Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 15:50, реферат
Тас ғасыры – археологиялық дәуірге бөлуде алғашқы тас құралдарының пайда болуынан бастап, қола құралдарының шығуына дейінгі кезеңді қамтитын көне дәуір. Тас дәуірі көне тас ғасыры – палеолит, өтпелі кезең – мезолит, жаңа тас ғасыры – неолит болып бөлінеді. Палеолиттің ерекшелігі Еуразия мен Африка аймақтарының сол дәуірдегі мәдениеттерінің бір-біріне едәуір ұқсастығы болып табылады. Тас ғасырында тас құралдарымен қатар сүйектен, ағаштан жасалғандары да қолданылды. Ежелгі палеолит адамдары бірігіп аң аулады, бірігіп терімшілік етті. Ежелгі палеолит кезеңінде дінге сенушілік болған жоқ. Шелль және ашель дәуірінде питекантроптар, синантроптар, гейдельберг адамы өмір сүрді. Ортаңғы палеолиттің мүстье дәуірінде жаңа адамдар типі – неандертальдықтар қалыптасты.
Қасым билігінің соңғы кезеңдері тыныштық заман болды. Ол халыққа хан билігін мойындата отырып, ел бірлігін сақтай білді. Сауран қаласы сауда орталығына айналды. Орта Азиямен, Еділ бойындағы елдермен, Батыс Сібір хандығымен, Ресеймен сауда, дипломатиялық байланыс жасады.
Қасым хан тұсында қазақтар Орта азия мен Шығыс Еуропаға белгілі болған.
32.Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы (1538–1580 жж.)
Қасым ханнан кейінгі тартыстан әлсіреген хандықты қайтадан нығайтып, біріктіруге Хақназар хан (Қасымның баласы, 1538–1580 жж.) әрекет жасады.
Негізгі мақсаты: Қасым хан кезіндегі иелікті қалпына келтіру.
Аумағы: Сырдария, Арал маңы, Жетісу, Жайықтың сол жағалауы.
Хақназар сыртқы саясатын Ноғай Ордасынан бастады. Жайықтың сол жағалауындағы ноғайлар Қазақ ханының билігіне өтті.
1550–1560 жж. — Моғол
ханы Абдар Рашид Жетісу мен
Ыстықкөл маңындағы жерлерді
басып алу мақсатымен
Моғолстанға қарсы қазақ-қырғыз соғыс одағы құрылды. Деректерде Хақназарды «қазақтар мен қырғыздардың ханы» деп атайды.
1560 жыл – моғолдар қазақ-қырғыз соғыс одағын жеңді.
Моғолстанға қарсы соғыстағы сәтсіздік және ойраттардың шапқыншылығы салдарынан Хақназардың Жетісудағы иелігі азая берді.
1570 жылдың аяғы – Жетісудың батысы, Шу, талас өңірі оның билігінде болды.
Хақназар хан тұсында орыс мемлекетімен саяси және сауда қатынастары дамыды. Орыс елшілері:
1569 жылы Семен Мальцев;
1573 жылы Третьяк Чебуков қазақ хандығы туралы көптеген мәліметтер қалдырды (IV Иван тұсында).
Хақназар хан өзін «патша, әрі ұлы князьбен татумын» деп санады.
Сібір хандығын 1563 жылдан бастап билеген шайбан әулетінен шыққан Көшім хан Қазақ хандығына қарсы дұшпандық әрекетте болды.
1573 жыл – Қазақ хандығына жіберілген Мәскеу елшісі Т. Чебуков Көшімнің бұйрығымен ұсталды.
Осы кездегі саяси
жағдайдың ауырлығы Хақназар ханды
Мәуереннахрдағы Шайбани
II Абдаллах (1538–1598 жж.) пен Хақназар хан арасында бейбіт қатынаста болу туралы шарт жасалды.
Бұл қатынас нәтижесі:
Соғыс қақтығыстары уақытша тоқтатылды;
Орта Азия халқымен сауда қатынасы жақсарды;
Хан өкіметі нығайды.
Сыр бойындағы қалаларға орнығып алуға ұмтылған Хақназар хан, 1570 жылдың аяғында Абдаллахтың қарамағынан бөлініп шыққысы келген Баба сұлтанның әркетін пайдаланды. Ол қарсыластар арасында шебер жол тауып, бірде бір жағын, бірде екінші жағын қолдап отырды. Нәтижесінде:
Абдаллах хан Түркістан өңіріндегі қалаларды Қазақ хандығына берді.
Баба сұлтан Йасы, Сауранды Хақназарға сыйлады.
1579 ж. II жартысы – қазақ билеушісінің Абдаллах жағында екенін байқаған Баба сұлтан келіссөз жүргізуге келген Жалым сұлтанды, оның балалары мен Хақназардың екі баласын өлтірді (1579 ж.)
1580 жыл – Баба сұлтанның тыңшысы Хақназарды өлтірді.
Хақназар хан саясатының маңызы:
Хандықтың аумағының кеңеюі.
Жеке дербес мемлекет ретінде танымал болуы.
Хан билігінің күшеюі.
Ішкі саяси және шаруашылық өмірдің тұрақтылығы.
Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы
Қазақ халқына мәңгі жойылып, құрып кету қаупін төндірген жау – жоңғарлар еді.
XVII ғасырдың бірінші
жартысында ойраттар мен
Қазақ және ойрат әміршілерінің арасында жайылымдық жерлер үшін қақтығыстар XV ғасырда басталған болатын. XVI ғасырдың аяғында ойраттардың шағын бір бөлігі сәтсіз шабуылдан кейін қазақ ханы Тәуекелге бағынышты болып шықты. 1635 жылы қонтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Осыдан соң, егер XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың басында қазақ хандығына бытыраңқы ойрат тайпалары қарсы болса, XVII ғасырдың екінші ширегінде күштердің ара салмағы жоңғар тайпаларының пайдасына өзгере бастады. Қазақ-жоңғар қатынастары, әсіресе Батур-қонтайшы (1634–1654 жж.) билік құрған кезде ерекше шиеленісе түсті. Одан кейін Ғалдан-Бошакту (1670–1697 жж.) билеген кезде, оның мұрагері Цеван-Рабтан (1697–1727 жж.) өкімет басына келгенде қазақ-қалмақ қатынастары қатты шиеленісіп кетті. 1698 жылы ойраттар мен қазақ хандары арасындағы қарулы қақтығыстардың жаңа кезеңі басталды. Жоңғарлардың әскер басшылары маңызды сауда жолдары өтетін және ірі сауда орталықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстан жерін басып алуды көздеді.
1710–1711 жылдары жоңғарлар
қазақ жеріне басып кіріп,
1718 жылы Тәуке хан өліп, билік оның баласы Болат ханға өткен тұста қалмақтардың қазақ жерлеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиллерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың тигізген әсері үлкен. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалады, осында Ертістің бойымен жоғары өрлеп бара жатқан Бухгольцтың экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қыста ол қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болған ол қалмақтарды темір балқытып, зеңбірек жасауға, оның оғын дайындауға, тіпті баспахана жасап, әріп құюға үйретеді. Ренаттың көмегімен зеңбірек атыс жарақтарын жасап, жүз мыңнан астам әскер құрап, қалмақтар қазақтарға қарсы соғысқа дайындалып жатқанда қазақтар жағы олардан қауіп күтпей, ішкі талас-тартыспен жүрген болатын. Бұл тұста қазақтар мен қалмақтардың шекарасы Ертіс өзені, Балқаш көлі, Шу, Талас өзендерінің аралығымен өтетін.
1723 жылдың көктемінде
жоңғарлар шешуші жорыққа
Сөйтіп, Алатау баурайын жайлаған қаннен-қаперсіз отырған қалың елге шабуылға шыққан қалмақ әскерлері қазақтардың қанын судай ағызды. Еркек кіндікті адамдарды қырып, әйелдерді, қыздарды байлап-матап алып кетті. Бейғам отырған ел басқыншыларға ешқандай қарсылық көрсете алмады. Ұлы жүз бен Орта жүздің қазақтары Самарқанд пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұқараға ағылды. Босқындардың біразы Алакөл маңына келіп паналады. Бұл кезеңді қазақ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атады. Яғни, қазақтардың табаны ағарғанша шұбырып, Алқакөлге жетіп азап пен аштықтан сұлаған жерлер еді дейді. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы ды қайғылы, ән ұраны сияқты «Елім-ай» әні еді. Мұнан үш жүз жылға жуық уақыт бұрын шығарылған осы өлеңмен оның әні қазақтың басына түскен сол бір ауыр күндердің өшпес ескерткіші.
33.«Жеті жарғы»Жеті жарғы – Тәуке хан тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы. XVII ғасырдағы кейбір хан, сұлтандардың өз иеліктеріндегі ұлыстарды жеке-дара билеуге ұмтылушылығы Қазақ хандығының ыдырау қаупін тудыруына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдет-ғұрып заңдар мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында «Тәуке ханның Жеті жарғысы» деген атауға ие болған заңдар жиынтығы қабылданды. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары XX ғ. басына дейін қолданылып келді. Жеті жарғы қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады.
«Халықтың ханы, сұлтаны, пір-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін». Яғни қарапайым ер адамның құны 1000 қой немесе 100 түйе, я болмаса 200 жылқы болса, сұлтан мен қожаның құны одан жеті есе көп;
«Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлсе, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін». Сонымен қатар, қоғамдағы тұрмыстық және адамгершілік қатынастарды құқықтық тұрғыдан жетілдіре түскен.
«Сырттан кірген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе, жарты құн, ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек ат-тон айып тартады»
«Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсаса, онда ол баланы ата-ана өлтірсе де ерікті, сұраусыз болады».
«Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, ауылды айналдыру керек»
«Құйрық-бауыр жесіп, құда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалыңмал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалыңмалы беріледі»
«Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа атан, тайға ат, қойға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».
Осы соңғы өзгерістермен қатар жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдет-ғұрып заңдары Жеті жарғыда көрініс тапты.
29.Қазақ халқының қалыптасуы
Қазақ халқының этникалық қалыптасуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдыраған кезінен басталады. Этнос – тарихи жағдайда қалыптасқан тілі, салт-дәстүрі, тұрмысы ортақ, басқалардан бөлектенген адамдар тобы. Кейбір жазба деректерде «қазақ» сөзі ескі түрік тіліндегі «еркін адамдар» ұғымын білдіретінін айтады. Тағы бір деректерде сақ, хазар тайпаларының атынан шыққаны айтылады.
XV ғасырдағы Шайбани Әбілқайыр
хандығындағы, яғни Дешті-Қыпшақтағы
көшпелі халықтардың этникалық
бірігу процесі тез жүрді. XV ғасырдың
ортасына қарай Әбілқайыр
Қазақ жүздері
Жаңадан қалыптасқан қазақ халқы Қазақстан жеріне түгелдей қоныстанды. Қазақ халқы мекендеген бұл жерлерде 3 түрлі шаруашылық аймақ қалыптасты. Осыған байланысты сол өңірлерде мекендеген халықтар үш жүзге бөлінді:
Ұлы жүз
Мекендеген өңірлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу (Іле, Шу, Талас өзендерінің бойы).
Тайпалар: дулат, албан, үйсін, қаңлы, суан, жалайыр, шапырашты, сіргелі. Ұлы жүзді Ақарыс деп те атайды.
Орта жүз
Мекендеген өңірлері: Орталық және Шығыс Қазақстан (Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл, Сарысу өзендерінің бойы).
Тайпалар: арғын, найман, керей, уақ, қыпшақ, қоңырат.
Орта жүзді Бекарыс деп те атайды.
Кіші жүз
Мекендеген өңірлері: Батыс Қазақстан, Сырдарияның төменгі ағысы (Орал, Ырғыз, Торғай, Еділ өзендерінің бойы)
Тайпалар: табын, адай, шөмекей, жағалбайлы, алшын, шекті, төртқара, тама, серкеш т. б.
Кіші жүзді кейде Жанарыс деп атайды.
35.XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының әлеуметтік- экономикалық және мәдени дамуы
Қазақ қоғамын әлуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі алынды. Жоғары аристократтық топ — ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері: хандар, сұлтандар, оғландар немесе төрелер, билер, бектер сондай-ақ, қожалар жатты. Шыңғыс әулеттері қазақ рулары мен тайпаларының ешқайсысына жатпайтын, олар қоғамның басқарушы тобын құрады. Ал бүкіл өзге халық әл-ауқаттылық жағдайына қарамастан төменгі топқа — қара сүйекке жатқызылды. Қарапайым халық қатарына – шаруалар, малшылар, егіншілер мен қолөнершілер, жатақтар мен қала халықтары, ұсақ саудагерлер мен ауыл адамдары кірді.Хан өзінің қасынан ұлыс сұлтандары мен көшпелі тайпалар көсемдерінің кеңесін құрды. Олар хандық әмірінің соғыс, дипломатиялық мәселелерін, территориялық дау-жанжалдарды және т. б. шешу үшін жыл бойы құрылтайға жиналып отырды. Мемлекеттік басқару жүйесі әдеттегі құқыққа (адат) негізделді. Адатпен бірге мұсылмандық құқық нормалары XVII ғасырдың соңында, Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» деген атпен бірыңғай жинақ түрінде жүйеленіп, толықтырылған болатын.
Саяси-әкімшілік құрылысы
XVII ғасырдың аяғында
Қазақстан аймағында бірнеше
феодалдық мемлекеттер, яғни