Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 23:25, курс лекций
ХХ ғасырдың басында Батыс мемлекеттері буржуазиялық даму кезеңін бастан кешіп жатқан. Тек ХІХ ғасырдың соңғы үш онжылдығында әлемдік өндірістікк өнімнің және әлемдік сауда айналымының көлемі 3 есе өсті. Мұнай өндіру көлемі 25 есе, болат өндіру 56 есе өсті. Мұндай экономикалық «ғажайып» себебі ретінде техникалық және технологиялық прогрестің қарқынды дамуы, өндірістің шоғырлануы, оның капиталын толтыру жатады.
1870 – 1913 жылдардағы Батыс Европа және АҚШ елдеріндегі экономикалық жағдай
Англияның әлемдік өндеркәсіптік гегомониясы статусынан айырылуы.
Францияның экономикалық артта қалуы.
Германияның экономикалық дамуының негізгі факторлары.
АҚШ- әлемдегі жетекші индустриялды держава.
АҚШ-та феодализм болмаған, мемлекет феодалдық заманның салдарынан бас кешкен жоқ, негізінен мемлекеттің оңтүстігінде құлдық жүйе, плантациялық шаруашылық болған, бұл феодализмге ұқсас, бірақ бұны 1861-1865 жылдардағы Оңтүстік пен Солтүстіктің соғысы толығымен жойып, мемлекетті біркелкі даму жолына қойды. Мемлекеттің басқа аймақтары капиталисттік ауыл шаруашылығын американдық фермерлік түрінде дамытты. Мемлекетте ауыл шаруашылық өндірісінің басым бөлігін жүгері, мақта құрады. Әлемдік мақта жинау қорының 60% АҚШ құрады.
Жұмыс күшінің қымбаттылығы және жетіспеушілігі үздіксіз жаңа техникаларды қолдануға мәжбүрледі, бұл жағынан Европа әлдеқайда ратта қалды. Шикізат көздеріне толы және үлкен территориясы бар АҚШ ХХ ғасырдың басында эмиграция қарқынды дамуына жол ашады.Эмиграция негізінен Африка, Азия, Ресейден болған. Экономиканың тез дамуы ішкі капиталы тез құртты, бұл жерде шетелдік капиталдың ролі маңызды болды. Капитал негізінен Европадан, көбі Англиядан келді. АҚШ-қа әкелген шетелдік капиталдың жалпы көлемі 1860 жылы 400 млн.доллар құраса, 1900 жылы 3,3 млрд.доллар құрады, ал 1914 жылы 5 млрд. долларға жетті. Айтылған факторладың бәрі АҚШ-тың индустриялды аграрлық державаға айналуына себеп болды.
Бұл кезеңде АҚШ-тың өнеркәсіптік өндірісі 9 есе, ал капитал құю өнеркәсібі 10 есе өсті. Өнеркәсіпте негізгі өзгерістер ене бастайды, оның негізгі мақсаты АҚШ-ты ауыр өнеркәсіпті экономикаға айналдыру. АҚШта қарқынды түрде машина жасау өнеркәсібі, болат өндіру, қара металлургия, электротехникалық өндіріс, энергетикалық, газдық, автомобильді өндірістер дамиды.
Сонымен қатар, теміржол құрылысы тез дамиды. 400 мың шақырым теміржол салынды, бұл барлық Европаның теміржол ұзындығынан асады.
АҚШ-тың экономикалық дамуы сыртқы саудадағы айналымның өсуіне жол ашады. Экспорт көлемі бойынша 24 есе дамыса, импорт көлемі 14 есе дамыды. Әсіресе дайын өндірістерді экспорттау тез дамыды, 1896-1900 жылдары әлемдік дайын өнімдердің 30% құраса, 1913 жылы 35,8% дейін жеткен.
АҚШ-та өнім мен капиталды шоғырландыру үрдісі дамыды. 1870 жылы «Стандарт Ойл» ірі сауда монополиясы құрылды, бұл компания торф өңдеу және қайта өңдеудің 14 компаниясын иеленеді. 1892 жылы ірі компания «Дженерал Электрикс» құрылады, 1901 жылы «Болат тресті» құрылады, оның басында Морган болады. 1903 жылы әйгілі «Форд моторс» құрылады, ал 1908 жылы «Дженерал Моторс» құрылады.
Информация о работе ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. басындағы АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінің экономикалық тарихы