Әбілхайыр ханның билікке келуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 21:19, реферат

Описание работы

ХҮ ғ. 20-жылдарында Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды. 1428 жылы Шайбан ұрпағы Әбілқайыр (1428-1468) осы аймақтардағы билікті қолына алды. Ол Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты. Шығыс Дешті-Қыпшақтың бытыраңқы тайпаларының басын қосып «Көшпелі өзбектер мемлекетін» құрды.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
Әбілхайыр ханның билікке келуі.......................................................................3
Хандықтың этникалық құрылымы..................................................................4
“Көшпелі өзбектер” мемлекетінің күшеюі.......................................................4
Хандықтың территориясы..................................................................................5
Мемлекет және әкімшілік апараты...................................................................6
“Көшпелі өзбектер” мемлекетінің шаруашылығы........................................9
“Көшпелі өзбектер” мемлекетінің күйреуі.....................................................10
Қорытынды..........................................................................................................12
Қолдаған әдебиеттер тізімі.................................................................

Работа содержит 1 файл

Правление Ивана Грозного.doc

— 32.50 Кб (Скачать)

     Осы мемлекеттің отырықшы-егіншілік  аймақтарында даруға — қаладағы, аймақтағы  хан қойған билеуші, қала істерін  басқарушы маңызды әкімші адам болған. Деректемелер Әбілқайырдың өз қолдаушыларын  жаулап алған қалаларында даруға қызметіне тағайындағаны туралы айтады. Даруғаның міндеті алым мен басқа да салықтарды жинау және тәртіпті бақылау болған.

     Мемлекеттік іс қағаздары мөр басылып, бекітілетіп, мұны, мәселен, деректемелерде аталған  Әбілқайыр-ханның указдары, дуғлат ұлысбектер берген пәрмендер дәлелдейді. Жауынгерлер санағы да мезгіл-мезгіл өткізіліп тұрған.

     Жекелеген ұлыстардағы (әдетте тайпа, ұлыс басшысының немесе үлес иесінің қолына жинақталған) әкімшілік билігі тәрізді мемлекеттік  аппарат экономикалық жағынан да үстем топ болып табылатын сол феодал шонжарлардан тұратын. Жайылымдар мен егістік жерлердің іс жүзіндегі қожасы және негізгі мал түлігінің иесі сол феодал шонжарлар болатын.

Әскерлер  хан вассалдары жасақтарының негізінде  құралды, олар сенімсіз болатын, өйткені  олардың әскер басылары өздеріне бағынышты отрядтарды кез келген уақытта алып кете беретін. Тайпалық жасақтардың әскери ұйымы ежелгі түрік монғол ондық жүйесі бойынша құрылды: әскер түмендерге (10 мыңдық корпустар), мыңдықтарға, жүздіктерге, ондықтарға бөлінді.

     Әбілқайыр-ханның әскерлері оң және сол қанаттан, қарауылдан тұрды.

     Әбілқайыр хандығы көшпелі шонжарлар жетекші  роль атқарған феодалдық мемлекет болды; оның мемлекеттік-әкімшілік системасы  еңбекші бұқараны қанауға және феодал үстем топтың таптық мүдделерін қорғауға бағытталды. Өз билік баспалдағы бар қалыптасқан әскери-лендік система феодалдардың қатарлары малшылар мен отырықшы, тәуелді шаруаларды қанауын қамтамасыз етіп отырды.

  «Көшпелі  өзбектер»  мемлекетінің шаруашылығы

 
 

     ХIV-XV ғ  Қазақстан жеріндегі халықтардың саяси өміріндегі бір хандықтар тарап, екінші хандықтар құрылып шексіз өзгерістер болып жатқанына қарамастан халық келе жатқан ата кәсібі – мал шаруашылығымен дәйекті шұғылданды. Оның ішінде көшпелі, отырықшы, жартылай көшпелі түрлері болды. Отырықшы мал шаруашылығы оңтүстікте, Сыр бойының күнгей беттерінде күшті дамыды. Маңғыстау, Арал аймақтарын мекендеген ел бүкіл жыл бойы жайылымнан жайылымға көшіп жүрді. Мал шаруашылығының кең тараған түрі көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшпелі мал шаруашылығының басты принципі бір жайылымнан келесі жайылымға көшіп көшпелі өмір сүру.

     Сонымен қатар шаруалар егін егіп малдың қысқы азығын дайындаған.

     Көп  жерлерде қой мен жылқы өсіру  басты орын алса, оңтүстік-шығыстағы  отырықшылық жерлерде табындап мүйізді  ірі қара өсіретін   болды.

     Қазақтың  саяси орталықтарының оңтүстігіне  ауысуы   егіншіліктің дамуына  жол ашқан. Бұл жерлерде ел билеушілері   егіншілік ошақтарын қалпына  келтіруге күш салды. Егіншілік  жүйесі   қала маңында   жақсы   дамыды.

     ХIV  ғасырда Сырдарияның орта ағысындағы егіншілікпен   айналысқан қалаға жақын жерлердегі суармалы учаскелерде бау-бақшалар мен көкөніс дақылдары егілетін суармалы және тәлімді   жерлер олардан алысырақ орналасты.

     Сырдария   мен   Арыс   алқабында   жиырмадан   астам   қалалар   болды. Сырдың сол жағасында Ашнас, Аққорған, Сүткент, сияқты қалалар бой көтерді. Көшпелі өзбектер мемлекетінің астанасы Сығанақ - ірі сауда орталығы әрі егіншілік орталығы болды.

     Сығанақта теңге сарайлары жұмыс істеді теңгелерге   билеушілер   өз есімдерін жазғызып  бүкіл әлемге танытып  отырды. Еуропадан, Қырым Донның төменгі жағы арқылы өтіп, Сарайшық пен Отырар, Сайрамды басып Орта Азиядан шығатын ежелгі керуен даңғылына келіп қосылатын жол үстінде транзиттік сауда өріс алады.

     Көшпелілер  мен егіншілер өзара бір-бірімен материалдық мәдениет, тұрмыс, шауашылық тәжірибе машықтарын әлеуметтік норма мен мемлекет ұғымдары түрлерін, әскери өнер элементтерін алып отыруға, мәдени жетістіктердің алмасып тұруына мұсылман мәдениетін жазу-сызу мен кітап білімін тарату ісі де осынау қалалар арқылы жүзеге асырылды. Хандық сонымен қатар қосымша (балық, аң аулау) шаруашылықтармен де айналысты.

  “Көшпелі  өзбектер” мемлекетінің күйреуі

 

Әбілқайыр 1468 жылы Керей мен Жәнібек сұлтандардың соңынан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда Алатау бөктерінде кенеттен қайтыс болады. Таққа оның ұлы Шейх Хайдар отырды. Бірақ, Әбілқайыр ханның барлық жаулары бірігіп, барлығы оған қарсылық көрсетеді, тайпалардың беделді адамдары оны тастап кетеді де қазақ хандығының құрамына қосылады. 1472-73ж. Шейх Хайдарға шешуші соққы жасалады.

1428-1468/69ж.  арасында өмір сүрген Әбілқайыр  ханның күйреуіне төмендегідей  себептер әсер етті:

  1) Мемлекеттік  аппараттың орталықтануының әлсіздігі.  Хан тек олжа түсетін жорық  жасап, белсенді әрекет еткенде  ғана бағыныштыларынан қолдау тапты. Ал ондай болмаған жағдайда хан қолдаудан айырылып, мемлекет күйреуі тез арада жүзеге асады.

2) Орда  Ежен, Шайбан және Тоқа Темірдің  ұрпақтары арасындағы тоқтаусыз  әулетаралық күрестердің ушығуы.

3) Өзбек  үстем тап өкілдерінің өздерінің арасындағы ымырасыздық пен олардың орталықтанған хандық билікке қарсы шығуы.

         Бұдан шығатын қорытынды, 40 жыл  бойы мемлекетті біріктіруге  тырысқан Әбілқайыр хан мемлекетінде  сол жылдарда да ішкі алауыздық  пен күрес тоқтамады. Яғни, мемлекеттің ішкі саяси тұрақтылығының болмауы, билеуші мен жақтастар, қолдаушылар арасында түсініктің болмауы мемлекеттік құрылымның күйреуіне алып келері анық.

     Әулеттік  тартыстар, билеуші әулет арасындағы алауыздық, халықтың едәуір тобының  ауа көшіп кетуі саяси бытыраңқылықты күшейтіп, хан билігін әлсіретті. Әбілқайыр хандығының ішкі әлсіздігінің негізгі себебі қоғамның артықшылықтарға ие үстем тобы мен қарапайым көшпенділер арасындағы қайшылықтардың шиеленісе түсуі болған еді. Бітпейтін феодалдық соғыстар мен таластар онсыз да феодалдық қанаудың ауыртпалығынан езілген халық бұқарасының жағдайын күйзелте түсті. Мұның бәрі Әбілқайыр мемлекетін әлсіретіп, түптеп келгенде оның ыдырауына әкеліп соқт 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

 

     Әбілқайыр хандығы Қазақ хандығының қалыптасу қарсаңындағы ірі мемлекеттердің бірі болды. Және бұл мемлекеттің біздің хандыққа ұқсастықтары көп болды. Соның бірі әкімшілік құрылысы. Бұл Әбілқайыр хандығы да сонау Алтын Орданың мұрагерлерінің бірі болғандықтан мұнда да елді хан басқарды, оның уәзірлері ірі үстем тап өкілдерінен тұрды.

     Мемлекет  халықтан салық жинап, жайылымдық жерлерді белгілеп беріп отырды. Бірақта елді 40 жыл билесе де, Әбілхайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады.

     Кейіннен  Әбілқайыр хандығының құрамында  болған кейбір тайпалар (рулар) түгелдей немесе жарым-жартылай Қазақ Жүздерінің құрамына кіріп, сіңісіп кетті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Массуд Ибн Осман Кухистани  “Тарих-и Абул-хайр хани” // Лейкх, 1969ж

  2. Таварих-и гузидайн Нусрат-намэ // Микх.

  3. Махмуд Ибн Уәли “Бахраль асрар  фиманани аль ахиар//Микх.

  4. Тизенгаузен В.Г. Смизо, СПБ, 1884ж.

  5. Ахмедов Б.А. государст-во кочевых  узбеков М., 65 б.

  6. Бартольд В.В. Шейбаниды. сог. ІІ,2  М., 1964ж

  7. Кляшторный С.Г., Султанов И.Т. Казахстан: летопись трехтысячелетия А.,1992ж

  8. Еркін Әбіл. История Государства и Права Республики казахстан 67-68 б 2000ж

 



Информация о работе Әбілхайыр ханның билікке келуі