Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 13:37, курсовая работа
Үндістан жер көлемі және халқының саны жөнінен өте ерте уақыттардың өзінде-ақ Азия елдерінің ішіндегі ең ірілеріне жататын.
Біздің дәуірге дейінгі үшінші мыңжылдықта Үндістанның батыс-солтүстік жағында мемлекеттер болып, ол мемлекеттерде мәдениеті жоғары, өздерінің жазу әдебиеті бар тайпалар өмір сүргені мәлім. Ежелгі Үндістанның мәдениеті бірінші мыңжылдықта гүлденіп, көрші халықтарға да әсерін қатты тигізді. Үндістан буддизм дінінің отаны.
Сот процесі. Ежелгі Үндістанның сот өндірісіндегі қылмыстық жəне азаматтық іс жүргізудің арасы ажыратылмаған. Сот істері мүдделі тұлғалардың ынтасы бойынша қозғалған. Сотта істі қарау жарыспалылық сипатына ие болған. Ежелгі Үндістан мемлекеті туралы сөз қозғамас бұрын ежелгі кезде "Үндістан" ұғымы қандай мағына бергеніне тоқталып өтейік. Сез болып отырған дәуірде бұл елдің атауы болмаған. Бізге дейін жеткен әдеби мұраларда (мейлінше кейінірек шыққан) "Бхаратаварша" ("бхараттар елі") деген сөз кездеседі. Бүл сөз Үндістанның солтүстік бөлігіне немесе Ганга аңғарына ғана байланысты болған тәрізді. Үнді мифологиясында Үндістан түбегі "Джамвудьипа" деп аталады, бірақ бұл атау кең түрде қолданылмаған.
3. Ману Заңдары
Ману заңы (санскритше манавадхар-машастра) — үнділердің жеке және қоғамдық өмірдегі мінез-құлқын, жүріс-тұрысын анықтайтын ежелгі діни-құқықтық нормалар жиынтығы. Үнді аңыздарына қарағанда оны адамдардың арғы атасы Ману құрастырған. Тарихи деректер бойынша Ману заңын шамамен б.з.б. 2 — б.з. 2 ғ-лар аралығында діни абыздар (брахман-риши) жазған. Діни-әдеби шығарма болғандықтан, Ману заңының мазмұны құқық мәселесінен өзге дін, саясат, әдеп мәселелерін, яғни ежелгі Үндістандағы қоғамдық қатынастардың барлық саласын қамтыды. Ману заңы 12 бөлімнен тұратын 2 652 шумақты өлең сипатында санскрит тілінде жазылған. Заңда варналардың, яғни таптардың пайда болуы егжей-тегжейлі баяндалып, олардың мұрагерлік-кәсіптік сипаты нақтылы көрсетілген. Ману заңы бойынша, брахмандар — абыздар, кшатрилер — әскери ақсүйектер, вайшилер — қатардағы қауым мүшелері, шудралар — құлдар. Тіршілікті жаратушы Брахма құдайы брахмандарды өз аузынан, кшатрилерді қолдарынан, вайшилерді белінен, ал шудраларды өкшесінен жаратты делінген. Брахмандар ең биік дәрежеде болды. Әскери іс кшатрилердің құзырында болса, вайшилер жер өңдеумен, мал өсірумен, қолөнермен және саудамен айналысуға, ал шудралар осы варналарға қызмет етуге тиісті болды. Варнаның бірінен екіншісіне өтуге тыйым салынды. Ману заңында жеті түрлі меншік құқығының пайда болу жолдары нұсқалған: мұрагерлік, сыйға алу немесе олжа тауып алу, сатып алу, жаулап алу, өсімқорлық, атқарылған жұмыс ақысына алу, қайырымдылық жасау. Ману заңында патша өзіне қарастыларды қорғамай, салық салса, онда ол тозаққа барады делінген. Қарызын тиісті мерзімде өтей алмаған борышқор жұмыс істеп өтеуге міндетті болды. Бірақ төм. кастаға жататын несиегер жоғ. касталық борышқорды жұмыс істетіп өтетуге мәжбүрлей алмады, ол борышын біртіндеп беріп отырды. Борышқор қайтыс болса, оның міндеттемелері баласына немесе туысқанына көшті. Ману заңы бойынша әйел адам жас шағында әкесіне, кейін күйеуіне, ал күйеуі дүниеден озған соң балаларына бағынуға міндетті болды. Ер адам өзінен төмен варнадан әйел алуға ерікті болғанмен әйел адамның өзінен төмен варна адамына күйеуге шығуына тыйым салынды. Шудраның брахман әйел алуы сорақы күнә болып есептелді. Отбасы мүлкін қожайын басқарды. Қожайын өлген соң дүние-мүлік не әр балаға үлестірілді, не үлкен балаға қалды. Үлкен балаға қалған жағдайда ол басқа балаларды қамқорлығына алды. Қыздарға мұра тиесілі болмады, бірақ оларға бауырлары өз үлесінің төрттен бірін беруге тиіс болды. Заңда патша жауларына қызмет көрсету, қала қорғанын, қала қақпасын бүлдіру секілді мемлекеттік қылмыстар алдыменен сөз етілді. Түнде ұрлыққа түскен адамға тағайындалатын жаза — екі қолын да кесіп, шанышқыға отырғызу. Бір рет ұрлық қылған адамның қолының екі саусағы, екінші ұрлық үшін қол мен аяқ кесілді, үшінші рет ұрлық жасаған адамға өлім жазасы берілді. өрлықты көре тұра айтпаған адам да жазаға тартылды. Ал ұрлықтың ізін жасырушы ұрының өзімен бірдей жазаланды. Адам өлтірушіге де өлім жазасы тағайындалды. Жоғары сот қызметін патша мен брахмандар атқарды. Қылмыстық және азаматтық іс жүргізушілік арасында айырмашылық болмады, сот отырысы жарыспалы түрде өтті. [1]
Ману заңдарында қылмыстық-құқықтық нормалар жалпы тыйымдар дың ішінен бөліп қарастырылмаған. Сонымен қатар заңдарда патшаға немесе мемлекеттік билікке қарсы бағытталған əрекеттерді жазалайтын баптар болмаған. Ал жеке меншікке, жеке тұлғаға нұқсан келтірушілік пен отбасылық ережелерге қарсы бағытталған əрекеттер өте қатаң жазаланған.
Мұндай жағдайда касталық ерекшеліктерге ерекше мəн берілген. Жасалған қылмыстар үшін негізгі жазалардың қатарынан өлім жазасы, тілді кесу, қолды, аяқты кесу, таңба салу, құлдыққа салу орын алған.Бұл өсиеттерді үш бөлімге бөліп қарауға болады: олардың біріншісін брахмандардың түрлі діни өсиеттері құрайды, екіншісін нормалар, яғни, мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мен оның азаматтармен қарым-қатынасын реттейтін нормалар жиыны, үшіншісін азаматтық және қылмыстық істер нормалары құрайды.
Ману Заңдары өлеңмен жазылған (шлокпен). Жинақ 12 бөлімнен тұрады. Әр бөлімі өте көп шлоктардан құралған.
Брахманизм
мен буддизмнің шиеленіскен
Буддизм
б. д. дейінгі VI-V ғ.ғ. пайда
болған. Ол құл иеленушілік құрылыстың
ыдырауының алғашқы белгілері
байқала бастаған кезең еді.
Ашоктың тұсында буддизм
Мүлікті
ұзақ уақыт бойы адал түрде
пайдалану оған иелік ету
Қылмысты түрлерге бөліп қарастырған:
1. Мемлекетке қарсы жасалған қылмыстар; 2. Жеке адамға (оның денсаулығы мен өміріне) қарсы жасалған қылмыстар; 3. Ар-ұжданға қарсы жасалған қылмыстар; 4. Меншікке (негізінен жеке меншікке) қарсы қылмыстар; 5. Отбасына қарсы қылмыстар.
Бұлардың
әрқайсысына және оларға
Қорытынды
Соттағы
әділдік халық талабы екендігі
ескеріліп, Ману зандарына
Сонымен, біз жоғарыда Ежелгі Үндістанның құқықтық ескерткіші, тарихи нұсқа саналатын Ману зандарына талдау жасадық. Шығыстық деспотия елдерінің қатарына жататын Ежелгі Үндістан мемлекетінің өмір сүрген кезеңіне, ол дәуірдегі құқықтық мәдениет өркениеті, не құқықтық сана және құқық көздеріне шолу жасай отырып, солардың бірі Ману заңдары деп аталған дхармадағы өсиеттерге ерекше тоқталып өттік. Ежелгі дәуірге қатысты бұл жинақ (б. д. д. ІІ-б. д. II ғ. ғ.) қазіргі заманға дейін өз маңызын жойған жоқ. Үндістанда бұл зандардың XIX ғасырға дейін қолданылып келуі осының дәлелі. Соған дейін маңызын жоймай, елдің негізгі заңдық құжаты болып келуі бұл жинақтың заңцық негізінің мықтылығын байқатады.