Б. Жандарбеков “Сақтар”

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 18:15, практическая работа

Описание работы

“Томирис падиша: Қанішер Кир!.. Сен енді менің ақылымды тыңда. Тұтқынға түскен ұлымды өзіме қайырып бер де, аман-есеніңде ата жұртымнан табаныңды жалтырат, массагеттердің әскерінің 1/3-ін алдап арандатқаның да жетеді. Егер де сен менің бұл айтқанымды істемесең, Күн Тәңірімнің атынан ант етемін, қанша қомағай болсаң да, мен сені қанға тұншықтырамын, – деді...”. Ұлы сақ ордасының падишасы Томирис ханымның бұдан 530 жыл бұрын айтқан сөзі ақыры шындыққа айналды. “Азия әміршісі” атанған Кир патша да өзінің ажалымен бетпе-бет келуге асықты. Кир сол кезге дейін оңтүстік Азияны жаулап, қарсы келгендерді қанға тұншықтырып отырды. Осындай қара ниетті пиғылымен жауға аттанды

Работа содержит 1 файл

Томирис.doc

— 67.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым  министрлігі

Қорқыт  Ата атындағы Қызылорда  Мемлекеттік университеті 

      «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер кафедрасы»

 

 

 

 

 

 

 

  СОӨЖ

 

Тақырыбы: Б. Жандарбеков  “Сақтар”

Орындаған:Ерғали Ғазиза

Тобы: ВТПО 12-03

Қабылдаған: Жүсіпов Сағатбек

 

 

 

 

 

      

 

                                Қызылода, 2013 жыл

 

 

Томирис

“Томирис падиша: Қанішер Кир!.. Сен енді менің ақылымды тыңда. Тұтқынға түскен ұлымды өзіме қайырып бер де, аман-есеніңде ата жұртымнан табаныңды жалтырат, массагеттердің әскерінің 1/3-ін алдап арандатқаның да жетеді. Егер де сен менің бұл айтқанымды істемесең, Күн Тәңірімнің атынан ант етемін, қанша қомағай болсаң да, мен сені қанға тұншықтырамын, – деді...”. Ұлы сақ ордасының падишасы Томирис ханымның бұдан 530 жыл бұрын айтқан сөзі ақыры шындыққа айналды. “Азия әміршісі” атанған Кир патша да өзінің ажалымен бетпе-бет келуге асықты. Кир сол кезге дейін оңтүстік Азияны жаулап, қарсы келгендерді қанға тұншықтырып отырды. Осындай қара ниетті пиғылымен жауға аттанды. Ол туралы мынадай аңыз бар:

Астиаг патшаның Мандана атты қызы бар екен, ал Астиаг болса, скифтердің патшасы Мәдидің шараппен сыйлап, оларды әлсіреген кезде жаппай қырып тастайды. Ол түс көреді. Түсінде қызының жатырынан тамыр алған жүзім пәлегі бүкіл Азиға тамырланып жайылып кетеді. Қатты сескенген Астиаг Мандана босанған соң оның баласын алып, Гарпаг есімді уәзіріне өлтіруді бұйырады. Гарпаг жаңа тұған бүлдіршінді қимай, бір бақташыға береді. Бақташы баланы өсіріп, ер жеткізеді. Кейін Кирдің тірі екенін білген Астиаг Гарпагқп өз баласының етін жегізеді. Бұған кектенген Гарпаг Кирге бар жағдайда айтып, нағашы атасын өлтіріп, оны таққа отырғызады. Ол таққа отырысымен жан-жағын қармап, Астиагтың түсін жүзеге асыра бастайды. Ол бүкіл Вавилонды, Азияны шетінен кеміріп, шырмауына орай береді. Оны адам өмірі, қасіреті мүлдем қызықтырмайды. Ол осыдан кейін жорық бетін массагеттерге бұрады. Массагеттердің біразы таулы жерді, біразы жазық даланы, өзгелері өзеннің саздауыт жерлерін мекендеген.

Әмударияның қырық тарауынан жол  тауып, өткен Кир патша Сырдың сағасына келгенде тосылып қалып, массагеттерге  шабуылын бастайды. Кирдің құмартқаны тек атақ қана болмады, ол байлыққа да қызықты. Оған өз басына, халқына  жететін байлық емес, маржанды құсқа  жем үшін шашатын, гауһарды баласына ойнауға беретін алтын керек болды. Ол сақтар жерінің бай екенін білген.

Ұлы сақ даласына Кир патша біздің дәуірімізге дейінгі 530-жылы ат басын  тіреген. Сырдарияның ұлы арнасына келіп тоқтады. Бұл қазіргі Түркістан  мен Отырардың маңы болуы керек. Өйткені сусыз шөлмен жүз мыңдаған әскерді алып өту мүмкін емес. Адам амалын тапса да, жүз мыңдаған атқа құдықтың суы жұғын болмайды. Оларды Томирис падиша алады. Томирис ханымға Кир патша елші жіберіп: – Сақтардың ұлы ордасының жесір ханымы маған әйел болсын! Екеуміз 2 елдің басын қосып, бірігіп билейік. Бұл Тұмар ханымның басына бақыт құсының қонғаны! – деп сәлем айтып жібереді.

Кирге керегі ханым емес, әлы сақ  ордасының байлығы екенін, елін ел ету үшін емес, езу үшін келгенін Тұмар ханым бірден білді. Тұмар әйгілі скиф көсемі Шипақайдың тұқымынан тарайды. Тұмар ханым жанұясының бақытынан гөрі, елінің бақытын жоғары қойған. Баласы Спаргапистің сол кездегі жас мөлшері – 16 мен 19 арасында болуы керек. Соған қарағанда Томирис падиша 40-қа келіп қалған кезі болатын. Сондықтан ол құда түсіп келгендерге: – Келген жолдарыңызбен қайта беріңіздер. Желегім желбіреп отырған әңгіме өз басымда болып отырған жоқ. Менің иілгенім – елімнің иілгені. Ал мен еліме бұғау салдыртпаймын. Соны есінде сақтасын,–деп қайыра сәлем айтады.

Мұны естісімен Кир әскерне  жарлық беріп, өткел салуға кірісті. Өзен сақтарың табиғи қорғаны еді. Көпір салуға мүмкіндіктері бола тұра, одан бас тартқан. Ал Кир үшін тек қана әскердің өтуі ғана емес, оларға азық-түлік, қару-жарақ апару керек болатын. Демек, соғыстың ұзаққа созылатын белгілі. Қамданған жау қашан дақатерлі. Мұны сезген Тұмар ханым өткелді салдырмаға бекінді. Ол жасауыл жаршысын Кирге жіберіп, одан мынандай сәлем айтты:

–Мидианың патшасы! Өз жөніне кетуге әлі де кеш емес. Өз патшалығыңды билесең де жетеді. Көпір салып әуре болмай-ақ қой. Одан да тұрысатын жеріңді айт. Егер де ұлы сақ ордасында шайқасқың келсе, өзеннің бергі жағына өт, біз 3 күндік жер шегініп кетейік. Оған көнгің келмесе, сендер 3 күндік жер шегініңдер. Біз сендердің жерлеріңде соғысайық, – дейді.

Тұмар ханымның мұндағы мақсаты: біріншіден, өткел салдырмау болса, екіншіден, Кир әскерін сақ даласының  ішіне қарай енгізіп, олардың  еркін қимылдауына жол бермеу. Оның бұл ойын Кирдің ақылшы уәзірлері де сезіп, өздері тұрған жерде соғысуға кеңес берді. Алайда Кирдің бұл шешіміне Крез қарсы болады. Ол Крездің сөзіне құлақ асып, өзеннің арғы бетіне өтіп шайқасуға келіседі. Айтқан уәдесінде тұрып, Томирис ханым 3 күндік жерге ығысады. Тұмар ханымның жасағы қазіргі Түркістанның тұсынан Арқа мен Қаратуға қарай ығысқан. Ар жағы кең дала. Қалай қозғаламын десе өз еркі. Соғыс жаз айында болған. Демек, шөлейт жермен әскерді жорыққа алып шықпайды. Бұлақ көзі көп тауды сағалап отырған.

Сонымен, 2 жақ та шешулі ұрысқа дайындалып, шеткі жорықтың барысына болжам жасап жатты.

Томирис ханым қасиетті Қаратаудың баурайына қарай шегінді, Кир  Сырдариядан өткел тауып өтті. Арада қанша күн дайындыққа кетті. Уақыты келген кезде Кир мен Тұмардың шалғыншы жасақтары кездесіп, қайшыласқан айқаста Тұмардың ұлы Спаргапис бастаған жасақ жеңіске жетті. Бірақ бұл алдамшы жасақ болды. Себебі, Кир өзінің әскерін майдан алаңынан шегіндіріп әкетеді де, орнына жаралы жауынгерлерін қалдырады. Жас жауынгер аңғал келеді және өзінің тұңғыш жауымен шайқасында жеңгеніне еңсесі көтеріліп қалады. Сақтардың дәстүрі бойынша салтанатты атап өтуі керек. Дайын ас пен тегін шараптың үстіне түскен сақтар тойғанша ішіп, жеп тойлайды. Олар ұйқыға кеткен кезде парсылардың негізгі әскері оларды қоршап алады. Жартысына жуығын қырып, жартысын тұтқынға алады. Тұтқынға түскендердің іщінде массагеттердің патшасының баласы Спаргапис те бар еді.

Тұмар ханым осы хабарды естісімен  Ұлы Кеңес шақырады. Жауынгершілік  соғыстың өз заңы бар. Ол қазақтың «ханның басын хан алады, қардың басын қар алады» деген мәтеліне негіз болған ақиқат. Егескен екі патшаның біреуі ғана жеңіс тойын тойлайды. Кир бір нәрседен күдіктене бастайды. Ол өзінің сенімді уәзірлерін жиып ап, өсиет сөзін айтты. Ұлы Камбисті тақ мұрагер етіп тағайындап, оған Крезді ақылшы етіп бекітті. Сөйтіп, Крез мен Камбисті Персияға қайтарып жіберді. Сақтардың жеріне келгенде, Кирдің бойын қорқыныш үрей биледі. Сол кезде Тұмар ханымның елшісі келіп, оған сәлемін жеткізді. Елшіге Кир ешқандай уәде берген жоқ. Осы мезетте Спаргапис те есін жинап жастық аңғалдығына қатты өкініп, он екі баулы сақтардың 1/3-ін құрбандыққа шалынуының себепкері болғанын түсінді. Кирден аяқ-қолын босатуды өтінді. Ханзада сырт айнала берді де, беліндегі қанжарын суырып алып, өз жүрегіне қадады. Егер де осылай істемесе, сақтарды таға қиыншылыққа әкелетініне көзі жетті. Ажалдан намысты жоғары қойды.

Сөйтіп, Тұмар ханымның бейбіт ұсынысы  қабалданбады. Ендігі мәселені тек  айқас қана шеше алды. Ханзаданың қанға  бөккенін көрген Кир сол түні түсінен  шошып оянды. Күні кеше ғана тақ мұрагері етіп сайлаған ұлы Камбистің ғұмыры ұзаққа бармайтынын біліпті-міс. Себебі, өзінің ен сенімді қолбасшысы Дарийді түсінде көрді. Ол бір қанатымен Азияны, екінші қанатымен Еуропаны жауып, ұшып жүр екен. Шошыпоянған Кир Гистапсты шақырып, болған түсті баяндап береді.

Сақтардың ұлы ордасы да бұл түні абыр-сабыр боп жатыреді. Әскербасыларымен кеңесе келіп, Тұмар ханым ұлы  сақ ордасының сарбаздарын үшке бөлді. Екеуі қос бүйірден түйіседі, ал ержүрек батылдары Кирмен бетпе-бет  шайқасады.

Сол түні сақтар жебелерінің ұшын жонып, сайгезіне жыланның уын жақты. Найзаларын сайлап, қылыштарын қайрап, арғы аталары Тартығайдың әруағын  шақыртып, ошақтағы отты айнала жорық  биін биледі. Өмірінде мұндай жауынгершіліктің талайын көрсе де, ана сүті аузынан енді ғана кете бастаған жалғыз ұлының қыршынынан қиылғанына Тұмар ханым өлекшінін талатқан ұрғашы арыстандай шабынып, әбден ашынып алып еді. Ол «дүниенің төрт құбыласын билеген» Кир патшамен болатын ертеңгі шайқастың өз өміріндегі және елінің тағдырындағы ең шешуші майдан екенін ьілді. Желдей ескен еркін сақ ордасы не құлдықтың қамытын киеді, не азат қалпында, еңсесі еңкеймей, бостандықта өмір сүреді.

Таң сарғайып ата бастағанда сар даланы саялаған сақ әскерлері бетін шығысқа бұрып, Күнге тәжім етті. «Күннен туған – гүннен туған ер түріктің ұлдары»(Мағжан) жарық дүниенің Тәңірі – Күннің нұрынан қуат алып, жауына аттанады.

Осылайша соғыс басталып та кетті. Сақ сарбаздары Кирдің әскерінің екі жағынан қоршап, ұлы жебелерін зуылдата атып, кері шегініп кетіп отырды. Алдыңғы лектегі парсылардың жаяу әскерлерінің қатары сирегенде, Кир патша өзінің ең сенімді ертауылын алға шығарды. Дөңгелегіне шалғы. Дәртесіне істік қадаған аран арбаларды іске қосты. Олар алғашында сақтарды ойсырата ығыстырып, шығынға ұшыратқанымен, дер кезінде кері серпіліп үлгерген салт атты жасақтар айласын тауып, беиін қайырды. Ысқырауық жебелердің дауысынан үріккен және «олақ өрттен» сескенген хайуандар кері бұрылып, өз әскерлеріне қарай ұмтылды. Осы кезде Кир «сақ ордасының әскерлері әлсіреді» деп ойлап, атты әскерін майданға шығарады. Тұмар ханым қос бүйірден қыспаққа алып: «Қыр астында жасырын тұрған түйе мінген жасақты шабуылға шақырып, өзі маңдай алдындағы ертауылдарына атой салады. Кир де сақтардың барлық қолының айқасқа араласқанын көріп, өзі де ұрысқа кірісіп кетеді. Тың күш сықтарды ығыстыра бастайды. Осы кезде Томирис падиша бар дауысымен айқайлап:

–Еркін сақ елінің арулары! Ар-намысыңды қорғайтын кезің келді. Біріңнің әкең, біріңнің жарың, біріңнің бауырларың мына қанды қырғынның ішінде жүр. Жалғыз ұлды аналардың боздағы да осында! Бұларды біз қырғызып қоямыз ба!? Жанымыз олардан ардақты емес, кіріңдер майданға!– деп ұран тастап, өзі солармен бірге майданға араласып кетті».

Бұлар жас кезінен  соғысуға құмартқан, әрқайсысы бір-бір  дұшпанын жер жастандырмай тұрмысқа шықпайтын «ер апалар» – «эорааталар» еді. Көшпелі елдің қыз-келіншектерінің  әскери жасақ қатарында соғысуы  бұрын да скиф, сақ тайпаларының дәстүрінде бар салт болатын. Бірақ олар күренге, қосынға жау шапқанда ғана қолына қару алып, сауыт киетін. Ал патша әйел адал болса, оның жасақтарының бір парасы осы «ер апалардан» құралатын. Әрі күзетші, әрі қызметші міндеттерін атқарған. Томирис 200 мыңнан астам жорыққа аттанған әскерді 100 мыңға жетер-жетпес сақ ордасының жасақтарының ойсырата жеңе алмайтынын білді. Оның үстіне қолының 1/3-і тұтқынға түсіп, арандап қалып еді. Соның есесін осы «ер апалар» арқылы толықтырып жіберді.

Жауынгер «ер апалардың» шайқасқа араласуы сақ сарбаздарының намыс-жігерін қоздырып, бұрынғыдан бетер жанталаса шайқасты. Ал мұндай «ер апаларды» күтпеген Кирдің әскері сескеніп қалды.

Падишаларының жау шебінің  ішіне сүңги кіргенін көрген сақ сарбаздары да арқаланып шыға келді де, ілгері ұмтылды.

Бастысы, сақ ордасының падишасы Томирис ханым айтқан сөзінде тұрып, парсы елінің патшасы Кирге қан жұтқызды. Сақтар бұрынғысынша өз еркіндіктерін сақтап, бостандықта өмір сүре берді. Олар көптеген, мыңдаған сарбаздарынан айырылды. Ол өзінің құрбандарын жерлейтін үлкен қорым қаздырды. Жерленгендердің ішінде уыздай үлбіреген жас ханзада Спаргапис те бар еді. Жанарынан жасы үзіліп түскен Тұмар ханым Кирдің кесілген басын қолына жиіркене ұстап тұрып:

–Іздегенің  қан еді, ал іш, ендеше! –деді де, сабадағы қанға басын батыра малытып жіберді.

Грек шежірелерінде  Томирис атанғанмен, оның шын аты  Тұмар еді. Кирдің түсіне кірген Дарий  патша тағына отырып, араға 12 не 18 жыл  салып барып Кирдің кегін қайыру үшін тағы да ұлы сақ ордасына шабуыл жасағанда Тұмар ханымның аты  аталмайды. Соған қарағанда жыл қайыруымыздан бұрынғы 518 жылдан бұрын Тұмар ханым Жер–Ананың қойнына кірген сияқты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ширақ–Сирақ(шамамен  б.з.д. 555-518жж.).

Ұлы сақ ордасының  падишасы Тұмар ханым парсылардың  әміршісі Кир патшаның әскерін тас-талқан етіп тастаған соң, Персияда тақ үшін талас басталып та кетті. Үш жыл тақ үшін қырқысқан Ахемен әулетінің сегізін жеңген Дарий Кирдің орнын басып, таққа отырды. Дарий, тұп-тура Кирдың түсіндегідей қимыл жасап, жан-жағын жайрап, келген жері қуарып, кеткен жері қуанатын халге жетті.

Дарий таққа отырғаннан соң, бес  жылдан кейін ұлы сақ ордасына шабуылын бастайды. Себебі, Кир патшаның кесілген басы мен парсылардың майданда бірі қалмай қаза табуы туралы аңыз ұлы Персияның сүйегіне басылған таңба тәріздес болды. Парсы патшалығы ұлы сақ ордасынан кек қайырмай өз беделін өсіре алмайтын еді. Өзін жек көріп, биіктен шеттеткен Кир үшін емес, қағанаттың мүддесі үшін солай етуге мәжбүр болды. Содан кейін, Дарий Кирдің қызы Атоссқа  үйленген еді, заты қызы болғанмен, жаны жаугер әкесіне тартқан падиша былай деді:

– Патша деген атың бар. Бірақ сен сарай ішінде неге отырасың. Таққа отырғалы парсы патшалығына  еш жер қосқан жоқсың. Саған атақ та, даңқ та, ұлы жорықтар да керек. Әйтпесе, жауың басынып, күшілігің көбейеді, – деп намысын қайрады. Сонда Дарий:

–Падиша! Оны өзім де ойлап  жүрмін. Мен қазір екі құрлықтың  арасынан көпір салдырғалы жатырмын, біте салысымен скифтерге жорыққа  аттанамын, – дейді.

Ұлы сақ даласына жасалған жорық асқан дайындықпен жүзеге асырылды. Кирдің қебін құшып қалудан сескенді. Өткел Сырдарияның төменгі сағасына салынған болатын. Дарийдің мұндағы мақсаты сақтырдың ұлан-ғайып даласына алтын көпір салу, әскердің қысылып-қынтырылмай өтуіне жол ашу, азық-түлікпен кеме арқылы және құрлық арқылы да қамтамасыз ету болатын еді. Ол Кирдің қателігін қайталамауды қатты ескерді.

Бұл кезде сақ ордасы өзінің бұрынғы  қуат-күшінен айырылып, әжептеуір  әлсіреп қалған кезі еді. Жауынгерлері де аз болатын. Оның үстіне, Пірәданың  көтерілісі тұсында қаза тапқан 55 мың адамның біразы осы ұлы орданың азаматтары еді. Олардың Дарийдің үлкен қоына қарсы келетін әскерлері болмады.

Сонымен, Дарийдің үш жүз мың әскері Арал теңізінің шығысына, Сырдың Түркісиан  тұсындағы арнасына келіп, сақ даласының  топырағын басты. Әскерін бергі бетке өткізді. Осы кездегі сақтардың құрамы 3-ке бөлінген еді. Үшеуіне үш адам хандық құрыпты. Олар – Омар(Омарас), Тамыр(Тамир), Сакесфор. Омар мен Тамыр парсылардың бетін қалай қайыру үшін өзара кеңес құрып, ақылдасады. Ал, Сакесфорға Дарийдің алдын тосып, шолақ соғыс жүргізу міндеті тапсырылған сияқты. Дарий патша әскерін жағаға шығарысымен, сақтардың үшке бөлінгенін біле салып атты әскерін шабуылға шығарады. Скунһа патша жанын аяп қорғағаннан емес, әскер санының аздығынан, Дарийдің күрт қимылынан қапыра қолға түседі. Осы жеңілген ұлы сақ жауынгерлерінің киімін киген парсылар демалып жатқан сақ жауынгерлерін аяқ астынан ойрандады.

Осы әңгімеге ұйытқы болып отырған  – Ширақ Сирақ батыр хикаясы. Бір адамға екі есім бірден берілген. «Ш» мен «С» гректерге қолдана береді. Бұл жағдай Ширақ–Сирақтың елі үшін басын бәйгеге тіккен ерлігінде би былай болған.

Алдыңғы екі жасақтың ойсырай жеңіліп, опат болғанына күйінген сақ патшалары  Томир мен Омар және Сакесфор үшеуі  өзара ақылдасады. 300 мың әскермен қоян-қолтық араласуға дәрмен жоқ. Дарийдің іздегені осы. Азық-түлігі жеткілікті. Ұлы Кеңеске қатысқан ол 3 ханның шешімі бір арадан түйіспеді.

Информация о работе Б. Жандарбеков “Сақтар”