Әбілғазы Баһадүрдің өмірбаяны мен Түрік шежіресі атты еңбегі туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 19:04, доклад

Описание работы

Әбілғазы Баһадүр Хан[1](1603 — 1664) — Хиуа ханы (1645—63), тарихшы-шежіреші. Әбілғазы Хорезм хандығының астанасыҮргеніште Жошы ұрпағынан тараған Арабмұхамед ханның отбасында туған. [2][өңдеу]ӨміріӘкесі Арабмұхамед хан 1602 жылы Хорезм ханы болып жарияланған. Шешесі Меһірбану да Шыңғыс хан әулетінен шыққан, Арал теңізімаңындағы қазақ руларының ханы Жанғазы сұлтанның қызы. Әбілғазы әкесі салдырған Арысхан медресесінде оқып, ғұлама ғалымдардан дәріс алған. Медреседе халық ауыз әдебиетін, тарихты оқып зерттеді, әскери өнер, мемлекеттік басқару ісін меңгерді.

Работа содержит 1 файл

Әбілғазы Баһадүр Хан.docx

— 37.65 Кб (Скачать)

Мұнда Бұхарадан көп керуен келіп жатыр еді. Ол керуеннің  ішінен екі жақсы кісіні бір аулақ  жерге шақыртып, мұсылмандықтың шарттары мен тарихын сұрады. Бұл кісілер  мұсылманшылықты жақсы баян қылды. Бүрге хан таза жүрегімен мұсылман болды. Одан соң кіші інісі Тоғай  темірді шақыртып, бұл сырын оған айтты, ол және мұсылман болды. Кәпір  болған кісілермен жамандасты. Ақыры  алты жүз алпыс төртінші жылы ол дүниеге кетті, патшалық өмірі жиырма бес жылға созыдды.

Бүрге хан өлген соң  Менку темірхан болды. Бату хан дәстүрімен аға-інілеріне ұлыстарды бөліп  берді. Ақ Орда деген мемлекетті Шибанұлы Баһадүр ханға берді, қүмуәл аятын  Оран темірге берді. Оран темір Тоқай  темірдің баласы еді. Өзі Бұлғар мемлекетіне  аттанды. Екі жылдан кейін қайтып келіп, сансыз әскермен Абақа хан  үстіне аттанып, Иран мемлекетіне барды. Абақа ханмен жарасып, қайтып келді, бір-біріне үнемі сыйлықтар жіберіп, барып-келіп тұратын еді. Хижраның алты жүз сексенінші жылы Абақа хан  о дүниеге кетті. Оның орнына отырған  Ахмет хан мұсылман еді. Бірнеше  уақыттан соң Абақа ханның ұлы  Арғұн ханның қолынан шәйіт болды. Одан соң Арғұн хан патша болды. Дешті Қыпшақта Менку темір Арғүн  ханның патша болғанын естіп, Тоқай  және Теріктай деген екі бегін  бас қылып, сексен мың кісіні Арғұн  ханның үстіне жіберді. Арғұн хан  бұл хабарды есітіп, Әмір Тоғажар  дегенді сансыз көп әскермен ілгері жіберді, өзі оның артынан аттанады. Бұл екі әскер Қарабақ үстінде  соғысты. Менку темірханның әскері жеңіліп, қашып кетті. Бұл хабарды  Менку темір хан естігеннен соң  құса болып өлді. Одан соң Тода Менку  патша болды. Бұл Тода Менку хан  залым, дарынсыз адам еді. Тоқтағу хан  оның залымдылығынан қашып кетті. Біраз  уақыттан кейін көп әскер жиып келіп, Тода Менкумен соғысып, жеңіп, Тода Менкуді өлтіріп, өзі патша болды. Көп жұрттарды бағындырып, ата  мен ағаларының дәстүрімен көп іс тындырып, ақыры бұл дүниені тастап, о дүниеге кетті. Патшалық өмірі  алты-ақ жыл болды, Сарайшық шаһарында  жерленді.

Тоқтағу хан өлген соң, Өзбек хан болды. Елді он үш жасында  ата-бабасының дәстүрімен басқарды. Әркімнің мәртебесіне қарай құрмет көрсетіп, сыйлықтар берді. Елдің  ұлыс-ұлысын исламға кіргізді, халықтың дәулеті артты. Одан соң барынша  Жошы елі Өзбек елі атанды. Екі  рет Иран жұртына Әбусағит үстіне жүргенмен, Иранды ала алмады, ақыры  ажал жетіп, о дүниеге кетті.

Өзбек хан өлген соң, оның ұлы Жәнібекті хан көтерді. Жәнібек  хан ғажайып мұсылман патша болды, өзі ғұлама, ибалы, ақылды кісі еді, Сарайшық шаһарында таққа отырды, шариғатты қатаң сақтар еді. Темірташұлы  Мәлік ашраф ол кезде әзірбайжан патшасы еді, ол өзі сондай пасық  және залым адам еді. Сондықтан әзірбайжанның  игі жақсы адамдары жан-жаққа  қашып кетті. Қазы Мұхиетдин деген  адам Сарайшық шаһарына қашып келді. Ол күнде уағыз айтар еді. Бір  күні қазы Мұхиетдин уағыз айтып  болғаннан соң, халыққа Мәлік  ашрафтың залымдығы мен пасықтығын ұзақ хикая етіп айтып берді. Ханнан бастап барлық жиналған халық жылады. Қазы Мұхиетдин Жәнібек ханға: «Егер  Мәлік ашрафтан біздің кегімізді  алып бермесең, ертең қиямет күні біздің қолымыз сіздің етегіңізге тиеді», - деді. Ханға бұл күшті әсер етті. Әскер шақыртып, Мәлік ашрафтың үстіне аттанды, барып онымен соғысып, оны  жеіді, Мәлікашрафты өлтіріп, оның төрт жүз түйе лағыл мен жауһарын, өзге де дүниеліктерін әскеріне үлестіріп  берді. Ұлы Бердібекті Әзірбайжанға әкім етіп, өзі жұртына қайтып келді. Одан соң ауруға шалдығып, ол ұзаққа созылды. Хан: «Енді мен бұл аурудан  жазылмаймын», - деп, Әзірбайжандағы ұлы  Бердібекті шақыртты. Бердібек хан  келіп жеткенше, Жәнібектің де уақыты болды. Ол қайтыс болар алдында халқын жиып, оларға көп насихаттар айтты. Хижраның жеті жүз елу сегізінші  жылы қайтыс болды. Он жеті жыл патшалық құрған ол Сарайшықта жерленді.

Жәнібек хан өлген соң, Тебризден Бердібек хан Сарайшыққа келді. Үш күн аза тұтып, азадан соң  барлық ханзадалар мен әмірлер жиналып, Бердібекті хан көтерді. Бердібек хан  өте залым және пасық, іші қара адам еді. Аға-інісі, барлық туыстарынан  ешкім қалдырмай, бәрін өлтірді. Бұл пәниден өзі өтпейтіндей  көрінді. Ақыры патшалығы ұзаққа бармады, екі жылдан кейінжеті жүз  алпыс екінші жылы опат болды. Сайын  хан әулеті Бердібекпен аяқталды. Өзбек ішінде «Нар мойыны Бердібекте кесілді» деген сөз бар. Бұдан  соң Жошы ханның өзге балаларының  әулеті патшалық құрды»(10, 113-117).

 


Информация о работе Әбілғазы Баһадүрдің өмірбаяны мен Түрік шежіресі атты еңбегі туралы