деп табылған ескерткіште ол – үш ханның  ақылшысы және Білге қағанның құдасы болған адам. Қытай жазбаларында Тоныкөк   жайлы  716 жылы айтылған. Елтерістің  патшалық құруында оның қосқан үдесі туралы Қытай және Тоныкөк жазбаларында  толық көрсетілген. Көне түркі жазбаларын кейде «руна» жазулары деп атайды. Оның себебі: Сібірде айдауда жүрген швед офицері Страленберг пен неміс ғалымы Д.Г. Мессершмидт кездестірген құлпытастардағы  өзі түсінбейтін жат жазуды өз  елінің тілінде «руна» жазуы деп атаған еді. Бұл сөз термин ретінде бертін келе кеңінен таралып кетті.

    Орхон ескерткіштері оқиғалар мерзімі, жазу стилі жағынан ескі түркі жазуының соңғы – жаңа дәуірін танытады. Оның бер жағында Орхон жазуы, сірә, халық арасына кеңінен тараған  болу керек. Күлтегін ескtрткіштерінде мынадай сөйлемдер кездеседі: «Түркі салқын тиып, ел еткендеріңді де мұнда  бастым, жаңылып кеткендеріңді де мұнда бастым. Барлық сөзімді айтар  мәңгілік тасқа бастым, бұдан қарап  біліңдері түркінің қазіргі халқының бектері» - дейді.[1]

    Орхон жазбалары осы жағдайлардың тамаша көрінісін берген. Бұл жерде бұрын  өз мемлекеті болған түркілердің  қытайлардан жеңіліп, шамамен 50 жыл  бойы қытай билігінде болып, кейбір княздар қытай титулдарын қабылдап, түркі бектері болудан қалғандығын айтады. Сонда жай халық: «Менің өзімнің ханым бар, мемлекетім бар халық едім, енді менің мемлекетім қайда, халқым қайда?» - дей [2] ойсырып, қытайларға шығады. Бұдан біз  арасындағы күресті, ханның халық өкілі ретінде күрес жүргізгендігін көреміз.

    Орхон жазбаларында әскери күш және әскери рух қаншалықты дәріптеліп  отырғанына қарамастан одан адамшылққа жат пиғыл кездеспейді, мәдениетті деген халықтардан шыққан басқыншылардан кездесетін қатыгездік және қатыгездіктен ләззат алу элементтері мұнда атымен жоқ. Жазба ескерткіште империяның құралуы – халыққа көрсеткен қызметін, келтірген пайдам деп түсіндерді.

    Ал  әскери  тұрмысқа  келетін болсақ, әрбір, жауынгер соғыста ғана емес, күнделікті өмірде де ержүрек әрі ақылды болуы керек екенін ескертіп отырады.

    Жазба ескерткіштегі Білге қаған –үлкен ел басқарушы, Күлтегін - өз заманының  даңқты батыры, Тоныкөк - әрі батыр, әрі шешен, жырау, әрі кемеңгер ақыл иесі. Тастағы жазбада Тоныкөк  мемлекет қамын ойлайтын басшы  түрінде суреттелсе, Күлтегін өз ағасы Білге қаған кезінде  әскер басы болған, оның батырлығы сол кездегі ерліктің дара үлгісі ретінде беріледі. Сол жазбалардың ішінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған шешендік сөз үлгілері мен өлең ұйқастары, мақал-мәтелдер, арнаулар мен жоқтаулар молынан кездеседі. Мысалы: «Көрур көзум көрмес тег бопты, білер білігім білмес тег бопты, «Түн қатып»[3] деген  сияқты қолданыстар аздаған  дыбыстық ерекшеліктері болмаса, күні бүгінге дейін тілімізде сол күйінде қолданылып келеді.

    Талас жазу ескерткіштері. Талас өзені  аңғарынан табылған ескерткіштер «Талас ескерткіштері» деп аталып жүр. Талас  өзенінің бойынан, Қырғызстан жерінен  барлығы 23 ескерткіш табылған. Таластан табылған ескерткіштер көлемі тар көлемі әзірше өте шағын және сан жағынан  да аз.

    Талас  алқабынан 1932 жылы табылған руна жазуы бар алатаяқ та қызықтыра түсті. Оның төрт қырында да көне  түркі алфавитімен жазылған. Бұл алатаяқ шыршадан жасалған. Оның құндылығы да осында. Алатаяқ қазір Санкт-Петербургтегі мемлекеттік Эрмитажда сақталуы. Орхон-Енисей ескерткіштері тектес таңба-жазылуы, тастар Әулиеата түбінен, Талдықорған өңірінен, Сарыарқадан және Алматы маңынан табылған. Сонымен ежелгі түркі елі белгілі бір аумақта өмір сүріп, өзіне лайық жазуын, тілін, өзге де мәдениетін дамытқан. Ежелгі түркі мәдениетінің Орталықтары Енисей, Орхон, Селенгі, Талас өзендерінің бойы, Минуевльск ойпаты, Алтай тауы, Қазіргі Тува, Краснояр, Жетісу аймақтары болды. Оған Шығысы Хангай, Сарыөзеннен, батысы – Карпат тауларына, Оңтүстігі – Қытайдың Аққорғанынан, Теріскейі – Ленаға дейінгі аралықтағы байтақ аймақты мекендеген түрік халықтарының жазу-сызу дәстүрінен қалған барлық мұралар енуі. Ғылым әлемінде түрік жұрттарының жәдігері ретінде танылған жазулар 2500 жылдан бері бар деп есептеледі. Әзірге мәлім болған  есеп бойынша, көне Түрік жазуымен тас бетіне 240-тай қағаз бен теріге 310 беттей мәтін түсіпті. Маникей  әріпімен 554 бетіне жуық мұралар, ұйғыр әрпімен 1000-ға тарта мәтіндер, 10-ға жуық кітаптар жасалыпты. Араб қарпімен жазылған ортағасырлық дүниелер қаншама жалпы түрік халықтары XVI ғасырға дейін оннан астам жазу үлгісін қолданып, пайдаланған кездерінде қыруар мұралар қалдырған[4] .

    Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тонына, Білге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жыраулардың  кейіпкерлеріне,  сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагой білімдарияры өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді.

    Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық мәдени, әрі  әдеби тұрмыс-салт өміріне хабар  беретін жәдігерлер қазына ретінде  бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға айналды. Түркінің сары даласының ішкі сырын бойына сіңірген  таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығымен қайғы-қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп еш өзгерместен күні бүгінге жетіп отыр. Болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырған көне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып ескерткіштер саны жыл санап өсіп жатыр.

    Түріктану ғылымы көне түркі жазба ескерткіштерін географиялық, мазмұндық әрі дәуірлік мәніне қарап, Орхон, Енисей және Талас  деп үш топқа бөледі. Соның ішінде Талас жазбалары Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан табылған ескерткіштердің  тікелей жалғасы болып табылатын  орта ғасырлық мұралар мен тарихи орындар осмы таулы-қыратты, өзенді аймақтарда орналасқан. Сан жылдар бойы іздестірудің барысында Орталық  Азия территориясында ағаш тақтайшаға ойылып жазылған көне жазу табылды.  Бұл жазу жүйесі өзінгің құрылымы және тақтайға ойылғанымен басқа тас жазулардан ерекшеленеді. Іле-шала Ертіс өзені бойынан қола айнадағы жазу, ал 70-ші жылдары Іле өзені бойынан (Есік қорғанынан) күміс тостағандағы жазу табылды. Мұндай тарихи мәні зор жазулардың бүгінде Қазақстанның кез-келген өңірінде өз сырын ішіне бүгіп жасырып жатқаны бізге беймәлім.

    Қазіргі кезде ежелгі түркі тайпалық одақтары өмір сүрген аймақтардан руникалық  жазумен ойылып жазылған үй-тұрмысына  қажетті заттар, қой тастар табылып  жатыр.

    Орталық Азия мен Қазақстан жерлерінен табылып  жатқан руникалық түркі жазбалары  Орхон таңбаларынан өзіндік ерекшелігімен  дараланады. Мұнда Орхон немесе Енисей өзендері аңғарларынан табылған, жазулардағы  барлық таңбалардан бөлек өзгеше жазылған көне әріптер кездеседі. Мұның  өзі түркі жазуы жүйесінің  ертеден қалыптасқан, жүйелі әліппе, жазу мәдениетіміздің тереңде екенін аңғартады.

    Ежелгі  түркі туралы Орхон материалдарынан  басқа да табылған археологиялық  материалдар баршылық. Бұл материалдарды  оқып білу  әлі күнге дейін кешуілдеп, нақты тарихи деректерді көрсететін мәліметтердің көбінен әлі басы ашылмай келеді. Оған мына жағдай да себеп болды. Х ғасырда исламды уағыздаушылар (арабтар мен түркілердің өздері) өздерінің исламға дейінгі жазбаларына қарсы шығып, бұрын жасалған түркі мәдениетін ислам дініне құран етті-құбыжыққа айналдырды, ақыры ұмыт болды. Бұл саясат кеңес үкіметі, кезінде де  толастамады. «Пантюризим» деген желеумен Түркі мәдениеті қуғындалды. Ол саясат тіпті қазір де ұшырасады. Мысалы, Мәскеуден шығатын «Молодая гвардия» журналыныі (1990-№12№-256 бетінде)  жамбылдық А. Хмелов  Қазақстандағы тіл саясаты туралы сыңаржақ пікір айтты: «Мектеп, техникум, жоғары оқу орындарында бұл тілді (қазақ тілін) қалаңыз, қаламаңыз зорлап оқытады» деп жазды.  «Өзімнің сұлу орыс тілім тұрғанда, қазақ тілінің не керегі бар?» деп қана қоймай, жалған айтып, «қазақ, қырғыз тәрізді көшпелі халықта жазу,сызу атымен болмаған» - деп бұл халықтарды кемсітеді. «Қарап отырсам, өзбек, қырғыз, қазақтардың әрпінің бәрі орыстардан алынған. Ендеше ондай тілді үйретудің не мәнісі бар, - деп қорытады.

    Көшпенділер өз тарихың VI ғасыр да Орхон-Енисей бойындағы қабырға жаңа, ескі түркі  әріптерімен ойып жазғанда[5] орыс халқы әлі тарих сахнасында жоқ еді. Орыс жерінде кириллицаның келіп тууына әлі 300 жылдай уақыт бар еді. Осыларды А. Хмелев мырза білсе «көшпенді халықта әріп деген қайдан болсам» деп ауа жойылмас еді.

    ХІХ ғасырдың алғашқы  ширегінде біраз мағлұматтарды өзі шығарып тұрған «Сибирский вестник» журналында Григорий Спасский жариялайды. Оның мақаласы көп кешікпей латын тіліне аударылады да, Орхон ескерткіштері басқа елдердің ғалымдарына да белгілі бола бастайды. Бұл хабарды естіген фин археологиялық қоғамы 1875 жылы Минусинскіге екі рет экспедиция жіберіп, 1889 жылы «Енисей жазбалары» деген атпен 32 таблицалы, 8 фотосуретті атлас жариялайды. Ескерте кететін бір жай, жазбалардың әліппесі табылғанша бұл мұраларды фин ғалымдары өз халқының ескерткіші деп танып келген. Алайда бұл пікірдің негізсіз екендігін олар кейін мойындады.

Информация о работе Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі