Қазақстанныңи ежелгі қалалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 01:03, статья

Описание работы

Қазақстанның ежелгі қалалары — жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесiнде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. VI— ІХ ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік - Батыс Жетiсуда қала мәдениетi жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрiк әулеттерiне бағынды және ретi бойынша Батыс Түрiк, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына ендi.

Работа содержит 1 файл

каз тарихы.doc

— 128.50 Кб (Скачать)

Сонымен отырықшы мәдениеттің құлдырауы мұнда монғол жаулап алушылығының ізінше ­ ақ бірден басталған ­ ды.Егер бұрын қалалар аралық сауда мен қолөнері өндірісінің орталығы ретінде ХІІІ ғасырдыңорта шенінде әліде тәуір жағдайда болса,енді оларды жабдықтаушы егіншілік округтері тез ыдырап, мұның өзі көп кешікпей сол қалалардың құрып кетуіне әкеп соқты.

Ежелгі қоныстардың қалдықтарын зерттеу олардың түк қалдырмай иесіз тасталғандығын көрсетеді. Талас алқабында тек оннан сәл астам ғана қалалар мен елді мекендер тіршілігін жалғастырған. Оның екеуі Талас өзенінің сағасында да, қалғандары өзеннің бас жағында, яғни, күміс қорғасын кенішін пайдалану ісі қарқынды жалғастырылған Шелжі аймағында. Ешнәрсесіз қаңырап қалудың көріністері Шу алқабынан да байқалады. Археологиялық зерттеулер арқылы мұнда монғол шапқыншылығынан кейінде тіршілігі тоқталмаған жеті қоныс болғандығы тіркелген. Әйтседе олардың да құлдырау сипаттары айқын білінеді. Қалалар бірте ­ бірте қаңырап қалған, тек шахристан мен рабадтардың кейбір учаскілері ғана қоныс етілген. Ұзын ұзын дуалдармен қоршалған қалалар территориялары иесіз тасталған.

Солт.-шығыс Жетісу төрткөлдері үш топқа бөлінеді.

 

Біріншісіне: Антоновка, Дүнгене, Шілік;

Екіншісіне: Талғар, Сүмбе, Ақмола енгізілген;

Үшіншісіне: Алматы, Лавар, Қапал, Бояулы, Ақтам, Арасан.

Бірінші топқа аумағы 30 га-дан асатын қалалар енеді.Бұлар – көп қабатты ескерткіштер, мәдени қабаттарының қалыңд. 2 – 3 метрге дейін жетеді және одан да қалың. Қазба жұмыстары кезінде қала жұрттарынан алуан түрлі керамика, әйнек, теңгелер, қолөнер шеберханалары мен өндірістік күл-қоқыстар табылды, бұлар мұнда қолөнер мен сауданың дамығанын дәлелдейді. Бұл қалалар жұрттарының кейбіреулері нақты қалаларға: Антоновка – Қаялыққа, Дүнгене – Екі-Оғызға баланады. Олардың ішіндегі ең ірісі қарлұқ жабғуының астанасы Қаялық ретінде танылған – Антоновка. Бірінші топты құрайтын төрткөлдер ірі қалалар және астаналық орталықтар болып табылады. Екінші топтағы қалалардың аумағы 10 га-дан 30 га-ға дейін жетеді. Үшінші топ қалаларының аумағы 10 га-ға да жетпейді. Мұндай қала жұрттарының құрылысы Жақсылық қ-ның орнын кең көлемде қазған кезде зерттелді. Оларда тұрғын үйлер дуалдар іргесіне, ішкі жағында орналасады, ішкі аулалар бар. Іле қалалары жұртының бұл тобын бұрынғы көшпелілер мен жартылай көшпелілердің ауылдық қоныстары деп санауға болады. Кейбіреулері керуен-сарайлар болуы мүмкін. Сарыжас, Быжы және Айнабұлақ сияқты бірнеше қаланың жұрты бір-біріне жақын орналасқан екі немесе тіпті үш бекіністен тұрады. Олар әдетте жолдардың түйіскен тұсына салынған.

 

           Іле алқабындағы археологиялық зерттеулер.

ХІІІ ғасырдың аяғына қарай Алматы, Талғар, Шелек, Дүнгене, Антоновск, Сүмбе, Көктүме қалалары орнында тіршілік жасаудың тоқталғанын дәлелдейді. XIV – XV ғасырлардың жазба хабарларында Ілебалық аймағында «қалалар да, құрылыстар да жоқ, оның барлық тұрғындары көшпелілер» деп көрсетілген.

Темірдің жорықтары Жетісудың экономикасына соққы берді. Алайда осындай соққыларға қарамастан қала мәдениетінің дәстүрлі жерлері үзіле қойған жоқ. Мирасқорлық архитектуралардан да,құрылыстардан да, қаланың жақсы жабдықталуы элементтерінен де,қолөнерінен, бірінші кезекте керамикалық және зергерлік бұйымдардан да байқалады.

XV ғасырдың бірінші жартысы – XVIII ғасырдың басында Қазақстан қалаларының саны 23 – ке азайып кетті. ІХ ­ ХІІ ғасырлармен салыстырғанда Оңтүстік Қазақстан қалалар саны 3 есеге, елді мекендер 6 есеге кеміген. Қаратаудың солтүстігінде басты қала – Созақ. Оңтүстік Қазақтанның басты қаласы – Түркістан болды.

XVIII ғасырда қалалар экономикалық жағынан әлсірей бастады. Олай болу себебі Жоңғар шапқыншылығы, Қазақ өзбек хандықтарының жүз жылға жуық болған соғыстары. Ұлы Жібек Жолының сауда жасау қуатының әлсіреуі болды.

 

III. Қорытынды.

Қазақ жерінің өркендеуінде ең бір үлкен рөл атқарған бұл қалалар болып табылады. Қазақстандағы сауда жүйесінің дамуы, Ұлы Жібек Жолының Қазақстан территориясынан өтуі  қазақ жеріндегі қалалардың қалыптасып дамуына әсер етті. Бірак та Монғол,  Жоңғар шапқыншылық жорықтары қазақ жеріндегі қалалардың әлсіреуіне, азаюына алып келді. Сол ғасырлардан бері сақталып қалған қалалар ондағы құнды деректер, ескерткіш, кесенелер қазіргі кезде біздің тарихымызды білуге көмек беретін құндылықтар болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

ІV. Қолданылған әдебиеттер.

 

1. ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Лтд.”

2.↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998ениет пен өркениеттiң ежелден қалыптасып, дамығандығын көрсетедi. Қаз.энциклоп. 5 том

3. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. (Очерктер). Алматы 2005

4. Әділхан Байбатша: «Қазақ даласының тарихы».

5. «Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихы». Атамұра баспасы.

6. «Қазақстан тарихы». Х.К.Ермұханова. Алматы 2009

7. Интернет жүйесі.

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Қазақстанныңи ежелгі қалалары