Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2012 в 18:45, реферат
Қазақстанның сыртқы саясатының философиясы АҚШ, Еуропалық Одақ, Ресей және Қытай сияқты ірі жаһандық және аймақтық ойыншылардың геосаяси мүдделері ескеріле отырып, еліміздің өз дамуына жайлы сыртқы жағдай жасауға негізделген. 2005 жылы қабылданған Қазақстанның сыртқы саясатының жаңа тұжырымдамасында аталған елдермен ынтымақтастықты дамыту бірінші кезектегі басымдықтар ретінде анықталып отырғаны кездейсоқ емес.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Инновациялық экономика – ынтымақтастықтың жаңа арнасы
«Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан және Еуродақ: даму жолындағы әріптестік
Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ: ынтымақтастықтың нәтижелері мен кемел келешегі
ІІІ. Қорытынды
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2008 жылғы 29 тамыз № 653
Жарлығымен бекітілген
2009 – 2011 жылдарға
арналған «Еуропаға жол» Мемлекеттік
бағдарламасы
2009 – 2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленді.
Бағдарламаны қабылдау қажеттілігі елдің ішкі дамуының өзекті міндеттерін шешудің, еуропалық бағыттағы ұлттық басымдықтарды әзірлеудің, тарихи қалыптасқан байланыстарды нығайтудың, еуропалық интеграция және институционалдық-құқықтық реформалар тәжірибесіне сүйенудің, технологиялық, энергетикалық, көлік, сауда, гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығынан туындады.
Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасының Еуропаның жетекші елдерімен стратегиялық серіктестік деңгейіне шығуы болып табылады.
Бағдарламаның аталған мақсатына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
1) Қазақстан Республикасының
Еуропа мемлекеттерімен
технологиялық;
энергетикалық;
көлік саласында;
техникалық реттеу және метрология саласы;
сауда-экономикалық;
шағын және орта бизнесті дамытуда;
өмір сүру сапасы саласында;
гуманитарлық өлшем тұрғысындағы ынтымақтастықты дамыту және тереңдету.
2) оң сипаттағы еуропалық тәжірибені пайдалана отырып, қазақстандық институционалдық-құқықтық базаны жетілдіру;
3) Қазақстан Республикасының 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі үшін жағдай жасау
Бағдарламаны іске асыру
мынадай нәтижелерге қол
1) Қазақстан Республикасының
Еуропаның жетекші елдерімен
саяси, экономикалық және
2) еуропа елдерімен тауар
айналымын жыл сайын 10%-ке
3) мемлекеттер және үкіметтер
басшылары деңгейінде жыл
4) қазақстандық желілерді
панъеуропалық көлік
5) ЕО елдерінің талаптарына
сәйкес келетін техникалық
6) еуропалық нормаларды ескере отырып, ұлттық заңнаманы жетілдіру;
7) Еуропа құрлығында
Қазақстан Республикасының
Қазақстан және Еуродақ: даму жолындағы әріптестік
Қазақстан Еуропаның барлық мемлекеттерімен және аумақтарымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асыруда. Жалпысында Қазақстан мен ЕО-ның сыртқы сауда динамикасы оң негізде. Әсіресе, соңғы онжылдықтағы табыстар елеулі. Бүгінде Еуродақ Қазақстанның басты сауда-экономикалық әріптесіне айналған. Ұзақ жылдар бойы көш бастап келген Ресей 2004 жылы біріншіліктен айрылып қалды. Бұл ретте Ресейдің үлес салмағы бүкіл соңғы онжылдықта үздіксіз төмендеп барады, ал 2009 жылы ЕО-ның үлес салмағы 40,5 пайызға дейін өсті, мұның өзі Ресейден (17,4 пайыз) 2,3 есе, Қытайдан (13,2 пайыз) 3,1 есе көп. Мұндай өсудің басты факторы – Энергия тасымалдаушыларға әлемдік бағаның өсуі.
Қазақстанның ЕО-мен сыртқы саудасында көш бастаушы Италия болып табылады. Өз көрсеткіштерін Швейцария, Франция, Нидерланды, Ұлыбритания өсіре түсті. 2002 жылға дейін екінші орында болған Германия бұл ұстанымын Швейцарияға беріп қойса, 2004 жылы Франциядан, 2008 жылы Нидерландыдан кейін қалды. Барынша аз тауар айналымы Андоррамен жасалған – 500 мың доллар. 100 млн. доллардан астам тауар айналымына Еуропаның 23 мемлекетімен қол жеткізілген.
Қазақстан мен Еуропаның сыртқы сауда айналымы |
(млн. доллар) |
2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 |
Барлығы 3852 15085 16254 21335 32877 45201 61927 80512 109073 |
Еуропа 4003 4512 4851 6635 14271 21723 30539 35636 51398 |
ЕО 3088,2 2277 3109,7 4041,8 10492 15287 22790 27529 39135 |
Ресей 4191 4645 4047 5250 7651 9518 12804 16286 19994 |
Италия 1073,5 2296 1123,4 1263,3 3535,2 4869,3 8322,0 8905,1 13161 |
Швейцария508 474,1 852,6 1741,6 3867 5710,6 6818,4 7724,0 11400 |
Франция 91,2 86 137,6 475 1782 2956,1 3806,5 4688 6202 |
Нидерланды292,3 229,6 211,1 313,7 644 228,3 1894,1 2840 4914,5 |
Германия 886,6 992 806,5 880,6 1266 1709,6 2363,2 2979,6 3188 |
Ұлыбритания 451 544 391,5 392 541,1 744 1650,1 1870,3 2499,4 |
Финляндия 126,9 127,5 122,2 207,1 319,1 375,5 516,3 732,4 1140,1 |
Румыния 12,4 23,9 162,5 55,7 70 534,9 829,3 757,3 1107,4 |
Испания 15,4 19,9 40,2 89,7 346,6 540,2 1048,9 906,5 1055,3 |
Польша 115,2 225,5 395,2 318,2 358,3 564,7 507,8 654 887,9 |
Словакия 58,1 38,2 43,5 98,4 129,3 74,3 85,4 99,1 845,4 |
Швеция 64,3 51,7 67,8 139,7 171,5 278,3 520,9 534,9 746,2 |
Бүгінде Еуропаның барлық мемлекеттерімен экономикалық ынтымақтастық орнатылған. Соңғы онжылдықта бірқатар елдермен тауар айналымында интенсивті динамика байқалып отыр. 2000-2008 жылдар кезеңінде Еуропамен тауар айналымының 12,8 есе жалпы өсуі жағдайында бұл көрсеткіш Португалиямен 1427 есе, Грекиямен 192,6, Румыниямен 89,3, Испаниямен 68,5, Болгариямен 62,9, Швециямен 17,7 есе өскен. Бұл мемлекеттермен сауда динамикасы әу бастағы экономикалық ынтымақтастықтың салыстырмалы түрдегі төмен деңгейіне байланысты болды. Румынияға байланысты жағдай бұл елдің мұнай рыногында ҚазМұнайГаздың белсенділігі артуынан туындаған.
Қазақстан тауарларын Еуропа сатып алуының интенсивті және көп реттік озық өсуі өзара сауда айналымының қозғаушы күші және жеделдеткіші екені анық. Нақ осы Еуропаның сауда-экономикалық мүдделерінің өсуі Қазақстанмен өзара қатынастарының басымдығы болып табылады. Біздің еліміз – оның Орталық Азиядағы негізгі әріптесі. Орталық Азия мен ЕО-ның сыртқы сауда айналымындағы Қазақстанның үлес салмағы 92 пайызды құрайды. Біздің еліміздің Еуропамен сауда-саттықта оң сальдосы бар.
Қазақстанның Еуропаға экспорты 2000 жылғы 2,7 млрд. доллардан 2008 жылғы 41,9 млрд. долларға дейін өсті. Ол қазақстандық экспорттың бүкіл көлемінің 41,9 пайызына жетті және импорттан 4,4 есе асып түседі.
Италия (10,7 млрд.
доллар), Франция (4,6 млрд.), Нидерланды
(4,4 млрд.), Швейцария (1,1 млрд.), Румыния
(0,9 млрд.), Словакия (0,7 млрд.) секілді
сауда әріптестермен өзара
2009 жылы Еуропаға шикізат секілді де, дайын тауар түрінде де 70 атаудағы 110 млн. тоннадан астам қазақстандық өнім, соның ішінде 50,5 миллион тоннадан астамы Батыс Еуропаға шығарылған.
Өзара ықпалдастықтың әр тарабы ұлттық, өңірлік мүдделерді негізге ала отырып, өз мақсаттарын көздейтіні белгілі. Тараптардың әрқайсысы үшін ерекше аймақтар, айрықша назар аударатын секторлар бар. Мәселен, Еуропа елдері Қазақстанның шикізат ресурстарына айқын қызығушылық білдіретін болса, Қазақстан осы заманғы технологияларға, мәшинелер мен құрал-жабдықтарға мұқтаж. Импорттың 3 млрд. долларға жуығы тұтыну тауарларын сатып алуға жұмсалыпты. Халықтың тұтыну басымдықтарында автомәшинелер, дәрі-дәрмек, жуу заттары, жиһаз, косметика, алкоголь ішімдіктері, кондитерлік өнімдер алда келеді. Кәсіпорындар мен ұйымдар негізінен қара металдан жасалған бұйымдарды, түрлі сораптарды, полимерлерді, жол құрылысы, ауыл шаруашылығы техникаларын, энергетикалық құрал-жабдықтарды, металл конструкцияларын, қағаз өнімдерін, станоктар және басқаларын сатып алған. Жекелеген тауарлар импортының көлеміне шетелдік инвесторлардың кен орындарын, соның ішінде Каспий қайраңын игеру үшін құрал-жабдықтарды көптеп әкелуі ықпал етті. Бұл Италиядан сораптардың, арматуралардың, фитингтердің импортталуынан айқын көрінеді. Импорттың құрамы мен құрылымы өнеркәсіптік те, сондай-ақ жеке тұтынуға да басымдық берілетінін көрсетеді. Мұнда технологиялық құрал-жабдықтар, өндіріске, өндіріс құралдарын шығаруға қажетті құралдар аз көрініс тапқан.
Қазақстанның Еуропа елдеріне жеткізілімдері құрылымында үш кит: энергия тасымалдаушылар (96,0 млн.т), рудалар, металдар мен химикаттар (13,3 млн.т), аграрлық өнімдер (901,5 мың. т) айқын басымдықта.
Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ: ынтымақтастықтың нәтижелері мен кемел келешегі
2007 жылы 27 қараша
күні Брюссельде «Қазақстан
Елбасының 2008 жылдың
қараша айында Сыртқы істер министрлігіне
берген тапсырмасы бойынша, аталған
ұжым 2009 жылдың алғашқы үшайлығында
Қазақстанның сыртқы саясатының жаңа
стратегиясын даярлау керек еді.
«Еуропаға жол» бағдарламасының қабылдануымен
жоғарыдағы құжаттың негізгі жөн-жоспары
да анықталғандай.
«Еуропаға жол»: бізді олар шақырды ма?
Бүгінде Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы
тауар айналымы 29-30 млрд доллар көлемінде.
Өкінішке орай, негізгі тауар энергетикалық
шикізаттан әрі аса алмай отыр. Ол түсінікті
де, себебі, экономика, әлеуметтік көрсеткіш,
қызмет көрсету, қару-жарақ, құқықтық база,
мәдениет саласында әлемде алда келе жатқан
Еуроконтинент үшін өзінің «жағар отын»
қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бүгінгі
күннің басты миссиясына айналып отыр.
«Кәрі құрлықтың» тұрғындары оны Ресей
мен Украина арасындағы газ кикілжіңінен
соң ерекше сезінді. Аталған жәйттан соң
Еуропа өзінің Мәскеуге барынша энергетикалық
тәуелді екенін түсінді. Алайда, орыс еліне
балама болатын қайнар көз табылмай жатса
Медведев-Путин тандеміне нұр үсітіне
нұр болатыны хақ. Себебі, Солтүстік Африкадан
тартылатын газдың мөлшері шамалы, Скандинав
елдерінің қоры да жеткіліксіз. Басты
үміт – Орталық Азия. Міне, осы мақсатта
«Набукко» жобасы жасалынған болатын.
Оған сәйкес, түркімен және өзбек газы
Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Болгария,
Румыния, Венгрия, Австрия, Чехияға жетуі
тиіс еді. Бірақ алысты көздеген кремльдіктер
Ашхабад және Ташкентіпен алдын-ала 2028
жылға дейін газ тасымалдау жөнінде ұзақмерзімді
келісім-шарт жасап үлгерді. Ал қос ортазиялық
елдің бір уақытта 30 млрд текше/м газды
Ресейге де, Еуропаға да жеткізе алмайтыны
белгілі. Міне, сондықтан да қазірше «Набукконың»
тек қағаз жүзіндегі жоба екені ешкімге
жасырынемес.
Еуроодақ бүгінгі
Қазақстанның газ, мұнай, көмір, металл
және уранына инвестиция салып отыр. Ал
«Еуропаға жол» бағдарламасына сай біз
Брюссельге топтасқан елдерден жаңа технлогия,
инвестиция, қоғамның барлық саласындағы
еуростандарт, сапалы құқықтық нормалар,
білімді профессорлық базаға дәмеліміз.
Бірақ, 1950 жылдан бері Еуроодақтың есігін
тек қағумен келе жатқан Түркияның тәжірибесін
де естен шығармау керек. Мұншама біз күткен
игілікті Брюссельдің 3 жылда, яғни 2009-2011жж
бізге бере қоятыны да күмәнді. Өйткені
жаңа мүшелермен қатары толыққан Одақтың
өзіндік шешер проблемалары аз емес.
Бүгінде Қазақстан Брюссельмен тек «Еуропа
– Кавказ – Азия» көлік дәлізі – ТРАСЕКА,
Еуропалық Одақтың «Мұнай мен газды Еуропаға
тасы¬малдау» – ИНОГЕЙТ, «Батыс Еуропа
— Батыс Қытай» автожолы секілді мегажобаларға
қатысумен шектеле алады. Себебі, қазіргі
қаржылық дағдарыс кезеңінде қанша Еуропа
болса да, біреуге бөліп берер батпан құйрығы
қысқалау болып тұр