Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2011 в 18:08, курсовая работа
Экономикалық күйзеліс және орыс әскерлерінің майдандардағы жеңілісі, елдегі жұмысшы және аграрлық қозғалыстың қарқын алуы, соның ішінде өздерінің жеңіліске ұшырағанына қарамай Орта Азия мен Қазақстанның жергілікті халықтарының 1916 ж. көтерілістері Ресейдің революциялық күйзеліс шегінде тұрғанын, оның демократиялық күштері, соның ішінде жұмысшы табы мен шаруалар царизмге қарсы шешуші шабуылға дайындалып жатқанын дәлелдеді.
Уақытша
үкіметтің Қазақстандағы
1916 ж. көтеріліске қатысушыларды патша үкіметі қан төктіре жазалағаннан кейін Қытайдан қайтып орала бастаған қазақ пен қырғыз жанұяларына Уақытша үкімет тек 100 сомнан жәрдем берді. Жергілікті шовинист-кулактар жағдайды пайдаланып, осындағы түпкі халықты тонаумен шұғылданды, зорлық-зомбылық жасап, олардың жерлерін тартып алып отырды. Уақытша үкіметтің Жетісудағы комиссары Шкапский «ешқандай татуластыру жөнінде сөз болуга тиісті емес, сондықтан қыргыздар (қазақтар) көшіріліп жіберілуі керек» — деп мәлімдеді.
Көптеген жерлерде жазалаушы отрядтар сол бойы сақталып қалды, сөйтіп 1917 ж. ақпан революциясынан кейін де олар бұрынғы тәсілдерімен әрекет жасауларын жиі жалғастырып тұрды.
Уақытша
үкімет жер реформасын жүргізетіндіктері
жөнінде соғыстағы жеңістен кейін өткізілуге
тиісті Құрылтай жиналысында хабарлайтын
болып шешті. Ұлт мәселесінде Уақытша
үкімет «Дін тұтудағы және ұлттық шектеулерді
жою туралы» декрет жариялады, алайда
ұлттардың өзінің мемлекеттік құрылысын
өзі шешу құқы, шағын халықтар мен ұлт
азшылығының тағдырлары туралы және басқа
мәселелер ескерілмей, сол күйі қалды.