Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 10:23, лекция
1. Тас дәуіріндегі ќазаќстанның табиғаты, жануарлар және өсімдіктер дүниесі.
2. Ежелгі палеолит
а) Қазақстандағы щелль-ащель кезеңінің ескерткіштері.
б) Қазақстандағы ащелль - мустье кезеңінің ескерткіштері.
лекция 1
Ежелгі тас ғасыры
1. Тас дәуіріндегі ќазаќстанның табиғаты, жануарлар және өсімдіктер дүниесі.
2. Ежелгі палеолит
а) Қазақстандағы щелль-ащель кезеңінің ескерткіштері.
б) Қазақстандағы ащелль - мустье кезеңінің ескерткіштері.
1.Тас дәуіріндегі Қазақстан табиғаты, жануарлар және
өсімдіктер дүниесі.
Геологиялық хронология бойынша антропогендік (төртік) кезең Қазақстан территориясында 2 мил. Жылдар шамасында басталған. Бүл кезде Тянь — Шань, Алтай, Тарбағатай, Сауыр және Жоңғар Алатауы толық қалыптасып, қазақ даласында үсақ шоқылар, жазық далалардың қалпына келген кезі. Қазақстанның кең даласында алғашқы адамдардың қоныстануы жөнінде мынандай региондарға бөлуге болады: Туран ойпатымен, Каспи маңындағы шөлейт жер, Сарыарқа жазығымен Шығыс Қазақстанның аласа шоқылар даласы, Тянь-Шань мен Алтай тауларының бойы, Солтүстік Шыгыс Қазақстан, әрі Батыс Сібір ойпаты.
Өзінің қуаң даласымен, жер аумагының кеңдігімен және табиғат жағдайларының алуан түрлілігімен Қазақстан Евразияның қуаң өңірінің палеолитін зерттеуге модель бола алады.
Қазақстан территориясында гоменидтер пайда болуының алѓышарттарын адамзат тарихындаѓы ең маңызды кезең геологиялық – географиялық жағдайларды негізге ала отырып іздестіру керек.
Ең ертедегі адамдар Африканың Солтүстігінен бастап, қазіргі Қазақстанмен Сібір аумағына қоныстангандыѓын білдіретін тұрақтардың табылуы алғашқы адамдардың өте ауқымды кеңістікте тарағандығын дәлелдейді.
Палеолит дәуірінде жер бетін бес дүркін мүз басқаның ескерсек, Қазақстан территориясына да адам баласының қоныстануы әртүрлі сатыда өтті. Осы кезде Түран және Каспи ойпаты мейлінше тұрақты жағдайлармен сипатталады. Каспи теңізінің жағалауы мен Үскірт қыраты жылы, әрі шақпақ тастарға бай болғандықтан тас дәуірінің ескерткіштері палеолит кезеңінен неолитке дейінгі аралықта кездеседі. ұсақ шоқылары, түбі жайлау кең аңғарлары бар Сарыарқа геоморфологиялық жағдайлары жағынан мейлінше тұрақты аймақ саналады. Мұнда палеолиттің эволюциясы ашельдің едәуір соңғы кезеңінен басталып, соңғы палеолитке дейін созылды. Алѓаш адамдардың Сарыарқаны мекендеуіне негіз болған жануарлардың қоныс аударатын және мекендейтін, құстардың ұшып өтетін жолдарының тұрақтылыгы, тас шикізатының өнімінің көптігі және түщы су көздерінің мол болуы. Тек соңғы палеолит кезінде Сарарқаның көптеген бөлігін суық басып, жануарлардың, құстардың жүретін жолдары бүзылуына байланысты алғашқы адамдар бүл өңірден оңтүстікке қарай ығысты, бірақ адам баласының ұзақ жылдар бір тұрақтарда мекендеу процессі Ертіс өңірінде бүзылған жоқ. Бүл палеолит дәуіріндегі алмасып отыратын өтпелі кезең.
Қаратау жотасы осындай өтпелі учаскелердің бірі. Оның географиялық жағдайларының Солтүстік Тянь — Шань жоталарының сілмі болып табылады, суық кездерде бүнда мәңгі мүз қабаттары жатқан. Екінші жағынан ол екі ірі аймақты — Орта Азияның құмды даласы мен Батпаќ даланы бөліп тұр. Климаты жағынан Қаратау жотасының жаѓдайы ерекше қолайлы. Мұны неоген кезеңінен сақталған көптеген ежелгі өсімдіктер мен жануарлар дүниесі дәлелдейді. Қаратау жоталарының көптеген аудандарының геологиялық құрылысы мүнда жануарлардың сансыз көп үйірлерінің тұрақты мекендеуіне қолайлы болды, олардың қалдықтар Ш. Уәлиханов атындағы палеолит дәуірінің тұрағынан табылғандығы мәлім. Қаратау жотасының палеолиті шақпақ тастың өңделу техникасына қарай екі бағытта дамиды.
Бірінші бағытына Бөріқазған және Тәңірқазган тұрақтарын жатқызамыз, бүл тұрақтарда қара шақпақ тастардан жасалған қүралдар басым, ол тұрақтар қыратты биік жерлерден кездеседі. Екінші багыттаѓы тұрақтардан неғүрлым сапалы сынықтар алуға мүмкіндік беретін ашық – сүргүлт түсті шақпақ тастарды кездстіреміз, оған Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ мысал бола алады.
Геолог Н. Н. Костенко Қазақстанның төрттік кезеңінің стратиграфиялық қабаттарын антропогендік дәуір жағынан төртке бөледі: төменгі, орта, жоғары және қазіргі заманның антропогені.
Төменгі антропоген дәуірінде оңтүстік орман пілдері, Стенон жылқысы, пребактриан түйе сияқты аңдар өмір сүрді. Төменгі антропогеннің соңгы кезінде Қазақстанның таулы аймақтарын мүз басып, күн күрт суыды. Бүл кезеңнің жануарларының сүйектері Шымкент облысының Қосқорған деген жерінен анықталып, қазба жүмысы кезінде бизонның, дала мүйізтүмсыѓының, кеңмаңдай бұланның, бұғы — маралдың сүйегі табылды.
Орта антропологен тұсында климат бірнеше рет өзгерді, алғашқыда ауа — райы жылынып ылғалды болса, кейіннен екі рет 4 тау жоталарын мүз басты. Мұздың еруіне байланысты үлкен өзендердің арналары өзгеріп, көлдер бірнеше рет өзінің көлемінен артып кетіп отырды. Ертіс жағалауымен, Балқаш көлінің маңында қалың орман болып, әрі қарай дала басталды. Далада пілдер, тақыр түкті мамонттар, ұзынмүйізді бизондар, бүғылар жайылып жүрді.
Жоғарѓы антропогенде салқын климат әлі сақталып қала берді. Голоцен кезінде ғана қазіргі климат қалыптасты. Антропогендік кезеңдердің стратиграфиясы археологиялық классификация бойынша палеолит дәуіріне тұстас келді. Төменгі антропоген, археологиялық кезең бойынша дощелль (олдувэй) және ерте щелль кезеңіне, орта антропоген — соңғы щелль және ерте ащелль кезеңдеріне, жоғарғы антропоген, соңгы палеолитке, ол қазірп антропогендік кезеңі – жаңа тас дәуіріне сәйкес келді.
2. Ежелгі палеолит.
Палеолит кезеңі адам баласының жануарлар дүниесінен бөлініп адам болып қалыптасуындағы ең үзақ дәуір. Адам баласы тік жүрудің арқасында екі қолы босап, өте дөрекі қару, еңбек –құралдарын жасайтындай дәрежеге жетті. Осы кезден бастап адам биологиялық сүрыптаулармен қатар, әлеуметтік сындардан өтіп ақылды адам (Ното Sаріепs) қалыптасты.
Адам баласының даму тарихы, оның еңбек жолы жер шарында әртүрлі кезеңдерде болғанымен бірі мен бірі тығыз байланысты. Сондықтан қазақ жеріне алғашқы адамдардың қоныстануын дүниежүзілік тарихпен байланыстыра қарау қажет. Ежелгі адамдар даму процесінде бірнеше өзара байланысты процесстерді басынан өткізді. Дамудың негізі — еңбек құралдарын жетілдіру, еңбек өнімділігін арттыру, материалдық және әлеуметтік жағынан жетісу болды.
Қазіргі ғылымда қолданылып жүрген классификация бойынша ежелгі тас дәуірі, орта және соңғы тас дәуірлері деп үшке бөлінеді.
Ежелгі палеолит Батыс Европадағы табылған заттай деректерге байланысты, дощелль, щелль, ащель деп, орта палеолит ореняк, салютра және мадлень деп бөлінді. 1960 жылы американ антропологені Луис Ликидің Солтүстік Африкадагы Олдувэй шатқалынан тапқан ең ежелгі адамның сүйегі мен еңбек құралына байланысты дощелль кезеңі олдувэй кезеңі деп та аталды.
Палеолит дәуірінің олдувэй кезеңінің мәдени қабаттары шамамен 2,5 млн. жылдан 800 мыңыншы жылдардың арасын қамтиды. Щелль, ащелль кезеңдері б.э. дейінгі 140-40 мыңыншы жылдарды алып жатыр. Соңғы палеолит б.э. дейінгі 40-10 мыңыншы жылдармен аяқталды.
Ежелгі палеолит дәуірінде еңбек құралдарының өте қарапайым және оны жетілдіруге адам баласының ми көлемінің төмен болуына байланысты (600-900 см3) адам негізінен табиғаттың даяр сиымен қанағаттанды, яғни жабайы өсімдіктердің жемістерін терумен, ұсақ андарды аулаумен ғана шектелді.
Қоғамдық қатынаста алғашқы адамдар тобыр болып өмір сүріп, жыртқыш аңдардан, сыртқы жануарларынан бірлесіп қорғанды.
Ғалымдар алғашқы адамдардың тобыры кезіндегі жыныстық қатынасты, қазіргі адамға ұқсас маймылдар шимпанзе мен горилланың горемдік семьядағы жыныстық қатынасымен салыстырады.
Бұндай жыныстық қатынаста тобыр ішіндегі үстемдікке ұмтылған ересек еркек адамдар үнемі таласып, арты кісі өліміне дейін ұшырап отырған. Сондықтан ежелгі тас дәуірінің соңғы кезінде адам баласы экзогамдық (тобыр ішінде жыныстық қатынасқа тиым салу) жыныстық қатынасқа кешуте тура келді. Археология ғылымының соңғы жетістігінің бірі б.э. дейінгі 2,5 млн. жыл бұрын адамның сүйегімен еңбек құралдарын табу болды. Бүл 1959-1963 жылдардың арасында Американ антропологі Луис Лики жүбайымен Солтүстік Шығыс Африканың Олдувэй шатқалынан тапқан презинджантроп болатын. Оның миының көлемі 652 см3, ғалымдар епті адам (Ното һаbilis) деп атады. Адам баласының эволюциясындағы келесі саты, щелль-ащель дәуірінде өмір сүрген петикантроп, яғни тік жүретін адам (Ното евесіш), оны 1891 жылы Ява аралынан Данияның анатомы Е. Дюба деген адам тапқан болатын. Миының көлемі 950 см3. тік жүретін адамдардың келесі өкілі Синантроп, 1924 жылы Пекин маңындағы Чжоукаудянь үңірінен табылды. Миының көлемі 1075 см. Синантроп тастан жасалған еңбек қүралдарымен қатар, отты пайдалана білген.
Тас дәуірінің орта кезінен, яғни мусты дәуірінен бастап адам баласы Европа контингентіне тарай бастады. Оған дәлел 1856 ж. Германияның Неандерталь даласынан табылған неандерталь адамы, бойының биіктігі 150-160 см, миының көлемі 1300 — 1400 см3.
Қазіргі кезде адам баласының тараған отаны, нәсілдің шыгуы жөніндегі ғалымдар арасында қалыптасқан бір пікір жоқ. Ең кең тараған екі пікір — болжам бар: полицентристік және моноцентристік пікірлер. Бірінші пікір бойынша адам баласының қалыптасуы, біріне — бірі тәуелсіз Европа, Азия, Африка және Австрия континеттерінде жүрген процесс, осы жерлерде Европалық, монголондтың және негродтау нәсілдер қалыптасты дегенді айтады. Моноцентристік гипотезаны жақтаушылар нәсіл алғашқы бір адамның тамырынан тараған, ал ол адам Солтүстік — Шығыс Африканы, Алғы және Оңтүстік Азияны мекендеген дейді. Нәсіл адам баласының жер шарында табиғаты әртүрлі контингенттерін мекендеуінің, сыртқы ортаға бейімделуінің нәтижесі. Соңғы кезде ѓалымдар адам баласының екі жерден тараған теориясын айтады, бүл Солтүстік-Шыгыс Африка және Оңтүстік-Батыс Азия континенттері.
Шындығында ежелгі адамдардың сүйектері және өте дөрекі еңбек құралдары экватордан Солтүстікке қарай табылып жатқандығы ғылыми түрде дәлелденіп отыр.
Ащелль дәуірінің соңында мусте кезінің басында адам баласының тас индустриясын игеруінде үлкен өзгеріс болды. Бүл кездегі негізгі жаңалық леваллуа әдісі деп аталады, оның мәні жан-жағын мұқият өңдеген таспақ тәріздес шақпақ тастан, мүйізден және ағаштан жасаған сыналар арқылы екіге бөлу, яғни тасбақаның сыртқы қабы сияқты бөлігінен өткір кесетін қару, ал төменп жағы ағаш тамыры, аңдарды аулайтын шапқы қарулар есебінде пайдаланған.
Екінші жаңалық диска тәріздес дөңгелек нуклеус шақпақ тастардан бірнеше еңбек қүралдарын жасау. Адам енді шағын дөңгелек нуклеусті ғана өзімен бірге алып жүріп, демалған жерде одан тескіш және қыргыш еңбек құралдарын теп-тез жасай білді.
Мустье кезінде адам отты кеңінен пайдаланды және ағашты біріне бірін ысқылап, шақпақ тастар арқылы от жаѓуды игерді. Археологиялық қазба жұмыстары дәлелдеп отырғандай мустье кезіндегі адамдар ашық алаңдарда жасанды баспаналар тұрғызып өмір сүруге үйренген.
Қазақстан территориясында ежелгі тас дәуірінің көптеген ескерткіштері бар. Адам қазақ жеріне Оңтүстікте Қаратау бойынан Солтүстігінде Есілге дейін, Сарысудан бастап Шығысында Ертіс өзеніне дейінгі аралықта тараган. Қазақстанда палеолит дәуірінің ескерткіштері ежелгі және соңғы палеолит болып бөлінеді, орта палеолит дәуірінің ескерткіштері әлі жете зерттеле қойған жоқ.
а) Қазақстандағы щелль-ащель кезеңінің ескерткіштері
Қазақстан территориясынан ежелгі тас дәуірінде өмір сүрген адамның сүйегі табылған жоқ. Бүның басты себебі Солтүстік Африкаға немесе Оңтүстік Азияға қарағанда, Қазақстанда жердің қабатының өсуі баяу, ондаған, жүздеген жылда 1-2 мм көлемінде ғана өседі, сондықтан адамдардың сүйегі шіріп органикалық затқа айналып кеткен де, қасындағы тастан жасалған еңбек қүралдары сақталып қалған.
Қазақстанда адам баласының ең ерте заманда қоныстанған жері Қаратау бойы. Себебі Қаратау бойында мүз дәуірінің өзінде де табиғатының жылылығына, өсімдіктер және жануарлар дүниесінің молдыгына қарай адам баласы үзбей өмір сүрді. Қаратау бойындағы ежелгі еңбек қүралы Арыстанды өзенінің жағасындағы Қоңырдек ауылының маңынан табылды.
Кіші Қаратаудың Солтүстік-Шығысында ежелгі адамдар шақпақ тастарды көзі молдау жерлерге орналасқан. Оѓан дәлел шақпақ тасқа бай радиусі 5-10 км қашықтықтағы осы жерден палеолит дәуірінде өмір сүрген адамдардың 12 тұрағының зерттеліп, одан 5 мыңнан астам шақпақ тастан жасалған еңбек құралдарының табылуы. Қаратау бойындағы щелль — ащелль кезіндегі түрақтарға Шабақты, Бөріқазған, Тәңірқазған, Аққол және Қазанқапты жатқызамыз.
Шабақты өзегіндегі тұрақтан клентондық түрдегі архайкалық тас сынықтарының арасынан екі шапқы табылды. Біріншісі үш бүрышты, известняк аралас шапқы тастан жасалған, жүмсалатын жүзінде екі жағынан өңдеп, өткірленген. Екінші шапқы сопақша формадағы, үлкен қырғыш тас қүралға үқсайды. Щелль — ащелль кезеңіндегі тұрақтарға Бөріқазган және Тәңірқазған жатады. Бұл тұрақтардан төрт түрлі тастан жасалған заттар табылды: екі қырлы және бір қырлы шапқы қүралдар, шапқылар, ауыр тас сынықтар, ірі ұра тастар — нуклеустер болып бөлінеді.
Щелль — ащелль кезеңінің Шу өзенінің Байтакдала бетіндегі түрағы Қазақстан, одан 300-ден астам тас бүйымдар табылды.
Тас құралдар карбон кезеңінде пайда болган қоңыр — сары шақпақ тастардан жасалған. Табылған тас құралдар негізінен екі жағынан өңделген бифастарлық және бір жағын ғана өңдеген унифастарлық әдістермен жасалган шапқылардан, нуклеустерден тұрады.
Ашель уақытының ескерткіштері
Орталық Қазақстаннан да табылды. Осындай
түрақтардың бірі — Сарыарқаның
солтүстік-шығыс шетінде