Ежелгі тас ғасыры

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 10:23, лекция

Описание работы

1. Тас дәуіріндегі ќазаќстанның табиғаты, жануарлар және өсімдіктер дүниесі.
2. Ежелгі палеолит
а) Қазақстандағы щелль-ащель кезеңінің ескерткіштері.
б) Қазақстандағы ащелль - мустье кезеңінің ескерткіштері.

Работа содержит 1 файл

1- лекция.doc

— 64.00 Кб (Скачать)

Қаратау бойынан табылған тас қүралдар типологиялық жағынан  Солтүстік Африкадан, Индия, Пакистаннан  және Қытайдан табылған тас құралдарга ұќсас, бұдан біз Оңтүстік Қазақстанның адам баласына щелль-ащель кезеңінен бастап қоныс болғандығын аңгарамыз.

б) Қазақстандағы ащелль - мустье кезеңінің ескерткіштері.

Оңтүстік Қазақстанда  ашелль-мустье кезеңінің ескерткіштеріне  Көктал өзенінің бойындағы Тоқалы І-ІІІ  түрақтары жатады. Бүл түрақтан Бөріқазған мен Тәңірқазғанға үқсас 300-ден астам архиологиялық қырғыштар табылды.

Келесі қоныс Аққөл  көлінен 20 шақырым оңтүстікте орналасқан Қызылрысбек түрағы. Көлемі 20кв. метр алаңнан шақпақ тастан жасалған тас  құралдардың бірнеше түрі табылды, оларға: екі беті өңделген шапқыларды, нуклеус тәрізді шақпақ қүралдарды, қырғыштарды және диска тәріздес нуклеустерді жатқызуға болады.

Оңтүстік Қазақстандагы  Арыстанды өзенінің Қарасу шатқалындағы көп қабатты палеолит дәуірінің  Ш.Уалиханов қонысынан 10 мың кв. метр алаңды алып жатқан соңғы ашелль-мустье дәуірінің түрағы табылды.

Түрақтағы мәдени қабаттың қалындығы 7 метрден асады, соған  қараганда адам баласы бүл орында мыңдаған жылдар мекендеген болу керек. Қазба жүмысы кезінде түрақтан 6-мәдени қабат анықталып, олардан тас  бүйымдар, от жағылған орын мен ошақтар, жылқы бизон, киік, асыл түқымды бүғы сияқты жануарлардың сүйектері табылды. Палеолит дәуірін зерттейтін ғалымдардың пікірінше - Қазақстан жеріндегі тас бүйымдар мен басқада мәдени-түрмыстық қалдықтар бастапқы күйінде, яғни оны мустьерлік адамдар қалай қалдырса, сол күйінде жатқан бірде-бір түрақ. Қазба жүмысының қиындығы мәдени қабаттардың 2,30 метрден 7,20 метрге тереңдікте жатқандығында болып табылады. X. А. Алпысбаев айтып өткендей Ш. Уалиханов қонысындай, мустье дәуірінен жоғарғы палеолитке дейінгі адам баласының бір орында қоныстануы өте сирек кездесетін жағдай.

Мүнда қүралдар даярлау  үшін негізгі шикізат материалы  ашық түсті халцедон болған. Құралдар арасында пышақ тәрізді қалақтар, қырғыштар басым.

Арыстанды өзенінің жағасындағы  тағы бір мустье дәуірінің түрагы Шақпақ Еңбек қүралдарын сүрғылт-ақшыл шақпақ тастан жасалған, негізінен дөңгелек нуклеустер кездеседі. Оңтүстік Қазақстанның мустье дәуірінің ерекшеліктеріне Алғабас, Үшбүлақ, Шақпақты, Бүркітті, Шалсай түрақтарын жатқызуға болады.

1984 ж. Шет ауданы Қарағанды облысының жерінен мустье заманының Өгізтау — 1 және 2, Үлкен Ақмая түрақтары табылды. Мүнда тас қүралдар бүлақ жанындагы аласа төбенің баурайында жатыр. Жергілікті кварцтен жасаған екі жағы қырланған балталар, қырғыштар, нуклеустер жиі кездеседі.

Орталық Қазақстандағы  Қүдайкөл түрағы көл жағасындағы  ең көлемді қоныс. Ежелгі адамдар  көлдің биіктеу жағасын мекендеген. Қоныстан 16 шапқы тас қүралы, 5 үлкен  қырғыш тастар, 70-тен астам нуклеустер табылды.

Мустье дәуірінің Ертіс  бойындағы ескерткіштерінің бірі — Ќанай. Палиолит дәуірінің еңбек қүралдары терендігі 10 метрден асатын топырақ алган карьердің төменгі қабатынан табылды. Тас ќүралдар өзінің өңдеу тәсілі жағынан үшке бөлінеді, бірінші топқа дөңгелек нуклеустер, екінші, үшінші топтағы еңбек қүралдары қара және көкшіл шақпақ тастан жасалғандар.

Тастан жасалган еңбек  құралдарымен бірге табылған жануарлардың сүйектері палеонтологтардың болжауынша 132-140 мың жылдыққа жатады, яғни архиология кезең бойынша мустье дәуіріне келеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана. Алма-Ата, 1979
  2. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Журмаганбетов Т. Археология Казахстана. Алматы, 1993
  3. Ќазаќстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. Т.1. Алматы, 1996
  4. Ловгвин В.И. Каменный век казахстанского Притоболья /мезолит-энеолит/. А., 1991

Информация о работе Ежелгі тас ғасыры