Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 16:43, лекция
Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында: тас дәуірі, мыс дәуірі және темір дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді. Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі.Бұл кезде адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққа созылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды.
Қарахан мемлекеті негізін салған Сатұқ Боғра хан (915—955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды.
Қарахан мемлекеті
шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге
бөлінетін. Еншілік иелерінің құқтары
зор болатын. Олар өз атымен теңгелер
шығаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын
өзгерте алатын. 11 ғ. 30 жж. соңында
Ибрахим ибн Насырдың тұсында
мемлекет екіге бөлінеді: біріншісі, орталығы
Бұқарда болған, қарауына Ходжентке дейінгі
Мәуереннахрды қосып алған Батыс хандығы,
екіншісі — қарамағына Тараз, Исфиджаб,
Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кіретін
Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұн
қаласы. Осымен Қарахан мемлекетінің еншіліктерге
бөлінуі заңды түрде бекітілді.
Арслан хан кезіңде қарахан мемлекеті одан сайін бөлініп кетеді: әрбір еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін таласады. 1056 ж. Қадыр ханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралығы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады. Бірақ ұзамай ол у беріліп өлтіріледі. Тәж-таққа Йинал-тегіннің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да біраздан кейін Барыс хан әміршісімен болған соғыста қаза табады.
Осыдан кейін Шығыс қағанатын 15 жыл бойы (1059—1074) Қадыр ханның балалары Юсуф Тоғрул хан мен Боғра хан Харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады. Екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді.
Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Боғра хан Харунның (1075—1102) — Қашғар, Баласағұн мен Хотан қожасының қол астына көшеді. 1089 ж. бастап ол Салжық сұлтаны Мәлікшахтың кіріптар вассалына айналады.
1102 ж. Боғра
хан қайтыс болғаннан кейін,
көп ұзамай Мәуереннахрға
12 ғ. екінші
жартысында қарақытайлар Батыс
қағандығына қауіп төндіре
1210 ж. шығыс
Қарахандар әулеті
Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық «икта» деп аталады, ал оны жинаушыны «мукта», немесе «иктадар» деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды. Мемлекеттік дін ретінде — Ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұни есімі кең мәлім болды.
Информация о работе Қазақстан тарихы пәні бойынша СРСП-дан тапсырмалар