ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. басындағы АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінің экономикалық тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 23:25, курс лекций

Описание работы

ХХ ғасырдың басында Батыс мемлекеттері буржуазиялық даму кезеңін бастан кешіп жатқан. Тек ХІХ ғасырдың соңғы үш онжылдығында әлемдік өндірістікк өнімнің және әлемдік сауда айналымының көлемі 3 есе өсті. Мұнай өндіру көлемі 25 есе, болат өндіру 56 есе өсті. Мұндай экономикалық «ғажайып» себебі ретінде техникалық және технологиялық прогрестің қарқынды дамуы, өндірістің шоғырлануы, оның капиталын толтыру жатады.

Содержание

1870 – 1913 жылдардағы Батыс Европа және АҚШ елдеріндегі экономикалық жағдай
Англияның әлемдік өндеркәсіптік гегомониясы статусынан айырылуы.
Францияның экономикалық артта қалуы.
Германияның экономикалық дамуының негізгі факторлары.
АҚШ- әлемдегі жетекші индустриялды держава.

Работа содержит 1 файл

Европа экономикадық дамуы.doc

— 72.00 Кб (Скачать)

ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. басындағы АҚШ пен  Батыс Еуропа елдерінің экономикалық тарихы

  1. 1870 – 1913 жылдардағы Батыс Европа және АҚШ елдеріндегі экономикалық жағдай
  2. Англияның әлемдік өндеркәсіптік гегомониясы статусынан айырылуы.
  3. Францияның экономикалық артта қалуы.
  4. Германияның экономикалық дамуының негізгі факторлары.
  5. АҚШ- әлемдегі жетекші индустриялды держава.

 

 

1870 –  1913 жылдардағы Батыс Европа және АҚШ елдеріндегі экономикалық жағдай

ХХ ғасырдың басында Батыс мемлекеттері буржуазиялық даму кезеңін бастан кешіп жатқан. Тек ХІХ ғасырдың соңғы үш онжылдығында әлемдік өндірістікк өнімнің және әлемдік сауда айналымының  көлемі 3 есе өсті. Мұнай өндіру көлемі 25 есе, болат өндіру 56 есе өсті.  Мұндай экономикалық «ғажайып» себебі ретінде  техникалық және технологиялық прогрестің қарқынды дамуы, өндірістің шоғырлануы, оның капиталын толтыру жатады. Бірақ экономикалық бумның негізігі себебі ретінде Батыс Европа мемлекеттерінде индустриялдық дамудың біртұтас жүйесі құрылуы болды. Өндірістіктөңкеріс Англия, Франция, АҚШта ХІХ ғасырда жүрсе, ғасырдың аяғында Германия, Австро Венгрия, Ресей және Италияда жүрді, ал ХХ ғасырдың басында Жапонияда орын алды. Индустриялды экономикалық модель, яғни  капиталисттік кәсіпкерлік, еркін экономикалық бәсеке, квалификацияланған жұмыс күшін қолдану, технологиялық прогресс дамуы, динамикалы түрде экономиканың дамуы, өндірістік функциялар өсуі  тек Батыс мемлекеттерінде ғана емес, әлемде қарқынды дамыды.

Индустриялды  модельдің дамуының шешуші факторы  ретінде ғылыми техникалық процесстің өзгеруі болды. Оның даму темпі экономикалық жағдайға тікелей байланысты болды, сонықтан ХІХ ғасырдың аяғына дейін ғылыми техникалық базаның толық трансформацияға ұшырау тенденциясы орын алды.  Теміржол және автомобильдік жолдың дамуы индустриялды  экономикалық модельдің дамуында негіз болды. 

Жаңа энергетикалық  базаның құрылуы транспорттық инфраструктураның  желіленуі, өнімнің стандартталуы, жаңа технологиялық өнімдер мен  конвейерлік жүйенің қолдануы ірі  кәсіпорындарға жоғары   тиімділікті  көрсетті. Кәсіпорындарда негізгі тоқтатушы күш болып капиталды тарту, оның көлемі саналды. Ұзақ уақытты несие жүйесі де әлі болмаған. Өндірістік гиганттар мен технологиялық базаның үздіксіз дамуы ірі және бай инвестор мүмкіндіктерін де асып түсетін банктік жүйе құру қажеттілігін тудырды. Бұл ХІХ ғасырдың аяғында акционерлік қоғам құрылу және таратылудың негізгі сбебеі болды.

Банктық жүйенің  да өзгеруі орын тапты. Акционерлік  қоғамның басым акциясымен игеру  банкке өндірістік даму стратегиясын, масштабын және сипатын өзгертуге мүмкіндік берді. Бұл ірі банктер пайда болыуына және шағын банктерді сіңіруге әкелді.

ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. басында экономикалық дамудың  парадигмасы өзгерді, оның орталығына монополия айналды. Әлемдің алдыңғы  қатарлы державалары жаңа даму жолу – монополисттік капитализмге  өтті. Көптеген монополиялық одақтар құрылып, әлемді өздерінің әсер ету сфераларына бөлісу жүзеге асады. Олар мемлекеттің толық экономикасына әсер етіп, өз бағыттарын жүзеге атырып отырады. , әлемдікэкономикалық коньюктураны құрады.

Халықаралық қатынастардың жаңа экономикалық формасы ретіне капиталды шығару айналды. Оның мағынасы әсіресе халықаралық бәсекелестікте технологиялық өзгерістерді өңдеп, еңгізу тездігінде байқалады. Капиталды шығарудың алуан түрлері әлемдік шаруашылықтық қатынастарды дамытып ұлғайтудағы  негізгі даму күш болып есептелді. Дегенімен бұл жүйеге мемлекеттер әр түрлі көзқараста болды, кейбір мемлекеттер шетелдік капитал мен технологияларды дамытуда қатаң бәсекелестікке түссе, кейбір мемлекеттер ұлттық экономикадағы бақылаудан айырылу қауіпімен шетелдік инвестияция көлемін қысқартып, мемлекетке кіргізбеуге тырысты.

Жетекші мемлекеттер  арасында бәсекелестік және жарыс күше түсті, әлемдік капитализмінің негізгі  үш орталығы шоғырланады: Батыс Европа, АҚШ және Жапония.

ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. басындағы АҚШ пен Батыс  Еуропа елдерінің негізгі мазмұны  ретінде капиталисттік бағыттың тарауы мен нарықтық экономиканың дамуын жатқызуға болады. Әлемдік капиталисттік  жүйе толқынды түрде дами бастады. Саяси  және ғылыми лексикаға  «орталық» және  «периферия»  деген терминдер қолдана бастады.

Орталықты бірнеше  ірі мемлекет құрды, оның ішінде: Ұлы  Британия, АҚШ, Франция, Германия және Скандинавия мемлекеттері.  Бұл  мемлекеттердің өнеркәсіптік революция  кезінде тарихи қысқа кезең ішінде үлкен жетістіктерге жетті, сондықтан  капиталисттік жүйеге өтуі басқа мемлекеттерге қарағанда ерте және тез болды.  Периферия ретінде барлық кеш капиталисттік жүйеге өткен мемлекеттерді жатқызды.   Оларға тән дамушы немесе қуып жетуші сипат. ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. басындағы АҚШ, Батыс Европа мемлекетті секілді капиталисттік даму жолын өткен мемлекеттер саны көбейе түсті. ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ.басында орталық пен периферияға бөліну кезеңі  жойыла бастады, себебі кейбір мемлекеттер бұл жолды ұзақ өтсе, кейбір мемлекеттер Жапония, Швеция сияқты бұл кезеңді шапшаң өтті. Өнеркәсіптік революцияның аяқталуы мұндай мемлекеттерге тез дамуына жол ашты.

 

 

Англияның әлемдік өндеркәсіптік гегомониясынан айырылу.

 

Бұл кезеңде  Англия ең ірі колониялық держава  болды. Англияның колониялдық қол астында  1910 жылы 6,5  миллион шаршы шақырым территориясында  145 миллион халық тұрса,  1914 жылы  394 миллион халық   33,5 миллион шаршы шақырым  жерде тұрды. Бұл колониялдық халық метрополиядан  8,5 есе көп болды, ал территориясы жағынан  120  есе көп болды. (Метрополия (гр. metropolіs, meter – ана және polіs – қала) – мемлекет орталығын білдіретін ұғым).

Англияның әлемдік  өнеркәсіптік өндірудегі  үлесі азайды. ХІХ ғасырдың аяғында Англияның орнына  бірінші орынды АҚШ алды, ал ХХ ғасырдың басында Германия екінші орынға жетеді. Әлемдік өнеркәсіптік өндірісте Англия үлесі 1820 жылы  50% құраса,  1870 жылы  33% азайды, ал  1914 жылы тіпті  14%  құрады. Англия өнеркәсіптік монополиясынан айырылғаны мен, сауда саласында Германия жақындағанымен бірінші орынды ұстап отырды. Тек кеме қатынастарында  Англия әлемдік озақтылықты ұстап отырған. Өнеркәсіптік өндіру саласында 1870-1913 жылдары  2,5 есе өседі. Бірақ, бұл даму темпі АҚШ пен Германиядан алдақайда төмен. Осы уақытта Англия артта қалған техника, құрылымдық ұйымдастыру және өндірісті басқару тәсілдерімен сипатталады.  Ауыл шаруашылығы мемлекеттің сұранысының тек бестен бір бөлігін қамтамасыз ете алды.

Англияның мұндай даму ерекшелігі сол кездегі англиялық капитализм, яғни колониялық капитализм дамуымен тығыз байланысты. Мемлекет экономикасы  шетелдік шикізат көздерінен және азық-түліктен тәуелді болды. Англия ұлттық экономикаға  ендіруден капиталды шетелге шығаруды қолданды. Мысалы,1906-1908 жылдары шетелдік экономикаға құйған инвестиция көлемі мемлекеттегі экономикаға құйған инвестиция көлемінен 4 есе кем болды. 

Басқа мемлекеттерде сияқты Англияда өндіріс пен капиталдың шоғырландыру үрдісі жүріп жатырды. Әскери және кеме салушы компаниялар пайда болады: «Армстронг»және «Викерс», ірі мұнай компаниялары құрылады «Роял Датч Шелл». Сабын, глицерин өндіруде ірі монополиялар пайда болады - Левер ағалары, оған қазіргі замануи халықаралық монополия «Юнилевер» негізі болған.Мынадай бес ірі банкілер және ірі қаржылық топтар құрылды: «Беринг», «Лойц», «Чемберлен».

 

Францияның экономикалық артта қалуы.

 

Франция экономикасының құлдырауы, Англияға қарағанда әлдеқайда тез  және қарқынды болды. Оның ерекшелігі ретінде Франция капитализімінің дамуы сипатын жатқызуға болады, француз капитализмін сол кезде шашқыш, ысырапшыл капитализм деп атаған. Себебі, көптеген ірі капиталдар мемлекетте жиналып, шетелге қарықга ысырапшыл түрде таратылған.

1908 жылғы есептер бойынша  француздық өнеркәсіптік және саудаға кеткен капитал көлемі  9,4 млрд. франк құраса, ал шетелдік облигация, қарыз, бағалы қағаздарға жұмсалған капитал көлемі  104,4 млрд. франк құрады.  Әсіресе, Ресейге жұмсалған капитал саны көп болды.

1820 жылы Францияның әлемдік өнеркәсіп өндіруде меншіктік салмағы  20% құраса,  1870 жылы  10% төмендеген, ал  1913 жылы 6%  дейін төмендеген және алғаш рет  Франция екінші орыннан төртінші орынға түсті. Бұл артта қалу өнеркәсіптік өндірістің даму темпі төмендеуімен, қаржылық-банктық жүйенің ісініп кетуімен және ауыл шаруашылығында өндіру көлемі жеңіл өнеркәсіп көлемінен басымдылығымен сипатталады.

Тек банктік  салада капиталды шоғырландыру үрдісі жүріп жатырды.   Банктер Леондық несие құрды, ұлттық санау конторасын құрды, Родшельдер ағалары банкін құрды, негізгі қоғам құрды. Бұл банкілер Францияның жетекші банкілеріне айналады. Шын мәнінде Франция рольетс мемлекетіне айналады, яғни негізігі кіріс ретінде несиеларден алатын пайыз болып есептелді. 

Дегенімен, Франция ірі колониялды держава ретінде қалады, оның қол астына Тунис, Марокко, Мадагаскар, Лаос, Вьетнам қосылады.

Осы кезеңде  Францияның шетелдік инвестиция көлемі мынадай болды: 1869 жылы 10 млрд. франк  болса,  1890 жылы  20 млрд құрады, ал  1914 жылы  60 млрд. франк құрады.  Шетелдік капиталды сыртқа шығарудан француздық буржуазия табыс көрді. 1871-1875 жылдары жыл сайын   485-585 млрд. франк  1909-1913  жылдары француздық буржуазияның табыс көлемі 1млрд. 805 млн. франк  құрады. Осы кезеңде Францияда теміржол құрылысы қарқынды дамыды. 1871 жылы  17733 шақырымға созылған теміржол салынды, 1901 жылы 42 826 шақырым салынды, ал 1911 жылы 50232 шақырым салынды.

  Сонымен қатар, бұл кезеңде Францияда автомобиль жасау өнеркәсібі дамыды, ғасырдың басында автомобиль өндіруден француз автомобильдері әлемдегі ең жақсы болып саналды. Кеме жасау өнеркәсібі дамыды, металлургия, тестиль өнеркәсібі, парфюмерлік өнеркәсіп дамыды.

 

Германияның экономикалық дамуының  негізгі  факторлары.

 

Бұл кезеңде  Германия шапшаң дамып, ХХ ғасырдың басында өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша тұрақты екінші орынға ие болды.

Өнеркәсіптік өндіріс  бойынша Германия әлемдік өнімнің 16% өндірген,  ал саудада Англияға жақындап 13%  құраған.

1871 жылы Германия біргуінен кейін кедендік баждарды қысқартуға жол ашылады. Және Германия бірігуі отрақ есептеу, санау, қаржы жүйелерін орнатуға мүмкіншілік береді. Сонымен қатар, ішкі нарықты біріктіріп, мемлекеттің экономикасына үкіметтің араласуы басталады. Тағы бір себеп, Германияның франко-прусс соғысындағы жеңісі.  Соғыс нәтижесінде Германия Франциядан Эльзас пен Лотарингияны алады және Францияға 5 млрд. франк контрибуция ретінде айып қойады.

Әр түрлі бағыттармен  Германияның капиталисттік индустриясы  дамиды. Бұл кезеңде Германияның  өнеркәсіптік өндірісі 5 есе өседі, өнеркәсіпті өндіруші құралдар 9 есе өседі, ал күнделікті қолданылатын тауарлар өндірісі  4 есе өседі. Германияда қарқынды метталургиялық сала дамиды, ал әскери және химия өнеркәсіптік саласында Германияға тең мемлекет болмайды. 

Осы кезеңде Германияда  ірі монополиялық біріктестіктер құрылады, әскери және болатты «корольдар» Круп пен Тиссон  көтеріледі. Келесі монополиялар құрылып, тез дамиды:  Рейновестфальдық шойын қоймасының картелі,  Рейсвестфальдық көмір синдикаты, Круптың болат синдикаты, АЕГ және Сименс-Гальская электротехникалық компаниялар.

Банктық жүйеде де монополиялар пайда болады: Дойче банк, Дрездендік банк, дисконттық банк, Дармштандық банк.  Германияның сыртқы саудасы да қарқынды дамыды, 1872-1900 жылдары 100% өсе,  1900-1913 жылдары 2 есе, яғни  200% есе өсті. Экспорт көлемі  4,6 млрд.  10 млрд. маркаға дейін өсті, ал импорт көлемі 5,7 млрд. 10,7 млрд. маркаға дейін өсті. Германияның сыртқы аудасының құрылымы өзгереді. Экспортта машина, құрал жабдықтар, химиялық өндірістегі өнімдер басым болады. Үлкен көлемде темір рудаларын  Германия импорттайды. Оны негізінен Швеция мен Италиядан импорттайды және үлкен көлемде орманды Ресей, Швеция, АҚШтан импорттайды.  Сонымен қатар, жүн, мақта, мұнайды импорттайды. Дегенімен, ХХ ғасырдың басында экспорт импортқа қарағанда тез дамиды.

Әскери флотын да Германия күшейтеді. ХІХ ғасырдың ортасында  Германия сауда флоты ешқандай орын алмаған, флоттыңтоннажы 0,5 млн. құрған.  1912 жылы Германия флотының тоннажы  3 млн. құраған, бұл Германияны ірі теңіз державасына айналдырып, Гамбург әлемнің ірі порттарының біріне айналады.

Бірақ айта кеткен жөн, бұл  кезеңде капиталдың экспорты көп  болады. 1902 жылы шетелге жіберілген неміс капиталы 12,5 млрд. марка құраса,  1914 жылы оның саны  44 млрд. марка құраған.

Германия өткізу нарығын  және шикізат көзін бөлуден кешігіп  қалды, сондықтан әлемді өзгерту  оның экономикалық және саяси мақсаты  болады.

АҚШ- әлемдегі жетекші индустриялды держава.

 

1870-1913 жылдары АҚШ тарихында  ең қарқынды дамыған кезең.  АҚШ әлемдік өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша тұрақты бірінші орынды алды, ол әлемдік өнеркәсіптік өндірісін 36-38% шығарды.

Оның негізгі себебі жас  капиталисттік держава алдыңғы  қатарлы техника, жабдықтарды, жаңа басқару түрін қолдануында. Электрэнергиясын кең қолданады. ХХ ғасырда АҚШта электрэнергиясының ғасыры орнатылады. 1913 жылы АҚШ әлемнің болат өндірісінің 47%, тас көмірін өңдеудің  45%, мұнай өндірудің 82% және 50% аса электрэнергиясын өндіреді.

Информация о работе ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. басындағы АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінің экономикалық тарихы