Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 18:15, практическая работа
“Томирис падиша: Қанішер Кир!.. Сен енді менің ақылымды тыңда. Тұтқынға түскен ұлымды өзіме қайырып бер де, аман-есеніңде ата жұртымнан табаныңды жалтырат, массагеттердің әскерінің 1/3-ін алдап арандатқаның да жетеді. Егер де сен менің бұл айтқанымды істемесең, Күн Тәңірімнің атынан ант етемін, қанша қомағай болсаң да, мен сені қанға тұншықтырамын, – деді...”. Ұлы сақ ордасының падишасы Томирис ханымның бұдан 530 жыл бұрын айтқан сөзі ақыры шындыққа айналды. “Азия әміршісі” атанған Кир патша да өзінің ажалымен бетпе-бет келуге асықты. Кир сол кезге дейін оңтүстік Азияны жаулап, қарсы келгендерді қанға тұншықтырып отырды. Осындай қара ниетті пиғылымен жауға аттанды
–Біз бетпақ далада тарығып отырмыз. Дарийдің әскері өкшемізді басып, қуып келеді. Егерде дәл осы қарқынмен жүре берсек, ел қырғынға ұшырайды. Мен-ақ басымды қылыштың жүзіне төсейін. Тек бір өтінішім бар. Өсиетім де сол артымд қалған балаларымды аман-есен сақтаймын. Астына ат беремін, алдына мал салып беремін, үрім-бұтағым кемістік көрмейтіндей жағдай жасаймын деп, патшалар, сіздер, ант беріңіздер. Парсылар ел ізіне түсірмей, сілікпесін шығаратын амалды мен таптым, – дейді Сирақ.
–Сирақ! Мал соңына жүріп аз сирақ атанып, осы даланың ой-шұңқырын жатқа біліп өстің. Енді еліңе Ширақ болсаң айтқаныңды екі етпейміз. Балаңның парызы мойнымызда. Тақымынан сайгүлік кетпейді, басынан құс ұшырайық. Ырысын ортатпаймыз, – деп, 3 патша уәдесін береді. Олар үшін ең бастысы – Дарий әскерінің қуғынынан елін қан қансатпай алып шығу болатын. Сирақ–Ширақ батыр соған басын тігіп отыр. Мақұлдамасқа шара қалмаған болатын.
Сонда Ширақ: – Мені осы арада қылыштың жүзімен тәнімді тілгілеп, құлағымды жырып, адам танымас етіп қансыратып кетіңдер. Оларға сендерді тауып беремін деп уәде беремін де, батпақтың шөліне қаңғыртып жіберемін. Оған дейін сендер де қауіпсіз жерге барып, бекініп аласыңдар, – деді. Ширақ–Сирақтың бұл сөзіне барлығы келісті. Түнімен маздата от жақты да, таң ата бере үдере көшті. Ширақты қылышпен етін тілгілеп, қанға бөктіріп кетуге де ешкімнің дәті бармаған. Ол өзін-өзі тілгілеп, қан-қан қалпында парсылардың алдынан шығады. Оларды көре сала айқайлап: «Құтқара көріңдер! Міне, міне қалай қылыштады?! Қалай да кегімді аламын. Сендерді оларға бастап барамын!» – деп жар салады. Ширақтың–Сирақтың қолы өзіне батыңқырап кетсе керек, оның түрін көріп, парсылар сенбесіне амалы қалмады.
Осылайша , Ширақ–Сирақ батыр жарасы жазылған соң, Дарий әскерінің жолын бастайды. Қалың көштің ізін бағып келе жатқан әскерді бағытынан қайырып: «Құдықтарға у салынған, шөптерді өртеп кеткен, ол жақта ауыз су жоқ, мен төтесінен бастап апарамын» – деп, дегенне көндіреді де, қу бетпақтың даласына қарай жол сілтейді.
Ширақ парсыларды бастап, шөл далаға қарай бет алады. Күн жүреді, түн жүреді, әйтеуір ұзақ жүреді. Сонда да даланың шеті көрінбейді. Жүре-жүре сілелері қатып, сілікпелері шыққан парсыларды – түстігі мен теріскей, шығысы мен батысы – 4 құбыласы түгел жеті күндік жол болатын бетпақ далаға алып келеді. Парсы сарбаздары да біразы аштан бұратылып, шөлден қаталап, жар жолда қалады. Дарийдің де тағаты таусылды. Ал оның сенімді қолбасшысы Ранабат қылышын қынабынан суырып алап, Шираққа тура ұмтылды. Ширақ айрықша бар тәкаппарлықпен Ранабатқа қасқая қарап тұрып:
– Жеңіске жетті деген осы! Ата-жұртымызды алшақ болып Дарий бастаған жауды жалғыз өзім шөлге қамап, көзін құртып тұрмын. 4 жақтарың бетпақ дала, бастарың ауған жаққа жүре беріңдер. Бірақ, айтпады демеңдер, 7 күнге шөл даладан көз ашпайсыңдар. Аштық пен шөл азабынан көресілеріңді көресіңдер. Ал менде ешбір арман жоқ. Қаным кіндігім кесілген туған жерімде төгілді, денем осында көмілді, – деді:
Ашуға бұлығып, қаны қайнап кеткен Ранабат қылышын жарқ еткізді. Қылша мойыны қиылып түскен Ширақ, туған жерінің қиыршық құмын құшықтай құлады. Қай жаққа барарын білмей, әскер қырыла бастады.
Осы Ширақ–Сирақтың кезінде Дарий патша әскерінің тең жартысынан айырылады.
Ширақ – ерлік пен елдіктің шырағы болды. Ақжолтайлығы арқасында «Ақ Сирақ» атанған Сирақ, шындығында да , өзі үшін өлімнің, елі үшін өмірдің жолын жүрді.
Дарий патша қайтар жолда қолға түскен Скунһаны еліне ала кетті. Ол келген кезде Бехустун жартасындағы сына жазу бітіп, тек иесінің келуін күтіп тұр еді. Сақ даласынан аман-есен оралғанына масаттанған Дарий өзінің Ширақтың шиырына түсіп, Құдайға жалбарынып ажалдан әзер құтылғанын жасыру үшін шеберлерді қайтадан жинатқызып, зәулім сатыларды қайтадан жартасқа тіреп қойғызды. Жартастың бетіне Скунһаның бейнесін 9-шы адам етіп қаматтырды да, оның астына 3 тілде сақтар еліне барғандығы туралы жаздыртты. Бұл б.з.д. 518-517 жылдары тасқа жазылған еді. Сонымен Дарийдің ұлы сақ ордасына жасаған жорығы онша сәтті аяқталмады. Полиэн пайдаланған сақ дастанындағы массагеттердің сусыз даласындағы Дарий әскерінің қияметін еске алсақ та болады. Осы сәтсіздік Дарийді қатты толғандырды, жүрексіздендіріп тастағандықтан да, парсыларға қарсы соғысты. Басқарған көсемді өлтірмесі, Скунһаның орнына сақтарға қарсы жол бастаған қолбасшылардың бірін жіберген.
Иә, Азаттылық жолы ауыр әрі қасиетті.