Қазақстандағы панасыз балалар тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 19:16, научная работа

Описание работы

Бүгінгі қоғамда панасыз балалардың саны күн сайын артып келе жатқандығы жөнінде

күнделікті ақпарат құралдарынан байқап жүрміз.Бұл-қазаққан өткен ХХ-ғасырда келген

індет- дейді ғалымдар.Рас, қазақ даласында жетім бала болғанымен, панасыз деген

ұғым болмаған.‹‹Бала - бауыр етің ››дейді қазақ..Алайда қазір баласын қараусыз қалды-

рып ,көше кездірген кейбір мейірімі таусылған ата-аналардың тірлігі көңіл қынжылтады.

Работа содержит 1 файл

Қазақстандағы панасыз балалар тағдыры..doc

— 234.00 Кб (Скачать)

 

құқықтары мен заңды мүдделерiнiң  бұзылғандығы туралы белгiлi болған ұйымдардың

 

лауазымды адамдары мен өзге де азаматтар  ол жөнiнде баланың iс жүзiнде тұратын  жерi

 

бойынша қорғаншы және қамқоршы органға  хабарлауға мiндеттi. Мұндай мәлiметтердi

 

алған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланың құқықтары мен заңды

 

мүдделерiн қорғау жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.  Алайда бұл жағдайда

 

жергілікті атқарушы органдар, құқық  қорғау органдары, білім беру органдары, денсаулық 

 

сақтау органдары өз өкілеттіктеріне немқұрайлы қараған.  «Кәмелетке толмағандар

 

арасындағы құқық бұзушылықтардың  профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз

 

және панасыз қалуының алдын  алу туралы» 8-бабына сәйкес жергiлiктi атқарушы

 

органдар:

 

1)    өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандардың және жайсыз                                                 

 

отбасылардың өңiрлiк есебiн жүргiзедi;

 

2)    өмiрде қиын жағдайға  душар болған кәмелетке толмағандарды  Қазақстан 

 

Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жұмысқа орналастыру және

 

тұрмыстық жағдайын жасау, өзге де көмектер көрсету жөнiндегi шараларды қолданады.

 

Аталған заңның 10-бабына сәйкес iшкi iстер органдары өз құзыретi шегiнде:

 

1) кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу,  оқыту, бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн

 

орындамайтын және (немесе) олардың  мiнез-құлқына терiс әсер ететiн  олардың ата-

                                                                                                                                                    13

 

аналарын анықтайды, есебiн жүргiзедi және оларға қатысты жеке профилактикасы

 

шаралары жүргiзедi;

 

2) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуы, құқық бұзушылықтары 

 

туралы және қоғамға жат iс-әрекеттерi, оған итермелейтiн себептер мен жағдайлар туралы

 

мүдделi органдар мен мекемелердi хабардар етедi;

 

3) кәмелетке толмағандарды, олардың  ата-аналарын және басқа заңды  өкiлдерiн құқықтық 

 

тәрбиелеуде бiлiм беру органдарына  жәрдемдеседi.

 

Жоғарыда көрсетілген заңның 15-бабына сәйкес денсаулық сақтау органдары өз құзыретi

 

шегiнде:

 

1) кәмелетке толмағандардың, олардың  ата-аналарының немесе заңды өкiлдерiнiң 

 

арасында санитарлық-гигиеналық бiлiмдi таратуды, сондай-ақ салауатты өмiр  салтын

 

насихаттауды;

 

2) кәмелетке толмағандар арасындағы маскүнемдiк, нашақорлық пен уытқұмарлық және

 

осыған байланысты олардың мiнез-құлқындағы ауытқушылықтардың профилактикасы

 

жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеп, iске  асыруды;

 

3) кәмелетке толмағандар арасындағы  құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз  және 

 

панасыз қалудың профилактикасы жүйесiнiң мемлекеттiк органдары мен мекемелерiне,

 

сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе заңды өкiлдерiне

 

консультациялық көмек көрсетудi ұйымдастырады.

 

Осы заңның 12-бабына сәйкес бiлiм беру органдары өз құзыретi шегiнде девиантты мiнез-

 

құлықты кәмелетке толмағандарды, тұрмысы қолайсыз отбасыларын анықтауға, оларды

 

iшкi iстер органдарында есепке  алуға және олармен жеке профилактикасы  шаралары 

 

жүргiзуге қатысады.

.

                            

 

 

 

                                                                                                                                                    14

 

                          

                     Тастанды балалар тағдырына кім жауапты?

 

«Көкек ана», «тасбауыр әке» туралы БАҚ-да жиі мәселе көтеріліп жүрсе де одан шығып

 

жатқан оң нәтиже көрінбейді. Көңілге  медеу болатыны бір шикіөкпеге зар  болып жүрген

 

отбасылардың асырауына және патронаттық  тәрбиеге берілген балалардың «өз отбасылы» 

 

болып жатқандығы ғана. Бұл мәселенің төңірегінде де бір тақырыпқа өзек болатын

 

жағдайлар жетерлік. .. Тастандылар  тарихы .  Жангүл деген сүп-сүйкімді 4 жасар қызды

 

анасы туғаннан кейін бір ай болысымен  көз жасын көлдетіп отырып 3 жылға  уақытша 

 

«Үміт» сәбилер үйінде қалдырыпты. Жазған қолхаты бойынша биыл тамызда алып кету

 

керек екен. Бірақ осы уақыт ішінде бірде-бір рет ат ізін салмапты. Жангүлдің  анасы 

 

Гүлмайра Әріпова қазір Құқық  Қорғау Органдарының іздестіруінде. Анықтамадағы 

 

мекен-жайда ондай адамның тұрмайтынын анықталған. Қазір, қалалық, облыстық ІІБ

 

іздестіру бөлімдері айналысып  жатыр. Қияшева Ансараның да жағдайы Жангүлге ұқсас.

 

Араларында айға жуық қана айырма бар бұл қызды анасы 2 жылға  қалдырыпты.

 

«Алданып қалдым, некесіз туылған  сәбиімді қарайтын, қалдыратын адамым жоқ.

 

Аяғымнан тұрып кеткесін, екі  жылдан соң алып кетемін», - деп сылтауратыпты  да, содан 

 

ат құйрығын үзіпті. Мекен-жайы бойынша  іздестіру барысында 80-ші жылы туылған  Ақ-

 

болғанның өзі емес, шешесі ғана табылған. Бірақ кейуана қызының қайда екенінен

 

хабарсыз. Сол туралы түсініктеме  жазып бергенінен басқа көмегі тие  қоймапты. Кияшева 

 

Ақболғанды да, Әріпова Гүлмайраны да ата-аналық құқығынан айыру үшін «Үміт»

 

балалар үйі сотқа шағым арыз жолдаған. Бірақ жауапкердің келмеуі себепті біржақты

 

шешім шығарылмайтындықтан, бұл іс те қаралмай кешеуілдеп жатқан көрінеді.

 

Қанат Мәсинов – «Үміт» үйінің ең «балғын» (свежий) баласы. Қараша айында теміржол

 

вокзалы маңында қалдырып кеткен жерінен  осы жерге әкелінген. Іздестіру  нәтижесінде

 

нағашы атасы табылғанымен, ақсақал  жиен-немересін алғысы келмеген. Ол кісі өз қызын 

 

көргісі жоқ. Кімнің ықпалы болғаны  белгісіз, ішкілікке салынып, жеңіл  жүріске түскен

                                                                                                                                                       15

 

«іштен шыққан шұбар жыланның»  қайтадан адам қалпына түсетініне ол күмәнді. Сонда да

 

арасында қолында барын буып-түйіп  жиеніне әкеліп, онымен әңгімелесіп  кететін көрінеді.

 

Әкесіз туылып, шешесі азғындыққа салынса да, сәбиде не күнә бар? «Тегін білмесе де,

 

нағашысының кім екенін көзім тірісінде  айтып кетейін» дейді екен қария.

Тағдыры қилы- қилы адамдар бар. Біреулері бір перзентке зар болып жүрсе, енді бірі

 

туған баласынан безініп, бірнеше  баласын сәбилер үйіне бірден өткізеді. 33 жасар Галина

 

Колесникова мен онымен азаматтық  некеде тұрған ері 27 жастағы Борис  Лаврик төрт

 

бірдей баланы бөбектер үйіне таксимен әкелген. Батыр ана атағын беруге болатын Галина

 

екі рет егіз, екі рет даралай 6 сәбиге жарық дүние сыйлапты. Соңғы  егіздің біреуі шетінеп 

 

кеткен. Алланың кеңдігіне шек  келтіріп көрші, осыдан кейін. Балаларды  алып келгендегі:

 

«егер, қабылдамасаңдар қардың үстіне лақтырып кетемін» деп дау шығарып  айқайлағаны 

 

тәрбиешілердің күні бүгінге дейін көз алдарында   екен.  Үстеріне киген киімі мен үркек

 

балапандай үрпиген түрлері  олардың «қалаусыз» туылғандарынан хабардар етіп

 

тұрғандай, дейді сол күнгі оқиғаға  куә болғандар. Тумысынан тастанды немесе тас жетім 

 

екендіктерін әлдебір құдіретті  күш сездіре ме, қайсысына жақындай қалсаң да жетегіңе

 

ілесіп жүре береді. Анасы бар  балалар қандай жатырқағыш болса, мына тірі жетімдер

 

сондай бауырмал. Маңайлап кеткен жаннан мейірім дәметіп, жанарлары  мөлтілдеп 

 

тұрғаны, әлі дұрыс тілдері де шыға қоймаған бейкүнә сәбилерге  емен жарқын риясыз

 

күлуді де тағдыр жазбапты.  «Үміт» балалар үйінің іргетасы сонау 30-шы жылдары 

 

қаланған. Ол кездегі жағдай түсінікті. Ашаршылық, одан қалды саяси жағдай ушығып

 

тұрған кез. Ал бүгін ше? Бүгін  бұл жерге келетіндер - аштықтан емес, тоқтықтан та-уып 

 

алған «қателіктердің жемісі». Яғни бүгінде  бұл жерде 38 апта бойы ана құрсағында

 

қамсыз жатқан сәбилердің шыр етіп дүниеге келгеннен кейінгі ащы тағдыры өтіп жатыр.

 

Бұдан екі жыл бұрынғы сәбилер  саны 200 ден асса, қазір 130 бүлдіршін  бар. Олардың – 

 

94-і қаракөздер, қалғандары - өзге  ұлт өкілдері. Соңғы кезде отбасыларына  оралғандар да

 

                                                                                                                                                   16                                                                                                                                                        

 

баршылық. Бірақ өз балдарын өздеріне қайтару үшін үгіт жұмыстарын жүргізіп, хабарсыз

 

кеткендерді «итпен іздегендей» етіп жан-жаққа хабар беріп, тынымсыз   жұмыс

 

жүргізіледі екен.  Анасы бас  тартқан қалаусыз  тастанды балалардың тағдыры тіпті

 

бұлыңғыр. Кінәсіз, аппақ періште  сәбилердің обалына қалмаңдаршы, қыздар мен жігіттер.

 

 «Сен де бір кірпіш дүниеге,  кетігін тап та, бар қалан»  деп ұлы Абай айтқандай, тәуелсіз 

 

мемлекет болған қазақ халқын іштей ірітіп бара жатқан бұл дертті ауыздықтауға хал-

 

қадерлерінше ат салысып жүрген осы қордың ұйымдастырушылары мен  қолдаушыларының қолға алған  істері мемлекет үшін, ертеңгі болашағымыз үшін де аса

 

маңызды шаруа екендігінде дау  жоқ.

 

Торғай екеш торғай да,

 

Балапанын қорғайды.

 

Ана безсе баладан,

 

Бәрінен де сол қайғы, – деп сонау  Кеңес заманда әнші бала Мейрамбек  Беспаев орындаған 

 

Алтынбек Қоразбевтың «Бозторғай»  әні тыңдаушыларының жанарына еріксіз  жас үйіртіп,

 

жүректерін елжірететін. Тастанды балалар мәселесі сол кезде-ақ бар болатын. Ал, қазір

 

бұл мәселе, тіпті, ушығып кетті. Статистикалық  мәліметтерге назар аударсақ, жыл  сайын 

 

елімізде дүние есігін ашқан 1200 қазақ баласы тастанды атанып, жетімдіктің  қамытын 

 

киеді екен. Олардың біразы балалар үйінде тәрбиеленіп, қазына нанын жеп өссе, енді

 

біразы шетел асып, сатылып кете барады. Шетел асып, аты да, заты да өзгерген қазақ 

 

балаларын былай қойғанда, өз еліміздегі балалар үйлерінде тәлім-тәрбие алатын

 

сәбилердің өзі ұлтжандылықтан, қазақтық қасиеттен ада болып өсетінін уақыт көрсетіп

 

отыр. Уақыт өткен сайын тастанды балалар санының көбейіп бара жатқандығын ескерсек,

 

мұның өзі қазір осы елдің  иесі болып отырған қазақ халқы  үшін ұлттық қасіретке айналып 

 

бара жатқанын бағамдауға болады.  Бүгінде қазақ халқы үшін үлкен өзекті мәселеге

 

айналған тастанды балалар жайын  шешуге талпыныс жасап жатқан қайрымдылық 

 

қорының игі ісі сауаптан болсын дейміз.

                                                                                                                                                     17

 

  Бауыр етi баласын көшеге тастаған бүгiнгi қоғам — қатыгез қоғам. Тiрлiкте ата-ананың

 

ыстық ықыласына бөленiп, бақытты  балалық шағын отбасы ошақ қасында  өткiзгендi

 

қаламайтын сәби бар ма? Жанарлары жәудiреп, қаншама нәресте балалар үйiнде

 

тәрбиеленiп жатқанын Сiз бiлесiз  бе?

 

 Тастанды баланың жайы бiр  бөлек. Ата анасы бола тұра, тiрi жетiм атанып жатқан 

 

сәбилердiң мұңын кiм мұңдайды? Бiздiң ұғымымызда балалар үйi ата-анасынан айрылған

 

жетiм балалардың ғана мекенi сияқты көрiнетiн. Сөйтсек, жалғыз тас жетiмдер ғана емес,

 

онда әке-шешесi бар балалар да өмiр кешедi екен. Оған көшелерде, қуыс-қуыстарда,

 

ауруханаларда қалдырылып кеткен тастандыларды  қосыңыз. Бүгiнде республикамызда 5

 

миллионға жуық балалар өмiр сүрiп  жатса, оның 1 млн. 619 мыңы мектепке дейiнгi

 

жастағылар екен. 3 миллионға жуығы  мектеп жасындағы балалар. 151 мыңдайы  даму

 

мүмкiндiгi шектеулi балалар көрiнедi. Осы балалардың iшiнде 17486 бала әртүрлi

 

жағдайларда тәрбиеленiп жатқандар. Оның iшiнде тастандысы да, бас тартқандары да, тас

 

жетiмдерi де, әке-шешесi ата-аналық құқықтан айрылғандары да, ата-анасы iздеуде .

 

Қоғамның ең басты объектiсi де адам емес пе? Адам болмаса, бүгiнгi қоғам  кiмге не үшiн

 

қажет?   Балалар үйiнен жылынан қаншама бала асырауға алынады екен. Бiрақ, бала   

 

асырап алушылардың көбiнiң жаңа туған сәбидi алғысы келетiнi белгiлi. Ал өзге балалар

 

қайтедi?“Ескі тозады, заман озады” деп өзімізді-өзіміз қаншама алдарқатқанымызбен,

 

балалар үйін бірінен соң бірін ашып, жетім жөргек тербетіп отырғанымыз –

 

жетілгендіктің белгісі емес, әрине. Бірдей киім киініп, бірінің қолынан бірі ұстап, үйректің

 

балапандарындай тізіліп кетіп  бара жатқан ата-анасыз пақырларды көрген сайын жүрегің

 

қан жылайды.. “Ойпырым-ай, қасқыр екеш, қасқыр да күшіктерін тастамаушы еді, іштен

 

шыққан өз перзентін қалай қиып үкіметке өткізіп тастайды екен осылар?!” деп жаның 

 

ауырады. Бүгін өз құрсағынан шыққан сәбиін үкімет үйіне апарып тастау деген ұғым

 

қалыптасты.

Информация о работе Қазақстандағы панасыз балалар тарихы