Қазақстан жеріндегі тас ғасыры

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 15:50, реферат

Описание работы

Тас ғасыры – археологиялық дәуірге бөлуде алғашқы тас құралдарының пайда болуынан бастап, қола құралдарының шығуына дейінгі кезеңді қамтитын көне дәуір. Тас дәуірі көне тас ғасыры – палеолит, өтпелі кезең – мезолит, жаңа тас ғасыры – неолит болып бөлінеді. Палеолиттің ерекшелігі Еуразия мен Африка аймақтарының сол дәуірдегі мәдениеттерінің бір-біріне едәуір ұқсастығы болып табылады. Тас ғасырында тас құралдарымен қатар сүйектен, ағаштан жасалғандары да қолданылды. Ежелгі палеолит адамдары бірігіп аң аулады, бірігіп терімшілік етті. Ежелгі палеолит кезеңінде дінге сенушілік болған жоқ. Шелль және ашель дәуірінде питекантроптар, синантроптар, гейдельберг адамы өмір сүрді. Ортаңғы палеолиттің мүстье дәуірінде жаңа адамдар типі – неандертальдықтар қалыптасты.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан жеріндегі тас ғасыры.doc

— 1.09 Мб (Скачать)

Қазақ хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Хан өлсе орнына үлкен  ұлы отырды. Ер жеткен баласы болмаған жағдайда аға-інілері, немесе олардың  балалары сайланды. Бірақ хан мұрагерлерінің таққа отыруы сұлтандар мен ру-тайпа басшыларының құрылтайында, яғни «хан көте­ру» деп аталатын сайлаудан өтуге тиісті болды. Жиында хан болуға лайықты адамды ақ киізге отырғызып, үш рет хан көтеріп, «хан атасы» болған беделді адамның батасын алғаннан кейін, ресми заңды хан тағына отырған.

Шаруашылықтың дамуы.

а) Шаруашылығы

XVI-XVII ғасырларда қазақтарда  шаруашылықтың үш саласы анық  байқалады:

Көшпелі

Жартылай көшпелі

Отырықшы

Малдың негізгі  түлігі – қой, жылқы, түйе. Ірі қара аз болып, негізінен отырықшы аймақтарда өсірілді. Көшпелі шаруашылық малды маусымға қарай жаю тәжірибесін туғызды. Маусымды жайылым 4 кезеңге бөлінді:

Көктеу – көктемгі көш, малдың төлдеу мерзіміне сәйкес келеді.

Жайлау – жазғы  көш, мамыр айының басында басталады.

Күзеу – кұзгі көш, суық басталысымен көшеді.

Қыстау – қысқы  көш, қарашаның ақырғы күндері қар  жауып, мұз қата бастағанда көшеді.

Егіншілік Сырдарияның орта саласы мен Жетісуда, Ертіс бойы мен Зайсан көлі маңында дамыды. Отырар, Түркістан, Сауран алқаптарындағы егістік жерлерді құбырлар арқылы суарып отырған.

Малынан айрылып, көшуге мүмкіншілігі болмаған кедейлер егіншілікпен айналысқан,. Оларды жатақтар деп атаған. Қазақтар аңшылықпен, үй кәсіпшілігімен, қолөнермен айналысқан. Көшпелілер үй кәсібінде мал шаруашылғы шикізаттарын өңдеумен айналысты.

ә) Сауда. Ақша түрлері

Қазақ хандығының Орта Азия, Шығыс Түркістан, Орыс мемлекеттерімен  сауда қатынасы дамыған. Ұсақ ақша саудасы  қалпына келтіріліп, күміс жалатылған мыс дирхемдер негізгі айналым  құралы болды. Отырарда ұсақ тиындар қызметін атқарған мыс фельстер соғылды.

XV ғасырдың екінші ширегі – Ұлықбек ақша реформасын жүргізіп, мыс теңгелерге тыйым салынып, оларды жоғары сапалы мыс динармен ауыс­тырды.

XVI ғасырдың  бірінші жартысы – Оңтүстік Қазақстандағы ақша айналымында Темір мен Шайбан ұрпақтары шығарған мыс теңгелер пайда­ланылды.

XVI ғасырдың  ортасы – Қазақстан қалаларына ортаазиялық мыс теңгелердің ағыны азайып, Ташкентте, Йассыда соғылған мыс теңгелер келе бастады.

Отырарда ішкі айналымға  арналған жазусыз мыс теңгелер шығарылды. Күміс теңгелер ірі халықаралық саудада қолданылды.

XVI-XVII ғасырларда соғылған  мыс теңгелерге хандардың есімдері  жазылған.

XVII ғасыр – Отырарда  ақша шығаруда құлдырау кезеңі  басталып, теңгелер Түркістан мен  Ташкентте соғылды.

XVII ғасырда Оңтүстік  Қазақстан қалаларындағы ақша  айналымы теңге емес, жуан сымнан  кесіп алу арқылы жасалған  шағын мыс кесектер түріндегі  ақшаның болуымен ерекшеленеді.

б) Қалалар

XV ғасырдың бірінші  жартысы — XVII ғасырдың басында  – Қазақстан қалаларының саны 23-ке дейін азайып кетті. Рабадтар бос қалып, қала халқы бекініс қамалы бар орталыққа шоғырланды. XVI-XVII ғасырларда аймақтың саяси және экономикалық өміріндегі басшылық рөлі Сырдари­яның солтүстік жағалауындағы Аркөк, Аққорған, Құтжан, Үзгент қалаларына ауысты. Қаратаудың солтүстігіндегі басты қала – Созақ. Түркістан – Оңтүстік Қазақстанның басты қаласы.

XVI-XVII ғасырлар – Қазақстанда  70 мыңдай қала халқы болған.

Сығанақ – Шығыс Дешті-Қыпшақ үшін «сауда аймағы», Қасым хандығының ордасы. XVI-XVII ғғ. қазақ хандығының астанасы, діни орталық. Сыр­дария бойындағы көшпелі даламен шектесіп жатқан шеткі қала.

Отырар – Оңтүстік Қазақстан жеріндегі ірі сауда-өнеркәсіп орталығы. XVI ғасырда Түркістандағы Шайбан әулетінің мекені. VIII ғасырдың ба­сынан Тарбанд атымен белгілі қала. Деректерде: Тұрарбанд, Тұрар, Фараб. V-XV ғғ. Арал бойындағы көшпелілермен сауда жүргізетін орталық болған. Ерзен хан қалада мешіт-медреселер салдырған.

Сауран – XVI ғасырдағы мұнаралы, биік қамал қабырғалы, терең ор қазылған қорғаныс жүйесі. Оның тербеліп тұратын мұнаралары болған. Са­уран қаласы үшін Өзбек пен Қазақ хандығының арасында І ғасырға созылған шайқас болды. XVI ғасырда Қазақ хандығына түпкілікті өтті. Тәуекел хан тұсында – берік қамал, ірі сауда орталығы.

Сайрам – мықты бекініс, ірі сауда-өнеркәсіп орталығы. Мәуереннахрдан Түркістан мен Жетісуға шығатын сауда және әскери жолдардың то­рабына орналасқан қала. Сайрам XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығының қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық өмірінде басты орын алды.

Созақ – ірі бекініс, сауда және өнеркәсіп орталығы. Қазақ хандығы билеушілерінің басты тірегі, әскери бақылау орталығы.

Йасы (Түркістан XIV ғ.) — XVII ғ. екінші жартысында Қазақ хандығына өтті. Есім хан тұсында астана болды. Керуен сауда жолы Түркістанды ба­сып өтті.

36.XVI-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының мәдениеті

Қазақ халқының тіршілік-тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды  орын алды. Өйткені мал шаруашылығы  немесе егіншіліктің дамуы қолөнер  кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы үшін ер-тұрман, ат әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар т. б. қолөнершілердің еңбегімен дайындалды. Бұл кездегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қарабайыр шаруашылық еді. Үйде істелетін кәсіп бұйымдардың көпшілігі тауарға айналмайтын, өндірушінің өз от­басын ғана қанағаттандыруға пайдаланылатын. Халық өнері, әсіресе, киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын жасауда ерекше өрістеді.

Бұл кезде оңтүстік Қазақстан  қалаларының, Орта Азиямен, Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда-саттық байланысы жанданды. Осы­ның арқасында көшіп-қонушы және отырықшы халық топтарының экономикалық, мәдени-әлеуметтік қарым-қатынасы кеңейе түсті. XVI-XVIII ғасырларда «Ұлы жібек жолы» бойында орналасқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Түркістан, Сайрам, Жент т. б. қалалардың тездеп өркендеуі, қазақ халқының біртұтас ел болуына, жеке хандық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам және тағы басқа қалалардан табылған күміс теңгелер мен мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы дамығандығын көрсе­теді.

Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық комплекстері, Жәнібек пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың Ұлытау жеріндегі  кесенелері, Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет-сипатымен, архи­тектуралық формаларының жинақылық әрі айқыншылығымен ерекшеленді.

Ұлан байтақ кең далада мал бағып, күндерін табиғат құшағында  мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлемдегі табиғат құбылыстарын үнемі бақылап отырған. Осы бақылаудың нәтижесінде халықтың көпжылдық тәжірибелері қоры­тылып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинақталған. Және оның негізінде байырғы қазақ күнтізбесі қалып­тасты. Қазақ халқы аспан әлемін бақылау арқылы «құс жолы», «құйрықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайында ұғымын кеңей­тті.

XVI-XVII ғасырларда қазақтар  арасында ислам діні кеңінен  тарады. Оны таратуда Сығанақ, Түркістан, Хорезм, Бұхара, Самарқанд сияқты қала­лар айрықша рөл атқарды. Ислам діні көшпелі халық арасында терең тамыр жайған жоқ. Оған себеп қақтығыстар, соғыстар және түрлі саяси қарама-қайшылықтар еді. Сондықтан халықтың әсіресе көшпелі бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге, күнге, аспанға, жерге, суға табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды.

XVI-XVIII ғасырларда қазақ  халқының арасында тақырыбы мен  жанры жағынан алуан түрлі  ауыз әдебиеті кең өріс алды. Қазақ халқының по­эзиясында жыраулардың орны ерекше бағаланды. Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең орын алды. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т. б. жыраулар.

Қазақтың батырлар жыры эпосқа тән аңыз сияқтанғанымен, олардың  бәрі дерлік тарихи оқиғаларға құрылған. Мәселен, Қобыланды, Алпа­мыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік-тұрмыстық дастанда­ры да («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» т. б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.

Бұл кезде Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы мен халық  өмірінің ерекше жағдайларын өзіндік  өзгешелігімен қамтитын қоғамдық уклад  «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер» деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды. Әдебиеттің бұл түрін шығарушылар негізінен XVI-XVIII ғасырларда қазақ қоғамында сот ісін жүргізумен ғана айналысқан жоқ. Билер хан кеңесінің мүшелері болып, мемлекеттік істерге белсене араласты. Сонымен бірге атақты билер тайпалар мен рулардың басшылары болып, ел басқарды, жиындарда солардың атынан сөз сөйлеп, айтыс-тартыстар кезінде олардың мүдделерін қорғады.

Қазақтың атақты билері поэтикалық таланты зор және суырып салма айту мен шешендік сөз арқылы өзара айтыстың тамаша шеберлері болған. XVI-XVIIIғасырларда би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы, шешендік өнерінің күшімен поэти­калық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663–1756), Қазыбек Келдібекұлы (1665–1765), және Әйтеке Байбекұлы (1682–1766) ерекше орын алды. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Хиуада, Жоңғария мен Қытай империясында танымал болған.Бұл кезде қазақ тіліндегі жазба әдебиеттері діни және аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таралды, сондай-ақ тарихи шығармалар мен ру­лар тарихы (шежіре) жасалды. Олардың ішінен Захир-ад-дин Бабырдың «Бабырнамасын», Камалад-дин Бинайдың «Шайбани-намесін», Мұхам­мед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашидиін», Қожамқұл бек Бахидің «Тарих-и-Қыпшағын», Қадырғали «Жами-ат-таварихын» және басқа да шығармаларды арнайы бөліп көрсетуге болады.Бұл кезде Қазақ хандығы көршілес мемлекеттермен, Орта және Таяу Шығыс елдерімен үздіксіз араласып отырды. Мұның өзі араб-мұсылман мәдениеті мен ғылымының таралуына әсерін тигізді. Қазақ жерінде мектептер мен медреселер ашылып, оларда оқу араб-парсы және түрік тілдерінде жүргізілді. Қазақтар жазуда араб әліп-биін тұтынды. Мектептер мен медреселерде ғылымның әр түрлі салалары "дін ілімі, матема­тика, логика, философия) бойынша білім беріліп, Шығыстың ұлы ақындарының классикалық туындыларымен таныстырылды. Мұның бәрі қазақ халқының жалпы дамуына, бүкіл қоғамның рухани өмірі мен мәдениетіне игі ықпал жасады.

Сонымен, XVI-XVIII ғасырларда Қазақ қоғамында шаруашылықтың  және мәдениеттің дамуында елеулі ілгерілеушілік орын алды. Оның басты се­бебі, қазақ  халқының біртұтас мемлекетке бірігуімен байланысты еді.

42.Кіші жүздің Ресей империясының құрамына енуі

Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды. Әбілқайыр ханның мақсаттыры:

Қалмақтар мен башқұрттардың  Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату.

Петербург билеушілеріне  арқа сүйеп, аға хандыққа таласта  қарсыластарын жеңу.

Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы  қазақтардың мал жайылымдары  үшін бейбіт өмірді сақтау.

Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына  келтіру.

Ең басты мақсаты  – жоңғарларға қарсы күресте  Ресеймен байланыс орнату.

Әбілқайыр хан 1726 жылы Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ елшілікке күмәнданған пат­ша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз қалдырған. Кіші жүз ақсүйектерінің талабы: Ресеймен әскери одақ құру.

Әбілқайыр хан  талабы: Ресейдің құрамына кіру.

1730 жылғы қыркүйек  – Петербургке аттанған елшілері  Сейітқұл Қойдағұлұлы, Құтлымбет  Қоштайұлына Ресейдің құрамына  кіру туралы құжат тапсырды.

1731 жылғы 19 ақпан –  Кіші жүзді империя құрамына  қабылдау туралы хан ұсынысын императрица Анна Иоанновна қабылдады.

Кіші жүз ақсүйектері  мен Әбілқайырдан ант қабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының  тілмәші, дипломат А. И. Тевкелев бастаған елшілік жіберілді.

1731 жылы қазанда орыс  елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілқайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері арасында алауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз қалдыруға тырысқанмен, бұл қарсы­лық сәтсіз аяқталды.

1731 жылғы 10 қазан –  Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына кіруге ант берді.

Кіші жүздің Хиуа хандығымен, қарақалпақтармен шектесіп жатқан аудандары  Ресей империясына қосылмады. Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде  отаршылдық саясат ұстанып, 1714–1720 жылдары  бекіністер тұрғызған болатын: Жәміш, Омбы, Колбасинск, Железинск, Семей, Ко­ряков (Кереку), Өскемен.

Патша үкіметінің мақсаты  – қазақ-жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін  біртіндеп жаулап алу.

Патша үкіметі Жайық  бойына бекіністер тұрғызып, егін шаруашылығына қолайлы өңірлерді басып алып, орыс помещиктеріне, казак-орыс қоныстанушыларына таратып беру саясатын ашық жүргізе бастады.

Жаңадан қосылған қазақ  жерлеріндегі шептерін нығайту мақсатында Ресей үкіметі 1734 жылы мамырда Сенаттың хатшысы И. К. Кириллов басқарған экспедиция жабдықтады:

Ор өзені бойында  бекініс тұрғызу;

Орта Азия хандықтарымен  керуен саудасын кеңейту;

Қазақ өлкесіндегі табиғат  байлықтарын игеру;

Сырдария бойында қала тұрғызып, Өзен флотилиясын құру.

Информация о работе Қазақстан жеріндегі тас ғасыры