Қазақстан территориясындағы әлемдік діндер

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 21:56, реферат

Описание работы

Ерте кезеңдерден бері қазақ жерінде көптеген діндер орын тапқан. Олардың ішінде әлемдік – будда, христиан, ислам діндері де болды. Олардың негізгі тараған жері Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу болды. Жалпы Жетісуды түрлі діндердің тоғысқан жері деп атайды. Алайда бұл діндерге дейін ежелгі қазақ жерінде неше түрлі діни әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптасып үлгерген. Оларды тек алғашқы, тұрпайы түрдегі діни наным-сенім түрінде ғана емес, өз алдына қалыптасқан діни жүйе ретінде түсінген дұрыс деп ойлаймын.

Содержание

Кіріспе: Ежелгі Қазақстан жеріндегі әлемдік діндерге дейін қалыптасқан наным-сенімдер, алғашқы діни көзқарастар мен діндер
Негізгі бөлім:
А) Буддизм және христиан діні.
Б) Ислам дінінің таралуы.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан тарихы реферат.doc

— 84.50 Кб (Скачать)

      Жетісу  мен Оңтүстік Қазақстан да бұл  үрдістерден шет қалмады. Орта Азиядан  біршама кешігіп қалса да, бұл  аймақтардағы халықтың мұсылмандануы  едәуір жедел жүріп жатты. Тарихшылар мен археологтардың зерттеулерінде мұсылмандар дүниесі өркениетінің ұлан-байтақ жүйесін құраушылардың бірі болып табылатын орта ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстанның қалалық өркениетінің едәуір ішкі бөлігі атап көрсетіледі.

     VII-IX ғғ. Оқиғаларын баяндайтын деректер Оңтүстік Қазақстан халқының жаппай ислам дініне кіргенін жазады. 840 ж. Нуһ ибн Испиджабты бағындырады. 859 ж. Оның інісі Ахмед ибн Асад Шавғарға жорық жасайды. 766 жылдан бастап Жетісуға және Қазақстанның Оңтүстігіне саяси өктемдігін жүргізген қарлұқтар мәдениеті ислам ықпалына өзгелерден гөрі бұрынырақ түседі. Олар исламды Махди Халифтың (775-785 жж.) кезінде қабылдады деген мәліметтер бар. Алайда бұл пікір олардың тек белгілі бір бөлігі жайлы болса керек, өйткені, 853 ж. Ислам ибн Ахмад Таразды алғанда «оның басты шіркеуін мешітке айналдырады» деген дерек бар.

       Х ғасырдың басында Қарахандар әулетінің негізін салушы Сатұқ Исламды қабылдайды, ал оның ұлы Богра хан Харун б.з. Луса бойынша 960 ж. Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Жаңа дін шымшымдап көшпелілер арасында тарайды. Ибн Хаукар Фараб, Кеңжиде және Шаш арасында көшіп-қонып жүретін мұсылман түріктер туралы хабарлайды. ХІ-ХІІ ғғ. Ислам дінінің қыпшақтар арасына жайылғаны жөнінде де мәліметтер бар.

     ІХ  ғ. мен ХІІІ ғасырдың бас кезіндеі ескерткіштерге археологиялық қазбалар жүргізген кездері сол аймақта мұсылмандардың қалалық мәдениетінің құрылып, қалыптаса бастағаны байқалады. Тараз бен Меркеде христиан шіркеулері мешіттерге айналдырылды. Исламды ұстанатын халық саны көбейген сайын қалаларда үлкен мешіттер салына бастады.

     Исламды тарату заманы кезінде Орта Азия мен  Қазақстан қалаларында пайда  болған құрылыстар қатарына қоғамдық моншалар да жатады.

     ІХ-Х  ғғ. 2-ші жартысында өлікті жер қазып  қабырға қою, қамкесектен мола жасап  қою ғұрпы өзгертіліп, мәйіттің басы қаратылып қойылатын болады. Қабырға әр түрлі заттар қойылмайтын болды. Мұсылмандардың ең ертедегі қорымы Отырар көгалды аймағында ІХ-Х ғғ. пайда болған, ал Боран қала жұртының қорымы Х ғасырға жатады.

     ХІ-ХІІ  ғғ. қорымдарда зират басына үлкен  мазарлар, сағаналар (мәселен, Жамбыл қаласында Айша бибі) салына бастады.

     Араб  әріпінің көркемдік мүмкіндігін  пайдалануға арналған керамика табылды. Сондай жазулардың бірсыпырасының көркемдік  сипаты болса, кейбіреулерінде әр алуан игі тілеулер, өсиеттер айтылады.

     XIV-XV ғасырлардағы ислам. Қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстандағы исламның тарихын, оның таралуын зерттеу жазбаша деректемелер, атап айтқанда, агиографиялық мазмұндағы қолжазбалар арқылы жүргізілген. Өтеміс қажының (XIV ғ.) «Шыңғыс-нама» деген түркі тілді тарихи шығармасының осындай маңызы бар, ондағы Алтын Орда аумағында исламның таралу уақыты туралы мәліметтерінің маңызы зор. «Шыңғыс-нама» авторының айтуы бойынша, Дешті Қыпшақ халқы ислам дініне Берке хан билеп тұрған кезде (1255/56-1264/66) кірген. «Дешті уәлаяты Берке ханға бағынған кезде, - деп жазады ол, - дінсіздердің көп бөлігін ол ислам дініне кіргізді...». Берке хан мешіттер мен медреселер салуға себепші болды. Бірақ шығарма авторының одан әрі атап өткеніндей, «одан кейін ол (тайпа) қайтадан жолдан тайған [тайпаға] айналып, дінсіз болды» Мұның өзі Дешті Қыпшақ көшепелілерін ислам дініне кіргізу процесінің үзілісті, сенімсіз сипатта болғанын дәлелдейді. XIV ғасырдың бірінші жартысында Өзбек хан кезінде (1312-1340) көшпелілерді ислам дініне таратудың жаңа толқыны байқалады.

     Аңыздарға негізделген әңгімелерде исламның көшпелілердің ежелгі діндеріне қарсы күресі бейне тапқан. Мұсылманның ешнәрсе дарымайтын кереметін көрсету үшін пұтқа табынатын сиқыршылардың біреуі мен Баба-Туклас (Баба Түкті Шашты Әзіз) әулиеге жанып тұрған пешке (танур) кіруге ұсынылған.  Дінсіз сиқыршы әп-сәтте жалын оранып жанып кетеді екен, ал Баба-Туклас танурдан аман-сау шығыпты-мыс. Хан бастаған жұрт осының бәрін көрген бойдан табан астынан шейхтардың етегіне жабысып, «[бәрі] мұсылман болыпты».

     Мұсылман  діні біртіндеп ақсүйектердің арасында ғана емес, көшпелілерге де кеңінен  тарай бастады. Сол кезеңдегілердің  пікірінше, XV ғасырдың 2-ші жартысында Моғолстан халқы түгелдей дерлік мұсылман дінін қабылдаған. 1348 жылы хан сайланысымен ислам дініне енген Шағатай Тоғылық Темір Моғолстанда ислам дінінің таралуына ерекше роль атқарды. Мұхаммед ханның (1408-1416) тұчында моғол тайпсһасының басым көпшілігі мұсылма дінін мойындаған.

     Қазақстанда исламның таралуы едәуір дәрежеде суфизммен (мұсылман мистицизмімен) байланысты. Суфизмнің кейбір идеялары мен салт-ғұрыптары элементтерінің исламға дейінгі жергілікті нанымдар мен діндерге жақындығы суфизмнің қалың халық арасында кең таралуына мүмкіндік берді.

     Орта  Азия топырағында туған суфистік конгрегациялар (бауырластықтар, ордендер) арасынан ең белгілілері үшеу – йассауийа, кубравица, накшбандийа болды. Накшбандийа конгрегациясы тармақтарының бірі йассауийа (сұлтанийа) орденінің кеңінен мәлім болуы атақты дін уағызшысы Ходжа Ахмет әл-Йассауидің (Қожа Ахмет Йассауий) есімімен (ХІІ ғ.) байланысты, ол мұсылман мистицизмі түрік дәстүрінің негізін салушы деп саналады. Қазақстанда суфизмнің кең таралғаны мен ықпалын Маңғыстаудағы киелі ғимараттардың петроглифтері мен өрнектері дәлелдейді, оларға «суфизм (ортағасырлардың өзінде-ақ Түркістан мен Хорасаннан шейхтер әкеп енгізген) мен Евразия өңіріндегі шамандық мәдениеттің нақты мұрасының ұласуы есебінен рухтанған».

     Қазақстанның  Жібек Жолы бойындағы қалаларында  Батыс пен Шығыс, Еуропа мен Азияның  бір-бірінен араласып, бірін-бірі байытуын қолайлы жағдай жасалды.   
 

 

     Қорытынды

      Осылайша, Қазақстанда ислам діні мемлекеттік  дін болып қалыптасты. КСРО кезінде  дінге тиым салынғандықтан қазақ  жеріндегі исламның даму барысы тежелді. Ал еліміз егемендігін алған соң, қазақ жерінде діни еркіндік негіз алды.

      Дін – миллиондаған қазақстандықтардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі, сондай-ақ саясаттағы маңызды фактор болып саналады. Олар өмірде жиі  тоғысып қалады. Көп дінді Қазақстан  қоғамы үшін саяси келісіммен қатар, діни келісімнің болуы өте қажет шарт. Себебі, бұл келісім – өркениеттіліктің белгісі. Тілі басқа, діні бөлек, бірақ мақсаты мен мүддесі бір ұлттар өзара ауызбірлік пен ынтымақтастықтың арқасында тату-тәтті өмір сүріп, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне барынша үлес қосып келеді. Алайда, соңғы жылдары қасиетті Ислам дінінің негізіне мүлде жат, қарама-қайшы келетін түрлі діни ағымдар еліміздің әр аймағынан жиі бой көрсете бастады. Солардың ішіндегі аса қауіптісі – Хизб-ут-Тахрир партиясы болып табылады. Хизб-ут-Тахрирдің Қазақстанда көрініс бере бастаған жылдары – 1998 жыл. Кейбір деректер бойынша, Орталық Азиядағы жоғарыда аталған елдерде аталмыш партияның 15-20 мыңдай мүшесі бар. Хизб-ут-Тахрир радикалдық-исламдық идеологиялық бағыттағы діни-саяси ұйым болып табылады. Мақсаты – шариғат заңнамаларына негізделген Ислам халифаты мемлекетін орнату. Оның ішінде, жиһад жолымен де халифат құру бар. Яғни мемлекет билігін діни қызметкерлерге – имамдарға беру. Олар өздерін таза ислам жолында жүрміз деп көрсетеді. Бірақ, шын мәнінде, негізгі мақсаты діни білімі жеткіліксіз жұртты алдау арқылы билікке қол жеткізу.  Хизб-ут-Тахрир ұйымының ұстаған бағыты мен мақсаты әлем жұртшылығын алаңдатып, діндер арасында іріткі салуды көздейтіндіктен, бірқатар елдер бұл ұйымды экстремистік деп танып, оның өз аумағында қызмет етуіне ресми түрде тиым салды. Қазақстан да осы елдердің қатарына кіреді.

      Қазақстан – көп ұлтты, әрі көп конфессиялы  мемлекет. Қазақстан аумағындағы діни ұйымдар қызметіне байланысты мемлекеттік саясат оларды алаламай, бәріне бірдей қарау негізінде жүзеге асырылады. Қоғамда жеке тұлғаның сенім артатын белгілі бір ұстанымы болу керек. Сол себепті азаматтарды ізгілік пен имандылыққа үндейтін діннің орны ерекше. Еліміз демократиялы мемлекет болғандықтан дінге шектеу қою дұрыс емес, алайда жоғарыда айтылған Хизб-ут-Тахрир сияқты қауіпті ұйымдарға жол беруге де бола қоймас. Осы тұрғыда ел басымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы дінге байланысты арнайы саясат ұстануда. Н.Назарбаев: «Қазақстан халықтарының діни сәйкестілігі болуы қажет, құдай біреу. Ал оған сенімге апаратын жол әр алуан болуы мүмкін. Әрбір адам өзіне жақын діни нанымды ұстануға құқылы», – деп тұжырымдап, қазақстандық қоғамдағы ұлттық идеясы принциптерінің бірі ретінде – діни факторды айқын атап көрсетті.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Берденова К. А. «Қазақстан тарихы»
  2. Қазақстан тарихы, І том.
  3. Қазақстан тарихы, ІІ том
  4. «Ислам өркениеті» газеті, № 11
  5. http://www.iim.kz/kaz/index: Дінислам.Кз сайты

Информация о работе Қазақстан территориясындағы әлемдік діндер