Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 21:19, реферат
ХҮ ғ. 20-жылдарында Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды. 1428 жылы Шайбан ұрпағы Әбілқайыр (1428-1468) осы аймақтардағы билікті қолына алды. Ол Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты. Шығыс Дешті-Қыпшақтың бытыраңқы тайпаларының басын қосып «Көшпелі өзбектер мемлекетін» құрды.
Кіріспе......................................................................................................................2
Әбілхайыр ханның билікке келуі.......................................................................3
Хандықтың этникалық құрылымы..................................................................4
“Көшпелі өзбектер” мемлекетінің күшеюі.......................................................4
Хандықтың территориясы..................................................................................5
Мемлекет және әкімшілік апараты...................................................................6
“Көшпелі өзбектер” мемлекетінің шаруашылығы........................................9
“Көшпелі өзбектер” мемлекетінің күйреуі.....................................................10
Қорытынды..........................................................................................................12
Қолдаған әдебиеттер тізімі.................................................................
ХҮ ғ. 20-жылдарында Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды. 1428 жылы Шайбан ұрпағы Әбілқайыр (1428-1468) осы аймақтардағы билікті қолына алды. Ол Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты. Шығыс Дешті-Қыпшақтың бытыраңқы тайпаларының басын қосып «Көшпелі өзбектер мемлекетін» құрды.
Әбілқайыр хандығының территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірінен солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты. Астанасы – алғашқыда Тура, 1431 жылдан Орда-Базар, 1446 жылдан Сығанақ. Халқы - өзбектер деп аталған түрік тайпалары (қыпшақтар, қоңыраттар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қаңлылар, үйсіндер т.б.). Елді 40 жыл билесе де, Әбілқайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады. Мемлекет бір орталықтан басқарылмай бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарып, олардың арасында билік үшін толассыз соғыстар тоқтамады.
Әбілқайыр хан өз билігін нығайтып, жаңа жерлер қосып алу үшін көптеген соғыстар жүргізіп 1430 жылы Тобыл өзені бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды жеңді, Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандады. Сырдария өңіріндегі далада Жошы әулетінің Махмұд және Ахмет хандарын жеңіп, Орда-Базар қаласын тартып алды. 1446 жылы Мұстафа ханды тізе бүктіреді. Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркөкті жаулап, Сығанақты астана етті.
ХҮ ғ. 50-жылдары Самарқанд, Бұхарды шабуылдап, осы өңірдегі Темір ұрпақтарының ішкі саяси өміріне араласты. Бірақта 1457 жылы Өз Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде жеңіліп, онымен өзін қорлайтындай ауыр шарт жасасты.
Бұл жағдай Әбілқайыр ханның саяси беделін төмендетті. Нәтижесінде ХҮ ғ. 50-жылдарының аяғында Көшпелі өзбектер мемлекетінен Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған халықтың бір тобы Моғолстанға көшіп кетті. Оларды жазалау үшін 1468 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен қайтыс болды. Осыдан кейін Әбілқайыр хандығы ыдырап кетті.
Әбілқайырдың мұрагері Шайх-Хайдар хан ішкі тартыста өлтірілді. Ал Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани (1470-1510) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы қалалар үшін ұзақ соғыс жүргізді. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін Әбілқайырдан тараған Шайбанилар ұрпағының Шығыс Дешті-Қыпшақтағы билігі бітеді. Бұл жерлердегі билік қазақ хандарына толық көшті. ХҮІ ғ. басында көшпелі өзбектердің бір бөлігі Шайбанилердің бастауымен Мәуереннахрға көшіп кетті. Ондағы Темір ұрпақтарынң билігінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін тартып алды. Қазақстан жерінде қалған тайпалар Қазақ хандығының қол астына қарайды.
442 0
Жоспар
Кіріспе.......................
Әбілхайыр ханның билікке келуі.................
Хандықтың этникалық құрылымы......................
“Көшпелі өзбектер” мемлекетінің күшеюі........................
Хандықтың территориясы..................
Мемлекет және әкімшілік апараты.............
“Көшпелі өзбектер” мемлекетінің шаруашылығы...................
“Көшпелі өзбектер” мемлекетінің күйреуі.......................
Қорытынды.....................
Қолдаған әдебиеттер тізімі........................
Қазақстан тарихында XIV—XV ғғ. айрықша орын алады: бұл кезде әр алуан түрік тілді және моңғол тілді этникалық топтардан қазақ халқының өзінің құрылу процесі аяқталып, оның мемлекеттігі жергілікті этникалық негізде қалпына келтіріледі.
XIV-XV ғғ. Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның (парсы және түрік тілді бастау-хаттарда Қа
Бірыңғай халық пен оның мемлекеттігін құру жолындағы тарихи қам-харекеттің дамуы аймақтың саяси бытыраңқылығын болдырмау ісінің аса қиын жағдайында өтеді. Қазақстан тарихының осынау аса күрделі кезеңінің бастапқы кезінде моңғол ұлыстары — Шыңғыс ұрпақтарының Дешті-Қыпшақ пен Орта Азиядағы (Мауараннахр) еншіліктері ыдырайды да, соңғы кезінде қазақтың өз мемлекеті — Қазақ хандығы құрылады. Моңғол дәуірінен соң осы аймақ халқының саяси өмірінің дамуы жергілікті этникалық негізде пайда болған бірнеше мемлекеттік құрылымның оңашалануы арқылы өтеді: олар Ақ орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті), Ноғай ордасы.
Әбілқайыр хандығы туралы жұмысты жаза отырып ең бастысы осы хандықтың Қазақ хандығының алдындағы хандық екендігіне мән беру керектігі айқын болды. Және оның территориясы мен басқа да мемлекеттік істерінің салалары Қазақ хандығын құру барысында үлгі етіп алынды. Бірақ ол хандықтың кемшіліктері де ескерілді деп ойлаймын. Әбілқайыр хандығының ғұмыры тым қысқа болды. Осы жұмыста оның неліктен ғұмырының қысқа болғандығын және сол кездегі мемлекет пен әкімшілік апаратын толық ашып көрсетуге тырысамын.
XV ғасырдың 20-шы жылдарының аяғында Қазақстанның орталық батыс және солтүстік-батыс аудандарының территориясында бірнеше тәуелсіз феодалдық иеліктер болды. Арал теңізінен солтүстікке қарай Шайбани әулеті Жұмадық-ханның ұлысы, бұдан батысқа таман — Ғазиби иеленген Ноғай (Манғыт) ұлысы болды; Шайбани әулеті Мұстапахан Атбасарда, маңғыт Кепек-би мен Адаб-бек бүркіт Тура өңірінде билік жүргізді. Тобылда Шайбани әулеті Махмұд-Қожахан иелігі орналасты. Феодалдардың қиян-кескі өзара тартыстары мен билік үшін күресі бейбіт өмірге құштар көшпелі халықтың жағдайына ауыр тиді. Осындай жағдайда Жошы әулеті Шайбанның ұрпағы, Дәулет-Шайх-оғланның баласы Әбілқайыр жоғары көтерілді. Әбілқайыр Шыңғыс ханның 10-ұрпағы.
Шыңғыс хан→Жошы→Шибан→Бахадур→Жошы-
→Мың Темір→Болат→Ибрагим→Дәулет-
Жошы ұрпағының өзара күрес-тартысы — олардың ішіндегі көрнектілері Жұмадықхан, Махмұт Қожахан, Мұстафахан т. б. Еді.
Шайбан ұлысының билеушісі Дәулетшейх қайтыс болғаннан кейін, билікті ұлы Әбілхайыр кішкене болғандықтан Жұмадық хан алады. Жұмадық маңғыттармен шайқаста қолға түсіп өлтіріледі. Ал Әбілхайыр маңғыт билеушілерінің тарапынан қолдауға ие болып, билікті өз қолына алады. Осылайша Ақ орданың ханы Барақтың қазасы және Шайбанилік Дәулет-Шаих оғланның ұлы Әбілқайырдың 1428 ж. хан тағына отыруымен аяқталады. Әбілқайырды Батыс Сібірдегі Чимгл Тара немесе Тура қаласында (қазіргі Тюмень) хан етіп сайлайды.
Әбілқайыр дербес хандық құрып, Қазақстанның далалық аудандарының орасан кең жеріндегі өкімет билігін қырық жыл бойы ұстап тұрады.
Ол тез арада Орталық және Солтүстік Қазақстандағы көптеген тайпалардың үстем тобының қолдауына ие болды. Әбілқайырды хан етіп сайлауға қатысушылардың ішінде, деректемелерге сәйкес сұлтандар, оғландар, тайла мен ру басшылары, батырлар ғана емес, сонымен бірге мұсылман дін басыларының өкілдері де болған.
Әбілқайырға іш тартатындардың арасында қият, маңғыт, шынбай, итжан, табғұт, дұрман, күшші, отаршы, найман, өкіреш найман, тубай, таймас, шат, хытай, барақ ұйғыр, қарлұқ, кенегес, үйшін (үйсін), қоңырат, күрлеуіт, ички, ички-маңғыт, тұман және басқа тайпалардың өкілдері аталған.
Түрік және түріктенген монғол тайпалары мен руларының бұл тізімі негізінен Ақ Орданың, ішінара Ноғай Ордасының этникалық құрамына сәйкес келетін Әбілқайыр хандығының этникалық құрамын көрсетеді. Тілі жағынан, шаруашылық түрі, материалдық мәдениеті мен тұрмысы жағынан осы туыстас тайпалар XIV ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап деректемелерде сол кезде әлі де этноним бола қоймаған, тек саяси ғана маңызы бар «өзбек» деген топтама атпен аталған.
Әбілқайыр-хан шайбанилықтардың белгілі бір топтарына ғана емес, сонымен қатар территориялық жағынан жақындығы мен көптігін
Өзін көшпелі қоғамның ықпалды топтары хан сайлап, таққа отырғызғаннан кейін Әбілқайыр олардың мүдделеріне сай саясат жүргізіп, көрші елдерге соғыс жорықтарын жасауға, жаңа жерлерді бағындыруға тиіс болды. «Қала мәдениеті дари қоймаған Шибан ұрпақтары, — деп жазады В. В. Бартольд,— көшпелілердің жауынгерлік дәстүрін бәрінен де берік ұстанды, сондықтан да Шыңғыс-хан әулетінің күш-қуаты барлық жерде дерлік түгелдей құлдыраған кезде бұлар жаулап алушылар ролінде көріне алды».
Б.А.Ахмедов:“Әбілхайыр Шайбан ұлысынан біріктірумен қатар бұрынғы Алтын Ордаға қараған аймақтарды да өз иелігіне қосуды мақсат етті”.
Әбілқайыр Сырдария өңірінің қалалары мен Хорезм үшін Темір әулетімен күрес бастады. Темір әулеті Ұлықбектің әскерін Сығанақ ауданында Барақхан тас-талқан еткен сон, Мауараннахрдың билеушісі 20 жыл бойына, XV ғасырдың 40-шы жылдарының аяғына дейін қорғаныс позициясын ұстады және тіпті өз жерінің шекараларына Әбілқайыр мен Моғолстан билеушілерінің әскерлері шапқыншылықтар жасағанда да, қырға ешқандай жорық әрекетін ойластырған жоқ. Әбілқайыр ұлысы Орта Азиямен тығыз байланыста болды, ал ыдырай бастаған Алтын Орданың орталықтарымен байланыс бірте-бірте әлсірей берді.
Шығыс Дешті Қыпшақтың феодалдық быты
Әбілқайыр хандығының территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатады.
Астанасы – Тура (1428-1446) және Сығанақ (1446-1468) қалалары болды.
Әбілқайыр мемлекетінің Ақ Орданың, Моғолстанның және басқа хандықтардың мемлекеттік және әкімшілік-саяси құрылымы көбінесе бірдей болды. Мемлекет басшысы хан болатын, оның билігі тікелей мұрагерлікпен немесе билеуші әулеттің үлкен өкіліне берілетін. Бірақ дәстүр бойынша, феодалдық үстем топтың — бектердің, әмірлердің — ханды жариялауы, сайлауы сақталатын және тікелей мұрагерді, рудағы үлкенін немесе басқа үміткерді «хан көтеру» олардың еркіне байланысты еді. «Тарих-и Рашидиде», мәселен, дуғлат Хұдайдад-ұлысбектің «алты ханды хан көтеруді» ұйымдастырғаны хабарланады.
Ханның басқаруы мен нақтылы билігі де әрқашанда дерлік феодалдық үстем топтың еркіне байланысты еді. Деректемелерде әрдайым хандардың «өзінің ақсүйектерімен және жақын адамдарымен» түрлі мемлекеттік істер жөнінде өткізген кеңестері туралы хабарланады. Мәселен, «Тарихи Рашидиде» Қызыр-Қожаханның өз шонжарларымен Темірдің саяси және экономикалық дәмелеріне байланысты кеңесі туралы егжей-тегжейлі әңгімеленеді. Масуд бен Усман Кухистани осындай «кеңестер мен мәжілістерді» тайпалар шонжарларымен Әбілқайыр-ханның (мысалы, Хорезм жорығы алдында) өткізгенін хабарлайды.
Ұлыстар мен тайпалық бірлестіктердің басқарушылары мемлекет басшысы ретінде ханға формальды түрде болса да вассалдық бағыныштылықта болатын. Олар бұдан көшпелі ұлыстарды басқаруға бекітілген ресми қағаз алатын, ал кейде жаңа «бөтен» тайпалар мен олардың жұртын феодалдық сыйлыққа алатын. Шонжарлар хан соғыстарына белгілі бір жауынгерлер мөлшерімен қатысып, өзіне бағынышты халықтан алатын салықтың бір бөлегін ханға беруге тиіс болатын. Бірақ шын мәнінде нөкерлерден құрылған жеке жасағы ғана бар және феодалдық жасақтардан басқа әскери күші жоқ хан ірі феодалдар алдында әлсіз болатын. Қарауындағы халықтан салық алу, сондай-ақ шекараны, территорияны қорғау секілді істерді—тұтас алғанда мемлекеттік өкіметтің осы негізгі функцияларын хан феодалдық ұлыстардың билеушілері арқылы, солардың қолдауымен ғана орындай алатын еді.
Көшпелі феодал шонжарлардың өкілдері, шын мәнінде, өздеріне бағынышты халықты толық билейтін. Олар өз тайпасының шекарасында әкімшілік-саяси жә
Хан кеңесі феодал үстем топтан — хан туыстарынан, тайпалар шонжарларынан, дін басылардан тұратын. Деректемелерге қарағанда, Әбілқайыр хандығында диуандар (мемлекеттік кеңселер) мен дафтарлар (финанс ведомстволары салық басқармалары) болған. Жоғары лауазымды адамдар, атап айтқанда, хан жанында үлкен билікке ие атабек немесе аталық («тәрбиеші», «аға»), көкілташ (хан балаларының «төл бауыры») болатын. Көкілташ атағы бар адам өзінің жағдайы бойынша атабекке немесе аталыққа теңдеседі. Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанда көкілташ атабектің, яғни хан тағы мұрагерінің тәрбиешісі міндетін атқаратын. Ал мұрагер өз алдына басқарушы болғанында көкілташ өзінің шәкіртіне одан әрі зор ықпал жасайтын.
Басқа да жоғарыда аталған мемлекеттер тәрізді Әбілқайыр хандығының жоғары қызмет баспалдағында ішкі немесе ішік-аға-басы (сарай қызметінің басшысы), инақтар (хан кеңесшілері), миршикар (аңшылық бастығы), сондай-ақ наиб («орынбасар») және басқа қызметтерді атауға болады. Сондай-ақ жиналыстарда, мерекелерде тәртіп пен рәсімдердің қадағалауын қамтамасыз ететін лауазымды адамдар — жасауылдар елеулі роль атқарды. Хан сарайында рәсім қатаң қадағаланатын («жұрт әрқайсысы өзіне бөлінген жерде отыратын»).