Бихустун сына жазуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 18:07, реферат

Описание работы

Бехистун сына жазуы — Парсы патшасы Дарий І өзінің жеңістерін тарихта қалдыру үшін Ирандағы Керманшаһ—Хамадан жолының бойындағы жартасқа б.з.б. 516 ж. жаздырған жазулар. Бехистун сына жазуы екі бөліктен тұрады: жоғарғы жағында көтеріліске шыққан дұшпандарын аяғына жығып тұрған Даридің бейнесі, оның айналасында және төменгі жағында көне парсы, элам, вавилон тілінде 14 қатар етіп жазылған жазулар бар. Қар, жаңбыр суынан қорғау үшін жартастың төменгі жағы шабылып, тік қашалған. *1837 ж. парсы қызметіндегі ағылшын офицері Генри Роулинсон арқанға байланып тұрып, 50 м биіктіктегі Бехистун сына жазуының көшірмесін алды. Сөйтіп сол уақытқа дейін сыры белгісіз болып келген сына жазуды басқа сына жазулармен салыстыра оқуға мүмкіндік туды.

Работа содержит 1 файл

Бехистун сына жазуы.docx

— 15.67 Кб (Скачать)

Бехистун сына жазуы

 

    Бехистун сына жазуы — Парсы патшасы Дарий І өзінің жеңістерін тарихта қалдыру үшін Ирандағы Керманшаһ—Хамадан жолының бойындағы жартасқа б.з.б. 516 ж. жаздырған жазулар. Бехистун сына жазуы екі бөліктен тұрады: жоғарғы жағында көтеріліске шыққан дұшпандарын аяғына жығып тұрған Даридің бейнесі, оның айналасында және төменгі жағында көне парсы, эламвавилон тілінде 14 қатар етіп жазылған жазулар бар. Қар, жаңбыр суынан қорғау үшін жартастың төменгі жағы шабылып, тік қашалған. *1837 ж. парсы қызметіндегі ағылшын офицері Генри Роулинсон арқанға байланып тұрып, 50 м биіктіктегі Бехистун сына жазуының көшірмесін алды. Сөйтіп сол уақытқа дейін сыры белгісіз болып келген сына жазуды басқа сына жазулармен салыстыра оқуға мүмкіндік туды.

  • 1846 ж. Роулинсон Лондондағы Корольдік Азия қоғамына сына жазуды оқу кілтін тапсырды. Алайда, сына жазудағы әр белгінің бір сөз болып оқылуы, кейде әр түрлі мағына беруі ғалымдар арасында сенімсіздік туғызды. Француз елшісі Э. Боттаның Күйінжікте жүргізген қазбалары кезінде табылған қыш тақтаға жазылған сына жазу сөздіктері мен оқулықтары Бехистун сына жазуын оқуды жеңілдетті.
  • Тек 1857 ж. Лондонда ағылшын ғалымдары Роулинсон мен У.Тальбот, неміс-француз ғалымы Ж. Опперт және ирландиялық Э. Хинкстің жаңадан табылған сына жазуларды бір-бірінен бөлек, бірақ бір мағынада оқуы таластың тоқтауына себеп болды. Бехистун сына жазуы тек парсы тарихының ескерткіші ғана емес, ол мыңдаған жылдар бойы сырын ішке бүккен сына жазуды оқуға мүмкіндік берген адамзат тарихындағы маңызы зор ескерткіш. Бехистун сына жазуында сақ тайпаларының құрылымы туралы құнды деректер сақталған. [1]

Информация о работе Бихустун сына жазуы