Қазақстанды қола дәуiрiнде мекендеген тайпалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:47, реферат

Описание работы

Қазақстанның қола дәуiрiндегi тайпалар бiрлестiгiнiң негiзiнде ертедегi көшпелiлер мәдениетi қалыптаса бастады. Б.з.б. I-мыңжылдықтың басында Қазақстан далалары мен шөлейт, таулы аудандарында негiзгi кәсiп көшпелi мал шаруашлығы болды. Темiр дәуiрiнде (б.з.б. VII ғ-дың басы) адам еңбегi анағұрлым өнiмдi бола түстi. Темiр өндiру қосымша өнiм мөлшерiнiң артуына жағдай туғызды. Көлiк ретiнде жылқы кеңiнен пайдаланылды. Табиғи орта мен климат жағдайларына байланысты мал шаруашылығының негiзгi үш түрi: көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшылық дами түстi.

Содержание

І. Кіріспе.
Қазақстанды қола дәуiрiнде мекендеген тайпалар
ІІ. Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
Сақ тайпаларының шығу тарихы
Сақтардың тайпалық құрамы мен орналасуы.
Сақтардың шаруашылықтағы бағыттары
Сақтардың мәдени мұралары.
IV. Сақ қоғамы
V. Сақтардың сыртқы саясаты
V. Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

Кадиров Муратбек Ю(к)-101 срсп.doc

— 117.00 Кб (Скачать)

Үшінші кезеңде –  б,з, дейінгі III-I ғ обалардың бұрынғы  құрылымы түрі сақталады, бірақ мола ішінде түбі тегіс домалақ ыдыстар  пайда болады.

Батыс және Солтүстік Қазақстан. Дала және орманды-дала жазықтарынан ондаған қорымдар кездеседі. Біреулер оны савроматтардың аорстар мен роксоландар тайпаларының қорымдары десе, екінші біреулер – исседондардың қорымдары деседі. Еділ мен Жайық арасындағы мол аймақтан қорымдардың ең көп шоғырланған жерлері – Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірі, Елек, Шаған, Отуа. Ембі жағалаулары. Қазақстанның солтүстік аудандарында қорымдар Тобыл мен Есіл алқаптарынан көбірек үйірім-үйірім болып кездеседі. Обалардың көбінде үйінделері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар. Обалар сирек кездеседі. Үйінді астынан қабыр қазылған және сол бір үйінді астына бірнеше мәйітті жерлеген немесе өлікті бұрынғы ескі обалар үйінділеріне апарып қойған. Бай обалар здерінің көлемдерімен көзге түседі және олардың үйінділерінің диаметрі 50-60 м, биіктігі 3-4 м болып келеді.

Күллі ескерткіштер екі  хронологиялық кезеңге жатады. Оның біріншісі б.з.дейнгі VII-III ғ кезеңі деп есептеледі және ол савромат мәдениеті өмір сүрген уақытты қамтиды; екінші кезең б.з.дейінгі 4-2 ғ болып мерзімделеді және савроматтар кезеңіне сай келеді.

Савроматтардың шығуын зерттеушілер қима және андронов мәдениеттерімен  байланыстырады, өйткені онда өлікті өртеу салты, үйінді астындағы қабыр басына тас дөңгелектердің қойылуы, қыш ыдыстар сыртындағы өрнектер сияқты өткен дәуірдің көптеген дәстүрлі белгілері сақталған.

Батыс және Солтүстік  Қазақстан ескерткіштерінің бәріне ортақ бір белгі – қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады. Археологтар әйелдер қабырларынан ою-нақыштармен безендіріліп, тыстан қашалған құрбандық шалатын столшаларын жиі кездестіреді. Олар алып жүруге ыңғайлы өзіндік бір от сөресі сияқты...

Савроматтар арасында қолданбалы өнер биік дәрежеде дамып жетілген. Ісмер  зергерлер алтын мен кмістен, қоладан аттың ер-тұрмандарына, еркектің белдіктері мен киімдеріне арнап тоғалар жасаған.

Батыс Қазақстан  қазылған савромат ескерткіштері арасынан ең қызықты  жарқын материалдар Елек өзенінің жоғарғы  бөлігіндегі оба-мазарлардан алынды, онда Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Орал өңірініңм ертедегі көшпелілері  тайпаларының көсемдеріні мен әскерилердің, ақсүйектердің, абыздардың қабырлары бар.

Шығыс Қазақстан. Сақтардың қыруар қорымдары алтай аясынан, әсіресе Ертіс пен оның салалры алқаптарынан, қалба қырағының теріскей және түскей жоталарынан, Шыңғыстау мен Тарбағатй бөктерлерінен кездеседі, үлкен яғни «патша» обалары Шілікті алқабында шоғырланған. Тастары жер бетіне шығып жататын таулы ауданданда обалар үйіндісі тастан құралған. Ертістің жоғары өңірінде үйінділерге топырақ пен малтатас пайдаланылған, орта Ертістің жазық аудандарында обалар үйіндісі топырақтан тұрғызылған. Шамасы, Шығыс Қазақстанда «грифтер алтынын күзететін» аримасптар тайпасы тұрған секілді

Шығыс Қазақстан сақ тайпаларының мәдениеті өз дамуында үш кезеңді  басып өткен: майәмир кезеңі(б.з.дейінгі VII-VIғ), берл кезеңі(б.з.дейінгі V-IVғ) және құлажүргін кезеңі(б.з.дейінгі III-I ғ)

Майәмир кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады. Шілікті алқабынан  үлкен обалар қорымының құрамына кіретін, көпке белгілі Шілікті  обасы қазылып аршылды. Бұл қорымның барша обасы «патша» мазары қатарына жатады. Олардың он үші үйінділердің димаетрі 100 м дейін, биіктігі 8-10 м дейін жетеді, қалғандары – тиісінше 20-дан 60 м дейін, биіктігі 5 м дейін. Бұл ру немесе тайпа көсемдерінің жүздеген жылдар бойы қойылып келе жатқан ортақ қорымы болғанға ұқсайды.

Белгілі археолог С.С.Черников қазып  зерттеген оба(Шілікті обасы) Шығыс  Қазақстан сақтарының мәдениеті  мен өнері жөнінде өте қызықты  материалдар берді.

Қорғанның диаметрі 66м, ал биіктігі 6 м болған. Қорған қадым заманда таланып-тоналыпты, сол себепті де оның жалпы құрылымының суреті, қабыр конструкциясы, жерлеу салты мүлде толық емес.

Үйінді астында, обаның дәл кіндігінде көлемі 7,1х8,3 м, тереңдігі 1 м-дей шұңқыр бар екен. Мола ішіне қабырғалары  екі қабат  етіп жасалып, беті бір қабаттық қақпамен жабылған көлемі 4,8х4,6 м, ал биіктігі 1,2 м тамды(камера) түсірген. Еденде жерленген екі мәйіттің қалдықтары жатыр.

Табылған олжа көп болған, оның ішінде оқтың 13 қос қауырсынды масағы бар екен. Бұғы не ат аяғының терісінен пішілген қорамсақтың жапырақ-жапырақ бөлшектері сақталып қалыпты. Тері қарамыспен тігіліпті, қорамсақ жиектері бұғы бинесіндегі алтын түймелермен әшекейленіпті. Бұғылар аяғын бауырына басып, мүйізді  басын шалқайтып жіберіп жатқан күйінде бейнеленген. Олардың көз, құлағына бирюза-көктастар қадалыпты.

Киім-кешекке сән үшін тағылатын, бүркіт тәрізді, білезіктей дөңгеленіп қалған ілбісін іспетті таналар, түйреуіштер табылған. Жұқа алтын  фольгадан қабан бейнесі қиылған. Қанатын жайып жіберген құстар бейнесіндегі қапсырмалар да әсем-ақ. Геометриялық формадағы-үшбұрыш, жолақша ромбы түстес ілгектер де көп кездеседі.

Шілікті қорғаны б.з.дейінгі VII-Viғ  салынған деп есептеледі

Жетісу мен  Оңтүстік Қазақстан. Бұл-сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар – Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сырдария бойында өмір сүрген.

Сақ тайпалары көп қоныстаған орталықтардың  бірі – Іле алқабы болған. Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев оба-мазарлары  тап осы алқаптан табан тепкен.

Жетісудағы сақ мәдениеті өз дамуында екі кезеңді басынан өткерген: ерте кезеңі (б.з.дейінгі VII-VIғ) және кейінгі кезеңі(б.з.дейінгі V-IIIғ). Соңғы кезеңнің патша обалары ескерткіштері жөніндегі ең толық мәліметті б.з.дейінгі I мың жылдықтың орта кезіне жататын Бесшатыр қорымы және Есік обасы береді. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді: үлкен обалар – диаметрі – 45 м.-ден 105 м.ге дейін, биіктігі 6-18 м., орта обалар – диаметрі 25-40 м., биіктігі 5-6 м., шағындары – диаметрі 6-20 м., биіктігі 2 м.-ге дейін. Үлкен Бесшатыр обасы өз көлемімен ел-жұрты күні бүгінге дейін қайран қалдырады: оның үйіндісінің диаметрі 104, биіктігі 17 м. Бірінші Бесшатыр обасы үйіндісінің астында тән-шән шыршасының бөренелерінен қиылған там тұрғызылыпты. Ол қабыр камерасы мен дәлізден-дромостан құралған. Тамның қабыр,алары 15 қабат дөңбектермен жабылған. Оның үстінен жіппен байланған қамыс маттары төселіпті. өлік қою рәсімі жасалып біткесін дәліз таспен бітеліп тасталыпты.

Қорымның облары баяғыда  тоналған, бірақ тонаушылар барлық затты көтеріп кете алмағанү шолақ  темір қанжар-ақинақтар, садақ оғының қол жебелері мен қорамсақтар  қалдықтары табылды. Бұл қорымның датасы б.з.дейінгі V ғ. саналады.

Жетісу сақтарының тамаша ескерткіштерінің бірі – Есік обасы  болып табылдаы, ол Алматының шығысында 50 шақырымдай жерде, Іле Алатауының баурайында. Обаның диаметрі 60. биіктігі 6 м. Топырақ үйіндісінің астында  екі қабыр – орталықтағы және бүйірдегісі – бар. Орталық қабыр тоналған, ал бүйіріндегі аман қалған. Моланың ішіне жонылып тегістелген тән-шән шыршасының көлемі 2,9×1,5м., тереңдігі 1,5м. Қима тамды түсірген, оның еденіне тығыз қиюластырылған 10 тақта төселген. Ғалымдар еденнің өлік жатқан бөлегіне уақ алтын таналар мен әсемделген мата төсеніштің жайылғанын анықтады.  Бір кездері сол төсеніш үстінде басы құбылаға қаратылып , мұздай киіндіріліп, қару-жарағын таққан күйінде, осынау мола иесі жатқан. Антропологтардың анықтауына жүгінсек, марқұм болған кісі 17-18 жастар шамасында, оның бойы 165 см. Болған.

Түскейдегі қабырға  түюінде ағаш ыдыс-аяқтар қойылған тікбұрышты төрт табақша, ожау мен аяқ  тұр. Ал, батыс қабырға жанынан  қызылмен жылтырата сырланған қыш  құмыра мен табақтар көрінеді. Сол  арада имек сабының ұшы тырнаның басы сияқтанып келген күміс қасық, түбіне сегіз күлтелі гүл суреті салынған күміс кесе, бүйіріне 26 таңбадан тұратын екі жол сөз жазылған оймақтай күміс аяқ жатыр. өліктің бас жағына тағы бір алтынмен апталған зерен қойылыпты, оның ішінде тырнақ және жыртқыш құс тұмсығы тәріздес алтын ілгіктер, сиқырлы бойұмарлар жатыр. Мәйіттің сол қолы жанынан шиі алтындаған, алтын масақты оқ көзге түседі. Осы арада сабы алтын таспамен оралған қамшы, алтын жіппен кестеленген былғары қалта ішінде қола айна мен бір кесек қына жатыр.

Қыршын кеткен бұл  боздақ өн бойына үшбұрышты алтын  әшекейлер қадалып безендірілген, болат сауытқа ұқсас күдеріден  пішілген қызыл күртке киіпті. Оның тек шағын бөлектері сақталып қалған. Балағын етегінің қонышына салып киген тері шалбарының ұзына бойына алтын әшекейлер тігіліп, әсем жолақ болып тартылған, етігінің қоныштарына да үшбұрышты әшекейлер тігілген, ал күрткесінің өңірлері жағалай азуларын ақситып тұрған барыс тұмсығы іспеттес алтын әшекеймен әдіптелген. Ол беліне салмақты алтын әшекейлер қадалған былғары белбеу буыныпты. Ондағы әшекей саны небәрі – он үш, оның үшеуі қанатты ат-бұғы бейнесіндегі ғажайып бір жануар, ал 10 әшекей – бұғының басы әспеттес.

Өліктің басына биік былғары  қалпақ-дулыға кигізілген, оның сыртына алтын бұтақтарына құстар қонған сирек ағашты тау, әр түрлі аңдар мен құстар, қауырсын мен масақты оқтар алтынмен апталып бейнеленіпті. Дулығаның төбесіне тәж ретінде титімдей арқар бейнесін қойған.

Марқұмның мойнына ұшы  барыс бастарымен безендірілген  алтын өңржиек салынған, құлағына көзтаналы, бирюзадан салпыншағы бар сырға тағылыпты. Екі саусағында алтын жүзіктері бар – оның біреуінің көзі тегістағы, екіншісіне адамның арай қоршаулы басы бейнеленген.

Белбеуінің оң жағына қызыл түсті ағаш қынапты ұзын семсер ілініпті. Семсер – темірден, оралмалы-орам бедері бар сабы имексіз. Сол жағына ақинақ-қанжар ілінген. Оның темір жүзінің орнын беліне иреңдеген жылан бейнесі алтынмен бедерленген. Қанжар қынынң екі жағы үстеме пластинкамен көмкерілген, оның біреуіне ат, екіншісіне бұғы бейнеленген. Есік обасының салынған кезі б.з.дейінгі IV ғ деп есептеледі.

Арал өңірі сақтары  мәдениетінің бастау-бұлағы – Тегіскен қорымын қазып аршудан бері белгілі  болған кейінгі қола дәуірінің мәдениетінде жатыр. Сақтардың Ұйғарақ пен  Оңтүстік Тегіскен сияқты қорымдарын қазу нәтижесінде олардың б.з.дейінгі VII-V г ат салынғаны белгілі болды. Обалардың үйінділері құмдауыт, олардың астынан қабырлық құрылыстың екі түрі шықты. өлік жер бетіне салынған қамыс төсеніш үстіне, жеңіл ағаш там-күрке ішіне қойылғандағы, оны сол арада өртеу рәсімі жасалған. Екінші түрі – терең қазылған мола ішіне жерленген.

Ұйғарақ қорымына қойылғандардың бәрі сақ-массагеттердің қауымына жатады.

Қазба жұмысы жүргізілген  кезде өлікті қоға арналған талай-талай  бұйымдар табылды. Жапсырмалы қыш ыдыстары мен құмыралардың оңтүстіктен шыққан құмыра-шеңберде жасалғаны мәлім болды; сол сияқты тастан қашалған құрбан-жозалары, сынықтар – қайрақ, тастар кездесті. Бір қабырдан ағаш қынабына қасқыр бейнелі әшекейлер салынған темір семсер, ат жүгенінің жұрнағы – шығыршықты ауыздық табылған.

Қолданбалы өнер бұйымдары  да баршылық еді: әртүрлі жануарлар  бейнелері, бұғы, сайғақ, ат, құлжа, арыстан, барыс, жыртқыш құстар іспеттес алтын  ілгектер кездесті. Арал өңірі сақтарының мәдениеті – екі мәдени ареал – Еуропа мен Сібір тоғысар жерде аралық жағдайдағы мәдениетке жатады.

Массагеттер мәдениеті  б. з. дейінгі І мыңжылдықтың орта кезінде гүлденіп өседі. Бұл Арал өңірінде Хорезм мемлекетінің қалыптасып жатқан кезі болатын. Отырықшы көгал  жайлар мен дала арасындағы экономикалық және мәдени байланыстар нығайып, жоғары деңгейге жеткен еді. Отырықшылар мәдениеті ықпалымен сақтар арасында да отырықшы мекендер мен кенттер пайда бола бастайды. Олардың қатарына археологтар ашқан Шірік Рабад кенті, Жаңадария бойындағы Бәбішмолла мен Іңкәрдария бойындағы Баланды қоныстары жатады. Олардың төңірегінен ежелгі суару жүйелерінің қалдықтары табылады. Осынау елді мекендерді жоспарлау және бекініс құрлыстарын салу ісінен ежелгі Хорезм отырықшылық мәдениетінің дәстүрлері танылады.

 

  • Ерте темір дәуірінде мүлік теңсіздігінің болғанын археологиялық қазбалар мен жазба деректерден айқын көруге болады. Көшпелі тайпалар арасында жиі-жиі әскери жорықтар болып тұрды. Әскери қару-жарақтардың әр алуан түрлерін өндіру ісі жедел дамыды. Бұл уақыт алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап, әскери демократияның пайда бола бастаған кезі еді.

Тайпа көсемін бүкіл  тайпа мүшелері сайлады және ол бас  қолбасшы да болды. Тайпа одақтарының  көсемдері сонымен қатар, ру, тайпа  арасындағы қақтығыстарды да шешіп отырды. Әрбір көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалады, тайпа тынан келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар, көсемдер ру мен тайпа арасындағы жайылым және көші-қон мәселесін реттеді. Жер бөлу ісімен айналысып, осы жерлерді пайдалану, ережесін анықтады.

Рим тарихшысы Квинт  Руф сақтардың көктен түскен сиқырлы  сыйы бар екендігі туралы мынандай аңызды әңгімелейді. Онда «соқа мен  қамыт–егіншілерге, найза мен садақ-сарбаздарға, жайпақ тостаған-абыздарға арналған. Бұл заттар бізге және біздің достарымызға-жауларымызға қарсы күресу үшін керек. өгіздің көмегімен егін егеміз, тостағанға құйылған дәмді құрбандыққа беріп, жауларымызды алыстан садақпен, ал жақыннан найзамен жайратамыз» деген сақтарөздер айтылады.

Сақтардың тарихта жауынгер тайпа ретінде аты қалғаны белгілі. Көшпелі сақтар шетінен шабандоз, көздегендерін құр жібермейтін әйгілі мерген садақшылар болған. Бәлкім осыдан болар, мидиялықтар өздерінің ержеткен ұлдарын садақ тарту өнеріне баулу үшін сақ сарбаздарының тәрбиесіне береді екен. Тіпті, олардан бұл өнерді гректердің өзі де үйренген. Сақтар садақ тартуды бала кезден үйренді, бұлшық еттерінің беліглі бір бөліктерін шынықтыруға күш салды. Сақ садақшылары тартқан жебенің ұшқырлығы 900 қадамға дейін жетіп, әрі өзінің тиген жерін тесіп өткіш қуатын да сақтайтын болған. Олар да ерлері тәрізді ат үстінен садақ тартуды шебер меңгерген.

Информация о работе Қазақстанды қола дәуiрiнде мекендеген тайпалар