Әбілғазы Баһадүрдің өмірбаяны мен Түрік шежіресі атты еңбегі туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 19:04, доклад

Описание работы

Әбілғазы Баһадүр Хан[1](1603 — 1664) — Хиуа ханы (1645—63), тарихшы-шежіреші. Әбілғазы Хорезм хандығының астанасыҮргеніште Жошы ұрпағынан тараған Арабмұхамед ханның отбасында туған. [2][өңдеу]ӨміріӘкесі Арабмұхамед хан 1602 жылы Хорезм ханы болып жарияланған. Шешесі Меһірбану да Шыңғыс хан әулетінен шыққан, Арал теңізімаңындағы қазақ руларының ханы Жанғазы сұлтанның қызы. Әбілғазы әкесі салдырған Арысхан медресесінде оқып, ғұлама ғалымдардан дәріс алған. Медреседе халық ауыз әдебиетін, тарихты оқып зерттеді, әскери өнер, мемлекеттік басқару ісін меңгерді.

Работа содержит 1 файл

Әбілғазы Баһадүр Хан.docx

— 37.65 Кб (Скачать)

Әбілғазы Баһадүр Хан[1](1603 — 1664) — Хиуа ханы (1645—63), тарихшы-шежіреші. Әбілғазы Хорезм хандығының астанасыҮргеніште Жошы ұрпағынан тараған Арабмұхамед ханның отбасында туған. [2][өңдеу]ӨміріӘкесі Арабмұхамед хан 1602 жылы Хорезм ханы болып жарияланған. Шешесі Меһірбану да Шыңғыс хан әулетінен шыққан, Арал теңізімаңындағы қазақ руларының ханы Жанғазы сұлтанның қызы. Әбілғазы әкесі салдырған Арысхан медресесінде оқып, ғұлама ғалымдардан дәріс алған. Медреседе халық ауыз әдебиетін, тарихты оқып зерттеді, әскери өнер, мемлекеттік басқару ісін меңгерді. 16 жасқа шыққанда әкесі оны үйлендіріп, Үргеніштің жарты бөлігін билеткен. Арабмұхамед ханның қартайған шағында балалары арасында билікке талас басталды. 17 жасынан бұл талас-тартысқа Әбілғазы да араласты. Оның аяғы ағайынды адамдар арасындағы қарулы қақтығысқа ұштасты. Сондай соғыстың бірінде 1621 жылы Әбілғазы ауыр жарақаттанып, Әмударияны жалғыз жүзіп өтіп, қашып құтылады. Маңғыстаудағы түрікмендерді, қазақ хандары Есім мен Тұрсынды паналайды. Әбілғазы Ташкентте Тұрсынхан сарайында 2 жыл тұрып, еліне қайтып келген соң, 1628 жылы ағаларының қолына түсіп, Иранға жер аударылды. 10 жылдай Исфахан қаласында айдауда болған. 1638 жылы Исфаханнан қашып шығып, түрікмен руларының арасында жасырынып жүрген. 1640—1641 жылы Жем өзені бойындағы Іалмақ ханы Хо-Орлектің ордасында тұрған. Осы жерден Арал қазақтары көп сыйлық беріп, Әбілғазыны қалмақ ханынан сұрап алып, өздеріне хан көтерді. 1643 жылы Ілияс би бастаған Арал қазақтары Хиуа ханы Аспандиярға қарсы көтерілгенде Әбілғазы солармен бірге болған. Екі жыл бойы Хиуаға дамылсыз шабуыл жасап, ақыры қазақ, өзбек, қарақалпақтардың күшімен 1645жылы Хиуаны алып, хан болып жарияланды. Хан тағына отырғаннан кейін де көп жылдар түрікмен тайпаларымен соғыс жүргізді, Хиуа хандығы жеріне баса-көктеп кірген қалмақтарға қарсы қиян-кескі ұрыс жүргізді, Бұхараға шабуыл жасады. Тек 1663 жылы ғана хандық билігін ұлы Ануш Мұхамедке беріп, бейбіт істермен айналысуға мүмкіндік алып, шығармашылық жұмысқа кірісті.Әбілғазы өз заманының білімді адамдарының бірі, зиялылардың ұстазы болды.

Ол өзі туралы:"Құдай тағала мырзалық қылып, маған біраз нәрселер берген. Мен, әсіресе, үш түрлі өнерді жете меңгердім. Біріншісі — әскери өнер, яғни әскерді басқару, оның тәртібі ; Eкіншісі — ақындық өнер, яғни түрлі өлең құрылысын сақтай отырып, түрік тілінде меснеуи, қасида, ғазел, рубаят тәрізді өлең шығара алу, араб, парсы, түрік сөздерінің мағынасын жетік білу; Үшіншісі — бұрын Арабстан, Иран, Тұран, Моңғолияны билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білу" деп жазды.

[өңдеу]Шежіре

Әбілғазы жазған “Шежіре-и Тарахима” (“Түрікмен шежіресі”, 1661 жылы) және “Шежіре-и Түрк” (“Түрік шежіресі”, 1665 ) атты тарихи екі шығарма шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен танымал болды. “Шежіре-и түрк” ғыл. ортаға 18 ғасырдың бас кезінде мәлім болды. Кітаптың қолжазбасын Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл тауып, оны Бұхар ахунына орысша аудартқан. Көп өзгерістерге ұшырамай, қазіргі қазақ тіліне өте ұқсас таза көне түрік тілінде жазылған қолжазба алғаш рет француз (1726), орыс (1770, 1780) және неміс (1780) тілдерінде кітап болып шықты. 1825 жылы шежіренің араб әрпімен жазылған түпнұсқасы графН.И.Румянцевтің араласуымен Қазанда басылып шыққаннан кейін ғана ғыл. айналымға қосылды. Академик Х. Френ бұл басылымды ээ“шығыстану ғылымының даңқын шығаратын үлкен іс”ээ деп бағалады. 1854 жылы И.Н.Березин “Шығыс тарихшылары кітапханасының” 3- томына Г.С.Саблуков жасаған орысша аударманы кіргізді. Жоғарыдағы нұсқасы мен Даль коллекциясынан Азия музейіне түскен жаңа қолжазбаны пайдаланып, П.И.Демезон оның салыстырмалы нұсқасын екі кітап етіп бастырып шығарды (1871 — 1874). Бұл шығарма — Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар мен сол тұстағы ел басқарған хандар жүргізген саясат туралы жылнама. Еңбекте қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті жайлы құнды деректер келтірілген. Әбілғазы ханның “Түрік шежіресі” — тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбектерден шоқтығы биік тұратын шығарма

Шежіре-и Түрк

“Шежіре-и Түрк”, “Түрік шежіресі”, “Шәджәрат ат-Түрік” — Хиуа ханы әрі тарихшы Әбілғазы баһадүр ханның шығармасы. Онда түркі-моңғол тайпалары және Шыңғыс хан мен оның әулеттерінің автордың өзіне дейінгі тарихы қамтылады. Шығарманы Әбілғазы бастап (1663), баласы Ануша аяқтаған (1665). “Шежіре-и Түрктің” кіріспесінде авторөзінің 3 өнерді жете меңгергенін, соның бірі ретінде “бұрын Арабстан, Иран, Тұран, Моңғолияны билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білетінін” айтады. Шығарма 9 тарау мен алғыс сөзден тұрады. Әбілғазы аталмыш еңбекті жазарда өзінен бұрынғы түркі, парсы тілдеріндегі тарихи деректерді кеңінен пайдаланған. Әсіресе, Рашид әд-Дин, Шараф әд-Дин сияқты Шығыс ғұламаларының еңбектерін кеңінен пайдаланып, керек жерінде тиісті сілтемелер жасап отырған. “Шежіре-и Түркте” қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен оларды билеуші хандардың Шыңғыс ханмен арадағы қарым-қатынасы кеңінен сөз болады. Шығарманың кей тұстарында белгілі халықтардың өмір-тіршілігі мен тарихи тұлғалардың мінез-құлқы, істеген жақсы-жаманды істері туралы айтқанда аңыз әнгімелер, небір бейнелі сөз тіркестері мен мақал-мәтелдер бой көрсетіп отырады. “Шежіре-и Түрк” тілдік жағынан да өте маңызды. Өйткені Әбілғазы өз шығармасын “бес жасар ұлан түсінерліктей таза түркі тілінде” жазғанын ескертеді. Шығарманың грамматикалық құрылысы түркі тілі заңдылығын қатаң сақтаған. Автор түркі, парсы, [[]]араб және моңғол тілдерін жақсы білген. Ру, жер-су, адам аттарына этимологиялық талдау да беріп отырған. Мұндай түсінік берген сөздерінің өзін үшке бөліп қа-рауға болады: 1) моңғол сөздерін түркіше түсіндіруі; 2) араб, парсы сөздерінің мағынасын ашуы; 3) көне түркі сөздеріне берген түсініктемелері. “Шежіре-и Түрктің бірінші тарауы — құдай тағаланың адамды жаратқаны туралы; екіншісі — моңғол хандарының Шыңғыс ханға дейінгі ұрпақтары жайында баяндайды. Мұнда сондай-ақ Оғыз ханның әскери жорықтары мен ұрпақтарының тарихы да берілген. Үшінші тарау —Шыңғыс ханға; төртіншісі — Үгедей хан мен басқалардың билігіне; бесіншісі — Шағатай әулетінің Мауераннахр мен Қашқардағы билік жүргізуіне; алтыншысы — Шыңғыс ханның кенже баласы Төле хан тұқымынанИран жұртын билегендерге; жетіншісі — Дешті Қыпшақты билеген Жошы хан әулетіне, сегізінші — Шайбан (Шибан) әулетінен Қазақ, Қырым хандықтары және Мауераннахрда билік құрғандарға; тоғызыншысы — Хорезмді билеген патшалардың тарихына арналған. “Шежіре-и Түрк” ғылым дүниесіне 18 ғ-дың бас кезінде мәлім болды. Бұл шығарманың бір көшірмесін Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл қаласынан тауып, оны Бұхара ахунына орыс тіліне аудартқан. Ол нұсқаны швед Шенстрем неміс тіліне аударды. Сол аударма 1780 жылы басылып шықты. Одан бұрынырақ 1726 жылы. “Шежіре-и Түрк” Лейденде француз тілінде жарық көрді. Осы басылымды 1770 жылы Тредьяковский орыс тіліне аударды. Алайда бұл аударма түпнұсқадан тікелей аударылмағандықтан ғылым үшін аса құнды болмады. Осыны ескерген граф Румянцев 1825 жылы шежіренің түпнұсқасын араб әліпбиі негізінде Қазан қаласында басып шығарды. Ол басылымнан Г.С. Саблуков орыс тіліне аударып, оны И.Н. Березин өзінің 1854 ж. Қазанда жарияланған “Шығыс тарихшылары кітапханасының” 3-томына енгізді. “Шежіре-и Түрктің” Азия музейіне В.И. Даль тапсырған бір көшірмесін 1871 — 1874 ж. П.И. Демезон екі кітап етіп бастырып шығарған. Әбілғазының “Шежіре-и Түркі” — тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбектерден шоқтығы биік тұратын шығарма. Шығарма бірқатар қазіргі түркі тілдеріне аударылды. 1992 ж. қазақ тіліне де аударылып, жарық көрді.

Әбілғазы  Баһадүрхан(1603-1664)«Шежіре-и түрік» 

Әбілғазы Баһадүрхан түркі  халықтарының ежелгі шежіресін жазған ғұлама-тарихшы, есімі мәшһүр шежіреші, Хиуаханы болған.

Әбілғазының әкесі Арабмұхамед, Дешті Қыпшақтың ханы, Жошы ұрпақтарының бірі болып келеді. Аланасы Мейірбану-Арал теңізі маңайын мекен еткен қазақ  руларының ханы - Жанғазы сұлтанның  қызы.

Әбілғазы Үргеніш қаласындағы  Арысхан медресесінде оқып, шығыстың аса білікті ғалымдарынан әлем тарихы, поэзия, мемлекетті басқару мен әскери өнері, т. б. бойынша дәріс алады. Ол есейіп, ер жеткен шағында өзі  туралы: «Құдай тағала мырзалық қылып  маған біраз нәрсе берген, мен  әсіресе үш түрлі өнерді жете меңгердім. Біріншісі - әскери өнер, яғни әскерді  басқару, оның тәртібі: атты әскер мен  жаяу әскерді аз не көп болғанда шабуылға қалай алып шығу, достарыммен  де, дұшпандарыммен де сөйлесе білу; екіншісі - ақындық өнер, яғни түрлі  өлең құрылысын сақтай отырып, түркі  тілінде месневи, қасида, ғазел, рубаят тәрізді өлең шығара білу, араб, парсы, түрік сөздерінің мағынасын жетік  білу; үшіншісі - бұрын Арабстан, Иран, Тұран, Монғолияны билеген патшалардың  өмірі мен мемлекеттік маңызды  істерін, оларда болған ірілі-уақты  оқиғаларды жатқа білу» - деп жазды (10, 8).

Арабмұхамед хан қартайған  шағында оның балалары арасында таққа  таласу күресі басталып, билікке талас  ұзаққа созылып кетеді. Осындай қарулы қақтығыстардың бірінде Әбілғазы қатты  жарақаттанады. Бауырларының қолына түссе  өлетінін сезіп, ол Әмудариядан жалғыз жүзіп өтеді де, төніп тұрған ажалдан  қашып құтылады. Жалпы Әбілғазы жастайынан батыл, ержүрек, қайсар мінезімен көзге  түседі. Сол үшін оның есіміне «Баһадүр», яғни «батыр» сөзі қосып айтылатын  болған.

Әбілғазы өз басына өлім қатері төнген кезде қазақ әміршілері - Есім хан мен Тұрсын ханды паналауға  мәжбүр болады. Ақыры ағалары 1628 жылы Әбілғазыны алдап қолға түсіріп, оны Иранға айдатып жібереді. Сөйтіп, Әбілғазы өз өмірінің онж ылын Исфахан  қаласында өткізеді. Бұл тұтқыннан  қашып құтылған Әбілғазы біраз жыл  бойы түрікмен және қалмақ ауылдарында  бой тасалап жүреді.

Арал қазақтары 1645 жылы Хиуа хандығына қарсы көтерілісте  жеңіске жетіп, Әбілғазыны – Хиуаханы деп жариялайды. Әбілғазы хан тағында  отырған жылдары көптеген игілікті істер жасайды. Ол алпыс жасқа  келгенінде хандық билікті баласы - Ануш Мұхамедке беріп, енді өзі ата-бабаларының  шежіресін жазуға кіріседі. Сонымен, «Түрік шежіресінің» жазылу тарихы туралы Әбілғазы: «Бұл тарихты жазуды бір  кісіге тапсыралық деп ойлап едік, лайықты кісі таппадық. Сондықтан  «Жетім өз кіндігін өзі кесер» дегендей, өз тарихымызды өзіміз жаздық. Адам атадан бұл кезге шейін, есебін бір  құдайдың өзі біледі, патша, бірде-бір  әмір, бірде-бір ауылды билеуші өз тарихын өзі жазған емес. Ешкім  жазуға бата алмаған бұл кітапты  жазғанда мен пақыр жалған айтуды не өз кемшілігімді жасыруды мақсат еткен  екен деп ойлай көрмеңіздер»,- деп  жазады (10,7-8).

Әбілғазы жазған екі шежіре сақталып, бүгінгі күнге жеткен. Олардың бірі - «Түркімен шежіресі», ал екіншісі - «Түрік шежіресі» деп  аталады.

«Түрік шежіресінде» - Адам атадан бастап, Шыңғыс ханға дейінгі  және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия мен қыпшақ даласында, Таяу Шығыста  болған сан қилы тарихи оқиғалар жүйелі түрде баяндалады. Шыңғыс хан мен  оның ұрпақтары шежіресін сөз  ете отырып, Әбілғазы негізінен түркі  тектес халықтардың тарихына көбірек  назар аударған. Кезінде академик Х. Френ «Түрік шежіресін» аса жоғары ғылыми еңбек ретінде бағалай  келіп, бұл шежіре «Ресей мұсылмандарына өз ата-бабаларының тарихын білуге көмектесіп қана қоймайды, олардың  жалпы тарих ғылымына деген көзқарасын оятуға тиіс» деп жазған болатын (10, 4).

«Түрік шежіресі» XIX ғасырда-ақ неміс тіліне (Шенстрем), одан француз  тіліне, бертін келе орыс тіліне (Тредиаковский) аударылып, бірнеше рет Еуропада жеке кітап болып басылып шықты. Бұл шежіренің орыс тіліне тәржіма  жасалып, кітап болып шығуына  кезінде Ресейдің атақты графы - Н. И. Румянцев тікелей өзі қамқорлық  жасағаны мәлім.

Қазақ халқының көне тарихына, әдебиеті мен мәдениетіне тікелей  қатысты түрлі жазба жәдігерліктер  ішінен «Түрік шежіресі» ерекше орыналады. Бұл шежіре тоғыз баптан (тараудан) тұрады. Шежіренің 1-2-баптары - Адам атадан бастап Шыңғыс ханға дейінгі оқиғалар, 3-6-баптарында әлем әміршісінің Үкідай, Шағатай, Толы деген ұрпақтарының Мауераннахр, Иран, Қашқар жерінде билік жүргізуі, ал 7-9-баптарында Жошы хан және оның ұрпақтарынын, Дешті Қыпшақта, Тұранда, Қырымда, Мауераннахрда, Хорезм де патшалық етуінің тарихы баяндалады. Әбілғазы шежіресінде қазақ халқының этникалық  құрамына енген рулар мен тайпалардың  ежелгі тарихы, олардың байырғы әдет-ғұрпы, салт-санасы, мәдениеті, өнері, т. б. туралы көптеген құнды деректер бар.

«Түрік шежіресі» күні бүгінге дейін тек тарихи мұра ретінде ғана қаралып келді. Ал кезінде  ол тек шежіре ғана емес, сонымен  бірге өз дәуірінің көркем туындысы саналған.

Иә, кезінде шежіре жазудың  өзіндік, көркемдік дәстүрі болған. Мұнда қара сөздің өзі оқуға жеңіл  болатындай етіп, ішкі логикалық ұйқасқа, белгілі бір ырғақпен екпінге  құрылған. Мұның өзі шежіренің  көркемдік, эмоциялық әсерін күшейте  түсетін болған. Бұл сөзімізге  «Түрік шежіресінен» бірғана мысал  келтірейік: «Меңлі хантағы бир неше иллар ет жеп, кимиз ичип, айдег, күндег сулуларни кучип, сынаптай йорғаларни минип, көңли тиген иерлергә учиб, ол дүниягә кетти»(104, 54).

Демек, Әбілғазы шежіресінің  қазақ әдебиеті тарихынан алатын өзіндік орны бар. «Түрік шежіресінің» қазақ тарихына тікелей қатысы бар  жетінші бабын оқырманға толық  күйінде ұсынып отырмыз. «...Жошы ханның анасының аты - Бөрте қошын еді, ол екіқабат кезінде Шыңғыс хан жоқта  Меркіт халқының ханы Шыңғыстың үйін шапты. Бөрте қошынды олжа қылып, алып кетті. Оңханның қатыны Бөрте қошынның жеңешесі еді. Оң хан мен Меркіт ханының  арасында достық бар еді. Оң хан Бөрте  қошынды сұратып алдырып, Шыңғыс ханға жіберді. Өйткені Оң хан  мен Шыңғыстың әкесі Есуки  баһадүр дос еді. Бөрте қошын  жолда Жошыны туды. Ол жерде баланы салып алып жүрер ештеңе болмағандықтан, қамырдан қорап жасап, соның ішіне  салып алып келді. Шыңғыс хан баланы көріп, қатты қуанды, бізге Жошы келді  деді. Монғол тілінде жошы деп жаңа келген қонақты айтар еді, сол  себептен атын Жошы қойды. Естеріңізде  болар, Жошы хан әкесінен бұрын өлді, ол жөнінде Шыңғыс хан дастанында айтқанбыз.

Шыңғыс хан Жошының  өлгенін естіген соң қатты  қайғырып, аза тұтты. Ол уақытта мемлекет мәслихатында балалары мен әмірлеріне өсиет және насихат айта бастады. Аза тұтып біткеннен соң, Өтшікенге: «Сен Дешті Қыпшаққа бар, Жошы ханның екінші баласы - Бату, лақабы - Сайып  хан, соны әкесінің орнына отырғызып, інілері  мен әмірлерді соған бағындыр. Егер інілері мен әмірлер сенің  сөзіңді тындамаса, өзің анда қалып, маған хабарла, біз сенің айтқаныңды істелік», -деді. Өтшікен Жошының  ұлысына жақындағанда, Батухан хабаралып, інілері мен балаларын алдынан  жіберді, өзі олардың артынан  шықты. Өтшікенмен көрісіп, қазаны аза  қылды. Үш күннен соң Өтшікен Батуды әкесінің тағына отырғызып, Бату ханның інілері мен әмірлеріне Шыңғысханның айтқан сөздерін жеткізді, барлық халық

оны қабыл қылды. Одан соң  монғол рәсімімен ұлық той жасап, Батуға аяқ берді, Бату оларға аяқ  берді, көп сыйлықтар үлестірді. Дәл сол кезде Шыңғыс хан ордасынан  Шыңғыс хан өлді деген хабармен шапқыншы келді. Бүкіл халық аза тұтып  жыласты. Азадан, қайғыдан кейін Бату мемлекетін кіші інісі Тоқай темірге  тапсырып, бес інісімен қосылып, Өтшікен  бәрі Шыңғыс ханның тағы орналасқан Қарақорым  тарапына аттанды, келіп Қарақорымда  барша әмірлер мен ханзадаларға қосылып, үлкен аза тұтты. Азадан айыққан соң Бату хан және басқа  ханзадалар Шыңғыс ханның өсиетін орындап, Үкідай ханды таққа отырғызып, ұлықтой  қылып, ханға аяқ берді, хан ханзадаларға және әмірлерге аяқ берді, қазынаның  кілтін ашып, соншалықты көп сый-сияпат үлестірді, ешбір дәруіш сыйлықсыз  қалмады, бәрі қанық-қарық болды.

Қытай мемлекетінен бірнеше  жұрттың билеушілері жау болып  еді. Үкідай қаған ол жаққа жүрмек болды. Бату ханға бұл сапарға  менімен бірге аттанайық деп  хүкім қылды. Бату хан бес інісімен бірге аттанды. Ол сапарда қаған  бұл жұрттардың баршасын талқандап, қайтып Қарақорымға келді. Бату ханды  Орыс, Шеркес, Бұлғар және басқа қалаларға  жұмсады, өзінің ұлы Күйік ханды, Толы ханның ұлы Менку ханды және Шағатай ханның ұлы Байдарды бұл  сапарда Бату ханға қызмет қылыңдар және көмек беріңдер деп Батуға қосты. Батухан бұлармен бірге өзінің ордасына келді. Батудың інісі Тоқай темір  бұл жамағатты үш күн қонақ  етті. Бұдан кейін Бату хан оларды қырық күн бойы қонақтады. Одан кейін  әскер жимаққа әржаққа хабаршылар жіберді. Азғана мерзімде есепсіз көп  әскер жиылды. Естеріңізде болар, Жошы хан Дешті Қыпшақта Көк орда деген жерде тұратын. Бату ханның мажар, башқұрт, орыс, неміс жұрттарын бағындырғаны және өзінің опат болғаны жайлы кейінірек айтылады.

...Бату хан өлгеннен  соң, Менку қаған оның ұлы  Сартақты хан қойды. Ол хандық  билігіне кіріспестен бұрын қаза  тапты. Одан соң оның інісі  Олақшыны хан қылды. Олақшы  да аз тұрып опат болды. Одан  кейін Менку қаған Жошының  баласы Бүрге ханды хан қылды.  Бүрге хан болғаннан соң ұлық  той жасап, көп сыйлықтар берді.  Барлық аға-інілеріне Бату хан  бағындырған ұлыстарды бөліп  берді, қағанға көп сый-сияпат  жіберді. Одан соң құдай тағала  бір күні Бүрге ханның көңіліне  мұсылмандықтың ұрығын сеуіп,  өз дінінің бос нәрсе екенін  білдірді. Бір күні аттанып, ағасының  салдырған Сарайшықатты шаһарына  барды.

Информация о работе Әбілғазы Баһадүрдің өмірбаяны мен Түрік шежіресі атты еңбегі туралы