Қазақстандағы ақпан революциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2011 в 18:08, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық күйзеліс және орыс әскерлерінің майдандардағы жеңілісі, елдегі жұмысшы және аграрлық қозғалыстың қарқын алуы, соның ішінде өздерінің жеңіліске ұшырағанына қарамай Орта Азия мен Қазақстанның жергілікті халықтарының 1916 ж. көтерілістері Ресейдің революциялық күйзеліс шегінде тұрғанын, оның демократиялық күштері, соның ішінде жұмысшы табы мен шаруалар царизмге қарсы шешуші шабуылға дайындалып жатқанын дәлелдеді.

Работа содержит 1 файл

Қазақстандағы ақпан революциясы.doc

— 57.00 Кб (Скачать)

    Қазақстандағы ақпан революциясы 
 

    Экономикалық  күйзеліс және орыс әскерлерінің майдандардағы  жеңілісі, елдегі жұмысшы және аграрлық қозғалыстың қарқын алуы, соның ішінде өздерінің жеңіліске ұшырағанына қарамай Орта Азия мен Қазақстанның жергілікті халықтарының 1916 ж. көтерілістері Ресейдің революциялық күйзеліс шегінде тұрғанын, оның демократиялық күштері, соның ішінде жұмысшы табы мен шаруалар царизмге қарсы шешуші шабуылға дайындалып жатқанын дәлелдеді.

    1917 ж. ақпанда Ресейде халық жек  көретін царизмді құлатқан буржуазиялық-демократиялық революция жеңіп шықты. Петроградтағы ақпан оқиғалары туралы хабар тез арада Қазақстанға да жетті. Царизмнің құлатылғанын құттықтаған жұмысшылардың және басқа еңбекшілердің көп адамдық митингілері мен демонстрациялары наурыз айының бас кезінде Қазақстанның барлық ірі қалалары мен темір жол станцаларында болып өтті.

    Ақпан революциясынан кейінгі алғашқы  уақыттары өлкенің еңбекші халқы  уақытша үкіметке әлі де болса  сеніп, ол халыққа бейбітшілік, шаруаларға — жер, ал жұмысшыларға —8 сағаттық жұмыс күнін бере алар деп дәмеленді. Жұмысшылардың едәуір бөлігі Уақытша үкіметке үміт артты, олардың кейбіреулері Уақытша үкіметтің органдары — азаматтық және атқару комитеттеріндегі жұмыстарға тұрды. Теміржолшылар арасында қорғаныстық көңіл күй күшті болды, олардың кейбіреулері «ондағы жеңісті (яғни, соғыстағы — М. А.), мұндағы — бостандықты» жақтады. Алайда наурыз демонстрациялары мен митингілері өлкенің қалалары мен темір жол тораптарында жұмысшы депутаттары Кеңестерінің құрыла бастауына себепші болды. Мысалы, Орынборда, Ташкентте және Омскіде 1—3 ақпанда Кеңестерге сайлау жүргізіліп, олардың алғашқы мәжілістері өтті. 1917 ж. ақпанында жұмысшы депутаттарының Кеңестері Перовскіде, Қазалыда, Шалқарда, Ақтөбеде, Оралда, Петропавлда және темір жол бойында орналасқан басқа да қалаларда пайда болды. Теміржолшылар міндетті тұрде кеңестер құру бастамашыларының бірі болып, олардағы революцияшыл элементтер саналды. Мысалы, Ақтөбенің жұмысшы депутаттары кеңесі өздерінде жұмысшы депутаттар кеңесі құрылғандығы туралы хабарлай отырып, теміржолшылар нағыз «саналылар» ретінде Кеңестің атқарушы комитетінің «қажетті құрамдық элементін құра алады» деп атап көрсеткен.

    Жұмысшы депутаттары кеңестерінің көбі көп кешікпей Солдат депутаттарының кеңестерімен бірікті. Петропавлда, Семейде, Перовскіде және басқа қалаларда осылай болды. Қазалы станцасында әуел бастан-ақ бірлескен кеңес — Жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңесі құрылды.

    Ақпан революциясының басты өзгешелігі сол, елде екі өкіметтілік — буржуазиялық Уақытша үкімет пен Жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері пайда болды. Орталықта және жергілікті жерлерде буржуазияның саяси өкімет органдарын құру үшін Мемлекеттік Дума, қалалық думалар және басқа комитеттер нақты негіз қалады. Уақытша үкімет әскери губернаторларды, генерал-губернаторларды және отарлық әкімшіліктің шенеуніктерін билік жүргізуден алып тастады. Олардың орнын облыстық комиссарлар, азаматтық атқару комитеті, коалициялық комитет және басқалар басты. Болыстарда, ауылдарда және селоларда сол бұрынғы болыс пен ауыл басқарушылары, селолық старосталар мен станицалық атамандар билік жүргізіп қалды.

    Уақытша үкімет облыстардың басына бұрынғы патшаның отарлаушы-шенеуніктерін, сондай-ақ қазақтың ұлттық интеллигенциясының өкілдерін қойды. Мысалы, Ә. Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, ал М. Тынышпаев — Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалды.

    Уақытша үкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары 1917 ж. наурыз-сәуір айларында  құрылды. Семейде қалалық думаның, офицерлердің өкілдерінен, биржалық комитет пен кооперативтердің кулактық одағы мүшелерінен қоғамдық ұйымдар мен армияның Семей атқару комитеті, Петропавлда, Өскеменде қоғамдық қауіпсіздіктің т. б. бірлескен атқару комитеті жұмыс істей бастады.

    Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері де ұйымдастырылды. Облыстар мен уездерде Уақытша үкіметті қолдаған Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу казак әскерлері казак станицаларының қанаушы басшы топтары өкіметінің органдары — казактық комитеттер құрылды. Татар, өзбек және ұйғыр саудагерлері мұсылмандық, татарлық және басқа комитеттерге бірікті. Айталық, 1917 ж. 7 наурызда Верныйда жалпымұсылмандық комитет — 3. Тазетдинов басқарған Құрылтай пайда оолды.

    Осы кезенде Омск, Орынбор, Ташкент, Семей т. б. қалалары оқу орындарының қазақ жастары алғашқы уақыттары мәдени-ағарту істерімен шүғылданған жастар үйірмелерін, ұйымдарын құрды. 1915—1917 жж. Орынборда «Еркін дала», Омскіде «Бірлік», Оралда «Жас қазақ», Троицкіде «Үміт» деп аталатын және басқа жастар ұйымдары, 20 шақты үйірмелер мен топтар құрылып, халық арасына листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ өлеңдер таратты, ойын-сауық кештерін, айтыс-талқылаулар т. б. ұйымдастырды. Олардың белгілі бір бағдарламалары болмады, әлеуметтік құрамы жағынан да біркелкі емес еді. Алайда олар қазақ халқын царизмнің ұлттық-отарлық езгісінен азат етуді шын пейілдерімен қалады, өз халқының білім алып, ағартылуын талап етті, еңбекшілер санасында ұлттық бірлік, бостандық пен тәуелсіздік идеяларын оятуға ұмтылды.

    Осы топтар мен үйірмелер арасынан неғұрлым негізді де батыл революциялық бағдарламамен әрекет жасағаны Әулиеата уезінде Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» болды. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатарлы қазақ жастары енді.

    Қазақ жастарының одағы өзінің бағдарламасында Уақытша үкімет кезіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірін талдай келіп: «Ақпан революциясы... билікті сол баяғы патша шенеуніктері мен жергілікті орыс кулактарының қолына берді. Уақытша үкіметтің осындай элементтерден тұратын жергілікті комитеті қазақ жұртына тең құқықты көзқарас орнату орнына қазақ халқын езу мен жоюды өз міндеті етіп қойды»34— деп атап көрсетті. Революцияшыл одақ өзінің негізгі міндеті Уақытша үкіметке, жергілікті жерлердегі кулактардың озбырлығына, Уақытша үкіметтін жақтастары — болыстарға, ағамандарға, байларға қарсы күресте және қазақ халқы бұқарасы арасында үгітпен ағарту жұмыстарын күшейтуде жатыр деп түсінді.

    1917 ж. наурызы жергілікті социал-демократтардың астыртын жұмыс жүргізуден қүтылып: теміржолшылар, қала жұмысшылары мен еңбекшілердің басқа топтары арасында ашық тұрдегі жұмыстарын кеңінен өрістеткен айы болды. Жергілікті социал-демократтардың мүндай жұмыстарына Ташкенттің, Орынбордың және Омскінің большевиктері басшылық жасады. Бұл әкімшілік орталықтарындағы социал-демократиялық ұйымдардың өзегін бұрынғысынша теміржолшылар, бірінші кезекте депо жұмысшылары мен мастеревойлары құрады. РСДЖП-ның Перовскідегі, Қазалыдағы, Ақтөбедегі, Оралдағы, Петропавлдағы, Семейдегі, Шымкенттегі тағы басқа қалалардағы және Қазақстанның теміржол станцияларындағы ұйымдары біріктірілген ұйымдар болды: оларда большевиктер де, меншевиктер де бір есепте тұрды.

    Казалы  станциясындағы большевиктер тобын ұйымдастырушылар депоның байырғы жұмысшылары Р. П. Новицкий, В. И. Чекурнов ж. б. болды. Бұл топ жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінде күшті ықпал жасай алғандығымен көрінді.

    РСДЖП-ның  Перовск біріккен ұйымында да 1906 ж.-дан РСДЖП мүшесі, депо слесары А. В. Червяков басқарған күшті большевиктік топ калыптасты. Оның өзегін Перовск станцасы депосының жұмысшылары (В. В. Агапов, Н. В. Виторский, С. П. Килячков, Я. С. Крышев ж. б.) құрады.

    РСДЖП-ның  Орынбор бірікен ұйымында большевиктердің неғұрлым ірі тобы әрекет жасады. Бұл топтың құрамына негізінен Орынбор станцасы теміржол шеберханалары мен депосының жұмысшылары енді. Оны теміржолшылар А. А. Коростелев, П. А. Кобозев және Д. П. Саликов басқарды.

    РСДЖП-ның  Ташкент біріккен ұйымындағы жұмысшы Н. В. Шумилов басқарған большевиктер тобы да сондайлық ірі болды. Тек наурыз айының басында ғана бұл ұйымға 2000-дай адам кірді. Ташкент ұйымы большевиктерінің едәуір бөлігін Орта азиялық темір жолдың Бас теміржол шеберханаларының және Ташкент темір жолының Бородинск шеберханаларының жұмысшылары (Ф. И. Колесов, Д. И. Манжара, А. Я. Першин, ағайынды Казаковтар, В. С. Ляпин, И. В. Серов ж. б.) құрады.

    РСДЖП-ның  Омск біріккен ұйымының қатарында 1917 ж. сәуір айы ортасына таман-ақ 1000-дай мүше болды. Бұл ұйым өзінің «Рабочий» деп аталатын апталық газетін шығарып тұрды.

    1917 ж. сәуірде РСДЖП-ның Орал біріккен  ұйымында да паровоз машинисі Н. А. Покатилов басқарған большевиктік топ құрылды. Оның Рязань — Орал темір жолының Покровск — Орал учаскесі теміржолшыларына үлкен ықпалы болды.

    Табанды әрі, шыдамды қызметтерімен большевиктер Казақстан еңбекшілері бұқарасын өз жағына тарта түсті. Көптеген қалаларда, темір жол станцаларында, әсіресе Орынборда, Перовскіде, Петропавлда, Оралда, Ақтөбеде, Түркістанда т. б. жерлерде осылай болды. Орынбордағы П. А. Кобозев пен А. А. Коростелев, Ақтөбедегі, Ф. В. Зинченко, Оралдағы Н. А. Покатилов, Петропавлдағы И. Дубинин, Перовскідегі А. В. Червяков, Қазалыдағы Р. П. Новицкий және Қазақстанның темір жол желілеріне жақын жатқан қалаларындағы тағы басқа көптеген большевиктік топтардың сенімді жетекшілері теміржол жұмысшылары мен өлке қызметкерлері арасынан шыққандығын айту керек.

    Ақпан революциясы жеңгеннен кейін  Қазақстан жұмысшы қозғалысының елеулі табысы сол — кәсіпшілер одақтарының кең тармақтары құрылды. Олардың қалыптасуында Орынбор — Ташкент темір жол торабы теміржолшыларының Құрылтай съезі және Омск темір жолы жұмысшылары мен қызметшілерінің І-съезі үлкен рөл атқарды. Бұлардың соңғысы Омск қаласында 1917 ж. 28 сәуір мен 7 мамыр аралығында өтті: оған шешуші дауыс құқымен 174 делегат қатысты. Съезд бірқатар саяси және экономикалық мәселелерді: Уақытша үкімет пен соғысқа көзқарас туралы, 8 сағаттық жұмыс күні туралы, жұмысшы, солдат және шаруалар депутаттары Кеңестеріне қатыстылық туралы, контрреволюциямен күрес туралы, Құрылтай жиналысына қатыстылық туралы, пенсиямен қамтамасыз ету туралы және басқа мәселелерді талқылады. Бірқатар мәселелер бойынша большевиктердің қарарлары қабылданды .

    Ақпан революциясынан кейінгі алғашқы  күндері-ақ патша өкіметінің жергілікті органдарын жою және оған неғұрлым жан-тәнімен қызмет еткендерді жазалау жөніндегі шаралар қолға алынды. Оралда облыстың вице-губернаторы Мордвинов, жандармерия бастығы Балобанов және басқалар, Омскіде — Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Сухомлинов, Петропавлда — земстволық және уездік бастықтар, жандармерияның жоғары шендегілері, жергілікті гарнизонның кейбір офицерлері т. б., Орынборда — Торғай губернаторы М. М. Эверсман ж. б. қызметтерінен алынып, тұтқындалды.

    1917 ж. сәуірде дәл осындай оқиғалар Орынбор — Ташкент теміржол торабында да өріс алды. Мүнда теміржолшылардың талап етуімен, жол бастығы, жол қатынасы қызметінің бастығы және әкімшіліктің басқа да өкілдері қызмет орындарынан түсірілді. Теміржолдық уақытша ұйымдастыру комитеті құрылды. 8-сәуірде осы комитет жол торабының уақытша комиссары етіп большевик П. А. Кобозевті сайлады. Ол сол күннен бастап жол бастығының міндеттерін орындауға кірісті.

    Осы торап теміржолшылары кәсіподағының 1917 ж. сәуірдің аяғында Орынборда өткен Құрылтай съезі көпшілік дауыспен жолдың уақытша комиссары П. А. Кобозевті оның тұрақты бастығы етіп сайлауды жақтап шықты, сөйтіп 28 сәуірде бұл туралы жұмысшы және солдат депутаттары Петроград Кеңесі мен жол қатынасы министрлігіне, сондай-ақ Ташкент пен Орынбор Кеңестеріне және теміржолшылардың жергілікті комитеттеріне телеграф арқылы хабарлады.

    1917 ж. бүкіл сәуір айы мен мамырдың  ортасына дейін Ташкент темір  жолына басшылық жасау іс жүзінде теміржолдық Уақытша комитеттің және олар сайлаған жол бастығы П. А. Кобозевтің қолында болды.

    П. А. Кобозевті жол бастығы етіп сайлау және теміржолдық Уақытша комитеттің қызметі жолға жұмысшы бақылауын енгізудің әрекеті болды және большевиктердің басшылығымен теміржолшыларды топтастыруда үлкен рөл атқарды.

    Осы кезеңдегі жұмысшылардың негізгі ұрандарының бірі 8 сағаттық жұмыс күнін талап ету болатын. Жұмысшылар өздерінің бұл талаптарын Орынбор-Ташкент және Омск теміржолының бүкіл өн бойында нақты іске айналдыра алды. Риддер темір жолында әкімшіліктің 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуден және жалақыны арттырудан бас тартуы себепті жұмысшылар әкімшілікті басшылықтан алып тастады, сөйтіп бірнеше күндер бойы жолды өздері басқарды.

    Жұмысшылар Уақытша үкімет саясатының контрреволюциялық мәнін барған сайын айқын түсіне бастады. 1917 ж. 30 сәуірінде-ақ Ташкент теміржолшылары өздерінің жалпы жиналысында Петроград жұмысшыларының ақпан демонстрациясын қолдап-құттықтай отырып, Уақытша үкіметтің Түркістандық комитетінің төрағасы Н. Н. Щепкинге сенімсіздік білдірді және одан милицияны түбірінен қайта құруды, оның құрамынан бұрынғы полицейлерді шығарып тастауды талап етті. Осы және басқа талаптардың қысымымен жұмысшы және солдат депутаттары Түркістан өлкелік Кеңесі Түркістан комитетіне сенімсіздік көрсетіп, оның төрағасын қызметінен босату жөнінде Уақытша үкіметке өтінішпен шығуға мәжбүр болды.

Информация о работе Қазақстандағы ақпан революциясы