Қазақстандағы панасыз балалар тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 19:16, научная работа

Описание работы

Бүгінгі қоғамда панасыз балалардың саны күн сайын артып келе жатқандығы жөнінде

күнделікті ақпарат құралдарынан байқап жүрміз.Бұл-қазаққан өткен ХХ-ғасырда келген

індет- дейді ғалымдар.Рас, қазақ даласында жетім бала болғанымен, панасыз деген

ұғым болмаған.‹‹Бала - бауыр етің ››дейді қазақ..Алайда қазір баласын қараусыз қалды-

рып ,көше кездірген кейбір мейірімі таусылған ата-аналардың тірлігі көңіл қынжылтады.

Работа содержит 1 файл

Қазақстандағы панасыз балалар тағдыры..doc

— 234.00 Кб (Скачать)

                                              Кіріспе

 

Бүгінгі  қоғамда панасыз  балалардың саны  күн сайын  артып келе жатқандығы  жөнінде

 

күнделікті  ақпарат  құралдарынан байқап  жүрміз.Бұл-қазаққан өткен ХХ-ғасырда келген

 

індет- дейді ғалымдар.Рас,  қазақ  даласында  жетім  бала  болғанымен, панасыз деген

 

ұғым болмаған.‹‹Бала - бауыр етің ››дейді қазақ..Алайда  қазір баласын  қараусыз  қалды-

 

рып ,көше кездірген  кейбір мейірімі таусылған ата-аналардың тірлігі көңіл  қынжылтады.

 

Қоғамдық  сананың  түп төркіні отбасылық тәрбиеде  жатыр.Ал баланың тәрбиесі үшін 

 

ананың  атқаратын  рөлі өте  жоғары. Ананың  ақ  сүтімен  дарыған оң  қасиеттер  баланы 

 

ешқашан  теріс  жолға апармайды.Бірақ  біздің  қоғамда  өз  өмірін  балалардың 

 

тәрбиесіне   арнап  ,үйде ‹‹қарны  тоқ ,көйлегі  көк  ›› болып отырған ананы   көрдіңіз  бе

 

Бәрі  бала  туылысымен   жұмысқа  шығуға  асығады.Неге Себебі , баланы тамақтандырып

 

киіндіру  үшін  бір  ғана әкенің   жалақысы  жеткіліксіз.Осы  проблемаларды  ойлана келе ,

 

Абайды ‹‹Абай›› қылған  кім-әйел  адамның ,ананың  тәрбиесі.Ал  біздің  заманда баланың

 

тәрбиесін  балабақша  тәрбиешісіне немесе  мектеп  мұғаліміне   жүктей  салып ,жұмыстан

 

бас  көтерместен бала-шағасына  уақыт таппай жүрген аналар    толып жатыр.

 

Менің  пікіріммен  келіспейтіндер де бар шығар.,бірақ  балабақша мен мектепте  төлене-

 

тін кішкентай  жалақыға  бола , оған  жұмыс істеуге кім барады  дейсіз.Өз  мамандығын 

 

шын сүйіп  берілгендер  немесе басқа  амалы  жоқтар.Өкінішке  орай ,кейінгі  кезде білім

 

саласында  соңғысының  саны әлдеқайда  көбейіп  кетті. Егер  мемлекет аналарға

 

жеткілікті  дәрежеде көңіл  бөлсе,олар  үйде  отыруға әзір  екендігін  жасырмайды.

 

Себебі  суықта  сауда  жасап  ,баламның  жайы  не болып жатыр  екен деп  уайымдап 

 

отырғаннан  гөрі ,жанында  отырып ,бағып-қаққан ,сондай-ақ  сол  үшін жалақы алу  кез

 

келген  ананың көңілінен  шығатыны сөзсіз.Көп  жағдайда  асырауға әлеуметтік жағдайы 

 

жоқ  аналар  баласын  мемлекеттің қамқорлығына  тапсырып,тастап кетуге мәжбүр болып

 

жатады.

 

                                                                                                                                                   3

                                                                                                                                                                                                         

                                                               

 

 

                       ‹‹Жетімін  жылатпаған,жесірін қорлатпаған халық.››

 

Қазір көше кезіп,қайыршы болып  жүрген  балалар көп.Оларды көргенде  жүрегің өз-

 

өзінен егіліп,еріксіз қан жылайды.Өйткені қарсы алдыңнан  алақанын  жайып шыға келген

 

баланың  жанынан бей-жай өту мүмкін емес. Бір  өкініштісі ,күнделікті  дәл осылай

 

ертеңін  өткізіп жүрген балалардың арасында  қазақтың қара домалақтары да  жетерлік.

 

Әрине ,олар да басқаның  балалары  секілді  бақытты балалық  шақты  басынан өткізуге

 

лайықты-ақ..Жазығы жоқ  періште  жарық  дүниенің  есігін аша сала қым-қуыт,арпалыс

 

әлеміне неге бірден еніп кетті. Олардың  жәутеңдеген  мұңлы  жанарынан бейбіт өмірге

 

лағнет айтқандай жеккөрушілік  байқалады.  Бәлкім ,олар бұл  өмірге келгеніне іштей

 

өкінетін болар. Осындай халге  душар болғандарына  олар мүлдем жазықты емес  қой.

 

Шыны керек ,бұрын-соңды қайыр сұрағандардың дені ,ТМД елдерінен келген босқындар

 

еді. Кейбірінің киімі бүтін ,бет-әлпеті  қараусыз балаға ұқсамайды. Мұндай балалар

 

ата-анасы  ішкілік пен нашақорлыққа салынып кеткен отбасынан.   Демек ,бақытын

 

баладан  табудың орнына ,жынды суды серік еткен жеңілтек ,безбүйрек ата-ана баласын

 

қайыршылықпен күнелтуге  өздері мәжбүрлейді.Тағы бір мәліметтерге мән берсек,қазір

 

елімізде18 жасқа дейінгі 5 миллионға жуық бала бар.Оның 17 мыңнан астамы берекесіз

 

отбасыларда тәрбиеленсе,11мың шамасындағы бала Ішкі Істер Органдарының есебінде

 

тұрады. Баласына тәлімді тәрбие беру  әрбір ата-ананың борышы,  Һәм заң алдындағы

 

міндеті.   Отбасындағы берекесіздік ,әке мен шешенің  арасындағы ұрыс-керіс  немесе 

 

ішімдікке салыну , мұның бәрін көзбен  көрген бала өз отбасынан жеріп, тасбауыр

 

қоғамның  тастандысына айналып шыға келеді.   Ал ата-ана Алла алдындағы  ұрпақ 

 

тәрбиесі  секілді  ұлы борышын  орындамағаны үшін ар алдында бір азапталса,заң  алдында 

 

міндетін  атқармағаны үшін баланы тәрбиелеу жөніндегі  ата-аналық құқығынан  екі

 

айрылады.Әйтеуір ,қарнын табан тоздырып тапқан адал ақшасымен тойдырып

                     

                                                                                                                                                        4

 

 

 

жүргендіктен ,өмірден қалыс қалған маскүнем ата-анасына оралғысы да келмейді.

                                                      

Балам бар-ау,не істеп,қайда жүр  екен...››деп ойламайтын ата-ананы бала қайдан керек

 

қылсын.Одан да үйреншікі ,жылы орынға айналған  жертөлесі әлдеқайда  ыстық емес пе.

 

Күндіз екі аяғынан дамыл  болмайтын  қаңғыбас  баланың  ендігі мекені-базар.Ары-бері

 

өткен жұртқа телміріп ,ашқан алақанын  күн бата бір-ақ жұмады.Бала үшін бұл да ауыр

 

бейнет.Неге анасы  оны бәле-жаладан  қорғамайды.Қысқасы ,көше кезіп,қаңғыбас атанған

 

балалар да қоғамның ажырамас бөлігі.Қараусыз қалып  диуананың күйін кешкен балалар

 

ұрлық-қарлық секілді  ұсақ қылмыстарға  барып,қылмыс санын еселей түсуде.Тіпті ,кісі

 

өлтіруге де баратындары да бар.Оның  ішінде өмірге әкелерін әкелгенімен ,тәрбиелеп

 

өсіруге  әлі  келмей тастап кеткен  ата-аналарын есейгенде өлтіріп, кек алу мақсатымен

 

іздейтіндері бар .  Білетініміз бұрынғының қаңғыбас балалары  күндіз қаңғыса да,түн

 

баласында үйіне қайтқан.Ал бүгінгілер айлап жоғалады.Қоғамда жетім балалардың көбеюі

 

мен панасыз қалған  балалардың артуына негізгі себеп отбасы институтының әлсіреуі

 

деуге болады.Жетімдік-әке-шешесінің  бірінің немесе екеуінің  де қайтыс болуы,әкенің

 

немесе шешенің   ата-ана құқығынан  айрылуы,қоғамда ата-анасыз жалғыз қалуы.  Кей

 

кездері мұндай жағдай орын алғанда  әке-шешенің туыстары немесе өкіл әке-шешелері

 

жетім қалған балаға қамқор болуға барын  салады.Бірақ қоғамдағы әлеуметтік  жағдайдың 

 

төмендігі және халықтың пейілінің  тарылуы жетім қалған баланы асырауға құлық

 

білдірушілер санын азайтып  отыр.Балалардың жасөспірімдік шақта  жетімдікке ұшырауы

 

оның қоғамға  нағыз араласатын  уақытында үлкен қиындықтар туғызады.Тиісті көмектің

 

жоқтығынан еркіндіктің шегіне шығып, еңбек етудің  жолынан ауытқып кетуі әбден

 

мүмкін. Балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығы Қазақстанның болашағына да

 

қауіпті ,  өйткені мемлекеттің дамуының   келешегі өскелең ұрпақтың

 

денсаулығымен,       адамгершілік тәрбиесімен,  білімімен тікелей байланысты .

 

                                                                                                                                                       5

 

 

Осы  проблеманың  әлемнің көптеген елдерінде  жалпыұлттық  қауіп туғызатын фактор 

 

ретінде бағалануы тегін емес. Балалық шақ  - адам өміріндегі ең жарқын, қайғысыз,

 

қамсыз күндерге толы бақытты кезең. Алайда, көптеген балалар түрлі жағдайларға 

 

байланысты мұндай бақыттан  қалып отыр. Олардың бірі ата-аналарынан қапыда айрылса,

 

бірі отбасының төмен тұрмыстық   жағдайынан, ал енді бірі өз балаларының тәрбиесімен

 

айналысуға мүмкіндік бермейтін  үлкендердің ауыр жұмыс жағдайы, сондай-ақ

 

отбасындағы ауыр ахуал (ұрыс-керіс, ажырасу, ата-аналардың ішімдікке салынуы) және

 

ата-аналардың педагогикалық      білімсіздігі, балаларға қатысты өз міндеттерін

 

түсінбеушілігі мен білмеушілігі әсер етеді. Ал қоғамда мұндай балалар панасыз, қараусыз

 

кәмелеттік жасқа толмаған әлеуметтік жетімдер санатына жатқызылады. Панасыздар –

 

отбасының, ата-ананың күтімінен    айырылған немесе балаларға арналған мекеменің

 

қарауынсыз, үй-күйсіз өмір сүріп жатқан   кәдімгі жеткіншектер.  Ондай балалар

 

толыққанды күтімді көрмейді.  Әлеуметтік жетімдік   ата-аналарды құқығынан айыру

 

салдарынан немесе балаларды бағып-қағуға ата-анасы  қабілетсізболып

 

табылатындардың, хабар-ошарсыз кеткен және т.б жағдайлар салдарынан балалардың

 

қараусыз қалуы қоғамда жиі  кездесетін әлеуметтік құбылыс болып  саналады. Өмір сүруге

 

қолайлы жағдайдың жоқтығынан балалар  мен жеткіншектер қайыр сұрауға  мәжбүр,

 

ұрлықпен айналысады , кей жағдайда ұйымдасқан топтардың арбауына түсіп, жыныстық

 

қатынас, не қылмыстық қанаудың құрбанына айналады.  Қараусыз қалған балалар көп

 

жағдайда көше оқиғаларының құрбаны  болып, өздеріне не басқаларға қойылған аяусыз

 

эксперимент пен қызық болып  көрінетін шараларға амалсыздан қатысып,   жарақат алуға 

 

мәжбүр болады.Панасыз және қараусыз қалған бала не жасөспірім тұлға ретінде дұрыс

 

қалыптаспайды, алған әлеуметтік тәжірибесі  салдарынан теріс түсінік пайда болып, ол

 

санасына  нығая түседі. Сіз осындай балаларды  көргенде, қандай сезімде боласыз?.

 

                                                                                                                                               6

 

 

                                                         

                          Қазіргі  замандағы  панасыз  балалардың жайы

 

 

Патронат – жетім балаларды  мемлекеттік мекемелер қаржысымен қызмет иелері

 

отбасында тәрбиелеудің түрі.Патронаттық  тәрбие ата-аналық махаббатқа негізделген 

 

кәсіби жұмыс болып есептеледі.  Патронат ана-ананың екі рөлі бар: ата-аналық,

 

кәсіпшілік. Бала патронат отбасында өмір   сүріп, оны өз ошағындай көреді. Ал ата-ана

 

мен мемлекет арасында келісімшарт  жасалады. Оның негізінде ай сайын  белгіленген 

 

көлемде ақша – яғни, жалақы төленіп  тұрады.  Әрі ол қаражат отбасы мүшелерінің өмір

 

сүруіне жеткілікті болады. Аталған  орнықтыру формасының негізгі мақсаты  – баланы

 

әлеуметке қосу, өмірде, отбасында  керекті тәжірибе алу мен арнайы мекемеде емес,

 

өзіндік отбасында өмір  сүруге мүмкіндік беру. Патронаттық тәрбиелеуші  болу үшін орын

 

тұрағыңыз бойынша Қамқорлық жасау  және қамқорлыққа алу органдарына хабарласу

 

керек.  Оның қызметі тағдыр талқысына ұшыраған кәмелетке толмаған жасөспірімдерге

 

көрсетілетін медициналық, психологиялық  және заңдық қызмет бойынша кеңес беру. Ана

 

мен әке, папа мен мама  – бала өміріндегі ең алғашқы екі беделді  тұлға. Бала  әлемі,

 

өмірге,  адамға қатысты оның сенімі, сондай-ақ, адал, мейірімді, жарқын істерге  деген 

 

көзқарасы ең алдымен осы екеуіне  сүйенеді. Қадағалаусыз жəне панасыз балалар –

 

отбасының бақылауынан, назарынан жəне қамқорлығынан шет  қалған, өз  кезегінде

 

девианттық мінез-құлығымен ерекшеленетін, ішімдік, есірткі пайдаланатын, құқық

 

бұзушылық əрекеттер  жасайтын кəмелетке толмағандар.  «Қадағалаусыз» жəне «панасыз»

 

сөздерінің өзіндік айырмашылықтары бар. Қадағалаусыз балалар іс жүзінде өз отбасымен

 

бірге өмір сүреді. Алайда баланың тəрбиеленуіне, білім  алуына жəне дамуына ата-анасы

 

мен оқу орны тиісті деңгейде  бақылау жасай алмайды. Балалардың мұндай санатына

 

«тəрбиесі қиын балалар» деген айдар тағылған..Панасыздық  ,  қадағалаусыздық

 

санатынан да қауіптірек.

 

                                                                                                                                                   7

 

 

 Панасыз балалар  іс жүзінде отбасынан кетіп  қалып, онымен қарым-қатынасын 

 

 түбегейлі үзеді. Мұндай балалардың тұрақты мекені де, тұрақты жүретін аймағы да

 

болмайды. Олар көбінесе көше мен вокзалдарды мекен етеді. Мұндай орындар

 

қылмыстың көп орын алатын, жезөкшелік пен қайыршылық етек жайған жерлерге

 

жатады.   Қазақстанда қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалардың  нақты санын

 

айғақтайтын статистикалық  деректер жоқтың қасы.Ресми деректер тек қана Ішкі Істер

 

Органдарының қолына түсіп,тіркеуіне ілікккен немесе панасыз жəне қадағалаусыз

 

балаларға арналған білім беру ұйымдарының тізіміне енген қадағалаусыз  жəне панасыз

 

қалған балаларды ғана қамтиды. Ресми деректерге сəйкес, Кəмелетке  толмағандарды 

 

уақытша оқшаулау,бейімдеу жəне оңалту орталықтарына (қазіргі  таңдаКəмелетке

Информация о работе Қазақстандағы панасыз балалар тарихы