Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 16:43, лекция
Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында: тас дәуірі, мыс дәуірі және темір дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді. Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі.Бұл кезде адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққа созылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды.
Есік обасы Алматының шығысында 50 км жерде. 1969-1970 жж. зерттелінді. Іле Алатауы баурайында. Обаның диаметрі 60, биіктігі 6 м. Топырақ үйіндісінің астында екі қабыр - орталықтағы және бүйірдегісі бар. Орталық қабыр тоналған. Бүйірдегісі аман жетті. Жерленген 18 жасар ханзада. Ол киіндіріліп, қару-жарақ таққан күйінде жерленген. Ыдыс-аяқтар, бүйіріне 26 таңбадан тұратын екі жол сөз жазылған күміс тостаған жатыр. Өліктің басына биік былғары қалпақ-дулыға кигізілген, оның сыртына алтын бұтақтарына құстар қонған, сирек ағашты тау бейнеленген. Дулығаның төбесіне тәж ретінде титімдей арқар бейнесін қойған. Марқұмның мойнына ұшы барыс бастарымен безендірілген алтын өңіржиек салынған, құлағына бирюзадан салпыншағы бар сырға тағылыпты. Екі саусағында алтын жүзіктері бар. Белбевінің оң жағына қызыл түсті ағаш қынапты, ұзын сессер ілініпті. Семсер темірден, оралмалы-орам бедері бар сабы имектев. Сол жағына ақинақ-қанжар ілінген. Есік обасының салынған кезі б.з.д. 6 ғ. деп есептеледі. Оны зерттеген археолог К.Ақышев.
Үйсіндер. Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын.
Үйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі территориясы Іле алқабында болды, батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп, Қаңлылармен шектесті, солтүстігі Балқашқа дейін жетті. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты.
Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д.2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) "уйсін мемлекеті" деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң)батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болдыҚытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды. Б.Д.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады.
Археологиялық ескерткіштері. Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді. Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. Жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған. Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан.
Ғұндар. Б.з.б.
1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның
этникалық-саяси тарихында
Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды. Моде кайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, б.д.д. 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды. Екінші қоныс аудару б.д. 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады. Б.з. 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді.Ғұндардың б.з.4 ғ. Шығыс және орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.
Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғ. 30-ж. ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жж. вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.
Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты роль атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау,егіншілік дамыды.
Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлев тілі де түркі тілі болған.
Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.
Археологиялық ескерткіштері. Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабырын балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған. Екінші кезеңде (орта -Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін қабыр құрылысының түрлері өзгермейді. Бірақ іші көмкермелі молалар саны кемиді. Жасанды үңгірлер жоғалады. Әктастан жасалып, обалар астындағы қабырға қойылатын антропоморфты - адам бейнелі мүсіндер табыну бұйымдарына жатады. Үстірттегі Бәйіт табыну кешені белгілі. Ол обалар мен скульптура сынықтарынан тұратын үш топ ескерткіш. Мұндағы мүсіндер әктастан қашалып жасалған. Олардың кескін-келбеттері, қару-жарақтары ойылып жасалынған.
Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ. Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабырларға жерленген.
Шаруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған.
Зергерлік өнер.
3-5 ғғ. "полихромдық өнер" дамыды.
Тек алтын қолданылды. Полихромдық
өнерге әшекейлевдің түрлі техникасы
тән. Жиі кездесетіндері түрлі-түсті тастармен
безендіру (инкрустация), зерлев, оқа жүргізу,
жалату т.б. Бұл өнер Моңғолиядан, Орта
Азиядан ғұндардың келуімен байланысты
Бұл әшекейлер Ертістің жоғары жағынан
(Шілікті), Орталық (Жыланды), Батыс Қазақстан
(Бесоба) қорғандарынан табылды.
ІІ тақырып. Орта ғасырдағы Қазақстан.
Түргеш қағанаттың
саяси өмірі тарихта Орта Азияға
шапқыншылық жасаған арабтармен
тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде
Араб түбегінде Араб мемлекеті қалыптасты.
Ислам мемлекеттік дінге
Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үш-еліг қаған (699-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үш-еліг-қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан әскері болды. Үш-еліг-қаған Қытай империясымен және Согд мемлекетімен саяси бірлестік құрып, арабтарға қарсы күреседі.
Түргеш қағанатында Үш-елігтен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті кұш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылы Сулықты өз қолбасшысы Баға-Тархан өлтіреді.
Оның қазасынан кейін "сары" түргештер мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилары 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында зор шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.
Түркі тілді көшпелі, жартылай көшпелі тайпалар Батыс түркі қағанаты орнына 4 бірдей құдыретті мемлекет орнатады. Хазар қағанатын қоспағанда, Төменгі Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказда, Қазақстан жерінде үш этникалық-әлеуметтік бірлестік пайда болды: Сырдың бойын, Арал өңірін Оғыз мемлекеті, ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында, астанасы орта ертісте болған Қимақ мемлекеті дүниеге келді. Батыс түркі қағанаты орны Жетісуда - қарлұқтар қалды.
Оғыз мемлекеті 8 ғасыр ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғасыр бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады.
Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды.
9 ғасыр соңы мен
11 ғасыр басында оғыз тайпалары Сырдың
төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына
дейінгі орасан зор территорияны мекендейді.
Оғыздар туралы алғашқы дерек тер 9-10 ғасырлардың
басы араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің
(9 ғасыр) еңбегінде айтылады. Орта Азия
мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға
баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде
жатқан Янгикент қаласы 10 ғасыр оғыз мемлекетінің
астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің
халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген.
«Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз
мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының
орынбасарларын Күл-еркін деп атаған.
Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге
— «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы
мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши»
деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль
атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен
айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды.
Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ
деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды.
Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге
табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.
Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және
әскери тарихында маңызды орны болды.
965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар
қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы
орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын
талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің
саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.
Информация о работе Қазақстан тарихы пәні бойынша СРСП-дан тапсырмалар