Дәстүрлі үнді құқығының институттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 13:37, курсовая работа

Описание работы

Үндістан жер көлемі және халқының саны жөнінен өте ерте уақыттардың өзінде-ақ Азия елдерінің ішіндегі ең ірілеріне жататын.
Біздің дәуірге дейінгі үшінші мыңжылдықта Үндістанның батыс-солтүстік жағында мемлекеттер болып, ол мемлекеттерде мәдениеті жоғары, өздерінің жазу әдебиеті бар тайпалар өмір сүргені мәлім. Ежелгі Үндістанның мәдениеті бірінші мыңжылдықта гүлденіп, көрші халықтарға да әсерін қатты тигізді. Үндістан буддизм дінінің отаны.

Работа содержит 1 файл

КУРСОВАЯ КУКЫК.doc

— 85.50 Кб (Скачать)

Дәстүрлі  үнді құқығының негізгі институттары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

     Үндістан  жер көлемі және халқының саны  жөнінен өте ерте уақыттардың  өзінде-ақ Азия елдерінің ішіндегі  ең ірілеріне жататын.

    Біздің дәуірге дейінгі үшінші мыңжылдықта Үндістанның батыс-солтүстік жағында мемлекеттер болып, ол мемлекеттерде мәдениеті жоғары, өздерінің жазу әдебиеті бар тайпалар өмір сүргені мәлім. Ежелгі Үндістанның мәдениеті бірінші мыңжылдықта гүлденіп, көрші халықтарға да әсерін қатты тигізді. Үндістан буддизм дінінің отаны.

      Үндістанның  географиялық жағдайы өте күрделі  және әртүрлі болатын. Үндістанның  жері үлкен түбек, материк сияқты  аумақты, басқа дүниеден екі  мүхитпен және Гималай тауымен  бөлініп тұр. Түбектің ортасы-Деккан жартыаралдың ең ежелгі бөлімі. Ол джунглиден, саваннадан, таулы және тасты жерлерден тұрады, құрғақшылық жиі болуына байланысты адамның өмір сүруіне қолайсыз еді. Адамдардың тұруына ең жақсы, пайдаға асатын жерлер Үндістанның батыс-солтүстік жағындағы Инд және Ганг өзендерінің арасында орналасқан аллювиалды тегіс алқаптар. Суы мол, жерлері құнарлы, климаты жұмсақ, сондықтан ежелгі кезеңнен-ақ осында ірі мемлекеттер пайда болды.

    Құқық дегеніміз  мемлекетте қолданылатын барлық  құқықтық нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алады. Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік актілер заң деп есептелінелді. Заң ең жоғарғы юрисдикциялық күш болып табылады. Мұның мәнісі – мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер заңда негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз.

      Заңдар  адамның құқықтық дәрежесін анықтайды.  Құқық тек заңдардан ғана тұрмайды. Құқық дегеніміз – белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың белгілі нормативтік құқықтық актілерді де көрсетеледі. Конституцияда, заңдарда мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілер қабылдау жөнінде өкілдік беріледі.  Сөйтіп құқық туралы сөз қозғалғанда, нақты мемлекеттегі қолданылып жүрген нормативтік актілердің барлығы еске алынады. Мұның өзі – объективтік мағынадағы, яғни дербес біртұтас құбылыс ретінде өмір сүреді деген мағынадағы құқық. Құқықты субъектілердің (адамдардың) өз игілігі үшін мемлекет тарапынан кепілдік берілген белгілі бір қимыл-әрекеттерді істеу жөніндегі заңдық мүмкіндігі ретінде қолданылады. Мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулығын сақтау құқығы, білім алу құқығы т.т.

    Құқықтың алғашқы  элементі – құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз – мінез-құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп  пен мінез-құлық, ережелерінің үлгісі. Ал мінез-құлық дегеніміз – жеке алып қарағандағы әрбір адам емес, тұтас адамдар ұжымына да тән жағдай. Жеке адаи ғана емес, бірнеше адамнан құрылған ұжымдар да бір-бірімен қатынасқа келеді. Демек, құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар, олардың ұйымдары өздерінің мінез-құлқымен сол нормаларды бұзбайтын болуға тиіс.

      Құқықтық  нормалардың жиынығы ретіндегі құқық, қоғам тіршілігінде маңызды рөл атқара отырып, өмірдің қай саласында болса да адамдар арасындағы қарым-қатынастарда тәртіп болуына бағытталады. Адамдар бір-бірімен экономикалық қатынаста, яғни материалдық игіліктерді өндіру жөніндегі қатынастарда болады. Мысалы, заводтарда, фабрикаларда нормативтік құқық актілері аоқылы белгілі бір реттілік, еңбек тәртібі орнатылады. Материалдық игіліктерді бөлу мәселесінде де экономикалық қатынастар пайда болады. Қызметкерлер өздерінің еңбегі үшін сияпат ақы алуға тиіс. Бұл да тиісті нормативтік актілермен реттеледі. Адамдар бір-бірімен неше түрлі шарттық қатынастарға түсіп жатады. Олардың арасындағы сату-сатып алу, айырбас, жоралғы, қарыз т.б. әрекеттер құқық нормаларының шеңберінде ғана хатталуға тиіс.

     Құқық қоғамның  саяси өмірінде маңызды рөл  атқарады. Мемлекеттік органдардың  құрылымы, оларды жасақтау тәсілдері  (сайлау, тағайындау, олардың билік  аясы (өкілеттілігі), іс-әрекеттерінің  түрлері мен әдістері т.т. құқықтық  нормалар арқылы анықталады.

     Қоғамдық тәртіп (демократиялық немесе халыққа қарсы бағытталған) тек қана құқықтық актілер арқылы орнатылады, оны тәртіп органдары қамтамасыз етеді. Азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатынасу үшін пайдаланатын саяси құқықтары мен бостандықтары тек қана нақ осы құқықтық актілер арқылы белгіленеді.

     Құқық қоғамның  әлеуметтік өмірінде де зор  рөл атқарады. Құқықтық нормалар  білім алудың, денсаулық сақтаудың,  отбасын құрып, оны нығайтудың  т.б. қажеттіктердің заңдық шарттарын  белгілейді.

       Сөйтіп, құқық дегеніміз адамдардың өміріне қалыпты жағдайлар туғызуға, қоғамның барлық бағыттарда дамуын заңдық жағынан қамтамасыз етуге тиісті мемлекеттік қуатты құрал болып табылады. Құқық тек жұртты жазалау үшін, оларға күштеу шараларын қолдану т.с. үшін қажет деп ойлау дұрыс емес. Азаматтар өздеріне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланғанда, құқық нормаларының талаптарын орындағанда, мемлекеттік органдар құқық нормаларының талаптарын бұзған адамдарға шара қолданып, тиісінше жазалап отырғанда, құқық нақты іс жүзіне асқан болып табылады.

Тақырыптың  өзектілігі: Үндістан өте беделді әрі ұлы державалар болып саналатын мемлекеттер қатарында және оның көптеген құқықтық жүйелерге негіз болған  құқығын зерттеу заңгерлер үшін қажетті.

 

Курстық жұмыстың міндетері:

 

- Үндістанның   құқық  институтарының негізгі және  қайнар көздерін анықтап, сараптама  жасау;

 

Курстық жұмыстың зерттелу объектісі: Үнді құқығының институттары.

 

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Үндістанның қоғамдық құрылысы

     Ежелгі  Үндістанның әлдеқашаннан келе  жатқан әлеуметтік-таптық жүйесі  касталарға, готраларға бөлінеді. "Каста"  португал тілінен шыққан сөз,  ол тайпалық рудың тазалығын көрсетеді. Арийлер мен дравидтердің түстері әр түрлі, сондықтан каста Үндістанда адамдардың түсімен                де белгіленген. Касталар бір аудандағы туысқан адамдар, жалпы маман дығы да, діни әдеттері мен әлеуметтік деңгейіне де бірдей болған.     Каста ларға брахмандар, кшатрийлер, вайшьялар, шудралар жатады. Жоғары үш каста-екі туған, "двиджати", "движати-ариас". Жоғары касталар үстемдік жасауға және жеңілдіктерге ие болуға құқылы. Брахмандар. Пуруши деген алғашқы адамның ауызынан жаратылған. Оқу, білім, дін ілімін, құрбандық шалу, өзіне және өзгеге арнап садақа үлестіру және садақа алу ісін құдай брахманға белгілеген. Ману зандарының 96-бабында (бірінші тарау) былай делінген: "Тірі нәрселердің бәрінің ішіндегі ең қасиеттісі - жандылар, ал жандылардың ішінде адам, ал адамдардың ішінде брахмандар болып саналады".  Бағыныштыларын қор ғау, садақа үлестіру, құдайы құрбандық шалу, дін ілімін оқып-тану істерін құдай кшатрийге белгіледі. Кшатрий Пурушидің қолынан жаратылған. Тек кшатрийлер қарулануға құқығы бар. Бұл құл иеленуші мемлекеттердің халқы 4 топтан құралды: брахмандар, кшатрийлер, вайшилер, шудралар. Олардың алғашқы екеуі артықшылық жағдайда болды. Патша қазына сына егіншілер түскен өнімнің 1/6 — 1/12 бөлігін берді. Патша сондай-ақ қолөнершілер еңбегін пайдалану (айына              1 күн), әр түрлі алым-салықтар жинау құқығына ие болды. Егіншілер рулық және көршілік қауым болып өмір сүрді. Құлдардың еңбегі негізінен үй ш-нда пайдаланылды. Б.з.б. 6 — 4 ғасырларда қол жеткен экон. Прог ресс ежелгі үнді қоғамы өмірінің жағдайларына айтарлықтай өзге рістер енгізді. Тауар-ақша қатынастары ның дамуы құлдықтың таралуына жағдай жасады.. Қарама-қайшы лықтардың өсуі діни-сектанттық қозғалысты туғызды, олардың ішінен буддизм мен джайнизм ерекшеленді. Б.з.б.                    4 ғасырдың ортасында Нанд әулеті билеген Магадха мемлекетіне Ганг жазығы түгел бағынды. Инд өз. жазығының бір бөлігін Ахемен әулеті жаулап алды. Б.з.б. 327 — 325 жылы Үндістанға Александр Македонский әскері баса-көктеп кіріп, Биас өзендеріне дейінгі жерді иеленді. Магадханың көршілес аймақтарды басып алуы Маурья әулеті тұсында да жалғаса берді. Ашок патшаның кезінде Маурья әулеті Үндістанға түгелдей дерлік, қазіргі Ауғанстан аумағының бір бөлігіне өз биліктерін орнатты. Олар күшті әкімш. және әскери аппарат құрды. Бірақ ішкі қарама-қайшылықтар мен Үндістанға бактрия грек терінің баса-көктеп кіруі оларды әлсіретіп жіберді. Б.з.б. 2 — 1 ғасырларда Солтустік Үндістанда грек-бактриялықтар, парфиялықтар мен шактардың көптеген әулеттері билік жүргізді. Осы кезде Деканда Сатавахандар мемлекеті күшейе бастады. Б.з.б. 1 ғасырда Солтүстік Үндістанның көпшілік бөлігі Кушан патшалығының билігіне көшті. 1 — 3 ғасырларда Үндістан Риммен қызу сауда жүргізді. Шығыстағы елдермен, Қытаймен сауда қатынастары кеңейді. 6 — 12 ғасырларда Үндістанда көптеген ортағасырлық мемлекет тер өмір сүрді. Олардың арасында үздіксіз соғыс жүрді. 8 — 10 ғасырларда Солтүстік Үндістандағы мемлекеттердің неғұр лым ірілері — Палдар мен Гурджара-Пратихарлар мемлекеттері еді. 8 ғасырдың басында Синдіні арабтар жаулап алып, елге ислам діні тарай бастады. 11 ғасырдың бас кезінде Үндістанның солтүгіне Ғазнауи сұлтандығының билеушісі — Мах мұд Ғазнауи бірнеше рет жорық жасап, Пенджабтың біраз бөлігін бағын дырды. 12 ғасырдың соңы — 13 ғасырдың бас кезінде Солтүстік Үндіс тан ды Гурлар мемлекетінің билеушісі — Мұхаммед жаулап алды.  Ол қайтыс болғаннан кейін оның Ганг жазығын дағы жергілікті билеушісі өзін тәуелсіз деп жариялап, астанасы Дели болған өз мемлекетін құрды              (қ. Дели сұлтандығы). Кришна өзеннен оңтүс тікке қарай 14 ғасырдан                      17 ғасырдың 1-жартысына дейінгі аралықта үлкен мемлекет — Виджая нагар өмір сүрді. 1565 жылы Виджаянагар билеушісі Кришна өзеннің жаға сында Декан мұсылман одағынан жеңіліп, патшалығы ыдырап кетті.                    17 ғасырдың ортасына таман бірнеше дербес князьдіктер құрылды (Мадура, Майсур, т.б.).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сот.

 

   Үндістанның соты патша және қоғамдағы соттар болып екіге бөлінетін. Қауымның соттары каста бойынша құрылған. Олар қауымның арасындағы істердің көпшілігін өздері қарайтын. Он ауылға бір сот жұмыс істейтін. Ол үш адамнан тұратын еді. Қалалардың әкімдері қылмыскерлерге қарсы күресті қүшейтті. Оларды ұстап, іздеп, түрмеге салу да олардың міндеттеріне жататын еді. Жоғарғы сотты патшаның өзі басқарды. Ол брахмандармен және тәжірибелі ақылшыларымен біріктіріп "сабха" деген сот алқасын құрды. Патшаның жыл сайын кешірім жариялауға құқығы болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ежелгі Үндістандағы құқығы

 

Алғашқы мемлекеттік құрылымдар Үндістанда Үндістан түбегінің солтүстік бөлігінде, Үнді жəне Ганг өзендерінің аймағында пайда болып, ауыл шаруашылығы мен қолөнердің дамуының жоғары деңгейімен ерекшеленген. Б.э.д. ІІ мыңжылдықтың ортасында Үндістанның аумағына арийлер көшпенді тайпалары жаулап кірді, олар біртіндеп бүкіл аумақты

жаулап алды да, ежелгіүндістандық  өркениетті құртты. Жаулап кірген арийлерде  рулық құрылым сақталған болатын, оның негізгі буыны болып қандық туыстыққа негізделген рулық  одақ — ғана табылатын, кейін оның орнына ауылдық қауымдастық — вишас келді, бұған жергілікті халық та енетін болған.

Жер өңдеудің одан əрі дамуы  мен қолөнердің оқшаулануы қауымдастықтардағы еңбек бөлінісіне алып келді, ал бұл, өз кезегінде, жеке меншіктің пайда  болуына жəне қоғамның таптарға бөлінуіне негіз болды. Осылай мемлекет пайда болды.

Ежелгі Үндістанның мемлекеті  жəне құқығы тарихының кезеңдері:

1 кезең — алғашқы қауымдық  құрылымның ыдырауы жəне кұлиеленуші  мемлекеттердің пайда болуы (б.э.д.  ІІ мың- жылдықтың екінші жартысы);

2 кезең — Үнді мен  Ганг аймақтарында құлиеленуші  мемлекеттердің құрылуы (б.э.д.  ІІ мыңжылдық — б.э.д. ІҮ);

3 кезең — Маурийлердің  орталықтанған мемлекетінің

құрылуы жəне гүлденуі (б.э.д. ІҮ — ІІ ғ.ғ.)

4 кезең — үнділік құлиеленушілік  қоғамның шиеленісі жəне шаруашылықтың феодалдық жүйесінің бекітілуі (б.э.д. ІІ ғ.)

Қоғамдық құрылым. Ежелгі Үндістандағы қоғамдық құрылымның өзіндік сипаты варналар (касталар) жүйесінің болуымен анықталды, олар өзінің құқықтық жағдайы бойынша тең емес тұйық əлеуметтік топтар ретінде қалыптасты. Қоғамның таптарға бөлінуінен кейін қауым төрт варнаға бөлінді:

брахмандар варнасы (абыздар); кшатрийлер варнасы (əскери тұлғалар); вайшийлер варнасы (жер өңдеушілер); щудралар варнасы (қаналушы батырақтар).

Мемлекеттік құрылым. Мемлекет басында патша — раджа немесе магараджа тұрды. Маурийлер дəуірінде маңызды орган ретінде патшаның билігін шектеуші жəне брахмандар мен құлиеленуші аристократтардан құралған паришад танылды. Мемлекеттік аппаратта шенеуніктер екі топқа бөлінді — орталық жəне жергілікті басқару шенеуніктері жоғарғы шенеуніктердің арасында мыналар ерекше орынды иеленді: пурохита — патшаның басты кеңесшісі жəне абызы; сенапати — əскер қолбасшысы; ахармадьякша — сот істері бойынша жоғарғы шенеунік. Басқарудың орталық аппараты үш мекемеге бөлінеді: əскери, қаржылық жəне көпшілік істер бойынша.

Жергілікті  басқару. Маурийлер мемлекетінде мыналар ерекше бөлінді: патшаның басқаруы мен бақылауындағы облыстар мен белгілі бір автономияға ие жерлер (провинциялар), провинциялар, өз кезегінде, округтерге, округтер аудандарға бөлінген. Ең төменгі аумақтық бірлік қауым — ғана болған.

Əскер. Маурийлер дəуірінде əскерді алты алқаға бөлген 30 мүшеден құралған əскери кеңес басқарған. Олар үнділік əскердің төрт түріне жетекшілік жасаған: жаяу əскерге, атты əскерге, пілдер мен арбалы əскерге, əскери флот пен көліктік əскерге.

Құқықтың  негізгі сипаттары. Ежелгі Үндістанның құқығы дінмен, діни моральмен тығыз байланысты болған. Құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде Ведалар — діни кітаптар мен дхармашастралар — діни-құқықтың, ережелердің жиынтығы саналған, олардың ішінде аса маңызды болып Манудың дхармашастралары табылған. Ману заңдары 12 тарау мен қоссөздер (шлок) түрінде жазылған 2685-баптан құралған. Құқықтық материал ІҮ, ҮІІ, ҮІІІ жəне Х тарауларда мейлінше толық көрініс тапқан.

Ежелгі Үндістанда жеке меншік ерекше дамыған, оның объектілері  ретінде құлдар, мал, астық жəне үй жабдықтары саналған. Ал жерге деген  жеке меншік аса дамымаған. Х —  тарауда мүлікті иемденудің жеті заңды тəсілдері аталып өткен: мұрагерлік, сыйға алу немесе тауып алу, жаулап алу, саудагерлік, жұмыс орындау, қайырымдылықты қабылдау. Міндетте мелік құқыққа (Ману заңдары бойынша) келесі шарт түрлері тəн болған: сату-сатып алу, заем, сыйға беру, тасымалдау, сақтау.

Отбасы құқығында касталық қағида негізге алынған: аралас неке лерге тыйым салынған немесе олар шектелетін болған, шудра мен брахман ның некесінен туған бала чандал деп танылған, олардан қоғам бет бұрған.

Мұрагерлік  құқықта əкенің мүлкін мұраға алудың екі тəсілі аталған: не ол ұлдардың арасында теңдей бөлінген, не оны үлкен ұлы толығымен иемденіп, қалғандары сол ұлдың жанында өмір сүрген. Қыздар мұраға                ие болмаған, бірақ оларға жасау берілетін.

Информация о работе Дәстүрлі үнді құқығының институттары