Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 18:07, реферат
Бехистун сына жазуы — Парсы патшасы Дарий І өзінің жеңістерін тарихта қалдыру үшін Ирандағы Керманшаһ—Хамадан жолының бойындағы жартасқа б.з.б. 516 ж. жаздырған жазулар. Бехистун сына жазуы екі бөліктен тұрады: жоғарғы жағында көтеріліске шыққан дұшпандарын аяғына жығып тұрған Даридің бейнесі, оның айналасында және төменгі жағында көне парсы, элам, вавилон тілінде 14 қатар етіп жазылған жазулар бар. Қар, жаңбыр суынан қорғау үшін жартастың төменгі жағы шабылып, тік қашалған. *1837 ж. парсы қызметіндегі ағылшын офицері Генри Роулинсон арқанға байланып тұрып, 50 м биіктіктегі Бехистун сына жазуының көшірмесін алды. Сөйтіп сол уақытқа дейін сыры белгісіз болып келген сына жазуды басқа сына жазулармен салыстыра оқуға мүмкіндік туды.