Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 10:05, курсовая работа
Осы курсты аяқтағаннан соң студенттер білуге міндетті:
дүниеге оң позитивтік көзқарас;
өз елінің мәдениеті мен философияның бүкіл әлемдік кеңестікпен үндестігі;
қоғамда болып жатқан процестерді терең түсіну және ойластыу;
өз елінің көзі ашық, көкірегі ояу азаматы болуы тиіс;
сонымен қатар, қазіргі озық ойлармен идеяларды, технологиялардың меңгеруі тиіс;
халықтар арасындағы бірлікті, бауырластықты сыйлай білу, үлкендерге деген зор ілтипатты қалыптастыру, бағалау т.б.
Глоссарий …………………………………………………....5 бет
Дәріс сабағының конспектісі…………………………….....9 бет
Семинар сұрақтарының жоспары…………………………73 бет
СРСП (ОБСЖ)……………………………………………...84 бет
СРС (СӨЖ)…………………………………………………91 бет
Емтихан сұрақтары………………………………………...98 бет
Әдебиеттер тізімі………………………………………… ..99 бет
Курстың мақсаты мен міндеті
Философия- бүкіл ғылыми жүйелердің көкесі.
Философия- «даналыққа құштарлық» дүниетанымды қалыптастыруға, дүниеге, адамға деген обьективтік көзқарс, дүниенің мәні, оның танылуын, ақиқат, білім негізінде дәлелдеп, жаңаша бағыт идеяларды қалыптастыруға жетелейді.
Осы курсты аяқтағаннан соң студенттер білуге міндетті:
Жалпы философияны оқыту барысында студенттердің адам болмысының мәні проблемасына дүниетанымдық көзқарастың қалыптасуы, адамзаттық өркениетке ұмтылыс, болашаққа деген нық сенім қалыптасуы міндетті.
Осы пәнді игеру арқылы, алғаш білімдерді басқа оқытылатын пәндерді меңгеруге қадам болады. Саясаттану.Әлеуметтану. Құқық негіздері. Тарих т.б.
8
Атырау мұнай және газ
институты
Оқу-әдістемелік кешен . Философия. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
2. Дәріс сабағынының конспектісі
1-ші дәріс.
Тақырып. Философия, оның проблемалары және қоғамдағы ролі.
Негізгі мақсаты: философия пәні туралы түсінік қалыптастыру, оның құрылымы мен атқаратын қызметі жөнінде студенттердің сауатын ашу.
Негізгі түсініктер: философия, мифология, агностицизм, метафизика, диалектика.
Философия рухани мәдениеттің ең көне және адамзат ілімінің жауапты бөлімі. Оның тарихы 25 – ғасырға созылады, философия ежелгі шығыс (үнді қытай) елдерінде пайда болып өзінің класикалық деңгейінде ежелгі Греция еліне жетті. Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде философия деген термен пайда болды, ғалымдардың ішінде өзін алғашқы философпын деп атаған грек математика ойшылы Пифагор ( б.э.д 580 -500). Ал ғылымның ерекше саласы деп философия терминін енгізген Платон 428 -347. Философия грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық, ежелгі дәуірде даналық бұл асқақтық мәні бар құбылыс. Философияның негізгі тақырыбы дүние және адам туралы. Алғашқы философтар универсалды энциклопедист ғалымдар мысалы: Фасель 624 – 547ж. ол ірі математик геометрия негізін қалағн астраном гидротехник болған ол тек философия проблемасымен айлалыспаған сонымен қатар физика медицина математика техника логика т.б. Алғашқы философтар өздерінің еңбектерінде мынадай сұрақтарға жауап іздеді: дүниенің мәні неде, дүниенің құрлымы, құрылыс неде, дүние шектеулі ме, әлде шексіз бе, жақсылық пен жамандық деген не?
Ежелгі дәуірде күні бүгінге дейін дүниетанымдық сұрақтарды негіздеу дүниетенымның негізгі принциптерін қалыптастыру философияның кәсіби ісі.
Фиолсофияның теориялық білімге және ерекшелігіне анықтаған философ ойшыл Аристотель б.э.д 384 – 322.
Философияның негізгі сұрағы дүниетанымдық сұрақтар 2000 ж.
9
Атырау мұнай және газ
институты
Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
өтсе
де философия пәні туралы түсінік
үнемі өзгеруде бірақта ол өзінің
тұрақты түсінікте ойлар
Дүниетаным адамның тәртібі мен қызметінің принциптерімен анықталды оның идеялары мен моральдық нормалары әлеуметтік және саяси аринтацияларын қалыптастырады.
Адамзаттың рухани даму тарихында дүниетанымның мынадай түрлерін ажыратамыз (мифология) діни философия. (өмірлік практикалық)
Ең алғашқы дүние танымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен құралған : mifos – аңыз, logos – ілім. Мифологиямен бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін нәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Философия дүниеге келген кезінен бастап мифологиямен қатар және онымен бірге діни түсініктерге қарсы күресте шыңдалып, дамыған. Егер дін мифологияны қабылдап, оның қағидаларын, аңыздарын бүтіндей қолдану негізінде қалыптасқан болса, философия ойлау, зерттеу, сын көзбен қарау негізінде дүниеге келді. Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, оны ғылымдардың ғылымы деп те атаған. Өйткені, ол кезде әлем туралы барлық алдыңғы қатарлы тұжырымдар мен пікірлер өз алдына ғылым ретінде дараланып, бөлінбеген соң, ол туралы пікірлерді философия өз бойына жинақтаған болатын. Сондықтан да философ әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті.
Адамзат дамуымен қатар философия да өз алдына дүниеге көзқарас ілім ретінде қалыптаса түсті. Сонымен қатар ол басқа ғылымдарға методологияляқ жол сілтейтін әдістемелік рөл де атқаруда.
Философия пайда болғаннан бастап дүниені тұтас және бірліктегі құбылыс деп қарастырады дүниенің тұтастығын оның заңдарымен байланыстырады. Философия табиғаттын даму заманының қоғам және ойлау проблемаларын зерттейді қолданыста мынадай философиялық категорияны пайдаланады. Болмыс, сана, қозғалыс, шексіздік т.б. Философия дүниенің мәні және адам туралы білім «Дүние және адам» қарым қатынастарын зеттейді осы тұста болмыс және ойлау физикалық және психикалық материалдық және идеалдық рух және табиғат объективтік және субъективтік, яғни философия универсалды ілім.
Философияның негізгі сұрағының екі жағы бар:
10
Атырау
мұнай және газ институты
Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Философияда екі бағыт қалыптасты, материализм және идеализм.
Материализм бағытын ұстаушылар материя алғашқы санаға қарағанда ал идиализм сананы бірінші кезекке қояды.
Дүниені танылады деген
1 Ежелгі ойшылдардың материализімі (Демокрит, Гераклит, Эпиркур).
2 Метафизикалық материализм (16 – 18ғасыр өкілдері Бэкон, Спиноза, Дидро т.б.)
3 Диалектикалық
материализм.(К.Маркс Ф.
Идеализмнің екі негізгі түрін ажыратамыз.
1 Объективтік (Платон, Гегель, Неотомистер)
2 Субъективтік идеализм өкілдері ( Беркли, Юм, Мах, Экзистенциалистер).
Философияның тарихи 2 әдісі бар
Диалектика және Метофизика
Ақыр соңында, философтар
Сонымен, философия дегеніміз
материя мен сана, таным мен
болмыс, адам мен қоғам жайлы
адамзат ой – санасының дамуы
барысында жинақталған,
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1.Философия құрылымы мен қызметі.
2.Қоғамдық ғылымдар жүйесінде философияның орны.
3.Философияның тарихи типтері.
4.Философия және дүние таным.
/18/ 5-15 бет /22/ 5-20 бет./23/ 5-18 бет.
2-3-ші дәріс
Тақырып. Ежелгі Шығыс және Антикалық философия.
Негізгі мақсаты: Антикалық мектептер мен грек классиктерінің топтамасы болған антикалық философиясына түсінік қалыптастыру, ерекшелігін көрсету.
Негізгі түсініктер: брахманизм, джайнизм, буддизм, конфуции, даосизм.
11
Атырау мұнай және газ
институты
Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Философия ежелгі шығыс елдерінде б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасында ежелгі үнді қытай елдерінде пайда болды. Ежелгі Шығыс философиясы тарихи философиялық процесте дербес өзіндік ерекшелігі бар бағыт. Ол сол аймақтың діні, мәдениетімен байланысты. Ертедегі философияның қалыптасуы екі түрлі проблема төңірегінде өрбіді.
1. аспан, ай, күн, жер осылардың шығу тегі байланысы.
2. адамгершілік адамдар арасындағы қарым – қатынас.
Философия қашанда олардың, себептерін іздестіреді. Әрине, оны екі түрлі – материалистік және идеалистік тұрғыдан түсіндіруге болады. Ол - өз алдына жеке проблема.
Ежелгі Шығыс философиясының көне түрі үнді философиясы ол брахманизмге оппозициядан басталады. Б.э.д 7 – 6 ғасырларда брахманизм ішінен джайнизм және буддизм пайда болады осы бағыттардын негізінен үнді елінде 4 – кастаға бөлінді.
Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады. Шудралар қоғам ісіне араластырылмады. Брахмандар әбден масайрап, үстемдік құрып кетті. Өйткені, брахманизм мифологиялық көзқарасқа негізделген, былайша айтқанда, оның төрт түрлі ведасына немесе құдайларды дәріптеу мен оларға арналған ғұрыптарға тірелген болатын.
Джайнизм – этикалық ілім. Оның
негізгі – адам жанын тән
қыспағынан, құлқын құлдығынан босату.
Джайнизм – материяны жансыз
дүние затына жатқызады. Әрбір
зат субстанция ретінде