Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 14:54, реферат
Жоғары білім мен жоғары білімнен кейінгі білім беру мәселесінде шешімін таппай қордаланып қалған мәселелер аз емес. Соның бірі көптеген азаматтар еңбек рыногында сұраныс таппай отыр. Осындай қалыптасқан жағдайлардан шығудың жолын соңғы жылдары «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы қолға алуда. Орталық «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқып келген мамандардың қоғамнан лайықты өз орынын тауып, жұмысқа орналасуларына септігін тигізіп келеді.
сайтта берілетін сұрақтама | ||||||
| ||||||
РК, Алматы қаласы, Айманов көшесі 191үй, Тел/факс +7 (727) 274 - 72 - 06; E-mail: site.bostandyk@a-a.kz |
| ||
Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақ" бағдарламасының
жүзеге асырылуы барысына қатысты қатаң
ескертулерін айтып, кейбір тұстарын қайта
қарастыруды ұсынды. "Біз қазір "Болашақ" бойынша не істеп жатырмыз? Онда бәрі өз бетімен жіберілген!"-деді президент. Ол, "Болашақ" бағдарламасын ғылыми кадрларды дайындауды ұлғайту үшін қайта қарастыру қажеттігін атап өтті. "Бағдарлама бойынша, барлық стипендиаттың тек 3,3% ғана болашақ ғылыми кадрлар",-деді Н.Назарбаев. Оның айтуынша, "2006 жылы бөлінген 2646 стипендияның тек 80 стипендиаты PhD бағдарламасы мен ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша оқуға жіберілген. Басым мамандық бойынша небәрі 22 стипендиат білім алуда. "Мұның бәрі белгілі бір тұжырымның жоқтығын байқатады, яғни мамандықтар мемлекеттің мүддесі ескерілмей өз беттерінше таңдалады",-деп атап өтті президент. Президенттің пікірінше "Осыны ескере отырып "Болашақ" бағдарламасы аясында тапшы мамандықтар бойынша жеке мамандар дайындау жобасын жасап, жүзеге асыруды бастау қажет. "Болашақ" бағдарламасының нәтижелі болуының басты критериесі сұранысқа ие мамандық иелерінің тапшылығын төмендету болуы тиіс",-деді ол. Н.Назарбаевтың пікірінше, "Болашақ" бағдарламасының жас ғалымдары-стипендианттарымен жұмыс істеу барысына да көп көңіл бөлу қажет". "Бүгінде осы бағыттағы жүйелі жұмыс мүлдем байқалмайды, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мәселесін олар өз беттерінше шешуде",-деді елбасы. Атап айтқанда, президент "Болашақ" бағдарламасының түлектері- талантты жас ғалымдарға әлеуметтік көмек беруді ұсынады. Бұл ретте, ол " тұтынушылыққа жол берілмей, түлектердің мемлекет ұсынған жеңілдіктерді қайтару жолдарының айқындалуы тиіс",-деді. Осыған байланысты Н.Назарбаев "алға қойылған жаңа мақсаттарға байланысты тараптардың оқу бітіргеннен кейінгі міндеттемелеріне қатысты стипендиаттармен арадағы келісімдерді қайта қарастыру қажет" деп есептейді. "Мемлекет оқуға жібереді, төлейді, ал оқуды бітіргеннен кейін стипендиат Қазақстанда отандық ғылымның дамуына үлес қосуы керек",-деді ол. Елбасы атап өткендей, "тағы бір қынжылтатын мәселе ол ауыл жастарының бағдарламадан тыс қалып отырғаны". "Бағдарлама стипендиаттарының небәрі 10% ауыл жастары",-деді ол. Н.Назарбаевтың айтуынша "жас таланттарды іздестіру "Болашақ" бағдарламасының басты мақсатына айналуы тиіс".
|