Қазақстаның Ресей құрамына кіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2011 в 12:44, реферат

Описание работы

Қазақ жеріне әсіресе қауіп төндірген жоңғар хандығы еді. XVII ғасырдың 40-жылдарынан Қазақстанға сан рет жойқын жорықтар ұйымдастырған жоңғар мемлекетінің мақсаты қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, оны бағындырып, ұлан-байтақ жерді өзіне қарату болды. 1711—1717 жылдар аралығындағы жоңғардың қаптаған қолы қазақ жүздеріне басып кіріп, халықты қан қақсатты. Жоңғария әскери ектемдігін пайдаланып, XVII ғасырдың аяғы.—. XVIII ғасырдың басында Жетісудың бір бөлігін жаулап алды, жоңғардың әскери топтары Сарысу өзені алқабына дейін жетті.

Содержание

1.Қазақ жерінің Ресей империясының құрамына қосыла бастауының алғышарттары және барысы........................................................................3


2.Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі................7

3. Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі....................................10

4. Қолданылған әдебиеттер............................................................................12

Работа содержит 1 файл

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ресейге косылуы.docx

— 36.53 Кб (Скачать)

7

Басшысы Батур Хунтайшы болды (1635-1653) Қазақ  жеріне Жоңғар агрессиясының күшеюі Цэван Рабдан (1697-1727) тұсында болды.  
Цэван Рабданның жаулап алу программасының ең шырқау шыңы – 1723 жылы болған шабуылдан көрінді.  
1723 жыл тарихта есте қаларлық жұт жылы болды. Осы жылдың көктемгі төл алу кезеңі мен жазғы көш-қону жұмыстарымен айналысып жатқан қазақ еліне тосыннан, күтпеген жерден шабуыл жасады. Осы жолы шапқыншы жоңғарлардың саны 70 мыңнан асып түсіп, жеті бағытпен қазақ еліне кірді. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны «Елім-ай», сол кездегі ауыр күндердің өшпес ескерткіші болып табылады.  
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» ұшырады. Сақталған мәліметтерге қарағанда, Ұлы жүз бен Орта жүз Самарқанд пен Бұқараға, Кіші жүздің халқы Хиуаға қарай босқан екен. Босқындардың біразы Алакөл маңына барып паналаған көрінеді.  
Дәл осындай ауыр кездерде халықтың ішінен суырылып алға шығып, халықтың қамын ойлаған атақты Хандарымыз бен билерімізбен қатар батырларымыз да болды.  
Бұқар жырау өзінің 29 толғауында олардың аттарын атайды. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Райымбек, Малайсары.  
Осындай ауыр кезде еңсесі түскен елдің есін жиғызып, зар жылаған халықтың көз жасын тиғызған атақты билеріміз болды. Халықты алқалы жиынға шақырған да сол бабаларымыз болды.  
1726 жылы Ордабасында үш жүздің игі жақсыларының басын қосқан ұлы жиын болды.  
Осында үш жұздің баласы бір бәтуаға келіп, жауға қарсы бірігіп аттануда, сол қолға басшы-етіп Әбілхайырды сайлайды.  
Осы кездегі қазақтың саяси хал-ахуалын архив құжаттары былай суреттейді: «Сол кезде жоңғарлар Орта Азиядағы ірі сахара патшалығы болды. Оған ұйғырлар қарсылықсыз бағынды. Қырғыздар бір мезгіл қарсылық көрсетсе де, сұрапыл тегеурінге шыдамады. Ал, ұзақ жыл бойында жоңғарлармен тірескен тек қазақтар ғана болды. Жоңғарлар қазақ елінің шығыс және оңтүстік жағындағы біраз жерлерді жаулап алғанымен, қазақтардың кең байтақ орталық бөлігіне әл-күші жетпеді» – дейді.  
Сөйтіп біріккен қазақ халқының қолы 1727 жылы Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға күйрете соққы береді.

                                                           8

Бұл жеңіске  жеткен жер «Қалмақ қырылған»  деп аталады.  
1729 жылы көктемде қазақ-жоңғар соғысының аса ірі шайқасы болады. Ол Балқаш көлінің маңында (оңтүстік батыс) қалмақтарға екінші рет күйрете соққы береді. Бұл жер кейіннен тарихта «Аңрақай шайқасы» деген атпен белгілі болады.  
Осы тұста Болат хан (Тәуекелдің баласы) қайтыс болып, осыған байланысты қазақ хандығының тағдырына қатысты ірі оқиғалар болады. Енді Сәмеке, Әбілхайыр, Болаттың үшінші баласы Әбілмәмбет арасында күрес туады. Сөйтіп, аға хан болып көпшілік билер қолдамаса да Әбілмәмбет сайланады. Мұндай таңдау жасалғанына Әбілхайыр да, Сәмеке де наразы болып майдан шебінен әскерін алып кетеді. Сөйтіп қайтадан феодалдық бытыраңқылық күшейіп, жан-жаққа бөліне бастайды. Бұл кезде Бұқара, Хиуамен қатынас-шиеленісті, жоңғарлар үнемі қауіп төндіріп отырды.  
Ендігі жерде қазақ халқының тек өзінің күшіне ғана сенуі керектігі және үш жүздің басын қосып, жоңғарларға қарсы тұру керектігіне көздері жетті. Осы идеяны жүзеге асыруда Абылай хан еңбек сіңірді. Ол 1731 жылы ауыл адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасқа қатысып, ерлігімен, батылдығмен көзге түседі.  
1740 жылы Жоңғарияның өзінің ішінде билік үшін күрес туып, (Қалдан Церен өлген соң) туысқандар арасында дүбелең жағдай қалыптасады. Содан 1758 жылы олардың түбіне Қытай империясы жеңді.  
Сөйтіп енді қазақ жеріне Цин империясы шабуылын бастады.  
Осы ауыр кезде Абылай өзінің шебер ішкі, сыртқы саясатымен көзге түсті. Осы кезде Ақсақалдардың алқа кеңесін шақырып, қытаймен соғысты соза беруге болмайтынын, халықтың азып-тозып кеткенін айтып, қытаймен елшілік қатынас орнату мақсатында адамдар жібереді. Сөйтіп, олармен сауда, экономикалық байланыс орнатудың жолдарын қарастырды. Ресеймен қарым-қатынасын да ұлғайтты. Қазақ жерін екі елдің қаупінен қорғап қалуда үлкен еңбек сіңірді, өзінің нәзік саясатымен тіл табысты, өзінше билік, өзінше саясат жүргізді.  
1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Қожа Ахмет Иассауидың мешітінде хандар мен сұлтандар бас қосып, Абылайды ақ киізге орап, Орта жүздің ханы етіп көтерді. Бірақ Абылай өзін қазақтардың үш жүзінің ханымын деп есептеді.
 

9

3. Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі

  Қазақ елінің халықаралық жағдайының шиеленісуі, Әбілқайыр ханның Ресей империясына  үміт артуына себепші болды. Ол көрші  ірі мемлекетпен тығыз байланыс орнату арқылы қалмақтар мен башқұрттардың  Қазақстанды мазалауын тоқтатуға  тырысты. Әбілқайырдың сонымен қатар  Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, Қазақстандағы өзінің жеке қарсыластарының  сағын сындыруды да көздегені  анық. Ханның ең басты мақсаты —  батыстағы көршісі Ресеймен сенімді  байланыс орнатып, бар күшті қалмақтарға  қарсы күреске жұмылдыру еді.

Әбілқайырдың  орыс үкіметіне ниет аударуы қазақ  аулының шаруашылық даму мұқтаждығымен де байланысты. Жайықтың төменгі ағысы өңірінде Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойында ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген қазақ руларына мал шаруашылығын бабында ұстау үшін бейбіт өмір ауадай қажет болды. Ресеймен келісімге келу арқылы бұл мәселені де шешу.

  Әбілқайыр мен оның жақтастарының Ресейден тағы да бір күткені қазақ жері арқылы шығысқа, шығыстан батысқа Ресей және басқа елдерге өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалнына келтіру еді.

1716 жылы жоңғар  шапқьшшылыры кеулей  бастағанда-ақ Тәуке хан              Сібір губернаторы .князь М. П. Гагаринге елшісін жіберіп, қалмақтарға қарсы курестеқолдауды өтінген. Алайда Ресей Швециямен соғысып жатқандықтан, қазақ-жоңғар тартысына араласа алмады» 1726 ж. "Ақтабан шұбырынды" мейлінше қақап тұрған кезде Әбілқайыр патша үкіметіне әкілің жіберін, империя ерияның құрамына кіруге талпынған богын. Бұл жолы да ханның ұсынысы жауапсыз қалды.

      1730 жылы  Кіші жүздің ықпалды билері Әбілқайырға Жоңғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен одақ құруды тапсырды. Алайда хан билер мәжілісінін, шешімін бұзып, Петербургке аттандырылған елшілерге әскери одақ құру емес, Ресейдің құрамына кіруді қуаттайтын құжатқа қол қоюды тапсырды.

  Орыс  өкіметінің Қазақстан жөніндегі  жоспары тіпті басқаша еді 1714-

  1720 жылдар аралығында Ертіс өзенінің  жоғарғы ағысында,- Жәміш, Омбы, Колбасинсқ, Железинск, Семей, Коряков (Кереку), Өскемен бекіністерін бірінен  кейін бірін тұрғызған патша  акіметі қазақ жеріне ауыз  сала бастады. Қазақтардың жоңғарлармен алысып жатқанын пайдаланып, жергілікті көшпенді халықтың иелігінде бекіністер салу арқылы Қазақстанды біртіндеп жаулап алуды ойлады, Қазақтарды башқұрттарға, башқұрттарды қазақтарға айдап салу арқылы өзінің отаршылдық саясатын жүргізуге  

  10

  тырысқан  орыс үкіметіне Әбілқайырдың елшілігі күтпеген олжа болды.

  1731 жылғы ақпан айының 31-і күні қазақ елшілері Сейітқұл Құндағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица Анна Иоанновна қабыл алды.

  Кіші  жүз қазақтарынын, Ресейге қосылуға тілек білдірген феодалдық топтары  мен Әбілқайырдан ант алу үшін Анна Иоанновна Қазақстанға арнайы елшілік жіберді. Оны сыртқы істер  коллегиясының тілмашы, қабілетті  дипломат А. И. Тевкелев басқарды.

  Қазан айының басында бірінші, 10-ы күні екінші рет орыс елшісі Кіші жүз билерімен кездесті.

Әбілқайырдың  төңірегі, соның ішіиде халық арасында құрметке ие болған атақты Бөгенбай батыр орыс үкіметінің билігін мойындағанмен, Кіші жүздің дербестігін сақтап қалуға тырысты» Олар Тевкелев пеи Әбілқайыр тобына мейлінше қарсы болды. Тіпті, орыс елшісін өлтіруғе бел байлағандар да болды. Сейтіп, 1731 жылдың қазан айыньвд 10-ы күні Әбілқайыр мен оның саясатын қолдаған Кіші жүздің 27 старшинасы Ресейдің қол астына кіруге ант берді.

 Әбілқайырдың  бұл шешімі қазақ өлкесінің империя құрамына қосылуының  алғашқы қадамы болды. Соның өзінде де Кіші жүздің Хиуа хандығымен, Қарақалпақстанмен шектесіп жатқан аудандары Ресей империясына қосылмады. Патша үкіметі Жайықтың бойында жыпырлатып бекіністер тұрғызып, егін шаруашылығына қоланлы өңірлерді басып алып, орыс помещиктеріне, казақ-орыс қоныстанушыларына таратып беру саясатық ашық түрде жүргізді»

  Әбілқайырдың шешімі, әрине, қазақ жерін басты жау-жоңғарлардан қорғауда белгілі рөл атқарды, Алайда жылдан-жылға Ресей мемлекеті отарлау саясатын үдете берді.

  XVIII ғасырдың 30—40-жылдарындағы Кіші және Орта жүздің жағдайы. XVIII ғасырдың 30—40-жылдары қазақ халқының саяси дамуындағы күрделі кезең. Ресейдің құрамына қосылғанмен, Кіші жүздің жағдайы ауыр болды. 1740 жылы Иран әміршісі. Нәдіршахтың Хиуаны талқандап, Сырдария өңіріне жақындауы қазақ руларының онсыз да қасіретті жағдайын мейлінше күрделендірді. Иран билеушісінің қазақ жерінде шабуылынан шошынған Әбілқайыр Ре» сеймен байланысын нығайтуға мүдделі болды.

  л жоңғар қонтайшысы Қалдан-Цэренкің 1741— 1742 жылдары  Орта жүз бен Кіші жүзге жасаған  өзікің * зардабы    жағынан    "ақтабан    шұбырындыдан"    кем түспейтін шабуылдары Қазақстандағы саяси ахуалды мейлінше шиеленістіріп жіберді.

  11 

4. Қолданылған әдебиеттер

1.Қазақстан тарихы. Очерк. 184-194-бб.

 
2.Қазақстан тарихы. 5-томдық. 3-том., 1-бөлім. 1,2,3,6,7,8-тараулар.

  
3. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 5-бөлім

 
4.Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи XVII-XVIII вв. А., 1991.

  
5.Галиев В.З. Хан Джангир и Орбулакская битва. А., 1998.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  12

Информация о работе Қазақстаның Ресей құрамына кіру