Болашақ бағдарламасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 14:54, реферат

Описание работы

Жоғары білім мен жоғары білімнен кейінгі білім беру мәселесінде шешімін таппай қордаланып қалған мәселелер аз емес. Соның бірі көптеген азаматтар еңбек рыногында сұраныс таппай отыр. Осындай қалыптасқан жағдайлардан шығудың жолын соңғы жылдары «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы қолға алуда. Орталық «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқып келген мамандардың қоғамнан лайықты өз орынын тауып, жұмысқа орналасуларына септігін тигізіп келеді.

Работа содержит 1 файл

Болашақ бағдарламасы.docx

— 88.08 Кб (Скачать)
 
 

     Жоғары  білім мен жоғары білімнен кейінгі  білім беру мәселесінде шешімін  таппай қордаланып қалған мәселелер  аз емес. Соның бірі көптеген азаматтар  еңбек рыногында сұраныс таппай отыр. Осындай қалыптасқан жағдайлардан шығудың жолын соңғы жылдары «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы қолға алуда. Орталық «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқып келген мамандардың қоғамнан лайықты өз орынын тауып, жұмысқа орналасуларына септігін тигізіп келеді. Бүгінде аталған орталық Президенттік «Болашақ» білім беру бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастырудың жаңа тәсілін енгізуде.

      Сондай-ақ, орталықтың негізгі мақсаты стипендиаттар  оқуын бітірген соң жұмыспен қамтамасыз ету, мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен әріптестік байланысты нығайтып, екі жақты әріптестік жөніндегі  Меморандумға қол қою мәселесі қарастыру. Бүгінде министрліктермен, жоғары оқу  орындарымен, ғылыми зерттеу орталықтарымен, ұлттық компаниялармен, комитеттермен, түрлі агенттіктермен, банктермен жеке команиялармен келісімдер жүргізіліп, 69 меморандумға қол қойылды.

Жыл сайын  Ұлыбританияның Лондон қаласында жұмысқа  орналастыру жөнінде халықаралық  жәрмеңке өтеді. Жуырда «Халықаралық бағдарламалар  орталығы» АҚ INTERNATIONAL CAREERS FAIR 2011 (ICF 2011) жәрмеңкесіне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Ел дамуы жолында мұндай жәрмеңкелердің тигізер әсері зор екендігіне көз жеткізген соң, осы жылдың ақпан айының басында ірі компаниялардың өкілдерімен ресми кездесулер өткіздік. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мен British-Kazakh Society қолдауының арқасында Президенттік  «Болашақ» білім беру бағдарламасының  түлектерін жұмысқа орналастырудың мүмкіндіктері туралы, KPMG, PWC (Pricewaterhouse Coopers), “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ, Regional Financial Centre of Almaty City (RFCA), “Қазақтелеком” АҚ, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры, “ҚазақстанТемірЖолы” АҚ, Caspi Bank, “Эйр Астана” және көптеген ұйымдармен келісім-шарт жасалды. Осылайша, «Халықаралық бағдарламалар орталығы»  АҚ Президенттік «Болашақ» білім  беру бағдарламасының түлектеріне  жаңа мүмкіндіктер ашып беруде. Яғни, олар оқуларын бітірмей жатып жұмысқа  орналаса алады. Ал «Болашақ» бағдарламасы орталық жасап жатқан істердің арқасында  алға қойған мақсатына жетіп, ел экономикасының әр саласын жоғары білімді мамандармен  қамтамасыз етуде. 

     Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Назарбаев: «Халқымыз дарынды ұлға, талантты қызға қай заманда да кенде болмаған. Олардың бәрі де халқымыздың тарихында өшпес  із қалдырып, аспанымызда шоқжұлдыздай жарқырап тұр... Ендігі кезекте алған  білімдеріңізді туған елдеріңнің кәдесіне жаратып, мемлекет артқан үмітті ақтаңыздар. Қазақстанның жарқын болашағы жолында  аянбай еңбек ететіндеріңізге мен  сенімдімін» - деп ел болашағы жастарға үміт артты. Ел тәуелсіздігінің 20-жылдығы қарсаңында білім мен ғылым саласындағы жеткен жетістіктерге көз жүгіртсек, көңіл толарлық істер жасалды. Десек те, боламын деген жастарға жол көрсету, біліктілігі мен білімдерін көтеруге мүмкіндік беру қашанда мемлекеттің басты міндеті болып қала бермек.  
 
 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 қарашасында құрылған.  Аталмыш бастаманың негізі идеясы дарынды жастардың шет елдерде білім алуы. 1994 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі мерзім Болашақ бағдарламасының шеңберінде 1900 стипендия берілді.   
 
Болашақ бағдарламасы оның түлектерінің мансап сатысымен сәтті көтерілуінің кепілі болды.  Оған дәлел, Болашақ бағдарламасының түлектері мемлекеттік қызметте және халықаралық ұйымдар мекемелерінде жауапты қызметті талап ететін лауазымдарға ие болып мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосады.

2005 жылдан бастап, ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық  стипендиясына байқауды өткізу  «Халықаралық бағдарламалар орталығы»  АҚ жүзеге асырады.  

Болашақ бағдарламасы бойынша шетелде білім алу  үшін елдер тізіміне: АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Австралия, Австрия, Венгрия, Дания, Испания, Италия, Канада, Франция, Чехия,Швеция, Швецария, Жапония сынды  елдер кіреді.

Барлық  қажетті ақпараттар  
«Болашақ» бағдарламасы және қажетті құжаттар тізімі туралы, байқау іріктемесінің қадамдары жөніндегі және ұсынылатын елдер мен ЖОО туралы қажетті ақпараттарды
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ  сайтында аласыздар.

«Болашақ» бағдарламасы түлектерінің қауымдастығы сайтында Қазақстанның ең беделді компаниялары ұсынған бос орындар туралы ақпараттарды алуға болады.

«Лингвистикалық орталық» халықаралық  білім беру жөніндегі  агенттік сайтында шетелдерде білім алу жөніндегі түрлі бағдарламалар туралы мәліметтерді аласыздар. Сіздердің назарларыңызға Англияда, Австралияда, Германияда, Канадада, Испанияда, Жаңа Зеландияда, Францияда, Италияда, Швецарияда және басқа елдердегі білім жөнінде ақпараттарды ұсынады. олашақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы.

1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген. 1994 жылы бір топ қазақстандық студенттер тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді.

1994 жылдан бастап 2004 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасы  аясында барлығы 785 студент әлемнің  13 елінде білім алды. Стипендия  қызметте табысты өсудің, түлектердің  кәсіби мамандануының кепілі  іспеттес. Бұның дәлелі ретінде  бағдарламаның көптеген түлектері  мемлекеттік қызметте, мемлекеттік  және халықаралық ұйымдарда, акционерлік  құрылымдарда жауапты қызметтерді  атқарып, мемлекеттік және халықаралық  жобаларға қатысып, еліміздің  дамуына өз үлестерін қосуда.

Мемлекет басшысының 2005 жылғы халыққа Жолдауында айтылған «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлерінің санын арттыру жөніндегі  бастамасын іске асыру мақсатында ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық  стипендиясына конкурс өткізуді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 301 қаулысымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы құрылды.

Сонымен қатар 2005 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау жыл  сайын Шетелде кадрлар даярлау  жөніндегі республикалық комиссия бекітетін Басым мамандықтар тізбесіне қатаң сәйкестікте жүргізіледі. 2005, 2006 және 2007 жылдардағы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін әзірлеуде мемлекетті дамыту басымдықтары мен төмендегі стратегиялық құжаттарда көрсетілген экономиканың белгілі бір салаларында білікті мамандарға қажеттілігі ескерілді:

  1. Қазақстан Республикасын индустриалдық-инновациялық дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы;
  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
  3. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды реформалау және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
  4. Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
  5. Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
  6. Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы;
  7. Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
  8. Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
  9. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы.

Сондай-ақ 2005 жылы шетелде оқуға арналған елдер тізімі өсіп, үміткерлер АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Австралия, Австрия, Венгрия, Дания, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль, Испания, Италия, Канада, Қытай, Малайзия, Нидерланды, Норвегия, Оңтүстік Корея, Польша, Сингапур, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Швейцарияға сияқты елдер арасынан өзіне ыңғайлысын таңдайтын болды.

2007 жылы елдер мен ЖОО-лар тізімі толықтырылды. Қазіргі кезде үміткерлер әлемдегі 32 елдің алдыңғы қатарлы 630 оқу орындарында оқи алады. Бүгінгі таңда стипендияны іске асыруда магистрлік және докторлық бағдарламаларға, сондай-ақ біздің ел үшін анағұрлым қажетті болып табылатын техникалық және медициналық бейіндегі мамандарды дайындауға ерекше көңіл бөлінеді.

Үміткерлер санының  өскеніне қарамастан, «Болашақ» бағдарламасының  негізгі қағидаттары бастапқы қалпында қалып отыр. Олар:

  • үміткерлерді дайындаудың жоғары деңгейі;
  • елімізде және одан тыс жерлерде бағдарламаның оң бейнесін сақтап қалу;
  • конкурстық іріктеуді ашықтық және әділдік қағидаттары бойынша өткізу;
  • стипендия иегерлерін әлемнің үздік университеттеріне жіберу.
  • жаңалықтар мұрағаты
       
     
     
    ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
      1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24  25 26 27
    28 29 30        
     
     
     
     

    Информация о работе Болашақ бағдарламасы