Қазақстанды қола дәуiрiнде мекендеген тайпалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:47, реферат

Описание работы

Қазақстанның қола дәуiрiндегi тайпалар бiрлестiгiнiң негiзiнде ертедегi көшпелiлер мәдениетi қалыптаса бастады. Б.з.б. I-мыңжылдықтың басында Қазақстан далалары мен шөлейт, таулы аудандарында негiзгi кәсiп көшпелi мал шаруашлығы болды. Темiр дәуiрiнде (б.з.б. VII ғ-дың басы) адам еңбегi анағұрлым өнiмдi бола түстi. Темiр өндiру қосымша өнiм мөлшерiнiң артуына жағдай туғызды. Көлiк ретiнде жылқы кеңiнен пайдаланылды. Табиғи орта мен климат жағдайларына байланысты мал шаруашылығының негiзгi үш түрi: көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшылық дами түстi.

Содержание

І. Кіріспе.
Қазақстанды қола дәуiрiнде мекендеген тайпалар
ІІ. Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
Сақ тайпаларының шығу тарихы
Сақтардың тайпалық құрамы мен орналасуы.
Сақтардың шаруашылықтағы бағыттары
Сақтардың мәдени мұралары.
IV. Сақ қоғамы
V. Сақтардың сыртқы саясаты
V. Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

Кадиров Муратбек Ю(к)-101 срсп.doc

— 117.00 Кб (Скачать)

 

І. Кіріспе.

  • Қазақстанды қола дәуiрiнде мекендеген тайпалар

ІІ. Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы

  • Сақ тайпаларының шығу тарихы
  • Сақтардың тайпалық құрамы мен орналасуы.
  • Сақтардың шаруашылықтағы бағыттары
  • Сақтардың мәдени мұралары.

    IV. Сақ қоғамы

    V. Сақтардың сыртқы саясаты

   V.  Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Қазақстанның қола дәуiрiндегi тайпалар бiрлестiгiнiң негiзiнде ертедегi көшпелiлер мәдениетi қалыптаса бастады. Б.з.б. I-мыңжылдықтың басында Қазақстан далалары мен шөлейт, таулы аудандарында негiзгi кәсiп көшпелi мал шаруашлығы болды. Темiр дәуiрiнде (б.з.б. VII ғ-дың басы) адам еңбегi анағұрлым өнiмдi бола түстi. Темiр өндiру қосымша өнiм мөлшерiнiң артуына жағдай туғызды. Көлiк ретiнде жылқы кеңiнен пайдаланылды. Табиғи орта мен климат жағдайларына байланысты мал шаруашылығының негiзгi үш түрi: көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшылық дами түстi. Темiрден ер-тұрман әбзелдерi (ауыздық, т.б.), қару-жарақ, тұрмыс бұйымдарының жаңа түрлерi жасалды. Көшпелi тұрмыста киiз үй, арба, күйме кеңiнен қолданылды. Малға және жерге отбасылық меншiк нығайды. Қауымдар арасында жайылым, мал үшiн қақтығыстар жиiлей түстi.

Ерте  темiр ғасыры дәуiрiнде (б.з.б. I — мыңжылдық  ортасы) Қазақстандағы тайпалық одақтар  қалыптасты. Жазбаша деректемелер археологиялық  зерттеулермен ұштастырылып қазiргi таңда б.з.б. 8 — I ғасырлардағы тайпалар, тайпалық одақтар жөнiнде көп мәлiметтер алынып отыр. Б.з.б. III ғ-да Қазақстан жерiнде кейбiр тайпалар өз мемлекетiн құрып, алыс-жақын елдермен саяси қарым-қатынастарға түскенiн де жазба және археологиялық деректемелерден көруге болады.

Қазақстанның  оңтүстік, шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына, ал батыс, солтүстік аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бiрлестiгiне бiрiктi. Археологиялық деректер бұл бiрлестiктерде мемлекеттік нышандардың болғандығын аңғартады. Сақтардың оңтүстік өңiрлердегi Бесшатыр, Есiк обасы, Түгiскен, Ұйғарақ, т.б. ескерткiштерi олардың мәдениетi мен өнер жетiстiктерiнiң бiрегей туындылары болып табылады.

Ежелгі заманда Орта Азия өңірін түркі тілдес ру-тайпалар, тайпалық одақтар мекен еткен. Қазақ халқы сол тайпалардың бірте-бірте бірігуі мен дамуы барысында өз алдына жеке халық болып қалыптасты. Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен ұлыстардан ежелгі заман деректерінде аты ерте әйгілі болғандары: сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпаларынан шыққан дейді.

 

  • Сақтар – б.з.б. І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан,  Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Олар ежелгі дүние өркениеттері – Ассирия, Мидия және б.з.б. VI ғасырдан бастап Ахеменидтік парсылармен қарым-қатынас жасаған. Сансыз көп туыс тайпалар одақтарын парсылар жалпы атпен сақтар деп атаған.

Орта Азия мен Қазақстан  жерінде дәуірінің алғашқы кезеңінде  өмір сүрген сақ тайпаларына тән  ерекшеліктер: олардың бас сүйегі шағын, беті едәуір жалпақ, көзі ұялы, қабақ сүйегі шығыңқы, кеңсірігі дөңестеу болып келеді.

Кейбір тарихшы ғалымдар – «қазақ» сөзі «қас»(нағыз), «сақ»(тайпа  аты) деген екі сөзден «қас сақ»(нағыз сақ) дегеннен шыққан – дейді. Олар қазақтар түрік, моңғол тектес тайпалардан құралған ежелгі халық деген болжам айтады.

Ежелгі заманда Орта Азия өңірін мекен еткен сақ тайпалары  туралы тарихи деректер сол замандағы  парсы және грек авторларының да жазба  деректерінде сақталған. Қазақстанды  мекендеген сақ тайпаларының Оңтүстік Сібір тайпаларымен қоғамдық құрылысы және материалдық жағынан көптеген ұқсастығы болды. Сондықтан да осы ұқсастықтарына қарай, ежелгі грек авторлары сақтарды «азиялық скифтер» деп атады. Жалпы сақ тайпалары атауының мағынасы жайында әр түрлі пікірлер бар. Мысалы, «сақ» сөзінің мағынасын парсы жазбаларында құдіретті еркектер деп түсіндіреді, ал иран жазбаларында жүйрік атты турлар деп атайды. Парсы деректерінде сақтарды турлар деп жазған.

Ежелгі грек тарихшыларының айтуына қарағанда, сақтар батыр, жауынгер, «дұшпанға-қатал, досқа-адал» болған. Олар қастасқан жауын аямады. Батыр жауынгерлерді ардақтап, құрмет еткен. Сақ деп аталатын тайпалардың әрқайсысының өз алдына көсемі болған. Көсемнің әмірі күшті еді. Көсем қаза болса, оның сүйегін арбаға салып ел аралатқан. Көсемнің өлгенін көрген тайпа мүшелері шашын жұлып, бетін тырнап, қатты қайғырған. Қаза болған көсем үлкен қорғандарға жерленген, өлікпен бірге алтын, күміс ыдыс-аяқтарды қоса көмген.

Ал тағы бір грек авторы Ктесий «Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп ұрысқа араласады» деп баяндайды. Сақ-массагеттердің Томирис деген әйел патшасы болған.

 

  • Шығыстанушы және қазақстандық ғалымдардың, археологтардың пікірінше сақ тайпалары мен тайпа одақтары мынадай негізгі топтарға бөлінеді:

Сақ топтарының аты

Мекендері

1.

Теңіздің арғы жағындағы  сақтар(парадарайя)

Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында, Сырдария мен  Әмударияның төменгі ағысы

2.

Шошақ бөрік киіп жүретін  сақтар(тиграхауда)

Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шаньда, Жетісуда

3.

Хаома сусынын дайындайтын  сақтар(хаумаварга)

Мургаб аңғарында өмір сүрді


 

Осы күнгі ташкент  қаласы аймағында, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде  тиграхауда сақтары өмір сүрген. Оған екінші бір дәлел, Есік обасынан (Алматы маңында) табылған алтын киімді адамның бас киімінің де шошақ болып келуі. Сақтардың шошақ бөрік кигендігін растайтын және бір дәлел бар. Ол – Бехистун жартасындағы және Иран патшасына салық төлеуге барған сақтардың Персепольдегі Ксеркс сарайының алдына салынған бейнелері. Олардың да бас киімдері шошақ болып келеді. Сөйтіп, жазба және археологиялық деректер Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды мекендеген сақ тайпаларының шын мәнінде тиграхауда – шошақ бөрік кигендігіне күмән келтірмейді. Жетісу алқабы осы «шошақ төбелі сақтардың» жиі қоныстанған орталығы болған. Осы бір бағзы заман деректемесіндегі «шошақ төбелі сақ» деген атау ұзақ уақыт сақталған. Күні кешеге дейін қазақ халқы өздерін «шошақ төбелі қазақпыз» деп атап келген.

Ал теңіздің ар жағындағы сақтар кімдер? Олар – арал теңізінің солтүстік-шығыс жағындағы қазіргі Орталық Қазақстан өңірін мекендеген сақ тайпалары. Бұларды – жазба деректерде әр түрлі атпен атайды (дайлар, аргиппейлер, исседондар т.б).

Археологтар жүргізген  қазба жұмыстарының нәтижесінде тасқа, қышқа, қару-жарақтарға, ыдыстарға т.б. сақтар салған көптеген суреттер табылды. Ол суреттерде адамдардың бет-пішіні монғолоид тектес, осыған қарап, ғалымдар Жетісу өңірі моңғолоидтық нәсіл тараған орталықтардың бірі деп жорамал жасаған. Сонымен қатар, сақ тайпалары Қазақстанның солтүстік, Орталық аймақтарында, Оралдың оңтүстік өңірлерінде мекендеген.

 

  • Ол заманда «сақ» немесе «скиф» деген жалпы атпен аталған халықтың ішінде әрқайсысының өзіне тән аты бар көптеген тайпалар болған. Олардың көпшілігі көшпелі мал шаруашылығымен, бір бөлігі егіншілкпен айналысқан. Ерте замандағы грек деректемелерінде қарағанда, олардың көшіп-қонатын көлігі екі төрт, алты доңғалақты арба, оған екі, үш жұрп өгіз, ат нмесе түйе жегілген. Арба күймесінің сыртқы киізбен қапталған. Бұлар малдарын шөбі шүйгін, суы мол жерлерге жайып, өрістете айдап, көшіп жүрген. Сақтар бала-шағасымен, үй-мүлкімен күймелі арбамен көшкен . Ал қонғанда киіз үйлерде отырған. Олардың қыстауларында шикі кірпіштен салынған үйлер де болған. Бірақ олар қыстауларға көп тұрақтартамайтын. өйткені жыл бойында далада, шөл және шөлейт жерлерде көшіп-қонып жүрген. Бүкіл тайпалар өздерінің табындарымен, дүние-мүліктерімен мал өрісінің ыңғайына қарай алыс жерлерге ұзап көшетін болған. Ер азаматтар ат үстінде, әйелдер, абалар мен қарт адамдар киізбен жабылған арбада отыратын. Қыстың өте суық, ызғарлы күдерін олар құм арасында, қар жатпайтын шуақты ықтасын қоныстарда немесе өзен-көлдің нулы жағаларында өткізген.

Геродот сақтардың тұрмыс салты мен тұрғын жайы туралы былай деп жазады: «Олардың өмірінде ағаштың маңызы өте зор болды. Қыста ағаштан жаслған үйлері кез-келген сәтте қалың тығыз ақ киізбен жабылады, ал жазда жабусыз да қалдырады». Ал жалпы киіз үйді пайдалану бұл тайпаларда б.з.б. І мыңжылдықта белгілі болып, кеңінен қолданыла бастады. Геродоттың айтуынша мал өсіретін тайпалардың көшіп-қонуына ыңғайлы тұрғын үйлерімен бірге, көшпелілерде барынша кеңінен тараған төрт және алты доңғалақты арбаларға орнатылған киіз үйлері де болған. Жартылай көшпелілер мен отырықшы малшылар оларды жыл маусымдарына қарай пайдаланған.

Тарихи деректерге қарағанда  сақтар, негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы, сиыр, қой, түйе ұстаған, малдың етімен, сүтімен қоректеніп, терісін, жүнін күнделікті тұрмыста пайдаланған.

Сақтар өмірінде, әсіресе  жылқы өсіру маңызды орын алған. Жүйрік, жарау әдемі атарды көсемдер мен атақты сарбаздар мінетін. Сондықтан, көсемдер қайтыс болғанда оның атын бірге  көметін болған.

Етті, жүнді көп беретін  қойдың да сақтар өмірінде орны ерекше болған. Қазіргі қазақы қойларға ұқсас суыққа төзімді, алысқа айдағанға шыдамды, өсімтал қойларды сақтар көп пайдаланған.

Қазақстанның батыс  және оңтүстік далалы аймақтарында түйе өсірілген. Түйенің етін жеп, сүтін(шұбат) ішіп, жүнін, терісін пайдаланған. Көшкенде түйеге жүк артатын. Ыстық-суыққа, шөлге шыдамды түйе көшпелі шаруашылықта өте қажет, пайдалы да тиімді түлік болды.

Ал жылқы мен қойға  қарағанда тебіндеп жайылуға ыңғайы жоқ ірі қара мал сақтар шаруашылығнда  аз пайдаланған.

Дегенмен, Қазақстанның өзен-сулы аймақтарында суармалыегіншілік басым болды. Археологтар еліміздің оңтүстігінде, Жамбыл облысының Өркен қалашығы маңында, талғар қаласының айналасында ертедегі тайпалардығң егіншілікпен шұғылданғанын дәлелдеді. Ал алматы маңындағы Алатау елді мемкінің қаынан б.з. ІІ ғасырының аяғы мен ІІІ ғасырдың басына жататын сақ, үйсін дәуірінің қонысы табылған. Археологтар бұл қоныстардан сақтарлдың егіншілікпен шұғылданғанын дәлелдейтін деректер тапты. өте қарапайым болса да өздеріне тән суландыру ерекше жүйесі болғаны анықталды. Міне, осындай ерекше суару жүйесі арқылы суарылған егіс даласы Сырдарияның оңтүстік аңғарындағы Шірік-Рабат, Бәбіш-Молда қоныстарының маңынан да табылған.

Мал шаруашылығымен шұғылданған  сақтар жылқы, қой, сиыр, түйе өсірген, егіншілікпен шұғылданушылардың да қыстауларының маңында шағын егістік жері болған. Дегенмен, Қазақстанның суы мол өзендерінің аңғарларында суармалы егіншілік жақсы дамыған.

Сақтарда мал шаруашылығында, әсіресе жылқы өсіру маңызды  орын алды. Орталық Қазақстан жерінен табылған жылқы сүйектерін зерттегенде археологтар мынадай қорытындыға келген. Негізінен сақтарда жылқының екі түрі болған:

1. Жатаған, басы нарбастанып  біткен ірі, аяқтары жуан, сіңірлі,  денесі жұмыс, жуантық, қарабайыр  жылқы.

2. Шоқтығы биік, сирақты, дене бітімі қанат, мініс жылқысы.

Көшпелі тайпалар үшін жылқыны  орны ерекше болды.  әсіресе, қашса  құтылатын, қуса жететін сәйгүліктердің соғыс кезінде пайдасы ерекше бағаланды.

Мал шаруашылығымен бірге  сақ тайпаларында отырықшы, егіншілік  те қатар дамыды. Бірте-бірте отырықшы тұрғындардың қоныстары көбейіп, қолөнер мен сауда дамып, қалалр пайда бола бастады.

 

  • Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды бастау деректері – қорымдар, жартастардағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері, Археологтар зерттеулері Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын, байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндік береді.

Орталық Қазақстан. Бір кездері қола дәуіріндегі Андронов мәдениеті қамтыған Орталық Қзақстан жерінде б.з.дейінгі VII-III ғ Тасмола мәдениеті қалыптасқан, мұның аты Тасмола алқабының байыпты зерттелген қорымдарына байланысты қойылған. Зерттеулерді Ә.Х.Марғұлан мен М.Қ.Қадырбаев жүргізген.

Бұл мәдениет обалары  құрылысының бір ерекшелігі-олардың  кейбіреулерінде тас жалы яғни шартты тілмен айтсақ, «мұрты» болады. Ондай обалар бірнеше варианттардан тұратын аса күрделі қабырлық кешен болып табылады. әдетте негізгі обаға(үлкен) жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-ден 200 м дейін – кейде одан ұзынырақ та болады – екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады.

Обалардың бір-бірінен алыс-жақын  орналасуы әр түрлі вриантты болып  келеді: кіші оба кейде оңтүстік бетке орналасады; үлкен обаның үстінде  тұрады немесе тіпті болмайды да. Ал жалдарды салудың өзі ақырына  дейін анықталмаған. Кейде ол біріне-бірі жанастырыла қойылған тас жәшіктер болса, енді бірде – тізілген – дөңгелектер, үшіншісінде – төселеген тастар болады. Ьірақ олардың жөн-жоралық мәні болғаны анық. Ең ірі аумақты қорымдар Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянаула, Қызылтас, Кент, Ортау, Ұлытау, Апғанаты баурайларында шоғырланған.

Тасмола мәдениетінің дамуында үш кезең айрықша көзге түседі. Бірінші кезең б.з.дейінгі VII-VI ғ  қамтиды. Оған Тасмола, Қарамұрын, Нұрмамбет  қорымдары жатады. Қорғандардың үйіндісі топырақ не тас аралас топырақ  болып келеді. Екінші кезеңде б.з. дейінгі V-III ғ өлікті қою салты сақталған, атты қоса жерлеу ғұрпы жоғалып кетеді.

Информация о работе Қазақстанды қола дәуiрiнде мекендеген тайпалар