Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2012 в 18:45, реферат
Қазақстанның сыртқы саясатының философиясы АҚШ, Еуропалық Одақ, Ресей және Қытай сияқты ірі жаһандық және аймақтық ойыншылардың геосаяси мүдделері ескеріле отырып, еліміздің өз дамуына жайлы сыртқы жағдай жасауға негізделген. 2005 жылы қабылданған Қазақстанның сыртқы саясатының жаңа тұжырымдамасында аталған елдермен ынтымақтастықты дамыту бірінші кезектегі басымдықтар ретінде анықталып отырғаны кездейсоқ емес.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Инновациялық экономика – ынтымақтастықтың жаңа арнасы
«Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан және Еуродақ: даму жолындағы әріптестік
Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ: ынтымақтастықтың нәтижелері мен кемел келешегі
ІІІ. Қорытынды
Жоспар:
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
Қазақстанның
сыртқы саясатының философиясы АҚШ,
Еуропалық Одақ, Ресей және Қытай
сияқты ірі жаһандық және аймақтық
ойыншылардың геосаяси мүдделері ескеріле
отырып, еліміздің өз дамуына жайлы
сыртқы жағдай жасауға негізделген.
2005 жылы қабылданған Қазақстанның сыртқы
саясатының жаңа тұжырымдамасында аталған
елдермен ынтымақтастықты дамыту бірінші
кезектегі
басымдықтар ретінде анықталып отырғаны
кездейсоқ емес.
Мемлекеттердің еуропалық бірлестігінің
әлемдік сахнада алатын ролі мен Қазақстанның
Еуроодақпен қарым-қатынасты қазіргі
кезеңде және ұзақмерзімдік перспективада
дамытуға беріп отырған маңызы осылайша
атап көрсетіліп отыр.
Бізді тек географиялық
тұрғыдан ғана жақындатып қоймаған Еуроодақ
аясының кеңею үрдісі де маңызды
роль атқарып отыр. Еуроодақтың жаңа
мүшелерімен арадағы
Бүгінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ
бірін-бірі саяси, экономикалық және басқа
да салада тұрақты серіктес ретінде қарастырып
отыр. Сан-салалық, өзара қарым-қатынастардың
қарқындылығы, жоғары деңгейдегі байланыстардың
тұрақтылығы, сондай-ақ қол жеткізілген
келісімдердің болашаққа бағыттылығы
қазақстан-еуропалық серіктестіктің стратегиялық
деңгейге шығып отырғанын паш етеді.
Қазақстан Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылы желтоқсанның
3-6-сында Брюссельге жасаған сапарының
қорытындысы да осыны қуаттап
отыр. Біздің Елбасымыз еуропалық
бағыттағы стратегиялық серіктестік
диалогты дамыту ниетінің берік екенін
атап көрсетті. 2007 жылы маусымның 22-сінде
қабылданған Еуропалық Одақтың
Орталық Азия елдері бойынша Стратегиясы
екі өңір арасындағы
ынтымқтастықтың жақын келешектегі дамуын
анықтайтын болады.
Еуроодақ үшін «көршінің көршісі» болып
табылатын аймақтағы ғана емес, жалпы
еуропалық құрлықтағы тұрақтылықты қамтамасыз
ету тұрғысында аталмыш Стратегия дер
кезінде қабылданды деп санаймыз. Стратегияны
жүзеге асыру барысында өңірлік қана емес,
жеке елдік бағыттардың да ескерілетіні
маңызды.
Ынтымақтастықты ілгерілетудің пәрменді
тетіктерінің бірі - бүгінде тұрақты мәнге
ие болған және сыртқы істер министрлері
деңгейіне жеткен «Еуроодақ үштігі –
Орталық Азия елдері» форматындағы диалог.
2007 жылдың наурыз айында Астанада өткен
кездесу Орталық Азия ғана емес, Еуроодақ
елдерінің де сындарлы серіктестікке
мүдделі екенін көрсетті.
Еуроодақпен
саяси диалог сонымен бірге, өзара алаңдаушылық
туғызып отырған халықаралық мәселелер
бойынша тараптар ұстанымын жақындатуды
қарастырады. Осылайша, Серіктестік пен
ынтымақтастық жөніндегі екіжақты келісімге
сәйкес (1995), аталған кеңістіктегі қауіпсіздік
пен тұрақтылық артады.
Өзіміздің сыртқы
саясатымызда біз замана ығыттарымен
және қатерлерімен күрес мәселелеріне
айрықша орын береміз. Қазақстан
аталған проблемаларды
Бүгінде экономикалық сала біздің қарым-қатынастарымызды анықтаушы сала болып отыр. Еуроодақ едері мен Қазақстан экономикалары көбіне бірін-бірін толықтырып отырған жағдайы бар.
Екіжақты сауда
көлемі 20 миллиард еуродан асып отыр.
Еуроодақ елдерінің Қазақстанның тауар
айналымындағы үлесі - 35 пайыз шамасын
құрап, республиканың сауда
пайызын құрайды.
Қазақстан-еуропалық
экономикалық ынтымақтастығының дамуы
көбіне мұнай-газ секторындағы өзара
тиімді мүдделермен анықталады. Қазақстанның
тұрақты саяси және экономикалық
жағдайы Еуроодақ үшін осынау ресурстардың
балама жеткізілімшісі ретінде біздің
еліміздің маңызын арттыра
Сондықтан да басты
стратегиялық міндеттердің бірі - Орталық
Азияның басқа да елдері жұмылдырылып
отырған энергетикалық диалогты
нығайту болып табылады. Бірінші
кезекте, біз аймақтық және жаһандық
көлемдегі энергетикалық
Н.Назарбаевтың Брюссельге сапары барысында,
2006 жылдың желтоқсанында Қазақстан мен
Еуроодақтың арасында қол қойылған Энергетика
саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара
түсіністік туралы меморандум стратегиялық
энергетикалық диалогтың қалыптасуына
қолдау болып отыр.
Атом энергетикасы
мен онымен байланысты уран өнеркәсібі
саласындағы ынтымақтастықты
өндірісін анағұрлым арттыруды талап
етуде. Қазақстан, Еуроодақ елдері атом
энергетикасның уранға деген сұранысын
қанағаттандыруға қолдау көрсетуді және
еліміздегі уран өнеркәсібін дамытуға
еуроодақ тарапынан көмекті қарастырған
ынтымақтастыққа дайын.
«Баку процесі» аталған Еуроодақтың Каспий және Қара теңіз өңірлері елдерімен жан-жақты энергетикалық ынтымақтастықты дамытуға тараптардың белсенді атсалысуы бізде айтулы жетістіктер әкелуі мүмкін. Осынау процесс аясында 2006 жылдың қараша айында Астанада өткен ІІ Министрлер конференциясында қабылданған Қорытындылар мен Жол картасы екі теңіз алабындағы мұнай мен-газ өндіруші елдер мен Еуроодақтың арасындағы байланысты нығайтуға негізделген.
Тиімді трансқұрлықтың
көлік желісіне кіретін және өңірдің көмірсутегі
және басқа да өнімдерін сыртқы рыноктарға
жеткізілімін қамтамасыз ететін кешенді
инфрақұрылымдарды дамытудың да стратегиялық
мәні зор. Бұл тұрғыдан біз, ИНОГЕЙТ бағдарламасы
(«Еуропаға мұнай мен газды мемлекетаралық
тасымалдау») мен ТРАСЕКА жобасы («Еуропа-Кавказ-Азия»
көлік дәлізі) бойынша Еуроодақпен
ынтымақтастықты әрі қарай дамытудан
мол әлеует күтеміз.
Еуроодақпен экономикалық ынтымақтастық тұрғысында анықтаушы роль атқарып отырғанына қарамастан, Қазақстан энергетикалық және тасымалдау мәселелерімен шектеліп қалмақ емес. Біз осыған байланысты, Бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен инновацияларды дамытудың Еуропалық негізгі бағдарламасына Қазақстанды қосу туралы Еуропалық Комиссияның шешімін қолдаймыз.
Жақын арада Еуроодақтың Қазақстанға нарықтық экономикалы ел мәртебесін беру мәселесі шешіледі және еліміздің Дүниежүзілік суда ұйымына қосылу жөніндегі келіссөздер мәреге жетеді деп күтілуде. Аталған жайттар біздің экономикалық байланыстарымызды дамытып, Қазақстанның әлемдік экономикаға белсендірек ықпалдасуына сеп болатындығына күмән жоқ.
Еуропалық Одақтың өзінің нарықтық экономикасын енді ғана құрып келе жатқан елдермен экономикалық ынтымақтастығы жүйесінің ажырамас бөлшегі - техникалық көмек көрсету болы табылады. Қазақстанның өңірдегі стратегиялық ролі Еуроодақтың тиісті бағдарламаларын белсенді жүзеге асыруға көмектеседі
Гуманитарлық саладағы
ынтымақтастықтың негізгі саласы - білім
болып табылады, ол басқа да байланыстармен
қоса, адами қарым-қатынастарды дамытуға,
халықтарымыздың мәдени байланыстарын
арттыруға қолдау болады. Осыған байланысты
біз, елімізде жүзеге асырылып жатқан
білім реформаларына, оның ішінде кәсіптік
білім беру саласын дамытуға қолдау көрсету
туралы Еуропалық
Одақтың талпынысын қуана қабылдаймыз.
Бұл байланыс бізге Еуропа мен әлем мойындайтын
білім стандарттарына өз жүйемізді сәйкестендіруге
көмектесетін болады. Қазақстанның білім
саласы бойынша еуропалық елдердің бірқатар
жобаларына атсалысып отырғанын айта
кету керек.
Қазақстан мен Еуропалық Одақтың арасында дипломатиялық қатынас 1993 жылдың ақпан айында орнады. Бүгінде Қазақстан Республикасы мен Еуроодақ бірін-бірі, тек өздері үшін ғана емес, басқа да елдер мен халықаралық бірлестіктер үшін тиімді ұзқмерзімдік және кешенді қатынастарды дамытуға дайын сенімді стратегиялық серіктес ретінде таниды. Қазақстан-еуропалық ынтымақтастығының табыстылығы таңдап отырған сыртқы саяси және сыртқы экономикалық басымдықтарымыздың дұрыстығын қуаттай түседі.
Инновациялық экономика – ынтымақтастықтың жаңа арнасы
Қазақстан Еуропамен бірлескен ұзақ мерзімді ынтымақтастықтан ең құнды нәрселерді – жаңа технологиялар, білім мен тәжірибе ала білуге тиіс. Еуропалық жетістіктердің мәні – олардың іргелілігінде. Олар жапон, оңтүстіккореялық, қытай технологияларына қарағанда, басқадан көшірмегендігінде, әу бастан, тарихи еуропалық тамырының болуында. Тіпті қазір де көптеген қытай технологияларының негізінде еуропалық жетістіктердің стандарттардың көшірілгендігі байқалып тұрады.
Инновациялық Еуропаны құруға ұстанған бағыт Қазақстанның мақсаттарымен сәйкес келеді. 2006 жылы енгізілген Еуропалық инновациялық саясаттың жетістіктері мен табыстары туралы Еурокомиссияның есебінде ЕО елдері инновация саласында жетістіктер көрсетіп, Еуродақ пен инновациялар саласындағы оның басты бәсекелестері – АҚШ пен Жапония арасындағы айырмашылықты қысқарта түскені атап өтілген. Онда көмірсутегі аз экономикаға көшу қажеттігіне байланысты ЕО қауымдастығы мен елдері тарапынан табанды да келісілген іс-қимылға үндеу баяндалған. Инновациялық саясатты ендіргеннен бастап өңірлердегі зерттеу және инновациялық жобаларға қолдау білдіруге Топтасу қоры арқылы 86 млрд. еуро бөлінген. Сонымен қатар, есепте зияткерлік меншік құқығын қорғауға, жоғары білім, ғылым мен өнеркәсіп арасындағы синергияны күшейтуге қатысты инновациялық саясаттың сынақтары туралы да айтылған.
Инновациялық экономика саласында АҚШ-тан, Шығыс Азиядан артта қалып қою мүмкіндігіне еуропалықтардың алаңдаушылығы алдыңғы шепке шығу жөніндегі стратегиялық жоспар әзірлеуге итермелеген. Ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және инновациялар бойынша тәуелсіз сарапшылар тобы әзірлеген баяндамада бірқатар шешуші бағыттар бойынша озат елдерден артта қалу аталып, Еуропа бетпе-бет келіп отырған проблемалар қадап айтылған. Инновациялық Еуропаны құрудың стратегиялық жолдары анықталды. Соның ішінде еуропалық білімнің бәсекеге қабілеттілігіне айрықша назар аударылған.
Еуропа бұл жүйенің жоғары деңгейімен әрдайым ерекшеленетін. Іс жүзінде оның бәсекеге қабілеттілігінің бүкіл негізін білім беру мен ғылыми қызметтің барлық салаларындағы жетістіктерге жатқызуға болады. Бұл күш-жігердің бар жиынтығын инновацияның дамуынан, ең жаңа технологиялардың табысты ілгерілеуінен, экономиканың озық құрылымынан, бәсекеге қабілетті өнім шығарудан көруге болады. Қазіргі уақытта қай кездегіге қарағанда да еуропалық білім – ғылым – инновациялық өндіріс біртұтас нәтижеге бағытталған тұтастықтағы, үйлесімді, өзара интексивті іс-қимылдағы, өзара кіріккен құрылымды құрайды. Осы негізде бұл біртұтас мақсаттың іс жүзінде барлық буындары түбегейлі өзгерістерге ұшырады.
Тауарлар мен көрсетілер қызметтер рыноктарындағы қатыгез бәсекелестік әрдайым саналуан барлық сұраныстарға, әрқилы қыңырлықтар мен қажеттіліктерге сай келетін өнім өндіруді талап етеді. Рыноктарды тұрақты да үздіксіз зерттеу өндірісшілердің ең бір шығынды бабына айналды. Жаңа үрдістен көз жазып қалсаң, қайта құрылмасаң, барлық жұмысыңның зая кеткені, банкроттыққа, күйреуге тап болғаның. Өндіріс қай кездегіге қарағанда жұмылғыш бола түсуде. Ауқаттылық, тұрлаулылық жаңа өнімді жедел түрде жолға қоюға, игеруге байланысты болады.
Жас мамандар, жоо түлектері негізгі екі миссияны атқарады. Біріншіден, жаңалықтарды тиісінше алып жүруді қамтамасыз ету, екіншіден, жаңаны туындатушы болу. Екі міндет те жаңа кадрлардың креативті, бағдарланған, бастысы, өндірістің өскелең талаптарына әзір әрі еңсеруге қабілетті болуын көздейді. Болон үдерісі – осы бағыттардың бірі. Алдыңғы қатарда болуды қамтамасыз ету мақсатымен студенттер, оқытушылар үшін мүмкін болатын шығармашылық, білім алу жағдайларын жасау жөніндегі барлық еуропалық жоолардың әлеуетін барынша пайдалану қажет.
Ғылымның міндеті жаңа технологияларды, жаңа өнімдерді өмірге келтіру. Осының бәрін дереу өндіріске беру. Соларды ендіру мерзімін барынша қысқарту үшін студенттердің – болашақ мамандардың ерте бастан, бірінші курстан-ақ жаңа идеяларды іске асыруға қатысуын қамтамасыз ету керек. Зерттеу, инновациялық университеттер – жаңа идеялардың ғана емес, сонымен бірге инновациялық стильдегі мамандардың да фабрикасы. Жаңа технологиялар, тауарлар мен қызметтер барған сайын ғылым мен білім біріккен инновациялық университеттердің нәтижесі бола түсуде.
Қазақстанның жоғары оқу орындары Еуропаның барлық дерлік елдерінің жооларымен кең ауқымды байланыстарды жүзеге асыруда. Еуропа жооларында 20 мыңнан астам қазақстандықтар білім алуда. Қазақстанда Ұлыбританиядағы (ҚБТУ), Ресейдегі (ҚРУ), Германиядағы (ҚНУ) әріптестермен бірлескен университеттер ашылған, Францияның, Польшаның, Венгрияның, Чехияның, Италияның, Испанияның жооларымен бағдарламалар іске асырылуда. Жаңа Назарбаев университетінің әлеуеті айтарлықтай болмақ.
Қазіргі кезде жаңа көзқарастар уақыты туып отыр. Ендігі міндет әріптестікті күтілетін нақты нәтижеге бағдарлау болып табылады.
Тұтастай алғанда, Қазақстан-Еуропа жан-жақты ынтымақтастығы – бұл өзара тиімді екіжақты қозғалыс. Теріс сауда сальдосын Еуропа өскелең инвестицияларымен, сондай-ақ кадрлар даярлауға қосқан үлесімен және жаңа технологияларды, инновацияларды беруімен толық өтеуде. Қалыптасқан тепе-теңдік қос тараптың да мүдделеріне сай келеді және оның зор перспективасы бар. Тек тұрақтылық, өзара түсіністік, жасампаздық күш-жігер қажет. Стратегиялық өзара ықпалдастықты қамтамасыз етуде еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы да маңызды фактор болып отыр.