«Философия» пәні бойынша

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 10:05, курсовая работа

Описание работы

Осы курсты аяқтағаннан соң студенттер білуге міндетті:
дүниеге оң позитивтік көзқарас;
өз елінің мәдениеті мен философияның бүкіл әлемдік кеңестікпен үндестігі;
қоғамда болып жатқан процестерді терең түсіну және ойластыу;
өз елінің көзі ашық, көкірегі ояу азаматы болуы тиіс;
сонымен қатар, қазіргі озық ойлармен идеяларды, технологиялардың меңгеруі тиіс;
халықтар арасындағы бірлікті, бауырластықты сыйлай білу, үлкендерге деген зор ілтипатты қалыптастыру, бағалау т.б.

Содержание

Глоссарий …………………………………………………....5 бет
Дәріс сабағының конспектісі…………………………….....9 бет
Семинар сұрақтарының жоспары…………………………73 бет
СРСП (ОБСЖ)……………………………………………...84 бет
СРС (СӨЖ)…………………………………………………91 бет
Емтихан сұрақтары………………………………………...98 бет
Әдебиеттер тізімі………………………………………… ..99 бет

Работа содержит 1 файл

философия пани.docx

— 267.06 Кб (Скачать)

   XX ғасырдың басында қазақ топырағында бір топ талантты ойшыл ақындар, қоғам қайраткерлері дүниеге келді, әрине, оларды дүниеге келтірген объективті қоғамдық жағдайлар. Ең алдымен 1861 жылдан бастап басыбайлық құқық жойылғаннан кейін Ресей құлаш жайып, дами бастады.

  Сондай  – ақ, XX ғасырдағы қазақ ойшылдары түрлі философиялық ізденістер жасады. Қазақ халқының қарапайым ой – пікірлерінен алғаш философиялық деңгейге дейін көтеріле алған Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдайбердиев болды. Ол Абайдың “Қырық бес қара сөзіндегі” ой толғау дәстүрін  дамыта отырып, 1898 жылдан бастап отыз жылдай табанды ізденіс жасап, “Үш анық” философиялық еңбегін жазып шықты.

   Қазан төңкерісіне дейін де  одан кейін де ұлттық сананың  еркіндікпен дамуына көптеген  тосқауылдар болды. Соның бір  көрінісі ұлттық философия халықтық  дүние таным. Қазақ философиясы  қазақ ойшылдары деген мәселелердің  күн тәртібінде болмауы.  Қазақ  философиясы адам және оның  өмірсүру философиясы жалпы бостандықты  еркіндікті сүйетін кең даласы  сияқты кең пішіндегі бар халықтың  соған сай философиялық дүние  танымы ой пікірлері болуы  заңды дүние. 

                                                    Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

     1.  Қазақ философиялық ойларының  қалыптасуы.

    2. Қазақ  ойшылдары Әл – Фараби, А. Иассауи,  Қорқыт – ата, Асан       Қайғы тұжырымдары.

    3.  Абайдың философиялық тұжырымдары.

31

Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

/1/ 83-92 бет /2/ 86-95 бет./5/ 79-88 бет.

 

13-ші  дәріс

 

Тақырып. Орыс философиясы

 

    Негізгі мақсаты: Славян философиясының бастауы болып табылатын орыс философиясының қалыптасуымен дамуына түсінік беру.

    Негізгі түсініктер: славянофилшілдік, батысшылдық, космизм, христиандық экзистенциализм, діни-идеализм, мистикалық философия, еретикалық философия.

 

   1.  Ресейдегі философияның қалыптасу ерекшеліктері және дамуы.

   2.  XIX ғасыр орыс философиясы.

   3.  Діни философиялық дәстүрлер.

 

     XIX ғасырдың орта шеніне таман Ресейде буржуазиялық - демократиялық қозғалыс үдей түседі. 1861 жылғы басыбайлық құқықтың жойылуына байланысты бұл қозғалыстың буыны бекіп, ол қанатын кең жая бастайды да оның басына орыс қоғамының зиялылары келеді. Ол кезде Ресейде капитал истік қоғамдық зиялылары келеді. Ол кезде Ресейде капиталистік қоғамдық қатынастар қалыптасып, дами бастаған болатын. Орыс мәдениеті, қоғамдық ой мен философия жаңа бағытқа бет алған еді. Бірақ Ресейдің әлеуметтік қоғамдық өміріндегі қайшылықтар тым шиеленістіп кеткен, өндірістік қатынастар тым шиеленісіп кеткен, өндірістік қатынастар дағдарыс жағдайында болатын. Бұған Ресейдің орыс - қырым соғынындағы (1853 - 1856ж.ж.) жеңілісе де әсер еткенді. Бұл кезде Полынада, Финляндияда, Казказда, Орта Азия мен Қазақстанда да патшалық езгіге қарсы бағытталған көтерілістер жүріп жатты. Патшалық ресей оларды жаныштап, қарудың күшімен басып отырды. Көтерілістердің қатарына Қазақстандағы Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымұлы, Жанқожа Нұрмүхамедүлы бастаған ұлт - азаттық сипаттағы қарулы көтерілістерді жатқызуға болады.

     1849 жылы Фейербахтың «Христиандықтың мәні» деген еңбегімен танысқаннан кейін материалистік философияның дұрыс бағыт екендігіне Чернышевскийдің көзі әбден жетеді де, бұрынырақ қалыптасқан Гегельдік философияның ықпалында болушылық қасиеттерінен біржолата арылады. Ал, кейіннен ол өзін Фейербахтың

32

Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

шәкіртімін  деп те жариялайды.

    1856 - 1862 жылдары Чернышевский «Замандастар» журналын басқарып, оны төңкерісшіл демократтардың органына айналдырады.

Н.Г. Чернышевскийдің  материалистік философиясы А. И. Герцен мен В. Г. Белинский салып кеткен жолымен Фейербах философиясын нақтылау және ілгері дамыту барысында қалыптасады. Идеализмге қарсы күрес оның ғұмырлық ісі болды. Ол философия тарихымен ертеден танысты, Платон, Кант, Гегель сияқты идеалистердің негізгі қағидаларын жоққа шығарды. Ол гегельдік диалектиканың тұжырымдары мен гегельдік саяси көзқарастың арасындағы қайшылықты жіті көре білді және Гегельді сонысы үшін қатты сынға алды.

     Чернышевский өзінің негізгі философиялық шығармасы «Философиядағы антропологиялық қағидасында» үстем тап арасында кең таралған идеалистік теорияларды   және   орыстың   зиялылары   арасында   қанат   жая   бастаған позитивистік ілімді қатты сынға алады.

     Чернышевкий өз заманың жаратылыстану ғылымдарының табыстарымен де жете таныс болды. Чернышевскийдің философиялық шығармаларында болмыстың санаға қатынасы туралы негізгі мәселе материалистік тұрғыдан шешіледі. Ол, әсіресе, Кантты агностицизм және адамзат білімін «өзіндік заттан» шығара алмағандығы үшін мықты сынайды.

    Чернышевский материалистік таным теориясын дамыта отырып, алғаш рет практиканы ақиқаттың өлшемі ретінде таным теориясының құрамына енгізді. Сонымен қатар, ол басқа материалистер сияқты практиканы сезімдік тәжірибе ретінде емес, адамдардың табиғатты өзгертуге бағытталған іс әрекеті ретінде қарастырады. Ол өз шығармаларында басыбайлыққа қарсы күрескен қалың шаруалар бұқарасының арман - тілегі бейнелейді.

    XIX ғасырдағы Ресейдегі идеалистік философия Иван Киреевский, Алексей Хомяков және тағы басқа славянофилдердің аттарымен тығыз байланысты. Олардың христиандықты орысша түсінуге негізделген идеалистік философиясы өз алдына философияны түсіндірудің неміс типінің Ресей үшін пайдасыз екендігін ыспаттау мақсатын қойған. Олар бұл ретте орыс рухани өмірінің ұлттық ерекшеліктеріне және шығыс шіркеуінің белсенді ғұламаларының шығармаларына арқа сүйеуге тиісті болды. Бірақ, Киреевский де, Хомяков та ешқандай да философиялық жүйе құрып, арттарына қалдырған жоқ. Дей тұрғанмен, олар философиялық қозғалысқа рух беретін бағдарлама жасап, зиялы қауымға ұсынды. Ал, бұл орыс ойының сол кездегі Ресейде христиандық көзқарасты насиқаттаудағы

33

Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

қолы  жеткен табысы болды. 

     Жалпы алғанда, бүгінгі ресейлік философтар практика мен қазіргі заманғы ғылыми танымның байланысын зерттеу үстінде. Сонымен қатар олар материалистік диалектиака құрылымын бүтіндей қарастыру мәселесін де өз алдарына қойып отыр.

    Философия әрдайым дамыған және алға қарай да дами бермек, ол еш уақытта бір орында тұрған жоқ. Ол үнемі өткеннің тарихи фактірлерін, бүгінгі күннің шындығын және болашақтың қажеттерін ескере отырып дамуға тиіс. Және солай болып та келеді. Оған ешбір күмән болуға мүмкін емес.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары;

 

1.   Орыс философиясының ерекшелігі.

2.  XIX ғасырдағы орыс философияның маңызы.

/1/ 93-102 бет /2/ 96-105 бет./5/ 89-98 бет.

 

14-15 ші дәріс.

 

Тақырып. XX – ғасыр философиясы.

 

    Негізгі мақсаты: Философия тарихының ең соңғы демі ХХ ғасыр философиясының тұтастығын құрайтын философиялық бағыттардың мән-мағынасын терең талдау.

    Негізгі түсініктер: позитивизм, постпозитивизм, прагматизм, структурализм, постструктализм, экзистенциализм, герменевтика.

 
    1. Иррационализм және оның негізгі бағыттары .
    2. Ғылыми – техникалық ойдың XX ғасырдағы өрістеу және неопозитивизм.
    3. Адам әлемі және әлемдегі адам экзистенциалзм постпозитизм.
    4. Білім мен тіл мәселелері.
    5. XX ғасыр философиясының көптеген идея, әдіс, ұғым, танымы, көзқарастарының маңызы т.б.
 

    XX ғасыр – ғылыми – техникалық революция дәуірі. Рационализм мен иррационализм арақатынасын ғылыми техникалық прогреске көзқарастан да байқауға болады. Біріншісін сциентизм деп атайды. Ол бағыт, ғылымға ғылыми техникалық прогреске сенеді. Ғылым адамға қызмет етеді, оның өмірін жеңілдетіп, жақсартады. Бұл бағыт XX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Оған көптеген жаңа ғылымдардың, жаңа

34

Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

техникалардың, технологиялық әдістердің, компьютердің, т.б. дүниеге келуі себеп болды.  Екіншісі антисциентизм деп аталады. Ол ғылымға сенбейді. Ғылыми – техникалық прогресс адамға тек қиындық  әкеліп, зиян келтіреді, қоғамды басқарудың тоталитарлық жүйесін туғызды, ал адамдардың санасын ол қаспақтай ұстайды, ойлау  жұйесінде шектеу саласы деп есептейді. Сөйтіп, иррационализм сайып келгенде мистикаға, жоққа сенуге де, ғылыми ізденістерге де жеткізеді. Сондықтан  оған сыңаржақты қарап, жақтауға, не даттауға болмайды.

    XX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында физиология мен психологияның, сезім мүшесінің рөлі артты. Оны уағыздағандар Эрнст Мах (1938 – 1916) пен эмпириокритизмнің негізін салушы Рихард Авенариус (1843 – 1896) болды. Рессейде оларды жақтап, соңына ергендер А. Богданов (1873 – 1928), В. Базаров (1874 – 1939), т.б. Э. Мах былай деді: “Ағаш, стол, үй менің денемнен тыс, өздігінен өмір сүреді”.

   Дегенмен, XX ғасырдағы идеалистік философияның басты бағыттары үшеу. Олар: неопозитивизм, неотомизм және экзистенциализм.

   Неопозитивизм. Негізгі позитивизм – “дұрыс пікір”деп аталатын ұғым болып дүниеге келді, оның бастамасын салған Огюст Конг (1798 – 1857) және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. Бұл философияның арғы түбі Д. Юм  мен И. Кантқа тіреледі. Олардың мақсаты ғалымдарды толып жатқан алдын ораған бос ойлардан, былайша айтқанда, философияданазат ету. Олардың пікірінше, әрбір ғылым - өз алдына философия. Сол ғалымдарды зерттеу қажет. Сөйтіп, революция арқылы үстемдікке қолыжеткен буржуазия бұрын материализм, ғылым үшін күркскен болса, енді одан бас тартып, идеализмге біржолата ден қойды.

    Оның эволюциясы бір ғасыр  ішінде үш кезеңнен өтті. Бірінші  кезеңі – позитивизм, екінші кезеңі  – эмпириокртицизм, үшінші кезең  – неопозитивизм немесе логикалық  позитивизм.

     XIX ғасырдың аяғы – XX ғасыр басында позитивизмінің жаңа дәуірі туды. Ол кезенде оны эмпириокрицитизм деп атады. Оны жақтаушылар біздің санамыздан тыс объективтік өмір бар, бірақ ол біздің сезімдеріміздің жиынтығы дегенін алдында айттық. Эмпириокритицизм позитивизмге қарағанда шындықта әлдеқайда алшақ. Айталық, позитивизм философияны емес, нақты ғылымдарды зерттеу керек десе, эпмириокритицизм біздің сезімден тыс еш нәрсе жоқ, барлық дүние – біздің сезіміміздің нәтижесі деген қорытынды жасап, объективті өмірді субъективті сезімге айналдырды.

    Позитивизмнің үшінші түрлі –  неопозитивизм немесе логикалық  позитивизм. Ол XX ғасырдың 20- жылдарында дүниеге келді. Өкілдері: Морис Шлик, Рудольф Канап, Отто Нейрат, Филип Франк, т.б. Бұлар өз

35

Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

Информация о работе «Философия» пәні бойынша