Қазақстанныңи ежелгі қалалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 01:03, статья

Описание работы

Қазақстанның ежелгі қалалары — жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесiнде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. VI— ІХ ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік - Батыс Жетiсуда қала мәдениетi жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрiк әулеттерiне бағынды және ретi бойынша Батыс Түрiк, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына ендi.

Работа содержит 1 файл

каз тарихы.doc

— 128.50 Кб (Скачать)


 

Қазақстанның ежелгі қалалары —  жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесiнде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. VI— ІХ  ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік - Батыс Жетiсуда қала мәдениетi жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрiк әулеттерiне бағынды және ретi бойынша Батыс Түрiк, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына ендi. Бұл кезеңде көшiп жүретiн жер аумағы шектелiп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егiншiлiк пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлiнiп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көштi. Мемлекеттік төрешiлдiк аппарат құрылып, ортақ тiл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломаттық  байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкiмшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретiнде қалалар салына бастады. Қазақ хандығының нығаюы, қазақ халқының экономикалық және мәдени өмірі Оңтүстік Қазақстанның тарихымен тығыз байланысты болды. Соңғы орта ғасырларда қала мәдениеті мен отырықшы егіншілік мәдениет қазақтың этникалық аумағының нақ осы, бірден – бір ауданында сақталып қалды. Қазақтың мемлекеттік және этникалық ұлттық аймағының құрылуында бұл өңірдің маңызы зор.

Бұл аймақ пен оның қалалары көрші халықтармен – өзбектермен, қарақалпақтармен, қалмақтармен, ноғайлармен экономикалық және саяси өзара қатынастарда  зор рөл атқарды. Бұл қатынастардың соғыс тайталастарынан, ұзаққа созылған күрестерінен көрінуі сирек болмады, бірақ қырғи – қабақ қатынастар көбіне бейбіт қатынастармен алмасып, достық қатынастарға айналып отырды. Қазақтың этникалық аумағының осы аймағының маңыздылығы оның қазақ халқының тарихындағы экономикалық, мәдени, тарихи маңызын неғұрлым егжей – тегжейлі қарастыруға лайық.

Оңтүстік - Батыс Жетiсуда қалалардың өркендеуiне, қолөнерi мен егiншiлiктiң және құрылыс техникасының дамуына Соғды ұрпақтарының елеулi әсерi болды.  VIII ғасырдың  ІІ-жартысында олар Шу, Талас жазықтарына көптеп қоныстана бастады. Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығыс  Түркiстанмен жалғастыратын Ұлы жiбек жолының бойына сауда қоныстарын салды. Осындағы Тараз және Суяб қалалары Қазақстаннан тыс жерлерге де мәлiм болды. Жазба деректерге қарағанда VII—XIII ғасырларда осы жол бойындағы Аспара, Шiгiлбалық,  Атын,  Семекина, Талхиз, Мерке, Құлан, Исфиджаб, Усбаникет және басқа қалалар да маңызды рөл атқарды. Бұл қалаларда ұсталық,  зергерлiк, былғары өңдеу, қыштан ыдыс жасау кәсiбi өркендедi. Тұрғындары егiн шаруашылығымен айналысып, бидай, тары егiп, бақ, жүзiм өсiрген.ІХ—Х ғасырларда солтүстік - шығыс Жетiсуда да қалалар салына бастаған. Iле өзені бойындағы көшпелiлер қоныстарының орнына пайда болған бұл қалалар тез арада-ақ қолөнерi мен сауда орталығына айналды. ІХ  ғасырда және Х ғасырдыңдың  І-жартысында Жетiсуда билiк қарлұқтар қолына өтуiне байланысты көшпелi халықтар отырықшылыққа жедел көше бастады.

Қалалар аумағына қарай 3-ке бөлінген:

1.Аумағы 30 га-дан асатын қала жұрттарына: Сайрам (Исфиджаб),  Шортөбе немесе Қараспан-1 (Осбаникет), Отырартөбе (Отырар), Құйрықтөбе (Кедер), Шойтөбе (Шауғар), Жанқала (Жанкент,  Янгикент), Сунақ-Ата (Сығанақ), Құмкент жатады.

2.Аумағы 15 га-дан 30 га-ға дейiн жететiн қалалар — Бурух, Хурлуг, Жумишлағу, т.б.

3.15 га-ға дейiн жететiн қала жұрттарына Шарапхана (Газгирд), Бұлақ-Қоғал (Манкент), Тамды (Берукент), Қазатлық (Будухкет), т.б. жатады. Осы қалалардан басқа Сырдарияның орта ағысында VI — IX ғасырлардың бiрiншi жартысына тән мәдени қабаттары анықталған бiр топ қала жұрттары жатыр.  Қазақстанның оңтүстігінде жалпы саны 27-ге жететiн осындай қала жұрты бар.

Қазақстанның оңтүстігіндегi қала жұрттарына құрылымында — iшкi қамал (цитадель); шахристан (дуалмен бекiндiрiлген қала) және рабад (қала төңiрегiндегi сауда-қолөнер орны) болатын топография тән.  Шахристанда бай шонжарлардың, iрi саудагерлер мен дiнбасылардың үйлерi, сарайлар орналасты. Оңт. Қазақстан мен Жетiсудың ерте орта ғасырлардағы қалаларының жұрттарын анықтаған кезде мынадай белгiлердiң жиынтығы:  көлемi мен құрылымы (қамал және бүкiл көлемi немесе қамал мен шахристан); бекiнiстерi; мәдени қабатының байлығы; археологиялық кешенi пайдаланылады. Осындай сан және сапа белгiлерiне сүйенгенде,  Оңтүстік Қазақстандағы алдыңғы орта ғасырлардағы барлық қалалар саны 33 болды. Алайда, Оңтүстік Қазақстанның барлық қалалары неғұрлым кейiнгi уақытта да өмiр сүргендiктен, қала орындарының кейiнгi мәдени қабаттары ертедегi қалалардың көлемiн анықтауға және олардың үлгiлерiн жорамалдауға мүмкiндiк бере бермейдi. Жетiсудың оңтүстік - батысында, керiсiнше, бұған толық мүмкiндiктер болды. Жазбаша деректемелерге қарағанда, мұнда VII— Х  ғасырларда  27 қала мен қоныс болған, олардың көпшiлiгi нақты қала жұрттарымен сәйкестендiрiлдi.  Ал Шу және Талас аңғарларындағы аумақта барлығы 36 қала жұрты табылып,  олардағы  VII —ІХ  ғасырлардың мәдени қабаттары анықталды.  Қалалар кейiнгi кезге дейiн өмiр сүрген. Олардың топографиясында өзiндiк ерекшелiк кездеседi. Қала жұрттарында қамал мен шахристаннан тұратын “орталық бөлiк” ерекше көрiнедi. Орталықтағы құлаған үйiндiлерге ұзындығы 3 км-ден ондаған км-ге дейiн жететiн дуалмен қоршалған аумақ жапсарласып жатады. “Ұзын дуалды” қалалардың орналасуында қатаң заңдылық бар:  Талас аңғарында олар бiр-бiрiнен 15 — 20 км қашықтықта, аңғарлардың ең қолайлы жерлерiнде, Таласқа ұсақ тау өзендерiнiң құятын сағаларында орналасқан.  Шу аңғарында қалалардың орналасу заңдылығы одан да айқын — он үш қала тау етегiндегi аймақта тау өзендерi ағып шығатын жерлерде бiр-бiрiнен 15 — 35 км қашықтықта орналасқан;  қалғандары Қырғыз жотасы тауларынан өзендердiң Шуға келiп құятын жерлерiнде солтүстік Жақтағы iшкi тiзбектi құрайды. Қалаларды сипаттап топтаған кезде қала орындарының көлемi мен топографиясы және жазбаша деректердiң мәлiметтерi пайдаланылуы нәтижесiнде қалалар үш топқа бөлiнедi. Бұлар:  астаналық және iрi қалалар — Тараз, Суяб, Невакет және Нұзкет, олар Жетiсудың оңтүстік - батысындағы Жамбыл, Ақбешiм, Қызылөзен және Шитөбе сияқты iрi қала жұрттарына сәйкес келедi. Орташа топқа Таластағы Ақтөбе қаласының жұрты деп саналатын Текабкет және тиiсiнше:  Сус — Шалдовар,  Мерке,  Аспара,  Жол — Соқылық,  Харранжуван — Беловодск бекiнiсi,  Жақ — Сарығ — Грозненское жатқызылды.  Шағын қалаларға жататындар:  Құлан — Луговое, “Түрiк қағанының ауылы” — Шөмiш, Кiрмiрау — Покровское. Iрi қалалардың төңiрегiнде орналасқан ондаған ескерткiштердi қоныстарға жатқызуға болады. Шу-Талас өңiрлерiнде орналасқан 403 ортағасырлық қалалар мен мекендердiң 240-ның тарихи-топографикалық құрылымдары зерттелген. Мұндағы негiзгi қалалар Жiкiл, Балу, Шелже, Такабкет, Көл, Кендек, Ақтөбе, Төлек, Сус, т.б. Шу аңғарында Баласағұн қаласының  жетекшi орынға шығып, астана рөлiн атқарған. Ол Х—ХІ ғасырларда хан ордасы ретiнде қалыптасқан. Оның орнында неғұрлым ерте кезеңдегi қала жұрты бар. Бұл өлкеде осынша көп жаңа қалалардың пайда болуы ауданда отырықшылық пен қала өмiрiнiң дамығанын көрсетедi.  Солтүстік - шығыс Жетiсуда ІХ —ХІІІ ғасырдың басында қалалар саны артқан. Егер ІХ— Х ғасырларда мұнда 10 ғана қала болса,ХІ —ХІІІ ғасырлардың  басында олардың саны 70-ке дейiн көбейген. Хғасырлардағы деректер Iле аңғарының сол жағалауында орналасқан екi қала — Талхиз (Талхар, Талғар) және Лабан қалалары туралы мәлiмет берсе, ХІ —ХІІІ ғасырлардың  басындағы деректерде Екi-Оғыз,  Қаялық,  Iлебалық,  т.б. қалалар аталады. Солтүстік - шығыс Жетiсудағы барлық қала жұрттары “төрткөл” аталатын үлгiге жатады. Олар тiк бұрыш,  трапеция түрiнде жоспарланған немесе дөңгелек болып келедi,  жалпы жер бетiнен сәл дөңестенiп тұрады және барлық жағынан бұрыштары мен мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Төрткөлдер солтүстік - шығыс Жетiсуға ғана емес, сонымен қатар оңтүстік - шығыс Жетiсуға, Тянь-Шаньға,  Орталық Қазақстанға, Тува мен Моңғолияға таралған. Осы үлгiдегi немесе бiршама өзгеше жоспарланған қала жұрттары Сырдарияның төменгі ағысында, Азов  маңында кездеседi.  Олардың типологиясы жөнiнде әр түрлi көзқарастар бар. Тянь-Шаньдағы Қошайқорған мен Шырдабек сияқты iрi қалалардың жұрттары орда-қалалар деп саналады. Ыстықкөл қазаншұңқырының төрткөлдерi бекiнiстер және ауылдық қоныстар деп есептеледi. Сырдарияның төменгі  ағысындағы суреттелiп отырған үлгiдегi қала жұрттары ауылдық мекен жайлар мен қала үлгiсiндегi қоныстар деп саналады.  Солтүстік - шығыс Жетiсу төрткөлдерi үш топқа бөлiнедi. Бiрiншiсiне: Антоновка, Дүнгене, Шiлiк; екiншiсiне:  Талғар, Сүмбе, Ақмола енгiзiлген; үшiншiсiне:  Алматы, Лавар, Қапал, Бояулы, Ақтам, Арасан, т.б. жатқызылады. Бiрiншi топқа аумағы 30 га-дан асатын қалалар енедi. Бұлар — көп қабатты ескерткiштер, мәдени қабаттарының қалыңдығы  2 — 3 метрге дейiн жетедi және одан да қалың. Қазба жұмыстары кезiнде қала жұрттарынан алуан түрлi керамика, әйнек, теңгелер, қолөнер шеберханалары мен өндiрiстiк күл-қоқыстар табылды, бұлар мұнда қолөнер мен сауданың дамығанын дәлелдейдi.  Бұл қалалар жұрттарының кейбiреулерi нақты қалаларға:  Антоновка — Қаялыққа, Дүнгене — Екi-Оғызға баланады. Олардың iшiндегi ең iрiсi қарлұқ жабғуының астанасы Қаялық ретiнде танылған — Антоновка. Бiрiншi топты құрайтын төрткөлдер iрi қалалар және астаналық орталықтар болып табылады. Екiншi топтағы қалалардың аумағы 10 га-дан 30 га-ға дейiн жетедi. Үшiншi топ қалаларының аумағы 10 га-ға да жетпейдi. Мұндай қала жұрттарының құрылысы Жақсылық қ-ның орнын кең көлемде қазған кезде зерттелдi. Оларда тұрғын үйлер дуалдар iргесiне, iшкi жағында орналасады, iшкi аулалар бар. Iле қалалары жұртының бұл тобын бұрынғы көшпелiлер мен жартылай көшпелiлердiң ауылдық қоныстары деп санауға болады. Кейбiреулерi керуен-сарайлар болуы мүмкiн. Сарыжас, Быжы және Айнабұлақ сияқты бiрнеше қаланың жұрты бiр-бiрiне жақын орналасқан екi немесе тiптi үш бекiнiстен тұрады. Олар әдетте жолдардың түйiскен тұсына салынған. Бұл кезеңде отырықшы және қала мәдениетi Қазастанның орталық және шығыс аймақтарына қарай ойысқан.  Қазақстанның батысында қоныстар пайда болған. Орталық Қазақстанда, Нұра, Кеңгiр және Жездi аңғарларында, Ұлытау етегiнде ондаған төрткөлдер табылды, мұнда жүргiзiлген қазба жұмыстары олардың әкiмшілік, қолөнер-сауда сипатын көрсетедi. Шыңғыс хан шапқыншылығы және одан кейiнгi Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы соғыстар салдарынан Iле, Шу, Талас алқаптарындағы қалалардың көбi қирап, бiржола жойылып кеткен. Италия елшiсi Плано Карпини Сырдария жағалауында болғанда, бұл жерлерден көптеген қираған қалалар мен мекендердi кездестiргенiн жазды. Француз королi Людовик IХ-ның елшiсi Виллем де Рубрук 1253 ж. моңғол ханы Мөңкеге бара жатып, Iле алқабы арқылы өткенде жазған күнделiгiнде жоғарыда аталған жазықта бұрын көптеген қалалар болғанын, олардың көбiн мал жайылымына айналдыру үшiн татарлардың қиратқанын жазады. Сырдария мен Қаратаудағы 13 ғ-да жермен-жексен етiлiп, тоналған қалалар — Түркiстан (Иасы), Отырар, Сығанақ, Созақ, Құмкент, Жент және Жаңакент 14 — 15 ғ-ларда Темiр мен оның iзбасарларының солт.-шығысқа жасаған жаугершiлiк жорықтарында бекiнiс қамалдары болып, одан кейiн қолөнер және сауда орталығы, хандардың резиденциясына айналған. Олар қазақ хандарының өмiрiнде маңызды рөл атқарды. 15 — 16 ғ-ларда Қазақ хандығының қалыптасу және нығаю кезеңiнiң күрделi саяси оқиғалары жағдайында, жердi игеру барысында қазақтардың этн. аумағының қалыптасуы аяқталды. 13 ғ-дың 2-жартысы — 14 ғ-да айтылатын қалалар саны 20-ға дейiн, ал мезгiлi 15 ғ-дың 2-жартысы — 18 ғ-дың басына жататын қала жұрттары 23-ке дейiн азайды. Жалпы алғанда, 9 — 12 ғ-лармен, қала мәдениетi барынша гүлденген уақытпен салыстырғанда, Оңт. Қазақстанның жазбаша деректемелер бойынша белгiлi қалалар саны 3 еседей, ал қала жұрттарының саны 6 еседей азайып кеткен. 16 — 17 ғ-ларда аймақтың саяси және экон. өмiрiнде Аркөк, Қожан, Аққорған, Үзкент сияқты қалалар маңызды рөл атқара бастады. Сайрам өркендедi. 15 — 18 ғ-ларда Түркiстан — қазақ хандарының астанасы, одан бұрын Сығанақ пен Сауран Ақ Орданың орт. болды. 13 — 14 ғ-ларда бұл қалаларда үлкен құрылыс жұмыстары жүргiзiлдi, мешiттер, медреселер, басқа да қоғамдық архит. құрылыстар салына бастады. Түркiстанда теңге соғылды. Мұнда Әмiр Темiрдiң бұйрығы бойынша Қожа Ахмет Иасауи қабiрiнiң үстiне кесене тұрғызылды, қала аймақтың ресми идеол. орталығына айналып, қауырт өстi. Отырарда да теңге соғылғаны туралы деректер бар. Мұнда Арыстан баб кесенесi салынды. 14 — 15 ғ-ларда Отырардың орталығында үлкен мешiт салынып, жұмыс iстеген. Отандық археологтар iзденiстерiнiң нәтижесiнде 16 ғ-дың аяғы 17 ғ-дың 80-жылдарындағы Отырар қ-ның халқына демогр. есептеулер жүргiзiлдi. Отырар қ-ның 16 — 17 ғ-лардағы аум. 20 га-ға тең. Оның төрттен бiр бөлiгiн алаңдар, көшелер, шаруашылық жайлар алып жатқан. Махаллаларда (100 шақты) орта есеппен 45 — 63 адам тұрған, ал қаладағы барлық тұрғындар саны 4500 — 6300 адам немесе орта есеппен 5500 адам өмiр сүрген. Сығанақ (20 га) пен Созақта (22 га) да тұрғындар саны осындай. Көлемi 35 га болатын Түркiстанда 170 махалла болған, оларда 9180 адам тұрған. Көлемi жағынан Сауран Отырардан екi есе үлкен, онда 11000-дай адам, ал Сайрамда (28 га) 7560-тай адам болған. Қарасаманда (6 га), Иқанда (6,7 га), Қарнақта (4,5 га), Қарашоқта (5 га), Сүткентте (6 га), Аркөкте (7 га), Қотанда (7 га), Үзкентте (9 га), Аққорғанда (8 га) 1500-ден 2000-ға дейiн тұрғындар тұрып, махаллалар саны 20-дан 40-қа дейiн жеткен. Жақанкентте, Суриде, Жүнкентте, Құжанда, Қарақұрымда және Раң сияқты баламасы табылмаған, көлемi 1 — 2 га-ға дейiн жететiн қалашықтарда 800 — 1000-дай адам тұрған. Жалпы, 16 — 17 ғ-лардың үш ширегi кезеңiнде Қазақстандағы қала халқының саны 70 мыңнан аспаған. 17 — 18 ғ-лардағы жоңғарлар шапқыншылығы Қазақстан қалаларының экономикасын құлдыратты. Қазақстандағы орта ғасырлардағы елдi мекендер мен қала-лар, мұнда қалалық мәдҚазақстанның ежелгі қалалары – жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломаттық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында “Ақ өзендегі қала” атымен алғаш аталады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам – ақ қаланың аты (әл-Мединат әл-Байда), ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады. Сайрамнан Шашқа баратын жол бойында 8 – 10 ғасырларда Газгирд (Қазығұрт) болған. Исфиджабтың шығыс жағында Шарап, Будухкет, Тамтаж, Абараж, Жувикат қ-лары мен елді мекендері орналасқан. Шарапқа – Төрткөл Балықшы, Будухкетке Қазатлық қалаларының жұрты сай келеді. Тамтаж, Абараж – керуен сарайлары іспетті. Арыстың төменгі ағысында орталығы Отырар қ. болған Фараб (Отырар) өңірі жатты. Отырар аты (Отырарбенд) 8 – 9 ғ-лардағы жазба деректерде аталады. Оның Фараб, Тарбанд секілді атаулары да бар. Отырардан төменірек Сырдария бойындағы Шауғар өңірінде сол аттас орталығы болған. Шауғар қ.аласы(соғды тілінен аударғанда “Қара тау”) Түркістанның оңтүстік-шығысында 8 км жерде орналасқан Шойтөбе қ-ның орнында болған.

Оңтүстік Қазақстандағы ең iрi қала - Исфиджаб саналады. Ол 629 жылы Сюань-Цзянның жылнамасында “Ақ өзендегi қала” атымен алғаш аталады. Кейiн Махмұт Қашқари Сайрам — ақ қаланың аты (әл-Мединат әл-Байда), ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады. Сайрам – жақсы бекітілген бекініс, Қазақстанның оңтүстігіндегі, Мауараннахрдан Түркістан мен Жетісуға баратын сауда және әскери жолдың тоғысқан жеріндегі ірі сауда қолөнер орталығы болды. Бұл қала деректемелерде Түркістан уәлаятымен қатар аталатын дербес уәлаяттың әкімшілік орталығы еді. XVI – XVII ғасырларда Қазақ хандығының қоғамдық, әлеуметтік ­ экономикалық өмірінде басты орын алды.

Сығанақ  − Шығыс Дешті ­ Қыпшақ үшін сауда аймағы, ХІІІ ғасырда қыпшақтардың орталығы, Қасым хандығының ордасы. XV-XVI ғасырлары Қазақ хандығының астанасы, діни орталық. Сырдария бойындағы көшпелі даламен шектесіп жатқан шеткі қала.

Сауран – XVI  ғасырдағы мұнаралы биік қамал қабырғалы,  терең ор қазылған қорғаныс жүйесі. Оның тербеліп тұратын мұнаралары болған. Сауран қаласы үшін Өзбек пен Қазақ хандықтарының арасында  бір ғасырға жуық соғыс болған.  XVI ғасырда Қазақ хандығына түпкілікті өткен. Тәуекел хан тұсында берік қамал, ірі сауда орталығы болған.

Түркістан (Йасы)  − XVI ғасырдың соңында Қазақ хандығының астанасы болды. Керуен сауда жолы Түркістанды басып өтті. Қалада танымал кесенелер орналасқан. Олар Ахмет Йасауи, Рабиға бегім, Есім ханның кесенелері.Қазақ халқының ұлттық негізі Түркістанда бекіген.

Қазақстанның жоғарғы шегі Х – ХІІ ғасырларға жататын ортағасырлық қала мәдениетінің гүлденуі татар – монғол әскерлерінің жаулап алушылық жорықтарынан тоқтап қалды. Қалалардың және шабуылдар кезінде солардан қатты жапа шеккен көшпелі даланың дәстүрлі бйланыстары бұзылды. Әйтседе, Қазақстанның оңтүстігінде моңғолдық ойранның салдары бірте – бірте жойыла бастады.ХІІІ ғасырдың ортасына таман қала өмірінің жандануы етек алды, оның ауқымы соның алдындағымен салыстыруға келмесе де, әйтеуір қалалард, отырықшылықты қалпына келтіру ісі жүріп жатты, аудандарының экономикалық байланыстары қайтадан өрбіді, қалалар халықаралық сауда мен дипломатиялық байланыстар өрісіне тартыла бастады.

Оңтүстік Қазақстандық қалалар экономикалық өмірінің жандана түскендігіне ескі ақша материалдары айқын дәлел болады. ХІІІ ғасырдың орта шенінде Отырардың теңге сарайы қарқынды жұмыс істей бастады. Онда ең алдымен алтын динарлар , онан соң күмістелген дирхемдер,сондай-ақ мыс бақырлар соғылған-ды.Отырар сол кездегі ақшалардың дәстүрлі барлық  осы үш түрін шығарған Қазақстан мен Орта Азиядағы бірден бір қала болды. Және де Отырарлық күмістелген  дирхемдер тек жергілікті ақшалай сауданы  ғана емес, сонымен бірге облыстар аралық сауданыда қамтамасыз етіп отырды. Сонымен қоса, Отырар – Оңтүстік Қазақстан жерінің ірі сауда – қолөнер орталығы болып қалыптасты. VIII ғасырдың басында Тарбанд атыменбелгілі болған. V-XV ғасырларда Арал бойындағы көшпелілермен сауда жүргізетін орталық болған. Ол ұзақ уақыт бойы өздерінің даладағы дұшпандарынан  Отырар бекінісінің берік дуалдарына кіріп жасырынған, Темір ұрпақтарының, содан соң Шайбани ұрпақтарының әкімдері отырған жер болды. «Отырар опатынан» кейін қала қайта жанданып, XVII ғасырға дейін өмір сүрген. Отырар жазирасында суландыру жүйелері Арыс өзеніне негізделген, оның сағасына құяр тармақтары бастапқыда өңірді сумен жабдықтау көздері ретінде пайдаланылған. Отырардан 3 км жерде Арыстанбабтың кесенесі орналасқан.

ХІІІ ғасырдың екінші жартысында ақша өнімдерін Отырардан басқа Кенжіт және Жент қалалары шығара бастады.

ХІІІ ғасырдың ортасының сапарнамаларында Отырар, Зернүк, Сайрам, Асы, Сығанақ, Барукет, Саудакент, Құмкент, Уросоған, Созақ қалалары аталады. Халықаралық керуен жолдарында Жайық өзеніндегі Сарайшық сияқты жаңа қалалар пада болып, өркендеді. Оның негізгі қаланған мерзімі ХІІІ ғасырдың екінші жартысына жатқызылады.

Зерттеушілер ХІІІ ғасырдың соңғы ширегінде Орта Азияның қала өнері мен ақшалай саудасын ішінара қайта қалпына келтіру үшін орнықты әрі мейлінше қолайлы жағдай туды деп есептейді. Айталық Отырардан ХІІІ ғасырдың соңғы ширегінде жұмыс істей бастаған қыш күйдіретін ірі шеберхана комплексі табылған. Ол Отырарда дәл сол уақыттары қанат жайған құрылыстарды  күйдірілген қышпен жабдықтап тұрған. Күйдірілген қыштың XV-XVI  ғасырлар түйісер шебінде Отырардың күмбезді мешіті салынған болатын. Бүлінбей сақталып қалған конструкциясына қарағанда  оның бас есігі тік бұрышты бедерлер менөрнектеліп, мешіттің биік мұнарасы тұрған бұрышқа қарай жылжытылған.

Соғыс бекіністері ретінде қиратылған қалалардың қайта қалпына келтірілуіне  монғолдардың кедергі келтіріп баққаны белгілі. Тек бірте – бірте уақыт өткізіп барып қана қалалар қабырға дуалдармен қоршала бастады. Отырар айналасын қоршаған қабырға ХІІІ ғасырдың басында тұрғызылған болатын. Қазба материалдары дәлелдегеніндей, бұл уақытта тұрғын үйлердің жаңа үлгілері қалыптаса бастаған. Солардың арасынан ұзынша етіліп және айқастырыла жобаланған, ХІІ ғасырдан – ақ жобаланған үйлер көзге түседі. ХІІІ – XV ғасырларда олар одан әрі дамытылды.

Үйдің ішкі құрылысындада өзгеріс болған: сыпа енді тұрғын үйдің ташнау алаңынан басқа барлық дерлік  алаңын жайлаған, ошақтың жаңа түрі – түтіндігі бар тандыр пайда болған. Ол ошақтың әмбебап түрі еді. Үйлердің төбесін жабатын арқалықтар орталық діңгек немесе қабырғаға сүйендірілген. Үйлерде саз балшықтан тұрғызылған қамбалары бар зат қоятын бөлмелер болды.

ХІІІ ғасырдың екінші жартысында қалада негізгі магистральді көшелер сақтала отырып, ондағы кварталдардың жоспарлануы түгелімен өзгертілген. XIV ғасырдың соңғы ширегі мен XV ғасырдың бірінші жартысындағы Отырардың кварталдары өздерінің бұрынғы шекараларын сақтап қалған.

Отырардан «құмырашылар кварталы» ашылды. ХІІІ – XV ғасырлар тұсында 10 шеберхана зерттелді. Отырар шеберханалары ең алдымен өз үйлеріндегі шеберханаларда жеке дара жұмыс істеген қолөнершілердің дербес өндірісі болғандығы жөнінде мағлұмат береді.

Шеберханаларды топографиясы, олардың өзара байланысты орналасуы өндірістің бірлестік түрінде болғанын болжауға мүмкіндік береді. Шеберханалардың аумағын,олардың әрқайсысындағы пештер санын салыстыру керамикашылар арасындағы әлеуметтік бөлінушіліктер туралы ой толғандырып, болжам жасаттырады. Өндірілген өнімдерді талдау сол кездері мамандандыру болғандығын дәлелдейді. Мысты қолдану ісі дамыған еді. Отырар қола айналар өндірудің орталығы болды. Зергерлік кәсіптің өркен жайғандығын күміс пен қоладан жасалған сақина, білезік, сырға,алқа сияқты көптеген әшекей бұйымдар дәлелдейді. Бұрынғы кездегідей шыны жасау ісі  − шыны құмыралар, жіңішке мойынды шөлмектер, шыны аяқтар, дәріханалық ыдыстар шығару өріс алды.

Маталар өндіру, кілем тоқымашылығы жөніндегі мәліметтер аз. Қалада бұлардың болғандығы туралы одан табылған мақта қауашақтары, өртенген маталардың қалдықтары және Құйрықтөбедегі ХІІІ – XIV ғасыр қабірлерінен алынған кебін жыртындылары бойынша жоруға болады.

Қалалардың қиратылғанына қарамастан халықаралық сауда жолдары жұмыс істей берді. Олардың жаңа бағыттары пайда болды. Соның ішінде Еуропа мен Азияны Поволжье,  Орал, Хорезм,  Сырдария және Жетісу арқылы жалғастырған керуен жолдары мен дипломатиялық  жолдар неғұрлым жанданып тұрды.

Өлке мен Сығанақ, Сауран, Отырар қалалары экономикасының дамуында, сөз жоқ, олардың  XIV ғасырдың басында монғол басқыншылығынан кейін Қазақстан территориясындағы жергілікті экономикалық негізде қалыптасып, алғашқы ірі мемлекеттік құрылым болған Ақ Орда құрамына кіруі маңызды рөл атқарды.

Қазақстанның оңтүстік аудандарының Темір мемлекетіне қосылып, саяси жағдайдың тұрақтандырылуы экономикалық және мәдени өмірдің біраз жандануына мүмкіндік туғызды. Түркістаннның, Қарнақтың, Отырардың өркендеуінде Ахмет Йасауидің  орасан зор комплексінің, Арыстан Баб мешітінің салынуы; Отырарда, Асыда, Сауранда әскерлердіңүлкен бөлігінің шоғырландырылуы, соның нәтижесі ретінде облыс аралық сауданың жандануы айтарлықтай маңызды рөл атқармай қалған жоқ.

                           Жетісудағы қала мәдениеті.

Жетісудағы қала мәдениетінің тағдыры басқаша болды. Монғол шапқыншылығынан кейінгі алғашқы жылдары мұндағы жағдай біршама тәуір еді. Іле алқабында Қайлық, Ілебалық болғандығы көрсетіліп, Талас пен Шу алқабындағы қалалар аталады. Бұлардағы тіршілік айтарлықтай қарқынмен жүріп жатты. Бірақ бұған қарамастан, ХІІ ғасырдың  ортасына қарай егіншілік пен қала тіршілігі жаппай құлдырай бастады. Жетісудағы қала мәдениетінің опатқа ұшырауын тудырған себептер әртүрлі болды. Бірақ олардың белең алғаны соншалық, оған тіпті отырықшылықтың ежелгі дәстүрлері де орталық үкіметтің қала мәдениетін сақтауға тырысқан әрекеттері де, Жетісу арқылы өтетін сауда жолдары да қарсы тұра алмады.

Жетісу аймағы Жошы ұлысының (солтүсті аудандар), Шағатай ұлысының (Шу,Талас алқаптары,Іле алқабының оңтүстік бөлігі) және Үгедей ұлысының (солтүстік - шығыс) аудандары құрамында үш бөлікке саяси жырымдалған болып шықты. Жетісуға көшпелі халықтың үлкен тобы жаңадан келіп қоныстанды. Көшпелі ақсүйектердің мүддесі үшін жайылымға бұрын егін егуге, бау бақша салуға пайдаланылған құнарлы жерлер бөліп берді.

Осы айтылған сын ­ пікірге 1253 жылы Жетісу арқылы жүріп өткен Вильгельм Рубруктың мына сөздері қалай да бір сипаттама бола алады. Іле алқабы жөнінде ол:«...брындары онда көптеген шағын қалалар бой көтеріп тұрды, бірақ солардың көбін төңіректеріндегі таңдаула жайылымдарда өз малдарын бағуға мүмкіндік болуы үшін татарлар талқандап тастады» − деп жазды.

Информация о работе Қазақстанныңи ежелгі қалалары